АлҒашҚы драмалыҚ шыҒармалар 2 страница
Аңғал батыр көп еезге келмей, Әжіханның жауьш мұқатып қайту жорығына аттануға келіседі. Ол ханның түпкі ойын, арам пиғылын сезбейді. Және оны сездіретін хан тағы жоқ. Арқалықты алыстан арбап, халық қамын, ел намысын бетіне қалқан етіп ұстайды. Әжіхан: «Мен ат үшін қайғырып отырғаным жоқ, елім үшін, намысым үшін! Жылдан-жыл қалмақтың аяғының астында қалып барамыз. Қалмақпен қабырғам теңдесе алмай, астымдағы атымды, қойнымдағы қатынымды, өрістегі малымды, жайлаудағы елімді қалмақтың күнде шауып отырғаны жаныма батады» деп Арқалықтың намысына тиетін, кегін қайратын сөздермен алды-артын орап тастайды. Автор Әжіханның айласы мол, әккі, сыртқа сыр білдірмейтін, жауыздық пиғылын тереңге жасырған екіжүзділігін шебер суреттеген.
Арқалық өзі қалап алған Тұяқ, Қияқ, Жұбай деген үш батырымен жорыққа аттанады. Трагедияның екінші актысында батырлардың қырғын соғыста жауды жеңіп, үйір-үйір жылқыларды айдап келе жатқаны сөз болады. Мұнан кейінгі көріністе Әжіхан жорықтан түскен мол олжаны емін-еркін иемденіп, Арқалықты артынан қуьш келген жауына неше түрлі айла-шарғымен ұстап береді. Қол-аяғы кісендеулі батырлар түрмеден хан қызының көмегімен құтылады. Талай тауқымет тартқан Арқалық үзеңгілес достарынан айырылып, жалғыз өзі еліне әзер жетеді.
Ханның талауы мен зорлығынан елінің де тартқан азабы мол екен. Сүйген жары Қарагөз ару Әжіханның қорлығына шыдай алмай асылып өлген. Оқиғаның ендігі даму логикасына қарағанда Арқалық Әжіханды өлтіріп, халқының кегін қайтарып, мақсатына жетуі қажет. Бірақ, автор ондай байламға бармай, басқа жолмен кеткен. Трагедияның осы шешімі туралы драматургия зерітеушісі С.Ордалиев: «Драматург тартыс түйіні бір шешілген оқиғаны қайта дамытып, қиюластыруды көздейді. Әжіханды Арқалықтың өлтірмеуіне ешбір жол калған жоқ... Әжіхандар Жақсылықты тауыл әкеліп, араға салады. Кешірімді батыр досының сөзін қимай кешеді»1, - деп, оны қабылдамайтынын дәлелдейді. Шынында да автор драматургия заңдылығын фольклор заңдылығына бағындырып, трагедия оқиғасын әрі қарай осылай жалғастырған. Трагедияның бірінші бөлімі Әжіхан мен Қара шешенді тақтан түсірумен аяқталады.
Трагедияның 2-бөлімі қанды оқиғадан басталып, қанды оқиғамен аяқталады.
Басты кейіпкерлердің тағдыры өліммен бітеді. Мұнда тың оқиға, әлеуметтік мәселе көтерілмейді. Тағы да автор Арқалықты хан тобының құрған қақпанына түсіреді. Оқиғаның 1-нен 2-не ауысу жолы, тартыс мотивтері табылғанымен, кейіпкерлер характеріне тыңнан қосылған жаңа белгілер керінбейді. 1-бөлімдегі Әжіхан, Қара шешен, Жаманбайлар өз білгендерін істеп, әділетсіз әрекеттерін трагедияның 2-бөлімінде де әрі қарай жалғастыра береді. Трагедияның екі бөлімінің бірінде осылардың біреуінін, жеңіліс таппауы өкінішті-ақ. Бұлардың күйреуі - шығарманың бағыт-бағдарын анықтай түсетіні сезсіз. Шытырман оқиға, қым-қиғаш тартыс, трагедиялық өлімдер бір қарағанда қызық болғанымен, пьесаның идеялық-көркемдік мазмұнына толық бағындырылмаған. Сондықтан Арқалықтың өлімі - драматургиялық мұраттан, үлкен мақсаттан тумай, жеңілірек шыққан.
