ЖылдардаҒы ҚазаҚ Әдебиеті 13 страница
Б.Кенжебаев пен Қ.Өтепов «Әдебиет сынын дамытуымыз үшін алдымен оның методологиялық мәселесін шешіп алуымыз керек»1 - деп жазды. Олар осы уақытқа дейін сында қолданылып келген әдіснаманың (методологияның) оңды еместігіне, сыншылардың теориялық дайындықтарының төмен жатқандығына назар аударады. Ғ.Тоғжанов «Өткен сынның үлкен бір кемшілігі көркем әдебнеттің жалпы искусствоның өзіне хас өзгешелігін ескермегендігі», «осыдан барып біздің көп сынымыз бір беткей саясат сыны болып кетті»2, - деп ащы шындықтың бетін ашқан.
Көп ұзамай-ақ Қазақстан кенес жазушылар одағы ұйымдастыру комитетінің бірінші пленумы болып етті. Онда I.Жансүгіров пен Ғ.Мүсірепов баяндама жасап, қазақ әдебиетінің жай-күйі егжей-тегжейлі әңгімеленді. Әдеби сынның алдында тұрған міндеттер де сөз болды. Пленумда М.Әуезов сөз сөйлеп, барлық күш-жігерін, шығармашылық еңбегін халқына кызмет етуге арнайтындығын мәлімдеді.
1934 жылы наурыз айында өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Л.Мирзоян қазақ жазушыларымен кездесіп, әдебиет саласында атқарылып жақтан шаралармен танысты. Кездесуде де қазақ әдебиетін дамыту, оның сынын өркендету, теориясын меңгере түсу мәселелеріне назар аударылды.
Осы жылы мерзімді баспасез бетінде «Жазушылар съезі қарсаңында» деген айдармен біркатар материалдар жарияланды.
С.Сейфуллиннің, I.Жансүгіровтың, Ә.Тәжібаевтың көлемді мақалаларында ұлттық әдебиетіміздің өзекті мәселелері сөз болды. С.Сейфуллин «кенжелеп келе жатқан әдебиетіміз кере құлаш жаятын кезге жетті. Тұсалған аяғы, күрмелген тілі көсілетін уақыты болды»1-деп жазды. Әдебиет сыны туралы: «Сын мәселесі бізде артта қалып келе жатқан мәселе... Сын жікшілдердің қолшоқпары болды. Сын өсуге емес, өспеуге тартты. Сын қол ұшынан алып, жетектеген жоқ. Етектен оралып, кейін тартты. Үйретпеді, ұрысты, сөкті. Сапалы, терең әдебиет сыны болмады», - деді.
Мамыр айында «Социалды Қазақстан» газетінде «Ақындарға ашық хат»2 деген атпен «Екі оқушының» мақалалары жарияланды. Авторлар С.Ерубаев пен Р.Жаманқұлов болатын. Үш мақала үш жазушымызға - Сәбитке, Бейімбетке, Сәкенге арналған. Бұл хат-мақалаларда әдебиетіміздің өткір мәселелері қозғалды. Сәбитке арналып жазылған мақалада, негізінен, поэма жанры туралы сез қозғалды. Сәкенге қойылған негізгі сұрақ оның поэзиядағы жаңашылдығы хақында болмақ.
Осы хат түрінде жазылған сын мақалаларға С.Мұқановтың, Б.Майлиннің жауаптары жарияланды. Авторлар өз шығармашылығының кейбір қырларымен қатар сол кездегі қазақ әдебиетінің зәру мәселелері хақында да өз ойларын ортаға салған. «Ашық хат», «Жауап хат» түріндегі сын мақалалардың көрінуі - сын жанрлары мүмкіндігінің мол екендігін көрсетті. Осындай мақалалар формасы жағынан жұртшылық назарын аударды. Жазушылардың, сыншылардың, оқырмандардың көркем әдебиет туралы еркін пікір айтуына қолайлы жағдай жасады. Мұндай мақалалар отызыншы жылдардағы әдеби сында аз да болса көрініп отырды. Әсіресе, С.Мұқановтың сын мақалаларында бұл әдіс едәуір қолданылдн.
