Тестке қойылатын талаптар

«Тест» - ағылшын тілінен аударғанда «тексеру», «сынау», «сыналу» деген мағыналарды білдіреді. Балаларды тестілеу даралықайырмашылықтар көрсеткіштерінің өлшемі ретінде түсіндіріледі.Отандықжəнешетелəдебиеттердепсихологиялық тестұғымыныңсипаттамасы əртүрлі болып берілген. Психологиялық тест – мінез-құлықты іріктеудегі объективті жəне стандартты өлшемдер болыптабылады. Тест –стандартты, уақыты шектеулі, психологиялық даралық ерекшеліктерді сапалық жəне сандық көрсеткіштерін анықтауға жəне жеке адамның психологиялық қасиеттерін бағалауға

бағытталған ерекше құрал. Ол тапсырмалар немесе сұрақтаржиынтығынан тұрады жəне жиі кездесетін мінез-құлық түрлерінанықтауға арналған. Барлық анықтамалар ортақ кезеңдерден тұрады. 1) Тест психодиагностикадағы жобалау, стандартты өзіндік есепберу, сұхбат сияқты өлшемдік əдістерімен қатар жүреді.2) Тест жеке адам қасиеттерімен интеллект ерекшеліктерін

өлшейтін əдіс.3) Тест объективтілік, сенімділік жəне валидтілік көрсеткіштеріжағынан жоғары деңгейде.Əрбір тест объективтілік, сенімділік жəне валидтілік талап-тарын қанағаттандыруы керек. Психологиялық тест нəтижесіобъективтік өлшем мен оның алғашқы көрсеткіштерінің бағалануызерттелінушінің субъективті пікіріне тəуелсіз болып табылады. Тапсырмалардың өткізілу процедурасы мен нəтижелердің өңделуібелгілі ережелерге сүйенеді. Психологиялық тесттердің жүргізілуінеқойылатын талаптар:1) Нəтижелері нормаға сəйкес болуы тиіс жəне тесттерді салыстырмалы түрде жүйелі өткізу.2) Тесттер қорытындысының бағалануы жүйелі болуы тиіс.3) Тест нəтижелерін өңдеу жəне көрсеткіштеріне сəйкеснормаларының орындалуын анықтау.Психологиялық тесттердің стандартизациялау үш кезеңнентұрады:I кезең – психологиялық тесттерді жүйелі стандартизациялаужəне диагностикалау процедурасы деп аталады:1) Тестілеу жағдайы (орналасу орны, аудиториядағы жарықтыңдұрыс болуы жəне басқа да сыртқы факторлар негізге алынады). Таным процестерінің көлемін анықтау барысында кері əсер ететінсыртқы факторлардың болмағаны дұрыс деп есептейміз.2) Əдістеме мазмұнын ұсынудың ерекшелігі (дауыс ырғағы, сөйлеу жылдамдығы). Мысалы, «Он сөз» тестіндегі əрбір сөз уақытинтервалынан кейін ұсынылуы тиіс.3) Стандартты стимул материалы. Мысалы, əдістеме қоры-

тындысы берілген материалдардың мазмұнына тəуелді болады. Мысалы, Роршах тестіндегі карточкалар өзіндік түстермен бейнеленген.4) Тестті орындау уақытының шектеулігі. Мысалы, ересек адам

үшін Равен тестін орындау уақыты 20 минут.5) Тестті орындауға арналған арнайы бланктардың болуы тестіңөңдеу процедурасын жеңілдетеді.6) Диагностикалық тест процесі нəтижелеріне əсер етеді. Мы-

салы, экспериментатордың респондентке «дұрыс жауапты» айтыпберуі, əрекетіне қолдау білдіруі жəне т.б. жағдаяттарды жатқызуғаболады.7) Тестке қатысушы респонденттің тəжірибесіне тигізетін əсері.

Егер респондент бірнеше рет тесттен өткен болса, ол өзіне сенімдіболады.II кезең. Психологиялық тест стандартизациясына тесттің орын-далуын бағалау жүйелілігі мен алынған нəтижелердің өңделуі жа-

тады. Аталған кезеңде респонденттің жас ерекшелігі, жынысы ескеріледі. Тапсырманы орындау нормалары мен алынғанкөрсеткіштер салыстырылады.III кезең. Тесттің орындалуы нормаларға сəйкес анықталадыжəне мамандықтардың ерекшелігіне байланысты болады.

Билет

1.Зейінді дамыту үшін төмендегі нұсқауларды орындау керек ( қандай) :

Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т.б. жатады. Зейін тұрақтылығын зерттеуге арналған «Шатасқан сызықтар» əдістемесі.Балаға10шатасқан сызық бейнеленген сурет ұсыныныз əр сызықтың басында (сол жағында) жəне соңында (он жағында) өзінің нөмірі бар. Бірақ та бұл нөмірлер бір-біріне сəйкес келмейді. Баланы əр сызықтың басынан соңына дейін мұқият қадағалауын сұраңыз. Бұл жағдайда қалам, қарындаш немесе саусақ қолдануға болмайды. Бала сызықтың сол жағындағы, сосын оң жағындағы нөмірді дауыстап айтады. Барлық тапсырманы орындауға жұмсалған уақытты, жіберілген қателерді,жаңылыстарды жəне т.б. белгілеп отырыңыз. 6-7 жасар балалардың көпшілігі бұл тапсырманы 1-2 минут ішінде мүлде қатесіз орындай алады.2.Қабылдауды зерттеу əдістемесі. «Қандай бейне толық емес?» əдістемесі Қабылдаудың тұтастығын бақылау. Балаға таныс заттар бейнеленген суреттерді ұсыныңыз. Оның əрбір суретке мұқият қарауын жəне жетіспей тұрған бөлігін атауын сұраңыз

Наши рекомендации