Қазақ драматургиясы мен театрының балаң шағында Ж.Аймауытов .пен М.Әуезовтен кейін репертуар жасауға барынша мол еңбек сіңірген Ж.Шаниннің «Арқалық батыр» трагедиясы фольклорлық материалды игерудің тұңғыш қадамы. Әр уақытта алғашқы бастамалардың қиындығы болады, ол әсіресе, драматургияда жиірек. Сол күрделі жанр қиындықтарын жеңе алмаса да «Арқалық батыр» сахнада табысты өтті, театрдың ірі драмалық шығармаларды меңгерудегі елеулі еңбегі. Бұрын түрлі қиссалардан, аңыз-ертегілерден еститін хан заманындағы болмыстың жанды көрінісі көруші қауымды қызықтырып, спектакльдің жылы қабылдануына септігін тигізген.
«Арқалық батыр» спектаклінің қойылған күні мен жылы әртүрлі жазылып жүр. Біреулер спектакль 1927 жылдың ақпанында қойылды деп, рөлдерін 1930 жылы қойылымға қатысқан актерлермен шатастырған. Анығында, тұңғыш спектакльдің 1-бөлімі сахнаға 1926 жылдың 2 желтоқсанында, 2-бөлімі 6 желтоқсанында Қызылорда қаласында қойылды. 1927 жылдың қысында театр Тәшкент қаласына гастрольге барғанда Қызыл Әскер үйінде қаңтардың 25-де 1-бөлімін, 30-да 2-бөлімін көрсеткен. Көрушілерге билет жетпей, спектакль өте табысты өткен. Жаз айларындағы гастрольдік сапарында театр «Арқалықты» республиканың ірі қалаларында көрсетіп отырған. Осындай жылы қабылдауларға қарамастан, пьеса мен спектакль туралы талас пікірлер толастамаған. Ақыры олар пьесаның репертуардан түсіп қалуына әкеп соққан.
Трагедия 2-рет 1935 жылдың 17 наурызында М.Г.Насонов пен Е.Өмірзақовтың режиссурасымен қойылады. Бұл жолы қойылымның декорациясы, киім-кешегі профессионалдық дәрежеде жасалып, жаңа музыка жазылған. Сонда пьеса екі бөлімнен бір бөлімге ықшамдалған, бірақ ол көркемдік жағынан ұтпаған. Әйтсе де, «Арқалық батыр» қазақ актерлерінің шеберлігін көтеріп, күрделі оқиғаларды суреттейтін шығармаларды меңгеруге, сахна техникасын үйреніп, жалпы мәдени шеңберін көтеруге үлкен үлес қосты. 1936 жылы 4 желтоқсанда осы спектакльдің 10 жылдық мерекесі өткізілді, онда трагедияның сахнада 266 рет көрсетілгені аталды. Сонымен бірге бұл жылдары Ж.Шаниннің бірнеше шағын комедиялық; шығармалары да сахнаға шықты. Олар - «Торсықбай» мен «Айдарбек», алдыңғысы 1926 жылы, соңғысы 1927 жылы сахнаға қойылып, 1928 жылы кітап болып басылып шықты. Бұл шағын комедиялардың сюжеттік желісі ауыз әдебиетінің негізіне құрылған. Дәлірек айтқанда, қазақтың әйгілі қуларының төңірегінен өрбитін аңыз-әңгімелер мен солардың күлдіргі әрекеттері.