Съезге дейінгі аралықта жаңадан жазылған бірсыпыра шығармалар төңірегінде қызу пікірталас болды. Сәкеннің «Қызыл ат» поэмасы, М.Әуезовтің «Айман - Шолпан», «Хан Кене», Ғабиттің «Қыз Жібек» пьесалары жөнінде көптеген рецензиялар шықты. Бір ғана М.Әуезовтің «Айман - Шолпан» драмасы туралы он бес шақты мақала баспасөз бетінде көрінді. Бұларда артық-кем ай-тылған пікірлер де жоқ емес.
Осы жылдарда жазылған сын-зерттеу мақалаларының ішінде С.Мұқановтың «Поэзия мәселесіне»3 тоқтала кеткен жөн. Автор қазақ поэзиясының шығу, өркендеу жолдарын шолып, оның теориялық мәселелеріне біршама тоқталған. Поэзиядағы ізденістерге, әсіресе, мазмұн мен түр жаңалықтарына көбірек назар аударды. Мақалада әдебиеттің түрі мен мазмұнын бөліп, екі бөлек қарастыру сияқты кемшілік те жоқ емес. Мысалы, қазақ өлеңдеріндегі жаңалықтарды әңгімелегенде түр жағынан, мазмұн жағынан деп, екі айырып сөз еткен. С.Мұқанов қазақ ақындарын үш жүйеге бөлген де әрқайсысына сипаттама берген. Бірінші жүйедегі Ілияс, Асқар, Әбділда, Қалмақанға «бұларда соңғы 2-3 жылда түр мен мазмұн қатар келеді» деген. Екіншісіне Сәкен, Бейімбет, Тайырды жатқызып, «бұларда түр күшті. Кей кезде мазмұн жағынан кідіріп қалады», соңғы топтағы Өтебай, Жақан. Ғалым «өлеңдерін түр жағынан белгілі стандартпен жазып, мазмұнында пәлендей қою пікір бере алмай жүр» деп жазған.
ҚазАПП ұйымы жойылған кезден Қазақстан жазушыларының бірінші Құрылтайына дейінгі аралықта қазақ әдеби сыны тұрпайы социологиялық әдіс тудырған кемшіліктерден арыла бастады. Өсу жолдарына көз жіберіп, қателіктерін кере білді. Жеткен жетістіктер мен олқылықтарды сараптап, қорытындылар жасалды. Әдеби сын атқарар міндеттері дұрыс айқындала түсті. Көркем әдеби дамудың негізгі мәселелеріне сын онды жауап бере бастады. Осы жылдардан бастап қазақ әдеби сынының көркемдік даму процесінің ішкі қыр-сырына тереңірек үңіліп, теориялық тұжырымдар жасай бастаған кезеңі жалғасты.
Қазақ кеңес әдебиетінің тарихында 1934 жылы 12-18 маусымда болып өткен қазақ қаламгерлерінің бірінші Құрылтайы елеулі оқиғаға айналды. Онда қазақ әдебиетінің даму жолдары, жеткен жетістіктері мен кемшіліктері таразыланды. Сол кездегі әдеби хал-ахуал кеңінен талқыланды. I.Жансүгіровтың «Қазак кеңес әдебиетінің бүгінгі күйі, келешектегі міндеттері» деген такырыптағы негізгі баяндамасында қазақ әдебиетінің жай-күйі жан-жақты сарапталды. Үлкен мінберден «Қазақстандағы қатенің салдарынан туған қиыншылық кезінде көркем әдебиетіміздің еңсесі көтеріле алмады, жазушылардың бірсыпырасы тереңдей алып, қызығып жаза алмады. Ал, жазам дегендері жалпылап, сырттан соқты. Бірқатар құрғақ «жасасындар», рапорттар жойылды. Колхоз, совхоз, тракторды жалпылап, жасасындап науқан жайында өлеңмен жазылған рапорттар, ұзын-ұзын поэмалар мен баталар беріліп жатты. Оны ел сүйсініп оқыған жоқ, қайта жүрегін айнытты. Сөйтіп, біз сол екі жылда, 1930-32 жылдың ішінде әдебиетіміздің әсіресе, өлеңдеріміздің кұнын арзандатып, сапасын төмендетіп алдық1, - деп ащы шындықты айтты. Ілияс әдебиетіміздің ең қалыңқы саласы деп сынды атады.
