Радиохабарлар тарату торабы және жүйесі 3 страница

Дыбысты компьютерге көшірудің артықшылықтары қандай дегенде мына мәселелерге назар аударамыз:

·
цифрлы сигнал сапасын ешқашан жоймайды, өздігінен
өзгермейді, мысалы, елу жылдан кейін де сол күйінде сақталады,
ал аналогтық магнитті лента ұзақ сақтауға жарамайды және
қайта көшіру кезінде сапасы, деңгейі төмендей береді;

·
компьютерде өңдеу орасан шығармашылық мүмкіндіктерге
жол ашады;

·
көп арналы өңдеу, қосымша дыбыстармен араластыру,
деңгейін өзгерту оңай жүзеге асырылады;

·
шу деңгейі өте төмен, аналогтық жүйеде механикалық шу, үйкелістер көп кедергі келтіретіні белгілі;

·
қашықтыққа беру мүмкіндігі өте жоғары, цифрлы әуен
сол күйінде дүниежүзінің кез келген бұрышында ойналады, Интернетпен де жіберуге болады, ал табиғи дауысты сапалы деген телефон желісімен де екінші қашықтыққа өзгеріссіз беру мүмкін емес;

·
лазерлік технологиялармен кірігуі, СD және DVD технологиялары музыканы сақтау мен жеткізудің бүгінгі таңдағы ең үздік құралдары болып қалыптасты;

·
дыбыс режиссері мен операторы жұмыстарын едәуір жеңілдетті;

·
орасан музыкалық архивтер жасауға және оны еркін тасымалдауға мүмкіндік берді, мысалы қазір МРЗ тәсілімен миллиондаған әндер, музыкалық шығармалар таратылуда;

·
радиотарату ісін автоматгандыруға жол ашты;

- мамандардың уақытын үнемдеуі және басқалар.

Осының ішінде музыканы компьютерде өңдеудің жаңа шығармашылық мүмкіндіктеріне қысқа тоқталып өткен орынды.

15.Дыбыс жазудың тарихы.

Адамзат қай жерде өмір сүрмесін дыбыстар әлемінде, түрлі дыбыстардың ортасында болады. Адам өміріне дыбыстың етене еніп кеткендігі соншалықты, сағаттың тықылы, машинаның гүрілі т.б. сияқты айналадағы тұрмыстық шулар еленбейді. Ал, құлаққа сіңіп, үйреншікті болған дыбыстар ортасынан бөліне қалған жағдайда, сол дыбыстардың жетіспей тұратындығы аңғарылады.

«Радионың өзі – дыбыс искусствосы. Дыбыс адамның нәзік түйсігіне соғып, ұғым туғызатын эмоциялық құбылыс. Дыбыс өнері өмір шындығын, көркем образдарды естірту арқылы бейнелейді. Бұл оның бейнелеу тәсіліндегі өнердің басқа салалардан ерекшелігі, өзіне тән ерекше сипаты,”-делінген дыбыстың радиода қолданылуы жайлы «Қазақ радиожурналистикасы» деген еңбекте. Яғни, радиожурналистикада дыбыстың алатын орны ерекше екендігі ескеріліп, оның табиғи сипатына ерекше көңіл бөлінеді.

Айналаны қоршаған ортадағы құбылыстар, адамдардың сөздері, дауыстары, құстардың сайрағаны, музыка аспаптарының дыбысы, ағаштардың, жапырақтардың сыбдыры, күннің күркіреуі, машинаның гүрілі т.б. күнделікті кездесетін, адам өмірі үшін қажетті заттар дыбыс шығарады. Дыбыс - ауа тербелісі, толқын. Дыбыс естілгенде белгілі бір көзден шығып, белгілі бір межеге жетеді. Егер дыбыс репродуктордан шықса, оның шеңберін бойлай бекітілген жеңіл диск-мембрана тербеледі. Ал, музыкалық аспаптарды қолданғанда, ондағы дыбыс көзі сол аспаптың ішегі, тербеліп тұрған ауа бағаны болып табылады. Адамның есту мүшесі мен дыбыс көзінің арасын ауа бөліп тұрады, яғни естілген дыбыс адамның есту мүшесіндегі жарғақ толқын арқылы тербеліске түседі де, ми қабаттарына дыбыстың берілгені жайлы сигнал түседі. “Дыбыс- кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпінді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында- адамдар мен жанурлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс” деген анықтама берілген «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында.