Жалпы, комедия жанрына әрекше көңіл аударып, соның негізін қалаушылардың бірі болған - Б.Майлиннің көптеген шағын комедиялары да осы тұста сахнадан берік орын алды. Атап айтқанда, «Шаншар молда», «Ел меқтебі», «Неке қияр», «Айша», «Сәлде», «Көзілдірік» т. б. Бұлардың сюжет мазмұны ауыл тірлігінде кездесіп қалатын келеңсіз көріністерге, кедей мен байдың қақтығыстарына, сауатсыздықты жою науқанындағы оқу жүйесінің кисынсыздығына, дүмше молдалардың тұрпайы қылықтарын әшкерелеуге, қалыңдық пен күйеудің арасындағы кикілжіңдерге құрылған. Бұларда комедияның шағын үлгілеріндегі скетч, водевильге тән күлдіргі бейнелеу тәсілдерінің сан қилы түрлері кездеседі. Барлығында да оқиға жіті дамып, сөз әрекеті көбіне әжуа-мысқылға, әзіл-оспаққа, жеңіл күлкіге құрылып, тосын құбылыстар мен өткір диалогтар, немесе қысқа қайырылған өлең жолдары шынайы жасалып, сахнада күнделікті өмір талабына жауап беретін комедиялық спектакльдер түзуге мүмкіндік берген. Әрі мұндай дүниелерді халық өнерімен біте қайнасқан, әрі сөз құдіретін терең үғынған, ауыл өміріне жетік алғашқы актерлеріміздің ойнауы - қойылымдардың сәтті шығуына себепкер болды.
20-жылдардағы театр талабына сай шағын комедиялық шығармалар бас-аяғы бірер күннің ішінде жазылып, сахнаға қойылып та үлгіретін. Сонан, мұндай шығармалар көбіне қолжазба күйінде тарап, жер-жерлердегі ойын-сауық үйірмелерінің репертуарларынан берік орын алып отырған. Тіпті осы жанрдың көш басын тартушылардың бірі - Б.Майлиннің өзінің кейбір шағын пьесалары баспа көрмей, қолжазба күйінде таралғаны мәлім. Мәселен, оның «Бетім-ау, қүдағи ғой» деген пьесасы қолжазба күйінде сахнаға қойылған. Ал, Елубай Өмірзақовтың әртістік шеберлігін алғаш танытқан «Малқамбай» комедиясы баспа көрмей-ақ өнер сүйер қауымның сүйікті дүниесіне айналғаны белгілі.
Б.Майлиннің ірі драматурғиялық шығармаларының дені 20-жылдардың аяғында жазылғанымен, өңделіп, көркемдік сипатқа ие болуы, әрі сахнаға қойылуы 30-жылдарға ойысады. Сондықтан оларды сол кезеңнің драматургиясы деп қараған дұрыс.
Ұлттық драматургия мен сахна өнерінің қалыптасуы, оның алғашқы белестері Ж.Аймауытовтың есімімен тікелей байланысты. «Өзге жұрттың мысалына қарағанда, театр өнерінің ұрығы елдің әдет-салтынан, ойын-сауығынан, ән-күй, өлең-жырынан басталған...» деген М.Әуезов ойының растығын Ж.Аймауытов шығармашылығынан байқауға болады.
Сонау көне заманнан келе жатқан халық өнерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, қоғамның әр даму сатысында оған өзіндік үлгі-сипат, тың мазмұн беріп түлетіп отырған тамаша орындаушылары, қайталанбас шеберлері болғаны мәлім. Солардың қатарында Жүсіпбек Аймауытов та бар. Бұл қасиет оның бойына сонау өзі туып-өскен туған жерінің топырағынан дарыған. «Ақат ағамыз екеуміз де әрі молда, әрі етікші, ағашшы, әрі шимайшы, әрі домбырашы, әрі әнші болып өстік... Менің 7-8-дегі жалаңбұт жүгіріп жүретін кезімде ойын-сауық болғанда, келіншектер бізді (Ағат ағамыз екеумізді) көтеріп, етегімізге құрт, бауырсақ салып қойып, Қосылдырып ән салғызар еді», - деген автобиография жолдарынан бала Жүсіпбектің өнерге деген құштарлығы айқын сезіледі.