Поэзия туралы С.Мұқанов, драматургия жайлы М.Әуезов пен О.Беков, сын турасында I.Қабылов қосымша баяндамалар жасады. Сәбит баяндамасында С.Сейфуллиннің, С.Торайғыровтың, Б.Майлиннің шығармашылықтарындағы өзіндік қырларын, стильдік даралықтарын дәл көрсете білді. Әдеби сынның өрістей алмай келе жатқандығына Ғ.Тоғжанов пен М.П.Баталовтың сыншылдық қызметтеріндегі кемшіліктерді дәлелге тартқан. М.Әуезов драматургия туралы терең ойлар айтқан. Бірнеше пьесаларды талдай: отырып, шеберлік пен парасаттылық туралы пікірлер өрбітті. М.Әуезовтің отызыншы жылдардағы сыншылдық қызметін айтқанда, оның осы кезде драматургия, театр саласында көп мақалалар жазғанын, бұл ретте теориялық жағынан берік негізделген білімді, толымды ойлар айтқанын ескерту қажет.
I.Қабылов «Маркс-Ленин әдеби сынының сабақты мәселелері» деген баяндамасында қазақ әдеби сынының алдында тұрған мәселелерге тоқталды. Көркем туындының міндетті түрде көркемдік сапаларға ие болуы қажет екендігін айта келіп, «біздің көркем сөзімізді көсем сөзден (публицистикадан) кейде айыруға болмайды»1 деп негізгі бір кемшілікті дәл көрсетті. Сыншыларды теориялық білімдермен терең қарулануға, принципшіл болуға шақырады. Қызмет бабымен әдеби істерге тікелей қатысты болған партия қызметкері I.Қабылов сын саласында да едәуір еңбек сіңірді. Оның мақалаларында әдебиетті партиялық бағытта көркемденуге шақыру басым.
Қазақстан жазушыларының бірінші Құрылтайы әдебиетіміздің дамуында үлкен асу болды. Онда әдебиеттіц алдында тұрған негізгі міндеттер айқындалды. Осыдан кейін көп ұзамай-ақ Мәскеуде кеңес жазушыларының Бүкілодақтық Бірінші Құрылтайы болып өтті. Онда социалистік реализм әдісі бүкіл кеңес қаламгерлерінің негізгі шығармашылық әдісі деп жарияланды. Қазақстан жазушыларының атынан I.Жансүгіров пен С.Сейфуллин сөз сөйледі. Осы оқиғалардан кейін мерзімді баспасөз беттерінде әдебиетіміз бен сынымыз қайтсе жақсарады деген ойларын ортаға салған бірсыпыра мақалалар көрінді. Әдеби сынға кең жол ашылғандай болды.
Әдеби ауыр сынның жүгін кәтеріскен, оны дамытуға үлес қосқан сыншылардың қатары молая түсті. М.Әуезов С.Сейфуллин, I.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов сияқты сақа қаламгерлер сын саласында да өнімді еңбек етті. Ғ.Тоғжанов, I.Қабылов, Б.Кенжебаев, Қ.Өтепов, Е.Бекенов, X.Жүсіпбеков, М.Жолдыбаев, Р.Жаманқұлов, Ж.Сәрсеков, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, Ә.Қоныратбаев, Ә.Тәжібаев, 3.Шашкин, С.Ерубаев, Ө.Тұрманжанов, О.Беков, Қ.Қуанышев, Р.Уәлиахметов, С.Камалов, Ж.Шанин, Ш.Құсайынов, Ә.Мәметова, М.Дәулетбаев, Қ.Әбдіқадыров, Қ.Аманжолов, Қ.Жұбанов, Ш.Әлжанов, X.Есенжанов, Ғ.Сланов, Ж.Саин, Ж.Сыздықов, А.Тоқмағамбетов, Д.Әбілов, С.Сейітов, М.Ғабдуллин, М.С.Сильченко, М.П.Баталов, Т.Нұртазин, Б.Шалабаев т.б. әдебиетшілер сынның ыстық-суығына күйіп, өркенденуіне ат салысты. Бұрынғы «Жаңа әдебиет» журналы «Әдебиет майданы» деген атпен шығып, сын мақалаларға көбірек орын берілді. Орыс тілінде «Литературный Казахстан» әдеби журналы шыға бастады.
