Тақырыбы: Интелектуалды дамудың психологиялық –педагогикалық диагностикасы.
Жоспар:
1. Интеллект түсінігі
2. Интеллектті өлшеуге арналған тесттер, оның түрлері.
3. Ақыл ой дамуын диагностикалау проблемалары.
Интеллект (лат.intellectus-түсіну, тану)-жаңа өмірлік міндеттерді иемдену барысында таным процестерін жүзеге асыру және мәселелерді қолайлы шешу қабілеттілігі. Интеллектті түсінумен сипаттау барысында әртүрлі принциптер бар. Ж.Пиаже пікірінше интеллект субъекттің қоршаған ортамен тепе-теңдік орнатудың жоғары тәсілі, ол адамның жан-жақтылығын (универсальный) көрсетеді. Когнитивтік бағыт бойынша интеллект когнитивтік операция жиынтығы ретінде қарастырылады. Факторлы-аналитикалық бағыт бойынша көптеген тестік көрсеткіштер негізінде нақты факторды табу табу ретінде қарастырылады. ( Ч. Спирмен, Л. Терстаун, Х.Айзенк, С. Барт, Д.Векслер, Ф.Вернон). Қазіргі таңда интеллект психикалық қабілеттің әмбебаптылығын білдіреді, оның негізінде жүйке жүйенің генетикалық қасиетіне негізделген қандайда бір мәліметті өңдеу жылдамдылығымен нақтылығы жатыр(Х.Айзенк). Әсіресе, генетикаға тәуелді вербальды интеллект табылады.
Психологиялық зерттеу зерттеу жүргізу тарихында интеллект мәселесі жан-жақты зерттелгенімен әлі де дискуссия туғызатын сұрақ болып табылады. Мысалы, психология ғылымының салаларының көбі бұл түсінікпен пайдаланғанымен, интелекттің нақты анықтамасы жоқ.
Кей анықтамаларға тоқталайық.
«Интеллект-индивидтің ақыл ой қабілетінің тұрақты құрылымы».
«Интеллект-ақыл, ойлау қабілеттілігі, ойлау функциясының жиынтығы, (салыстыру, абстракция, түсінікті қалыптастыру, пікір, қорытынды) ол қабылдауды білімге айналдырады, қарастырады, талдайды».
Сонымен бірге интеллектіні ақыл-ой операция жүйесімен, мәселелерді шешу жолымен, индивидуалды когнитивті стилмен байланыстырады. Интеллект анықтамасының болмауы, интеллекттің сан-қырлығымен байланысты. Интеллектің басқа мінез-қылық(поведение) ерекшелігі, бұл интелектуалды акте ойлау, ЕС, қиял-жалпы барлық психикалық функциялардың белсенділігінде Айзен интеллектің үш концепциясын анықтады.
-биологиялық интеллект; бас, ми қыртысы функцияларымен құрылымымен байланысты танымдық қылықтың физиологиялық, нейрологиялық, биохимиялық, гормональды негіздері.
-психометриялық интеллект. (IQ) интеллект коэффициент стандартты тесттермен өлшенеді.
-әлеуметтік(немесепарктикалық). Әлеуметтік қолайлы бейімделу тұрғысында көрінеді, яғни қоршаған ортаға бейімделу, міндеттерді шешу, ес, түсіну, мәліметті өңдеу, пікір айту жатады.
Психометриялық интеллект. Интеллект тесттермен өлшенеді. Психометриялық интеллект түсінігі адам психикасын құраушы фактор, ол адамның мәліметті өңдеу тиімділігі үшін жауап береді.
Биологиялық интеллект. Ф.Гальтон пікірінше табиғи, физиологиялық дамуында басымдылық бар адамдардың интелектісі басқа адамдарға қарағанда жоғары.
Психометриялық интеллект. Биологиялық интеллектке тура тәуелді болмағанымен олардың арасындағы корреляциялық байланыс анықталған. Психометриялық интеллект стандартты тестермен өлшеніп анықталады, яғни адмның есту қабілеттілігі, қабылдауымен, реакция уақытының деңгейі сияқты физиологиялық көрсеткіштер тесті орындау барысында маңызды орынға ие.
Г.Айзенк пікірінше әлеуметтік және психометриялық интелекттер биологиялық интелекттің сыртқы көрінісі болып табылады.
Әлеуметтік интеллект. В.Штерн бойынша интеллект адамның жаңа өмір жағдайына бейімделу қабілеттілігі «Бейімделу актісі», интеллект көмегімен өмірлік міндеттерді шешу, ол ойлау іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады.
Отандық психологияда Б.Ф.Теплов практикалық ойлауды абстрактіліойдан практикаға өту іс-әрекеті ретінде анықтады.
М.К. Алимова практикалық интелектіні талдаудың екі жолын көрсетті. Практикалық іс-әрекет түрімен айналысып отырған адамның ойлау қабілетті зерттеу және әлеуметтік практикалық жағдайларда бағдар(ориентация) алу икемділігін зерттеу.
Р.Стенберг зерттеулер жүргізу нәтижесінде интеллект мінез-қылық(поведение)тың үш формасын бөлді:
-вербальды интеллект(сөздік қор, эрудиция, оқығанды түсіну);
-мәселелерді шешу қабілет;
-практикалық интеллект(алға қойған мақсатқа жету икемділігі)
М.А.Холодная интеллектіні зерттеді және экспериментальды –психологиялық теориялар салалары бойынша мәліметті жинақтап, интеллект табиғатын түсіндіретін негізгі 8 бағытты бөлді:
1. Әлеуметтік-мәдени интеллект- әлеуметтену процесспен жалпы мәдениеттің тигізетін әсері ретінде қарастырылады. (Дж.Бруннер, Л.Леви-Брюль; А.Р.Лурше, Л.С.Выготский)
2. Генетикалық интеллект-адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттестігі жағдайындағы бейімделуіндегі қиындықтармен(усложняющейся) анықталады. ( У.Р.Чарльзворг; Ж.Пиаже)
3. Процессуалды-әрекеттік интеллект –адам әрекетінің ерекше формасы ретінде қарастырылады.(С.Л. Рубинштейн,А.В.Брушлинский, Л.А.Венгер, Н.А.Абульханова, Славская)
4. Білімдік(образовательный) интеллект- мақсатты білім алудың нәтижесі (А.Стаатс, К.Фишер, Р.Фейерштейн)
5. Информационды интеллект-мәліметті өңдеу процесінің жиынтығы ретінде анықталады (Х.Айзенк, Э.Кант, Р.Штернберг)
6. Феноменологиялық интеллект- сана мазмұнының ерекше формас( К.Дуннер, М.Верггеймер, Дж.Кемпоин)
7. Құрлымды-деңгейлі интеллект- таным процесінің әртүрлі деңгейлерінің жүйесі ретінде ретінде қарастырылады. (Б.Г.Ананьев, Е.И.Степанова , Б.М.Велигковский)
8. Регуляционды интеллект-психиаклық белсенділіктің өзіндік регуляциясы(Л.Л. Терстаун) М.А Холодная интеллекті ментальды тәжірибе жиынтығы ретінде қарастыруды ұсынады.
Дружинин болса «ментальды тәжірибе ақыл-ой әрекетін деген қабілеттілікпен анықталады, бірақ психикалық жүйе қасиетімен анықталатын интеллектпен тепе-тең емес» деген қайшы пікір айтты.
Интелект зерттеу барысында психикалық жүйемен оның қызмет ерекшелігіне назар аудару керек