Адам өмірде дыбыс толқындарының маңызы және оны зерттейтін ғылым ретінде акустиканың атқаратын рөлі орасан зор. Дыбыстың барлық сипатын зерттеу әскери өндіріс саласына, халық шаруашылағын дамытуға, музыка аспаптарын жасауға т.б. және хабар таратудың жетілген жүйесін дамытуға тиісті үлес қосады. Әсіресе, электронды БАҚ-тың қоғамдағы рөлін арттыруда өте қажет. Өйткені, дыбыстық эффектілерсіз радиохабарлардың жасалуы мүмкін емес.

Дыбыстың таралуына қарай түрлі өлшемдерге жіктеуге болады. Мысалы, адам сөйлеп тұрған кезде шығатын дыбыс 50 дб. деп алса, онда қаттырақ сөйлегені 60 дб. немесе 100 дб. деп естілуін есептеуге болады. Децибелл (дб) дыбыстың естілуін, таралуын есептейтін бірлік. Аса жақсы акустикалық жарақтандырылған бөлмеде дыбыстың естілу шамасы 0 дб. ал, тыныш бөлмеде 30 дб. болады. Радио үйінде хабар жасалатын бөлмелер арнайы акустикалық жабдықталған. Естілуі 10 дб-ге тең. Уақыт өтуімен ілесе кеңістікке таралатын тербелістер толқын деп аталады. Дыбыс таралған кезде дененің бір бөлігінен екінші бөлігіне толқын арқылы жетеді. Бүкіл толқын атаулының негізгі қасиеті - олардың физикалық денені тасымалдамай, энергияны тасымалдауы. Біртекті ортада толқындар жарық сәулелер тәрізді түзу сызық бойымен таратылады. Бұлай таралу еркін таралу деп аталынады да, тек ғарыш саласында ғана пайдаланылады. Жер бетіндегі толқындардың таралу сипаты «еркін таралудан» өзгеше болады. Яғни жердегі толқындар «жағалай» таратылады. Биіктеген сайын атмосферада сыну көрсеткіші артады да, рефракция (дыбыс сәулелерінің қиысуы) құбылысы салдрынан радиосәуле жерге қарай ойысады.

Ауада таралатын толқындар қума толқын болып табылады. Ауаның дыбыс өткізгіш екенін 1660 жылы ғалым Р. Боиль тәжірибе жасап, дәлелдеген. Ауаның дыбыс өткізу қасиетіне арналған қарапайым тәжірибе: егер ішіне электр қоңырауы орнатылған шыны қораптың ішіндегі ауа шығарылып тасталса, онда қоңыраудың дыбысы естілмейді, өйткені өткізгіш ауа жоқ. Егер ауа қайтадан толтырылса, онда қоңырау шылдыры естіледі. Дыбыс сұйық ортада да, қатты ортада да тарала алады. Мысалы, су астындағы адам кеменің есу тетіктерінің дыбысын, тастың тасқа соғылған дыбысын жақсы ести алады.

Дыбыс туралы екі ұғым бар: бірі – қоршаған ортада, ауада, суда т.б. жағдайда жан-жаққа бір қалыпты толқын тәріздес тарайтын тербелістен туатын физикалық құбылыс. Ал, екіншісі - есту органдарына дыбыс толқындары арқылы пайда болатын ереше сезім. Дыбыс табиғатының осындай екі жақты қасиетіне қарап, музыкалық немесе музыкалық емес, естілетін яки естілмейтін, тіпті көрінетін не болмаса көрінбейтін дыбыс деп бөле қарауға болады. Дыбыстың туу табиғаты, таралу жолдары, белгілі бір дененің тербеліс қозғалысына келуінен дыбыс туатындығы және оның толқын түрінде тарайтыны тәжірибеде дәлелденген. Сондықтан да, дыбыс толқыны кез-келген толқын сияқты тербеліс амплитудасын (ауқымын), жиілігін (белгілі бір уақыт ішінде тарап үлгеретін толқын санына негізделген) сақтайды.

