Тергеу бөлімінің бастығы түсінігі, оның тергеу өндірсіндегі құзыреті

Тергеу бөлімінің бастығы – ішкі істер органындағы тергеу бөлімінің бастығы, Ұлттық қәупсіздік комітіті (ҰҚК).және қаржы полициясы (ҚІПК 59 бабы). Тергеу бөлімі бастығының іс жүргізу қызметі тергеушінің қызметімен бірдей десе де болады. бірақ олар бір бірінен қызметі мен дәрежесіне қарай ажыратылады, тергеушіге қарағанда «бастықтың» дәрежесі жоғары және ол мынадай уәкілеттілікке ие:

- тергеу өндірісін тергеушіге тапсырады; қылмыстық істерді тергеу өндірісіндегі тергеушінің жұмысына бақылау жүргізеді;

- алдын ала тергеу мерзімі мен тергеушінің тергеу ісін кезінде қамауға алынған тұлғаның қамауда отыру мерзімін бақылайды; қылмыстық іс бойынша тергеу өндірісінен тергеушінің қызметін шеттете алады;

- бір тергеушінің ісін екінші тергеушіге тапсыра алады; аяқталған қылмыстық істерді прокурорға жібереді. {30}

Тергеу бөлімінің бастығы қылмыстық істі қозғауға, оны өз өндірісінде қабылдауға және жеке дара алдын ала тергеу жұмыстарын бастауға құқылы.

Тергеуші - ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органының және қаржы полициясының лауазымды тұлғасы. Ол қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілетті (ҚІЖК 60 бап). Тергеуші тергеу ісіне қатысты барлық мәселелерді жеке өз бетінше қабылдай алады.

Тергеуші құқылы:

- қылмыстық істі қозғауға;

- ол бойынша алдын ала тергеу жүргізуге;

- өз өндірісіндегі барлық тергеу қызметін орындауға;

- тексеру, тінту және басқа да тергеу істерін жүзеге асыруға;

- жауап алу үшін немесе эксперт ретінде қорытынды жасау үшін кез келген тұлғаны шақыруға;

- іс жүргізуге мәжбүрлейтін шараларды, күдікті мен айыпталушыға қатысты болдырмау шараларын қолдануға;

- айып тағуға; айыптау қорытындысын жасауға;

- қылмыстық істі уақытша тоқтатуға немесе мүлде тоқтатуға;

- істі сотқа жіберуге құқылы. {31}

Ішкі істер бөліністеріне түскен әр түрлі нысандағы қылмыс туралы хабарламалар, арыз-шағымдар және өзге де хабарламалардың барлығы кезекші бөлімдерде құжаттарды тіркеу кітабына тіркелеу керек. Содан нақты қылмыс белгілері бар арыз-шағымдар электронды форматтағы Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне енгізіледі. Бұл дегеніміз – аталған арыз-шағым бойынша сол мезеттен бастап қылмыстық іс козғалып, оған тіркеу нөмірі берілді деген сөз. Қылмыстық-процестік кодекстің талабына сәйкес, қылмыстық қудалау органы қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығармай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Сотқа дейінгі тергеу ұғымы.Соқа дейінгі тергеудегеніміз бұл қылмыстартуралы арыздың, хабардың Біірыңғай тізілімінде тіркелуі немесе бірінші кезек күттірмейтін тергеу әрекеті.

Бұл сатыда анықтау органдары, тергеуші және прокуорор процестік заңдары талаптарына сәйкес қылмысты ашу, күдікті адамды ұстау қызметін, айыптау мақсатындағы дәлелдемелер, айғақтар жинау жөніндегі бірқатар тергеу және басқа іс әрекеттерді жүргізеді. Одан кейін соттың әділ жазалау шараларын шығаруын жүзеге асырады .

Соқа дейінгі тергеусатысында жинақталған материалдар негізінен сот мәжілісінде зерттеледі. Оны сот бағалап, сотталушының кінәлі немесе кінәсіздігі туралы шешім қабылдайды.

Соқа дейінгі тергеуге дейін қылмыс белгілерін анықтау және тергеп – тексеуүдің процестері жүргізіледі. Оны атқаратын тергеші, немесе кейбір уақыттарда, тергеу бөлімінде қылмыстық істер көп болған кезде, тергеуші жетіспеген кезде, сол себепті қылмыстық іс бойынша тергеу бөлімінің бастыгы қауылы шығарып тергеуді өзі жүргізеді.