1934 жылы 10 қаңтарда «Қазақ әдебиеті» газетінің тұңғыш саны жарыққа шықты. Әдеби газеттің шыға бастауы мәдени, әдеби өміріміздегі елеулі оқиға болды.. «Қазақ әдебиетінің» шығып тұруы - қазақ әдеби ой-пікірінің дамуына үлкен жағдай жасап, серпіліс әкелді. Газеттің алғашқы нөмірінен бастап әдеби сынға айрықша көңіл бөлінді. Бірінші санында М.Әуезовтің «Сыннан не тілер ем?» деген мақаласы жрияланды. «Ұлы дәуірге - үлкен әдебиет» атты бас мақаланы газеттің түңғыш редакторы Ғабит Мүсірепов жазған. Сондай-ақ, М.Әуезовтің рецензиясы, С.Сейфуллиннің «Кезектегі істерім» мақаласы да орын алған.
Арнаулы газеттің шығуымен бірге әдеби сынның ішкі мүмкіндіктері де барынша шешек атты. Сынның бұрын көп қолданылмаған жанрлары, түрлері газет бетінде көріне бастады. «Қазақ әдебиетінің» тұңғыш санында С.Ерубаевтың «Мәжит пен Өтебай» атты пародиясы жарияланды. Бұл қазақ әдеби сындағы алғашқы пародиялардың бірі еді. Пародияда сол кездегі қазақ поэзиясындағы не болса соны өлеңге қосушылық, Маяковскийше жазамыз деп өлең жолдарын орынсыз шұбатып, бөлшектеп жазушылық, өмір материалдарымен жете таныспай жырлаушылық сияқты кемшіліктер кей тұстарда қаттылау кетіп қалғанымен де, ұтымды формада өткір сыналды.
Жазушылар құрылтайынан кейінгі кездерде әдеби сынның тақырыптық аясы кеңіп, көркемдік, теориялық талдауларының сапасы арта түсті. Бұрынғыдай идеялық жағына көбірек мән берушіліктен оны әдеби-эстетикалық тұрғыдан танып білуге ұмтылушылық байқалды. Жаңадан көрінген әрбір көркем шығарма хақында сын өз пікірін білдіріп тұруға тырысты. Кейбір елеулі туындылар төңірегінде пікірталастар да болып жатты. 1935 жылы желтоқсанда Б.Майлиннің «Шұғасы», С.Мұқановтың «Теміртас» романы жайлы пікірсайыс өткізілді. «Шұға» туралы айтыста Р.Жаманқұлов, Қ.Өтепов, Ғ.Тоғжанов, Е.Ысмайыловтар сөз сөйлеп, оны жақсы шығарма деп бағалаған. Ал «Теміртас» жөнінде Ә.Лекеровтың, Қ.Өтеповтың, Е.Ысмайыловтың, Қ.Жұмалиевтің, Ж.Сыздықовтың, Ғ.Тоғжановтың сөздерінде1 романның жақсы жақтары мен кемшіліктері де нақтылап айтылған.
Көп ұзамай-ак I.Жансүгіровтың поэмалары турасында да пікір алысу болды. Талқылауды ашардағы кіріспе сөзінде С.Мұқанов Ілиясты Сәкенмен бірге «Қазақ кеңес поэзиясының классигі»2 деп атады. Қ.Қуанышев, Қ.Әбдіқадыров, Ө.Тұрманжанов, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов сөздерінде «Дала», «Күйші» поэмаларының озық жақтарын көре білумен бірге, ескі тұрпайы социологиялық көзқарастар да орын алды. Қ.Өтепов пен Қ.Қуанышев Ілиястың поэмаларында тарих, күй тақырыптарының жырланғандығын тілге тиек етті.