Айналаны қоршаған ауқымдағы жиіліктегі дыбыстардың ішінен адам құлағы 16 гц-тен 20 кгц-ке дейінгі жиіліктегі дыбыстарды ести алады. Адамның есту қабілетіннен төмен жатқан немесе 16 гц төмен болатын дыбыстар инфрадыбыс деп, ал 20 гц-тен жоғары дыбыстарды ультрадыбыстар деп атайды. Адамға естілмейтін дыбыстарды кейбір жануарлар (жарғанат, дельфин т.б.) ести алады. Аталып өткен екі дыбыс та өндірісте, медицинада, қорғаныс ісінде қолданылады. 20-дан 20 мың гц-ке дейінгі дыбыстың кез-келген түрін қазіргі дыбыс жазу аппаратттары қайталай алады.

16.Форматты радиолар

Соңғы жылдары ешқандай ақпарат құралы дәл радиодай өзгеріске түскен жоқ. Кейінгі 15 жылдай уақыт бойы радио тек дамумен келеді. Формат, пішін, стиль, мазмұн, мән дегендердің өзгергені, радиоарналардың көбейгені соншалықты, ақпарат тасқынына талас жоқ. Радионың бұлай дамуына көптеген тарихи-әлеуметтік факторлар әсер етіп отыр. Олар:

жедел өсу;

урбанизация және білім деңгейінің көтерілуі;

міндетті қызметтің азайғанына, жеке меншіктің дамуына байланысты адамдардың бос уақытының көбеюі;

басқа аймақтармен қатынас жақсарғанына байланысты өзге халықтардың ұлттық этникалық ерекшеліктерге қызығушылығы артуда;

ұлттық мәдениетке, тарихқа назар аударылуда;

басқа БАҚ-ның көбеюі (теледидар, баспасөз, интернет, кино т.б.);

Қазіргі кезде радио тыңдайтындардың саны күрт дамып отыр. Радиозерттеуші ғалымдардың зерттеу қорытындыларының нәтижесінде мынандай деректер анықталды: “Мысалы, Германияда 77% радио тыңдап, 73% теледидар көріп, 74% газет оқиды екен”. Бұл дерек «Neve Zeitung» газетінінен алынды. Сонымен қатар демократизм, интерактивтілік мәселелерінің маңыздылығы да артуда. Сондықтан, аудиториямен кері байланыстың түрлері телефонмен сұрау – call out, мақсатты сұрау – фокус-топ, аудиториум-тест, электронды зерттеу, пошта, пейджер, компьютер, тыңдармандар қоятын рейтинг, PR-шаралар сияқты көптеген сан-қырлы әдіс-тәсілдер де радионың дамуымен бірге өсу үстінде.

Қазақстанда “форматты радио” деген атаудың пайда болып, дами бастағанына 20 жылға жуықтады. Алайда, форматты радионың жұмыс істеу принциптері, ерекшеліктері, пішіндері, әдіс-тәсілдері, мақсат-міндеттері әлі зерттелінбеген журналистика ғылымының бір саласы болып табылады. Қазіргі заманғы тек ақпарат беру көңіл көтеру сияқты міндеттерді бетке алған радио арналар саласы көбейіп отыр. Бұл жағдай тек радиоға ғана қатысты емес. Телевизияда да, баспасөзде де осы ағым көбірек байқалуда. Теледидар алдындағы көрермендердің көпшілік бөлігін экономика, саясат, әлеуметтік мәселе, тарих қызықтырмай, тек қана көңіл көтеруші факторларға ғана назар аударылады. Оқырмандарды проблемалы мәселелерді жазған газеттерді емес, көбінесе әзіл-оспақ, спорт немесе әртүрлі сөзжұмбақтар басылатын үнпарақтарға үңіледі. Осының бәрі қоғамның, өмірдің талабынан туындап отырған жайлар. Осындай алғы шарттардан кейін белгілі бір аудиторияның мақсаты, талап-тілегі үшін жұмыс істейтін форматты радиолар шыға бастады. Осының әсерінен радиотыңдармандар саны күрт өсті. Аудитория ауқымдылығының молайғандығы әртүрлі әлеуметтік зерттеулер, анықтамаларда айтылған. Сонымен қатар, радионың хабар таратудағы әдіс-тәсілдері, бағдарлама түрлері, жүргізушілердің мәнерлері т.б. үлкен өзгеріске түскені ақиқат. Бұрынғы кезеңдерде мемлекеттік радио ғана жұмыс істеп келді. Нарықтық экономиканың өмірге дендеп енуіне, кеңестік идеологияның ыдырауына байланысты жеке меншік, аралас радиолар пайда болды, олар коммерциялық радиолар деп аталды. Ал, қазір әрбір жұмыс істеуші форматты радиолардың өз бағыт-бағдары, қалыптасқан стилі, жүргізушілік ерекшеліктері бар радиолар екендігі айқындалды.