Қылмыстардың көпшілігі бойынша алдын ала тергеу жүргізіледі, сондықтан бұл қылмыстық істі сотқа дейін тергеудің негізгі формасы болып табылады. Соқа дейінгі тергеужәне анықтау органдарындағы қылмыстық процестік қызметінің іс жүргізу құжаттарын құрайтын мерзімі мен саны бойынша ең үлкен бөлімі болып табылады. Алдын ала тергеу барысында іс бойынша дәлелдеме айғақтардың ең көп бөлігі жинақталады және ашылады.

Алдын ала тергеу тергеушілер, анықтау органдары, анықтаушылар арқылы жүргізіледі. ал бұл қылмыстың процестік заңдарын дұрыс қолданудың адам мен азаматтардың құқығы мен бостандығын сақтаудың маңызды кепілі болып табылады.

Сотқа дейінгі тергеудің формалары.

Сотқа дейінгі анықтау, алдын ала тергеу және хаттамалық формасанда жүргізіледі. Алдын ала тергеу – бұл ең алдымен қылмыстық і процестік нституты, яғни тергеуші арқылы жүзеге асырылатын қылмыстық сот өндірісі туралы заңдылық нормаларының жиынтығы. Алдын ала тергеу – бұл сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары, ішкі істер органдары және қаржы полициясы органдары тергеушілері жүргізетін қылмысты тергеу. Оны тергеу бөлімінің бастығы да жүргізуі мүмкін.

Алдын ала тергеу өндірісі барлық қылмыстар бойынша міндетті, тек қана ерекше жағдайларда ауыр емес қылмыстық істер бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылғанда ғана болуы мүмкін (ҚПК 32, бап).

Алдын ала тергеудің мәні.

Қылмыстық процестің сатысына дейінгі алдын ала тергеудің мәні бұл уақыт кезеңінде қылмыстық ізге түсу органының бүкіл қызметі істі ашу мен тергеуге жұмсалатындығында.

Алдын ала тергеудің жалпы талабына жататындар: заңдылық, жан-жақтылық, толықтылық, өндірістегі бірқатар жалпы талаптарды сақтауға байланысты болатын алдын ала тергеудің объективтілігі. Олар өзін заңмен белгіленген және қылмыстық іс жүргізу қызметінің өсы түрінің өзіне тән ерекшеліктерін белгілейтін қылмыстық іс жүргізу принциптеріне байланысты ережелер оған қойылатын өте маңызды талаптар ретінде көрсетеді. Қылмыстың мән-жайын ең қысқа мерзімде және күш пен құралды өте аз жұмсау арқылы белгілеу алдын ала тергеу шарттарының бірі. Сонымен бірге шарттар жеке адам мен азаматтың құқығы мен бостандығына кепілдік жасайды, мүмкін болатын қателердің алдын алады,болдырмайды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексі сонымен қатар тергеу шарттарына, талаптарын мыналдарды жатқызады:

- тергеулік (ҚПК 187 бап);

- алдын ала тергеу жүргізілетін жер (ҚПК 188 бап); қылмыстық істерді біріктіру (ҚПК 43 бап);

- қылмыстық істі ажырату (ҚПК 44 бап); алдын ала тергеу өндірісінң басталуы (ҚПК 179 бап);

- алдын ала тергеудің аяқталуы (ҚПК 294 бап);

- өтінішті мәлімдеу және шешудің міндеттілігі (297 бап).

Алдын ала тергеудің міндеттері – бұл қылмысты тез және толық ашу, оны жасаған адамды табу және бөлектеу. әрбір іс бойынша алдын ала тергеу жан-жақтылық, толықтық, объективтілік және істің мән-жайын зерттеудің шапшаңдығы сияқты талаптарға жауап беруі қажет. Алдын ала тергеудің сапасын арттыру мақсатында заңдылықты қатаң сақтау қажет. Ең алдымен қылмыстық жауаптылыққа кінәлілерді дер кезінде тартуды тергеу әрекеттерін жекелеп және олардың барлығын біріктіріп жүргізу тәртібін реттейтін қылмыстық іс жүргізу нормаларын сақтау.

Сонымен қатар тергеу барысында кінәлі адамның айыбын айғақтайтын да ақтайтын да немесе айыпты жауапкершілігін жеңілдететін де мән-жайлардың ашылуы және зерттелуі мүмкін. Тергеу органдарына қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен мән-жайларды ашу, одан әрі оны болдырмаудың алдын алу шараларын қабылдау міндеті жүктелген.