Отызыншы жылдардың орта шенінде орыс әдебнетінде формализм мен натурализм туралы айтыс өтті. Қазақ қаламгерлері пікірталасуды әдебиетіміздің көркемдік сапалары хақындағы келелі ой жарыстарына айналдырды. Қазақ әдебиетіндегі формализм мен натурализм жөніндеғі дискуссия 1936 жылы көкектің 11-де басталып, үш күнге созылды. Айтыстың материалдары «Қазақ әдебиетінің» осы жылғы көкек, мамыр айларындағы бірнеше сандарында жарияланды. Бұл айтыста қазақ әдебиетінің көркемдік мәселелері кеңінен сөз болды. Жетістіктерінен гөрі кемшіліктері көбірек айтылды. М.Әуезов, С.Сейфуллин, Ә.Лекеров, Қ.Қуанышев, Қ.Өтепов, Р.Жаманқұлов, Е.Ысмайылов, Ә.Тәжібаев, Ө.Тұрманжанов, т.б. қазақ әдебиетіндегі формализм мен натурализм хақында салмақты пікірлер білдірді. Дегенмен де, кейбір артық-кем сындар да болмай қалған жоқ. Поэзиядағы жаңашылдықтың бәрін формализм, прозадағы шынайы өмір көріністерін ңатурализм деушілік, осыларды көркем әдебиеттен қазбалай іздеушілік те байқалып қалды.
Мұндай пікірталас бір жағынан науқаншылық сипат алғанымен де, сынның құлашы, белсенділігі арта түсті. Алдында болған жеке жазушылардың белгілі бір шығармалары төңірегіндегі айтыстарға қарағанда, соңғы пікір алысуда әдеби сын жалпы әдебиетіміз туралы, оның жетістіктері мен сырқаулары туралы байсалды ойлар айтылды. Сыншыл ойлар жетіле түсіп, әдеби ағымдағы жетекшілік қызметін атқаруға ұмтылды.
Осындай пікірталастар кейінгі жылдары да жалғаса түсті. 1938 жылы С.Мұқановтың «Жұмбақ жалауы» жарыққа шықты. Роман жұртшылық арасында кызу пікірлер туғызды. 1939 жылы 3 маусым күні әдебиет қауымының осы шығарманы талқылауға арналған жиналысы болып өтті. «Жұмбақ жалау» туралы баяндаманы Е.Ысмайылов жасады. Өзінің сыншылдық қызметін 1931 жылдан бастаған Е.Ысмайылов осы тұстарда өнімді-ақ еңбек етті. Мысалы, оның 1938 жылы жиырма шақты, 1939 жылы он бестен астам материалдары жарияланды. Ол әдебиеттің теориясына, жанр сипаттарына арналған мақалалармен қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуына айтарлықтай үлес қосты. Нәтижесінде, әдебиеттің теориясынан үлкен еңбек жазды.
Е.Ысмайылов «Жұмбақ жалау» романын социалистік реализм, әдісімен жазылған кесек көркем шығарма деп, жоғары бағалай отырып, басты кейіпкерлер бейнесінің сомдалуындағы, тіліндегі кейбір кемшіліктерді көрсетті. «Жүмбақ жалау» атының затына сай еместігін айтқан. Сол сияқты С.Аманжолов, Ж.Жұмақанов, Б.Кенжебаев, 3.Ескендіров жайлы түрлі пікірлер білдірді. «Жұмбақ жалаудың» авторы романға оқырмандардан хат алуына байланысты оларға жауап ретінде 1939 жылы «Лениғішіл жас» бетінде мақала жариялады. Мұнда ол өмір шындығының көркем туындыға, айналуын, бейнелеу әдістерін түсіндіруге тырысқан.