Ақпаратты-музыкалық және музыкалық радиостанциялардың хабарлар сеткасын дайындау принциптерінің бірнеше факторлары бар:

- аудитория көлемі (тұрғындардың саны, әлеуметтік, демографиялық құрамы және олар бұл станция жұмысын қажетсіне ме деген сұрақ маңызды);

- музыкалық хабардың сан-салалығы, көп бағыттылығы (ақпараттық, ағартушылық, қоғамдық-саяси, білім берушілік, көңіл көтерушілік, немесе арнайы белгіленген хабар түрі. Мысалы, зейнеткерлерге арналған музыка немесе жастар үшін музыка т.б.);

- жарнама көлемі;

- радиостанциялардың техникалық жарақталандыруы. Мысалы, бүкіл эфирлік мәтіндерді машинкамен терушілер өндірістен алынып, ол компьютермен жүзеге асырылады. Көптеген радиостанциялар сандық құралдармен жұмыс істейді.

Коммерциялық форматты радио мен мемлекеттік форматты радиолардың хабарлар сеткасымен танысу арқылы олардың үлкен айырмашылықтарына көз жеткізуге болады: Мысалы, «Шалқар радиосының» хабарлар сеткасынан дүйсенбілік кесте:

06.00.-06.04. Қазақстан Республикасының Әнұраны. Ролик.

06.05.-06.30. Қайырлы таң. Концерт. Атадан қалған асыл сөз.

06.35.-06.59. " Қайырлы таңның" жалғасы.

07.00.-09.00. "Таңшолпан" ертеңгілік көңілашар бағдарламасы.

07.00.-07.05. Жаңалықтар.

07.00.-07.05. Ролик.

07.05.-07.10. Ән әуен.

07.10.-07.15. Ұлылар өміріндегі арулар.

07.15.-07.20. Ән әуен. Ролик.

07.20.-07.25. Біздің күнтізбе.

07.25.-07.30. Домбыра сазы.

07.30.-07.35. Пайғамбардың хадистері. Ролик, ән әуен, ролик.

07.45.-07.50. Шығыс әлеміне саяхат.

07.50.-07.59. Халық музыкасы. Ролик, жаңалықтар, ролик.

Қазақ хандары мен билері

08.10.-08.15. Ән әуен.

08.15.-08.20. Қазақы жұлдыз жорамал.

08.25.-08.30. Поэзия.

08.35.-08.40. Құс жолы.

08.45.-08.50. Ақ бата.

09.10.-09.25. Туған жер әуендері.

09.25.-09.35. Адам. Ғұмыр. Қолтаңба.

09.40.-09.59. Саз сиқыр. Концерт.

10.10.-10.25. Халық композиторларының әндері мен күйлері.

10.25.-10.35. Апта.

10.35.-10.40. Баспасөзге шолу.

10.40.-10.50. Жеке орындаушылар. Ән бесік. Жеке авторлар.

11.30.-11.59. Ашық әңгіме (бұл ретте білім беру саласы туралы).

12.25.-12.35. Қойын дәптер, концерт, ролик, жаңалықтар,

атадан қалған асыл сөз.

14.10.-14.25. Өткен жылдар әндері.

14.25.-14.40. Қара шаңырақ. Ролик, концерттер, жаңалыктар.

15.25.-15.35. Алаш көсемсөзі. Ролик, Жаңалықтар, Күй,

Ән әуен, Ролик.

16.30.-16.40. Алдаспан. Ән әуен. Ролик.