Сонымен бірге алдын ала тергеу қылмыс кезінде келтірілген материалдық шығынды өндіруді қамтамасыз ету жөніндегі дер кезінде шаралар қабылдауға бағытталған.

Алдын ала тергеу өндірісінің басталуы. Алдын ала тергеу тек қана қылмыстар туралы арыздың, хабардың Бірыңғай тізілімінде тіркелуі немесе бірінші кезек күттірмейтін тергеу әрекеті болып табылады.(ҚПК 179-бап).

Алдын ала тергеу мерзімі.

ҚПК 192 баб 1б-л. сәйкес сотқа дейiнгі тергеп-тексеру қылмыстық істің күрделілігі, тергеу әрекеттерінің көлемі және істің мән-жайларын зерттеудің жеткіліктілігі ескеріле отырып, қисынды мерзімде, бірақ ҚР Қылмыстық кодексінде 71 бабында белгіленген қылмыстық қудалаудың ескіру мерзімінен аспайтын мерзімде аяқталуға тиіс.

Анықтау істері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бір айдан және алдын ала тергеу істері бойынша екі айдан аспауға тиіс

Тергеуші мен анықтаушы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 04, 63 баптарында анықталған өз өкілеттігі шеңберінде қылмыстық істі қозғайды және оны қылмыс қозғалған күннен бастап екі ай мерзімінен кешіктірмей аяқтауы тиіс. Бұл мерзім ішіне қылмыстық істі қозғау сәтінен бастап, істі айыптау қорытындысымен прокурорға жолдағанға немесе медициналық сипаттағы шара қолдану туралы болмаса істі тоқтату не тоқтата тұру туралы сотта қарауға жіберу жөніндегі қаулыға енеді. Алдын ала тергеу мерзімі аудандық, қалалық және оған теңестірілген прокурор арқылы 3 айға дейін ұзартылуы мүмкін (ҚПК 192-бап).

Атап айту керек, істің ерекше күрделілігіне байланысты немесе қылмыстық істің материалдарын қылмыстық қудалауды жалғастыру үшін шет мемлекетке жіберу туралы мәселені шешу кезінде – облыс прокуроры мен оған теңестірілген прокурор және олардың орынбасарлары қисынды, бірақ он екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін. Тергеу мерзiмiн одан әрi ұзартуға айрықша жағдайларда ғана жол берiледi және оны ҚР Бас Прокуроры, оның орынбасарлары қисынды, бірақ ҚПК 192- бап-ң 1 бөлігінде белгіленгеннен аспайтын мерзімге жүзеге асыра алады.

Тоқтатылған және уақытша тоқтатылған істерді қосымша тергеу, оны қадағалауды жүзеге асыратын прокурор арқылы анықталады және оған іс тергеушіге түсіп оның істі өз өндірісіне қабылдаған сәтінен бастап бір айдан аспайтын мерзім беріледі. Айыпталушының және оның қорғаушысының іс материалдарымен танысу уақыты, сондай-ақ тергеу тоқтатылған уақыт тергеу мерзімін есептеуде есепке алынбайды.

Тергеу айрықша күрделі істер бойынша облыс прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор алдын ала тергеуді алты айға дейін созуы мүмкін. тергеу мерзімін одан әрі созу істің күрделілігін есепке ала отырып, ерекше жағдайларда ғана тергеу мерзімі аяқталуға дейін он күннен кешіктірмей тергеушінің толық дәлел келтірген қаулысы негізінде ҚР Бас прокуроры, оның орынбасарлары және бас әскери прокурор арқылы шешімін табады.

Алдын ала тергеу жүргізу үшін қылмыстық іс оларға прокурор немесе сәйкесті тергеу бастығы, анықтау органының жетекшісі арқылы берілуі мүмкін. Тергеуші немесе анықтаушы өзі қозғаған немесе оған берілген іс бойынша оны өз өндірісіне қабылдай отырып, дереу тергеу жұмысын бастауға міндетті.

Тергеушінің, анықтаушының істі өз өндірісіне қабылдауы қаулы шығару жолымен жүзеге асырылады. Тергеушінің, анықтаушының қылмыстық іс бойынша істі өз өндірісіне қабылдау туралы қаулы шығармай тергеу әрекетін бастап кетуі қылмыстық іс жүргізу заңын бұзу болып табылады.

Наши рекомендации