Қазақ топырағында тұңғыш спектакль қойған режиххер, актер, көркем сөз оқудың шебері, әнші-домбырашы, композитор Ж.Аймауытов әдебиеттің барлық жанрында мол мұра қалдырған. Ол - ұлттық драматургияның негізін салып, соның дамуына ерекше еңбек сіңірген аса дарынды қайраткер, 20-жылдардағы театр мен драматургияны дамытудағы жетекші шығармашы адам болған.
«Рәбиға» - Ж.Аймауытовтың шағын драматургиялық дүниесі. Пьесаның атына лайық бостандық пен еркіндікке қолы жете қоймаған қазақ әйелдерінің ауыр жағдайы - сол кезеңнің талабына қарай нанымды суреттелген. Жайбарақат құбылыстан басталған оқиға желісі жіті дамып, жанр заңдылығына бағындырылып, пьесаның аяғына дейін бәсеңдемейді. Тартыс та пьесаның орталық кейіпкері 19 жастағы Рәбиғаның қойшы шалға күштеп қосылған әрекетімен астасып жатыр. Пьесаның аяғында күңдіктен, қорлықтан құтылуға ұмтылып, құрым лашыққа лағнет айтып бара жатқан Рәбиғаның әрекеті романтикалық серпінге толы.
Пьеса суреттеліп отырған дәуірдің аса бір кезек күттірмейтін маңызды мәселесі - әйел теңдігі тақырыбына - үгіттік үлгіде жазылған. Және бұл ерекшелік дүниеге енді келген ұлттық драматургиямыздың балаң шағына ғана емес, сол дәуірдегі кеңес драматургиясына да ортақ құбылыс еді.
Драматургиялық шығарма өз дәуірінің айнасы десек, Ж.Аймауытов пьесалары сол өмір кешкен кезеңнің әлеуметтік мазмұнын, саяси келбетін терең барлаған. Оның таңдап алған оқиғасы, көтерген мәселесінің маңыздылығы, көлем жағынан қомақты, әрі ертерек жазылған пьесаларының бірі - «Қанапия-Шәрбану». Мүнда 1916 жылғы маусым жарлығы бойынша патша үкіметінің соғыс майданына қазақтан қара жұмысқа адам алуына байланысты оқиға драмалық желі болып тартылған. Қазақ еліне алапат болып тиген бұл құбылыстың трагедиясын жазушы бір отбасының басына түскен қайғылы қасірет арқылы суреттейді.
Драматург үш бөлімнен тұратын драманың 1-бөлімінде тығырыққа тірелген жандардың жан күйзелісі мен дәрменсіз әрекетін психологиялық толғаныс арқылы ашады. Исатай мен Ұмсынай жалғыз ұлдың жолына азын-аулақ малмен бірге, өздерін де құрбандыққа қиып жіберуге дайын. Ал, қара жұмысқа айдалып бара жатқан Ынтықбай мен Қанапия хат танымаса да, елдің саяси өмірін өздерінше барлайтын, еті тірі, тәуекелге бел байлап, алдағы тірлігіне үмітпен қарайтын естияр жігіттер. Бұлардың тізімге ілінгеніне мойынсұнбай, патша жарлығына қарсы шығып, тау-тастың арасында қарсылық көрсеткендердің арасынан табылуы - нанымды, сол уақыттағы саяси күрестің мазмүнына сай келетін реалистік шешім. Бірлігі жоқ ереуілшілердің босқа құрбан болуын, ең маңыздысы - саяси жетекшісі жоқ қозғалыстың сәтсіз аяқталуын автор Ынтықбайдың сөзімен келте қайыруы-тарихи шындыққа сүйенуден туған драматургиялық тұжырым. Оның үстіне жазушы 1916 жылғы оқиғаны тұтас қамтуды мақсат тұтпаған. Сол арқылы төңкеріс қарсаңындағы қазақ даласындағы әлеуметтік