16.45.-16.59. Бізге қымбат дауыстар. Роликтер. Жаңалықтар.

Ән әуен.

17.10.-17.59. Интерактив. Ролик. Жаңалықтар. Ән әуен. Ролик.

Концерт.

18.30.-18.59. Алтын қорға саяхат.

19.25.-19.50. Аты жоқ көкек.

20.05.-20.59. Сазды сәлем.

21.05.-21.25. Кешкі ертегі.

21.30.-21.50. Қаламгер. Ролик, ән әуен, жаңалықтар, ролик,

халық музыкасы.

22.30.-22.59. Алтын қор. Ролик, ән әуен, жаңалықтар, ролик,

халық музыкасы.

23.00.-23.05. Тәулік тұжырымы.

23.05.-23.55. Жұлдызды түн. Муз. сағат. Ролик.

23.57.-24.00. Әнұран.

Ал, енді коммерциялық бір арнаның хабарлар сеткасын алайық, мысалы, "Европа плюс Қазақстанның" бір күнгі бағдарламалары:

Әуе толқынында ди-джейлердің музыкалык хабары.

Жаңалықтар - 5 минут

Авторлық бағдарлама 5 минуттан 0,5 сағ. дейін

Баспасөзге шолу. Күніне бір рет.

Радиотыңдармандар өтініштері бойынша бағдарлама - күндіз 1 сағат,

кешке 2 сағат.

Эротикалық шоу. Түнгі 12.00.-ден таңғы 06.00.-ге дейін.

Бұл аталған бағдарламалар арасында жарнамалар беріліп отырады.

Хабарлар сеткасы келтірілген екі арнаның бағдарламаларының ерекшеліктері ешқандай дәлелдеуді қажет етпейді. Халықтың мүддесін көздеген хабарларымен көзге түсіп тұрған "Шалқар" арнасындағы жұмыс көлемі де орасан ауқымды.

Жаңа қоғамдық өзгерістерге байланысты атқарушы қызметкерлердің көпшілігі қысқартылып, шағын адамдармен ғана жұмыс істеу форматты радиостанциялар мүддесіне айналды. Мысалы, коммерциялық радиоарналарда:

- арнаның иесі немесе демеушісі – Бас директор

- коммерциялық директор, бағдарлама директоры – ақпараттар бөлімінің бастығы;

- ди-джей ( музыкалық жүргізушілер);

- хатшы

- инженерлер

Ал, аса ірі қалаларда бірнеше ондаған радиостанциялар жұмыс істеуіне мүмкіндік бар. Өйткені аудиторияның көлемі өскен сайын тыңдармандардың сұранысында өзгеріс, алшақтық пайда болады. Енді олардағы қызметкерлер саны көбейеді. Мысалы, басшылардан басқа PR-қызметкерлері, музыкалық бағдарлама директоры, фонотека меңгерушісі, маркетинг-менеджер, жарнама бөлімі менджері, саунд-продюсер (дыбыс режиссері), ақпараттар қызметінің басшысы, әр түрлі бағыттағы жүргізушілер сияқты жаңа қызметтер қосылады.

Мыңдаған, миллиондаған ірі аудиториясы бар хабар таратушы ұйымдардағы қызметкерлер саны 70-100-дей адам болады. Мұндай көп бағытты радиостанциялардың құрылымы да күрделі:

Бас директор аппараты. Бұған хатшылар, оның ішінде баспасөз хатшысы, бұқарамен байланыс және 4 дирекция кіреді:

Әкімшілік дирекциясына – техникалық қызмет көрсетушілер, материалдық техникалық қамту бөлімі, ұжымға қызмет көрсету тобы кіреді.

Бағдаралама дирекциясына – музыкалық және ақпараттық директор, продюсерлер, жүргізушілер, корреспонденттер, шолушылар жатады.

Коммерциялық дирекция – жарнама бөлімі, жаранама агенттер тобы, жарнама жөніндегі кеңесшілер кіреді.

Қаржылық дирекциясына – экономистер, есеп қызметкерлері, кассирлер, т.б жатады.