Әдеби сынға жиырмасыншы жылдардың бас кезінде келіп, әдебиеттің таптығы принципін басшылыққа алып, белсенді қызмет атқарып келген С.Мұқанов отызыншы жылдары да көптеген сын мақалалар жазып, дау-дамайдың қақ ортасьшда жүрді. 1932 жылы Сәбиттің «XX ғасырдағы қазақ әдебиеті» атты көлемді зерттеу еңбегі шықты. Кітапқа «ұлтшылдық, байшылдық дәуірі» деген қосымша ат берілген. Қазақтың тарихына, этнографиясына, мәдениетіне қатысты материалдар кеңінен пайдаланылған. Сонымен бірге автор XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетін зерттегенде сол кездегі әдебиеттану ғылымында үстемдік құрып тұрған тұрпайы социологизмге негізделген солақай қағидаларды басшылыққа алып үлкен қателіктерге ұрынады. Зерттелу өрісінің әдіснамалық (методологиялық) негізінің терістігінің салдарынан, жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ әдебиеті түгелге жуық «байшыл», «ұлтшыл» деп бағаланған. Осы әдіспен «алашорда» әдебиетінің ірі өкілдерінің әрқайсысына жеке-жеке тоқталады. А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, М.Жұмабаевтың, Ғ.Қарашевтың, Б.Күлеевтің, Ж.Аймауытовтың, С.Торайғыровтың, С.Дөнентаевтың, М.Әуезовтің шығармашылықтары саяси тұрғыдан халыққа жат деп танылған. Автор қазақ қаламгерлерінің жер, тіл, әдебиет, мәдениет, ар-ождан мен әлеуметтік теңдік мәселелеріне қатысты айтқан ой-пікірлерінен «ұлтшылдықты» көреді.
С.Мұқанов «алашорда» әдебиетін идеялық жағынан сынағанмен де жекелеген жазушылардың шығармаларын көркемдік тұрғыдан талдағанда бағалы пікірлер де айта білген. Мысалы, М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы» қазақ тіліндегі тұңғыш роман деп бағаланды. М.Жұмабаев туралы: «Ақындық жағына келгенде Мағжан қазақтың күшті ақындарынан саналады. Қазақтың тілін байыту ретіңде, әдебиетіне жаңа түрлер енгізу ретінде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесіне Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ» (283-бет) -деп жазады.
Отызыншы жылдары қазақ әдебиетінде тек сынмен және зерттеу істерімен айналысқан маман әдебиетші-сыншылар көптеп көріне бастады. Ғ.Тоғжанов осы жылдардың өзінде-ақ сыншы ретінде танымал болған еді. Оның «Мағжанның ақындығы мен Жүсіпбектің сыны» (1926), «Әдебиет және сын мәселелері» (1929), «Абай» (1935) атты кітаптары - тұрпайы социологиялық тұрғыдан жазылғанымен де, сол кездегі сыншылдық ой-пікірлердің өресін байқатқан елеулі еңбектер.
Соғысқа дейінгі дәуірдің әдеби сынында Қ.Өтепов, I.Қабылов, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов, М.Қаратаев сияқты дарынды сыншылар еңбек етіп, оны профессионалдық дәрежеге жеткізді. Алғашқы мақаласын 1933 жылы жариялаған М.Қаратаев осы тұстарда өткір мақалаларымен көзге түсті. 1937 жылы сыншының 20 шақты мақаласы жарық көріпті. Бұлардың ішінде Қазақстан Жазушылар одағының 1937 жылы мамыр айында болып өткен сын туралы пленумындағы «Қазақ әдебиетінің сынының міндеттері»1 деген баяндамасы көзге түседі. Мұнда сол кезге дейінгі қазақ әдеби сынының даму жолдарына жіті көз жіберіп, жетістіктері мен жетіспеушіліктері хақында парасатты пайымдаулар жасай білген. Сынның әдеби процестегі рөлін, оны күшейтуге қатысты бірқатар ойларын ортаға салған.