жағдайды, қоғам өміріндегі әр түрлі талас-тартысты айқынырақ ашуға ден қойған. Төңкерістен кейінгі кезеңге келгенде пьесада оқиғаның дамуынан гөрі, өмір болмысын тұтас қамту, ел тірлігіндегі елеулі құбылыстардың барлығын бір шығармаға сыйғызу ниеті басым. Пьеса оқиғасында кездесетін шұбалаңқылықты, олардың алмасуындағы кейбір қисынсыздықты драматургия балаңдығымен, тәжірибенің жетіспеуімен түсіндіруге болады. Дегенмен, пьесаның 1-бөліміндегі қара жұмысқа ілінгендер мен оларды қоршаған ортаның қимыл-әрекеті барынша жинақы, әрі нанымды суреттелген. Балаларының тағдырьш ойлаған Исатай мен Ұмсынай бейнелері пьесада өзіндік даралықтарымен ашылған. Ал, шығарманың басты кейіпкерлері - Қанапия мен Шәрбанудың қарым-қатынастары нақты әрекетке, екі жастың жарасымды да үйлесімді диалогтары ішкі драматизмге, астарлы ойға құрылған. Шешенің көзінше сүйгенімен еркін сөйлесе алмай тұрған Шәрбанудың іштей толқып, қысылып қымтырылуы, оны-мұны сүрастырып тағат таппай, арпалысқа түсуі - бәрі де психологиялық толғаныста суреттелген.
Ал, Қанапия болса, бұл үймен бұрыннан таныс, сүйгенімен сырласып тұрудың ретін табатын еті тірі, көзі ашық, өмірден түйгені бар, қиындыққа мойымайтын жігерлі, жалын атқан жас жігіт. Пьесаның 1-бөлімінің оқиға желісі де, кейіпкерлер әрекеті де жіті дамьш, оқиға барған сайын ширығып, қызықтырып, еліктіріп әкетеді.
Пьесаның 2-бөлімінен бастап автор трагедиялық бояуды жұқартып, күлкілі сәттерді молырақ пайдаланып, трагикомедиялық бейнелеу тәсілдерін кейіпкерлердің ендігі әрекетін ашуға ұтымды қолданған. Сахна шарттылығын жақсы білген драматург майданның қара жұмысынан оралған Қанапияны енді Диуана кейпінде шығарады. Зорлықпен байлап әкетілген Шәрбануды байдың қанды шеңгелінен босатудың жолын Диуана әрекеті арқылы жүзеге асыру - сахналық шарттылықтың ұтымды тәсілі. Басқа жолмен бай ауылына келу, Шәрбануға жолығу мүмкін емес. Автор таңдап алған жол драманың логикалық жолы.
Диуана - сол уақыттардағы пьесаларда кездесетін және халықтың әлеуметтік тірлігіне көп араласатын кейіпкер. Мына пьесада автор оны оқиға желісіне қисынын тауып араластырып, әділетті қолдаушы, сол жолдағы күрескер деңгейіне дейін көтерген. Шынында да оның бай мен бәйбішенің Шәрбануды шырылдатып, жазықсыз зәбір көрсетіп жатқан кезінің үстінен түсуі - оқиғаны шиеленістіретін жай. Ол Шәрбануды қорғап, байдың май басқан кебеже қарнын түртіп отырып, әжуа-мысқылмен айтатын - өткір диалогтарында, күлдіргі әрекеттерінде жұрттың санасында көне замандардан қалыптасқан халық өкілдерінің бейнесін елестетеді.
Пьесаның 3-бөлімі - Қазан төнкерісінің тұсында жарық көріп, сахнаға койылған үгіттік пьесалардың шешімдерімен сабақтас. Зорлықшыларды айыптау, бір-бірін сүйген жастарға бостандық әперу, тағы басқа әділет жолындағы күрес. Қанапия мен Шәрбану да бостандыққа осындай жолмен жетеді.
