Ата-анаға көз қуаныш

Ата-анаға көз ќуаныш— Алдына алған еркесі. Көкірегіне көп жұбаныш, Гүлденіп ой өлкесі. Еркелік кетті. Ер жетті, Не бітті?   Оќытарсың молдаға оны, Үйретерсің әрнені. Медеу етіп ойы соны, Жаны тыныштыќ көрмеді. Жасында күтті, Дәме етті, Босќа өтті .   Ата көңілі жанбаса бір. Артыќ өнер шыќпаса Ел танымай, үй танып ќұр, Шаруасын да ұќпаса. Үміті ќайда? Соны ойла, Абайла!   Сүйер ұлың болса, сен, сүй, Сүйінерге, жарар ол. Сүйкімі жоќ ќұр масыл би Сүйретіліп өтер сол. Табылмас ќайла. Ойбайла Не пайда?   Зарланарсың, ойланарсың Не болам деп енді мен. Ќұрбылардан ќорланарсың, Тәңірі ісіне сен де көн. Ќайғысыз бенде Көрдің бе, Өміріңде?   Тәңірі сорлы етсе бенде, Не бітірер ќұр жылап. Жігері жоќ аќылы кенде, Жанбасыңнан жат сұлап! Бір жаман мен бе? Дедің бе Көңіліңде?

Ауру жүрек ақырын соғады жай

Ауру жүрек ақырын соғады жай, Шаршап қалған кеудемде тулай алмай. Кейде ыстық қан басып кетеді оны, Дөңбекшіген түндерде тынши алмай.   Қараңғы саңырау қайғы ойды жеңген, Еркелік пен достықты ауру көрген. Ақылы жоқ, ары жоқ, шуылдақты Күнде көріп, тұл бойы жиіркенген.   Тіріліп өткен күнді, тағы шөлдеп, Осы күнді күн демес қарғап, міндеп. Кейде тілеп бақ пенен тағы тыныштық, Кейде қайғы, азапты тағы да іздеп   Кейде ойлайды жылауға қайғы зарын, Тынышсыз күнде ойлаған дерттің бәрін Кейде онысын жасырар жұрттан ұрлап, Кетірер деп мазақтап беттің арын.   Ауру жүрек ақырын соғады жай, Өз дертін тығып ішке, білдіре алмай, Кейде ыстық тағы да қан басады, Кейде бір сәт тыншығар үн шығармай.

Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей

Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей Тоқ тұра алмас дәмдіден дәмді іздемей. “Бір тойған — шала байлық” деген қазақ, Ет көрінсе, қайтеді күйсей бермей?   Еңбек жоқ, харекет жоқ қазақ кедей Тамақ аңдып қайтеді тентіремей? Ет пен қымыз сықылды ас жоқ дейді, Ол немене жоқтықтың әсері емей?   Ет, қымыз тамақ болса әркімге арзан, Тәтті дәмді іздер ең онан да арман. Өз пұлыңмен халің жоқ күнде тояр, Құлдық ұрып асайсың асы бардан.   Өз үйіңнен тоярға қолың қысқа, Ас берер ауылды іздеп жүрсің босқа. Бір жілік пен бір аяқ қымыз берген Дереу сені жұмсайды бір жұмысқа.   Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел, Малың болса, сыйламай тұра алмас ел. Қаруыңның барында қайрат қылмай, Қаңғып өткен өмірдің бәрі де — жел.   Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас, Еңбек қылмас еріншек адам болмас. Есек к...н жусаң да мал тауып кел, Қолға жұқпас, еш адам кеміте алмас.   Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас, Сұм нәпсің үйір болса, тез тиылмас. Зиян шекпей қалмайсың ондай істен, Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.   Асаған, ұрттағанға ез жұбанар, Сенімді дәулет емес сен қуанар. Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суы сықылды тез суалар.   Мінер атын, киімін ып-ықшам қып, Сымбаттанып, сымпиып тамақ аңдып, Бұраңдап жылы жүзін асқа сатқан Антұрғанға қосылмай, кел, кет қаңғып.   Күлдіргіштеу, күлкішіл, қалжыңға ұста, Кезеген ит тым-ақ көп біздің тұста. Өз үйінен жиреніп, қашып жүрген Антұрғанға қосылма қапылыста.

Ағыбайға

Адам деп есеп қылма Ағыбайды, Анттан қорқып, құдайды танымайды. Сабын жаққан терідей жылп-жылп етіп, Шіркін-ай, бір орыннан табылмайды.

Базарға, қарап тұрсам, әркім барар

Базарға, қарап тұрсам, әркім барар, Іздегені не болса, сол табылар. Біреу астық алады, біреу маржан, Әркімге бірдей нәрсе бермес базар.   Әркімнің, өзі іздеген нәрсесі бар, Сомалап ақшасына сонан алар. Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар, Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар.   Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма? Демекпін жалпақ жұртқа бірдей жағар. Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ, Біреуден біреу алып, елге тарар.   Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар. “Ит маржанды не қылсын” деген сөз бар, Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.

Байлар жүр жиған малын қорғалатып

Байлар жүр жиған малын қорғалатып, Өз жүзін онын беріп алар сатып, Онын алып, тоқсаннан дәме қылып, Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып.   Барып келсе Ертістің суын татып, Беріп келсе бір арыз бұтып-шатып, Елді алып, Еділді алып есіреді, Iсіп-кеуіп, қабарып келе жатып.   Әрі-бері айналса аты арықтап, Шығынға белшесінен әбден батып. Сұм-сұрқия, қу, білгіш атанбаққа, Құдай құмар қылыпты қалжыратып.   Қорғаласа, қорықты деп қоймаған соң, Шаптырады қалаға бай да андатып. Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел бастан, Қолға түсер сілесі әбден қатып.   Жаны аяулы жақсыға қосамын деп, Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып.

Баймағанбетке

Ажының жаќсы-аќ ќызы едім, Жетістірем деп алды. Тілеуін түзден тілесе, Баста мені неге алды?   Сол желіккеннен желігіп, Жынды сары жоғалды. Ойбайлаған болайын-ай, Жоќтамасам, обал-ды.

Бай сейілді

Наши рекомендации