Ата-ана мен балабақшаның ролі
Отанымыздың, қоғамымыздың келешектегі шын жанашыры да, арқасүйері де бүгінгі жас ұрпақ. Демек, оларды лайықты ізбасар етіп дайындау, тәрбиелеп шығару үшін білім ордаларындағы білім, тәрбие жұмыстарын күшейтіп, ұлттық ұлағаттылыққа баулып, өсіру міндеті алда тұр.
Адамзатты тәрбиелеу өте ұзақ және күрделі процесс. Жеке бастың қалыптасуы, оның рухани жағынан дамуы бала кезден бастау алады. Жас шыбық иілуге қандай икем болса, бала да тәрбиені қабылдауға сондай бейім.
Соңғы жылдары жалпы білім беретін балабақша, мектеп пен жалпыға бірдей орта білім беру ісін дамыту, жаңарту проблемаларының ауқымдылығы соншалық, оған жас ұрпаққа білім беру саласында жүрген азаматтармен қатар, ұлт тәрбиесіне бей-жай қарамайтын әрбір адам өз үлесін қосуда.
Жақсы ұрпақ тәрбиелегіміз келсе жұмысты балабақшадағы тәрбие үйде жалғасын табатындай етіп ұйымдастыра білгеніміз жөн.
Бала тәрбиесі біржақты болса, нәтиже күткендегідей болмауы мүмкін. Сондықтан ата-аналардан өз міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарап ұрпақ тәрбиесін тек балабақшаға немесе мектепке ғана ысырып қоймағандарын қалар едік. Бұл үшін төмендегідей міндеттерді тағы бір еске салып қойсақ артық болмас.
Ата- ана балабақша ұжымымен тығыз байланыста болып, өз баласының әрекетін бақылауда ұстап отыру; балаға отбасында қалыпты жағдайдың сақталуын, білім алуына қажетті материалды қамтамасыз ету; балабақша жарғысын орындау; баланың уақытынан кешікпей келуін, себепсіз қалмауын қадағалау.
Қазіргі заманымыз жақсарып, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Дегенмен де әртүрлі діни көзқарастағы адамдардың үгіт-насихатына балалардың еріп кетпеуін назарда ұстаған жөн.
Балабақша-ата-ана ынтымақтаса жұмыс жүргізсе, балаға тиісті көңіл бөлініп, олармен санаса білсе, келешектің шын жанашыры, елдің арқасүйер азаматтары тәрбиеленіп шығары сөзсіз.
Жылауық балалар
Жылау түрлі себептен туындауы мүмкін. Сіздің тобыңызда өзге балаларға қарағанда көп жылайтын балалар бар ма? Сіз олардың қай кезде жылайтынын бақыладыңыз ба?
Жылайтын бала өзін қалай ұстайтынын байқаңыз:
· Барша адаммдарға естірте жылайды, олардың араласуын талап етеді.
· Өзімен өзі болуды қалайды, жылауының себебін айтпайды.
· Жылауы ештеңеге көнбеушілікке ұласады.
Осы айтылған әрекет түрлері баланың мінезін жақсы түсінуге және оған көмекке келуге көмектеседі. Мынаны есте ұстау керек, жылау бала үшін эмоциясының қалыпты көрінісі.
Тәрбиеші баланың неден әсерленгенін сұрап білуі керек:
§ Жылауының себебін анықтау.
§ Болған жағдайды өзгертуге тырысу.
§ Балаға оның сезімін түсінгеніңізді білдірту.
Психологтың кеңесі:
1. Баланың жанына келіп отырып құшақтау.
2. Баланың жылауына назар аудару.
3. Балаға су беру, жуындыру.
4. Жылау себептерін жою.
5. Егер бала ұзақ жылап анасын шақырса, анасымен байланысқа шығып, баласымен сөйлесуге мүмкіндік жасау. Ата анасына ертерек келіп алуын ұсыну.
6. Баланың жылауы тоқтамай, көнбеушілікке ұласса, психологтен кеңес алуды ұсыну.