«Мансапқорлар» - Ж.Аймауытов драматургиясындағы көркемдік шоқтығы биік, әрі аса ділгер мәселені көтерген шығарма. Пьесаның атынан көрініп тұрғанындай, әкімшіл-әміршіл жүйе үстемдік құрып тұрған тұстары мансапқорлық, парақорлық, жуандар мен әлділердің халықты сүліктей сорған зорлық-зомбылықтары шынайы суреттелген. Шен-шекпен мен әкімшілікке таласуда адам өлтіруге дейін барған қара ниет оқығансымақтардың зұлымдықтары әшкереленеді. Пьесаның оқиғасы мен тартысы бас-аяғы 8 адамның төңірегінде, өрби келе үлкен әлеуметтік құбылысқа ұласады.
Ж.Аймауытов драматургиясының бір ерекше сипаты - қай пьесасын алсаң да оқиғаның басталуы шымылдық ашылмай тұрып, бұрыннан өтіп жатқан өмір тірлігінің жалғасы сияқты әсер қалдырады. 20-жылдардағы қазақ драматургиясы үшін бұл - аса үлкен айырма белгі. Және бұл өзінен өзі туа салатын әдіс емес, мол тәжірибеден, ең алдымен классикалық драматургия ерекшелігі мен көркемдік дәстүрін, сахналық өнер заңдылығы мен өзіндік сипатын меңгеруден туатын, әрі іс жүзінде бейнеті мол, шеберлікті тілейтін әдіс. Қазіргі драматургиямыздың әлі толық меңгере алмай келе жатқан шарттарының бірі осы.
«Мансапқорлар» шымылдығының алғаш ашылуының өзі жаңаша драматургиялық байламға қүрылған. Пьесаның орталық кейіпкері Мүсілімнің әрекетін автор: «кеңседе, екі қолы қалтада, ауызында шылымы, аяңдап, сөйлеп жүр» деген ремаркамен ашқанымен, оқиғаның әлде қайда бұрын басталғаны сезіліп тұр. «Қайтсем де болыс сайланып, кегімді қайтарсам, дегеніме жетсем» деген Мүсілім ойы пьеса шымылдығы ашылмастан бұрын пісіп жетілгені сезіледі.
Тілмаштық қызметте жүріп елдің саяси-әлеуметтік тірлігіне қанық, талай сүмдық оқиғаларды көзімен керіп, куәсі болған ол енді өзі де айқасқа түсуге бел байлап отыр. Қөптен бері іштей мазалап, берекесін қашырған ойдың ұшығына жетіп, түйінін шешкелі тұр. Әлі басталмаған үлкен психологиялық толғаныс, ішін жегідей жеген қым-қиғаш арпалыстан арыла алмай отыр. Осы релді сахнада ойнайтын актер үшін бүл - ішкі көңіл-күй арпалысы - таптырмайтын толғаныс сәті. Міне, шымылдық ашылған сәтке дейінгі кейіпкердің психологиялық толғанысын драматург осылай шынайы суреттейді. Оның әрекетіне мол дайындық жасайды. Ол көздеген максатына қалай жету керек? Драманың сіңірлі тартыс-желісі осыған құрылған. «...Көзі тірі тұрғанда, бұл жауыз менің өркенімді өсірмейді, бұның көзін жоғалту керек! Қалай жоғалтамын? Жатсам да, тұрсам да ойлайтыным осы», - деген Мүсілім монологы пьесаның дамуында талай тағдырдың талқыға түсетінін, әрі бұл сөздің тұтас шығармадағы тартыс желісін бірден ширатып тұрғанын аңғару қиын емес. Бұл классикалық драматургияның үлгісінде берілген монолог-экспозиция. Демек, мұнан кейінгі драма оқиғасы бірден қауырт әрекетке ойысады.