Пленумда I.Жансүгіров сынның екі түрінің - әдебиетшілер және көпшілік сынының бар екендігін айта келіп, көпшілік сынының барынша әділ болатындығын атап өтеді. Осы жұртшылық сынының әлі де нашарлығына назар аударады. Пленум әдеби сынды дамыту шараларын белгілеген қаулы қабылдады. Сөйтіп, әдеби сынға әдебиет дамуының маңызды шарты ретінде ерекше көңіл бөлінді.
Ендігі жерде сын әдебиеттегі жауынгерлік, көшбасшылық рөліне ие болуға тырысты. Сын жанрларының бұрыннан бар түрлері жетіліп, жаңа сапаларға ие бола бастады. Түрліше формада жазылған сыни мақала көбейе түсті.
Әдеби сынның ең елгезек жанры рецензия күнделікті әдеби жаңалықтың барлығына дерлік ат салысып, өз пікірін білдіріп отырды. Жиырмасыншы жылдардағы рецензияларда жеке шығарманың мазмұнын тұжыра баяндайтын аннотациялық сипат басым болса, енді оның «ішіне кіріп», идеялық-көркемдік сапасын анықтауға ұмтылды. Рецензиялармен қатар шолу мақалаларында күнделікті әдеби процесте болып жатқан оқиғаларды ой талқысына салып, жинақтап, қорытылған тұжырымдар жасалынды. Әдебиеттану ғылымы әлі нашар кезде әдебиеттің жалпы мәселелерін түсіндіру, даму заңдылықтарын анықтау - шолудың еншісіне тнген еді. Осы кездерде көп көрінген мақалалардың бір түрі - айтыс (полемикалық) мақалалар. Әдебиеттің түрлі мәселелері төңірегінде өткен айтыстардың басты-бастылары айтылып өтті. Айтыс мақала түрі өзінің өткірлік, жауынгерлік батыл ой айта білушілік қызба қасиеттерімен көзге түсті. Әдебиетіміздің көптеген теориялық, практикалық мәселелерін анықтай түсуде айтыс мақалалары елеулі рөл атқарды. Әдебиеттің белгілі бір өзекті мәселесі, не бір шығарма туралы өрісті ойлар өрбіткен сын мақалалар да әдеби сында кең еріс алған. Ақын-жазушылардың мүшелтойларына қатысты өмір жолын, шығармашылығын баяндайтың жазушы портреті, ғұмырнамалық мақалалар да көп көрінді. Ал, сынның пародия, памфлет сияқты көркем жанрлары сирек те болса керініс берді. Әдебиеттің тарихын, теориялық жақтарын қарастырған зерттеу мақалалары әсіресе, отызыншы жылдардың екінші жартысында жиі жазылды.
Осы тұстағы әдебиет сынында публицистикалық сарынның басым болып отырғандығы анық байқалады. Бұл әдеби сынның қоғам өмірімен неғұрлым жақын араласуы, мәнді, маңызды мәселелерді көтеру қажеттілігінен туған еді. Сын мақалаларында әдеби мәселелермен бірге коғамдық өмірдің түрлі жақтары да кеңінен қозғалды. Сол кездегі саяси өмірге байланысты туған әдебиеттегі саяси қырағылық та алдыңғы қатарға шығып, өрескел қателіктерге де апарып соқтырды.
Соғысқа дейінгі дәуірде қазақ әдеби сыны қалыптасып, биік белестерге шығуымен бірге онжылдықтың екінші жартысына қарай күшейе түскен жеке адамға табынушылықтың салдарынан, онда қазақ әдебиеті тарихының қаралы беттері де жазылды. Бүкіл елімізде, оның ішінде Қазақстанда заңдылықтардың бұзылуы қазақ әдебиетінің дамуына орны толмас зардаптар әкелді. Әдеби сыннан казақ әдебиетіндегі «ұлтшылдықты» әшкерелеу талап етілді. Баспасөз бетінде, әсіресе, 1937 жылдары казақ қаламгерлерінің шығармашылығынан «ұлтшылдық» іздеген мақалалар қаптап кетгі. А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов сияқты қазақ халқының «қас жауларының» «зиянкестік істерін» тағы да көтеріп, олармен аралас-құралас болғандардын барлығы да «халық жауларының құйыршығы» ретінде әшкерелене бастады.