Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен
Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен Мен-мен, кердең, қайғысыз ер көңілмен, Жазғытұрым жасырып жердің бетін, Жасыл шөппен, бой жеткен егінмен тең. Сонан бері рахымсыз көп жыл өтті, Орақ келер, орылар мезгіл жетті. Жылы менен суықтың бәрін көріп, Қайран көңіл қайыспай қайрат етті. Ауыр ойды көтеріп ауырған жан, Қайғы, қасірет жүзіңе белгі салған; Дәні толық, басы үлкен егіндей-ақ, Сенің де басың имек жерге таман. Өлейін деп өлмейді өлерлік жан, Әсте өлмейді білгендей қылық қылған. Ажал келіп бас салса, жанды ұрласа, Өмір қайда, сен қайда, соны да ойла. Адамзат_— бүгін адам, ертең топырақ. Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ. Ертең өзің қайдасың, білемісің, Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ. |
Ойға түстім,толғандым
Ойға түстім,толғандым. Өз мінімді қолға алдым. Мінезіме көз салдым, Тексеруге ойландым. Өзіме өзім жақпадым, Енді қайда сыя алдым? Қалап алған көп мінез. Қалайша қылып тыя алдым? Бойдағы мінді санасам, Тау тасынан аз емес. Жүрегімді байқасам, Инедейін таза емес. Аршып алып тастауға, Апандағы саз емес. Бәрі болды өзімнен, Тәңірім салған наз емес. Осынша ақымақ болғаным Көрінгенге қызықтым. Ғаділетті жүректің Әділетін бұзыппын. Ақыл менен білімнен Әбден үміт үзіппін; Айла менен амалды Меруерттей тізіппін; Жалмауыздай жалаңдап, Ар, ұяттан күсіппін, Қулық пенен сұмдыққа Құладындай ұшыппын; “Сіз білесіз” дегенде Күнге күйіп, пісіппін; Мақтанбасқа мақтанып. Деп жүріппін “пысықпын”. |
Оспанға
Кешегі Оспан Бір бөлек жан, Үйі — базар, түзі —-той. Аќша, нәрсе Ала берсе, Ат та мінсе, көнді ғой. “Ала берден”, “Келе көрден” Бір күн басын бұрды ма? Кетті ќаптап, Алды сап-сап, Кетті маќтап, тұрды ма? Жауға мылтыќ, Досќа ынтыќ, Жан асар ма осыдан? Ќорќпай өтті, Жанға жетті, Арман етті досынан. Ел тамағын, Жұрт азабын Жеке тартќан кетті гүл. Сондай ерді — “Ала берді” Табар енді біздің ел! Өлді Оспан, Кетті шопан, Енді кім бар баќ ќонар? Ұрла-ќарла, Жұртты шарла, Ойла, барла — не болар? Жұрт тынымсыз, Бәрі ұғымсыз, Енді оларға сөз де жоќ. Сырты абыз бар, Желќабыз бар, Алты ауыз бар — өзге жоќ. |
Оспанға
Жайнаған туың жығылмай, Жасќанып жаудан тығылмай, Жасаулы жаудан бұрылмай, Жау жүрек жомарт ќұбылмай, Жаќсы өмірің бұзылмай, Жас ќуатың тозылмай, Жалын жүрек суынбай, Жан біткеннен түңілмей, Жағалай жайлау дәулетің Жасыл шөбі ќуармай, Жарќырап жатќан өзенің Жайдаќ тартып суалмай, Жайдары жүзің жабылмай, Жайдаќтап ќашып сабылмай, Жан біткенге жалынбай. Жаќсы өліпсің, япырмай! |
Осы қымыз қазаққа
Осы қымыз қазаққа Мақтаның ба, асың ба? Қымызды басар артынан Ет даяр ма қасыңда? Бойыңа сіңіп, өрт болған Қызба бастық жасында. Қызылшыл семіз, жас қымыз — Бір үлкен борыш басында. Жуасты мін де, айран іш, Жоқ немеге шатылма. Ұры, залым, қуларға Нысанаға шаншылма. Жылқыны аңдып ұры жүр Әр төбенің тасында. Ой көзімен қарасаң, Қойдан жылқы асыл ма? Мақтанға бола жиям деп, Жылқы үшін жұртқа бас ұрма Қымыз, семіз дегенің Бір мақтан ғой, жасырма. Мақтан қума, керек қу, Ойсыздарға қосылма. Қойныңда ақша, қолда қой Күзетке оңай, шошынба! |
Патша құдай, сыйындым
Патша құдай, сыйындым Тура баста өзіңе. Жау жағадан алғанда, Жан көрінбес көзіме. Арғын, Найман жиылса, Таңырқаған сөзіме. Қайран сөзім қор болды, Тобықтының езіне. Самородный сары алтын, Саудасыз берсең,алмайды Саудыраған жезіне. Саудырсыз сары қамқаны Садаға кеткір сұрайды Самарқанның бөзіне. Кеселді түйін шешілсе, Кердең мойын кесілсе, Келмей кетпес кезіне. Ол да — құдай пендесі, Түспей кетер деймісің, Тәңiрінің, құрған тезіне? |
Разаққа
Мына үйде отыр Разақ, Елдің жөнін айтар ма, Шақырып алып сұрасақ, Үлкен қожа — ортан қол, Өзгелері, аты жоқ пенен шынашақ. Сонда Абайдың немересі Әубәкір,- Омархан ағам ше? — дегенде: Оны дағы байқармыз, Біраз ғана сынасақ. |
Рахымшалға
Сұлу аттың көркі — жал, Адамзаттың көркі — мал. Өмір сүрген кісіге Дәулет —қызық, бала — бал. Бал болатын бала бар, Бал болар ма Рақымшал?! Бүйтіп берген балаңды, Берген құдай, өзің ал! |
Сабырсыз, арсыз,еріншек