...Мүсілім салғаннан іске кіріседі. Тілмәш болыи жүріп-ақ жан-жағын барлап, жұрттың қас-қабағын аңдып қалған ол - өзінің мансабына, кұлқынына қажет жағдайдың барлығын да ұтымды пандалана білетін әккінің өзі. Өзіне ғашық болып, махаббат әлегіне түскен болыстын жас келіншегі Күләнданың басын айналдырып, ұршықтай иіреді. Керсе қызар сылқым келіншек сымбатты Мүсілімнің өз қатарласы болғанына, әзілі жарасқанына іштей қуанышты, оның құлы болуға дайын. Жас жігітке елітіп, жалған махаббаттың құрбаны болған ол күйеуі Қасқырбай болысқа қастандық жасаудан да тайынбайды. Жасы келген кісіге басы байланып келген Күләнда жас жігіт лебізінің байыбына бармай құлап түсуі - бір жағынан оның өз теңіне ұмтылуы болса, екінші жағынан аяғын андамай басқан жеңіл мінезінен болған әрекет. Махаббат алданышына түскен Күләнда мен Мүсілім арасындағы қарым-қатынас пьесада драматургиялық шеберлікпен ашылған. Қысқа қайырылған мағыналы монологтар кейіпкер бейнелерінің ерекшеліктерінен, тұлғалық даралықтарынан елес беріп етеді.
Мүсілімнің өзінің мансапқорлық мақсатына жету үшін төңірегін қоршаған жандардың әрекетін іштей барлап, ыңғайына бұрып әкету айласы сан қилы. Болыстың бұйрығымен тағы біреуді қан қақсатуға бара жатқан Әубәкір шабарманнан сәлем жолдап, әлгі кісіге жаны ашығансып, өзінше болысқан сыңай танытады. Жәбір шеккендерді өзіне жақын тартып, өтірік көлгірсумен қажет адамдарды ығына жығып алу - Мүсілімнің түпкі мақсаты. Осылай өзінің қимыл-әрекетін теріске шығарып, әділдікті жақтаған бола қалуымен де елдегі естілердің өздерін де ыңғайына бұрып әкетеді. Автор оның бұл тәсілін нақты әрекет үстінде шынайы суреттейді. Кейде болыспен араз жандардың арасындағы келіспеушілікті әдейі өршітіп, отқа май құйғандай қыздырып алумен де ертеңгі сайлауда дауыс алудың амалын қарастырып отырады. Ел адамдарының қамын жегендей ара түсіп мүләйімсуді қалқан еткен Мүсілімнің беделі де жоқ емес. Адамына қарап сөз саптау, буынсыз жерге пышақ ұрмау - тілмәштің қалыптаскан әккі қимылы. Мұнын. әріден ойлайтынын, зымияндығын Сүлеймен молда сөз арасында байқап қалады. Болыстың өзі де қаншама жақыным десе де, мұның алғырлығын сезіп, оқытпауға тырысқанымен пысық жігіт жолын тауып, дегеніне жетеді. Мұның бәрі Қасқырбайды іштей мазалап, тынышын кетіруі де пьесада нанымды ашылған.
Қазақ даласындағы әрқилы әкімдер мен атқа мінерлердің, парақорлардың портреттерін драматург бірер штрихтармен дәл, шебер береді. Болыс пен тілмәштің сойылын соғып жүрген ауылнай, шабармандар өздерінің атқарып жүрген кызметтерінің дәрежесін тек қана түсетін түсім, келетін пайдамен ғана анықтайтынын драматург тамаша суреттейді. Дөрекі шабарман Әубәкірді арам пиғылын жүзеге асыру үшін пайдаланып жүрген Мүсілім іш тарта: «Ауылнайлық пайдалы ма, шабармандық пайдалы ма?» деп сұрағанда оның берген жауабы: «Ауылнайдың шені үлкен ғой, түсімге шабармандық та тегін емес».