Бүкіл елді хабарлармен қамту, бір типтік хабарларды тыңдауға шақыру бұрынғы радиостанциялар қызметін көрсетсе, кейінгі кездердегі көптеген радиоарналар, коммерциялық радиолар шағын топтарға немесе бір көзқарастағы адамдар, яки бір бағыттағы аудиторияға арнап хабар тарататын болды. Міне, осындай хабар тарату тәсілдерін радиожурналистер теоретиктері алғашқысын көлденең бағдарламалы, соңғысын тік бағдарламалы деп те атап жүр. Яғни тік бағдарламалы арнаны “формат” деп атау да дәстүрге енді.

“Формат” атауы 50-ші жылдары Америка Құрама Штаттарында пайда болған еді. Алғашқы кезде музыкалық бағыт сияқты болғанымен кейіннен, телевизиямен бәсекелестіктің дамуына орай қысқа ақпарат таңдамалы музыка (аудитория сұранысын қанағаттандыру мақсатында) ғана беретін радиолар жетілдіріле келе форматты радиоға айналды. Тіпті, Америкада жаңа типті радионың пайда болуы жайлы аңыз да бар көрінеді: Бірде Небраска штатының тұрғындары Тод Сторз және Билл Сторздар көпшілік орындарында демалып отырып, демалушылар көңілін қалай аударуды ойлайды. Естіліп тұрған музыка әдеттегі ойналып жүрген дүниелер. Олар демалушылардың сол дәстүрлі музыканы қайта-қайта сұрап, тыңдап отырғандарын байқайды. Яғни, өздерінің сүйікті әуендерін тыңдау үшін ақы төлейтіндер баршылық. Ол – сол принципте жұмыс істейтін радиостанциялар ашылатын болса, оның өз тыңдаушылары міндетті түрде болады деген қорытынды, міне, осылай дүниеге келген.

“TOP - 40” атты формат бүгінгі форматты радиолардың негізі болып саналады. Сонымен, ары қарай 60-жылдардың басында “Красивая музыка”, “ Мягкий рок ”, “Современный городской ” т.б сияқты форматтар ашылды. Қазіргі кезде жүздеген осындай радиолар жұмыс істейді. Ал, олардың жұмысын шартты түрде музыкалық, әңгімелік, ақпараттық деп бөлуге болады. Форматты айқындауға қажетті факторлар:

- жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайы, табыстары, білім дәрежесі, т.б.

- егер зейнеткерлер көп тұратын аймақ болса, жастар радиостанцияларын ашудың негізі жоқ. Бұдан басқа да жағдайлар қарастырылады.

- тұрғындардың кәсібі және тұрмыс дәрежесі, тіршілік-қарекеттері ескерілуі керек. Мысалы, жұмысшылар негізінен сағат 7-де емес, 8-де тұрулары мүмкін немесе ыстық мекендерде түнімен жұмыс істеген жұрттың күні бойы демалатыны ескерілуі керек.

Нарықтағы радиоөнімдерінің дәрежесін зерттеу. Аудио өнімдерінің өту процесі қалай, тыңдармандар сұранысының қандай жолдармен арттыру керек сияқты мәселелер зерттеледі.

“Формат” деген ұғымға ғалымдар екі түрлі анықтама беріп келеді:

- мақсатпен алынған арнайы топ қажетін өтеуге арналған радиобағдарламалар стилі;

- тек қана музыкалық, саяси-жүргізуші, музыкалық бағыттар, стильдер жайлы хабарлар беретін радиостанциялар.

Форматты радионың отаны – Америка деп табылып отыр. Чак Дашвей және Кент Бьокаар әдіс-тәсілдерін, жаңалықтарын көптеген форматты радиолар негізге алуда. Негізінен Қазақстандағы форматты радиолар тыңдармандарға алдымен еуропалық, ресейлік эстрадалық музыкаларды көптеп берумен танылып отыр. Олардың жұмысындағы 10% ақпарат, 90% музыка жаңалықтарын, имидждік хабарлар, музыка және т.б. сияқты стильдерді әр форматты радио өз қажетіне айналдыруда.

Қазақстандағы форматты радиолар даму үстінде. Алайда, ол радиоларға біртекті анықтама да қалыптаспаған. Дегенмен, шетелдік радиолар тәжірибелеріне сүйене отырып, эфирді жаңалау үстінде. Мысалы, “Европа + Қазақстан” өз жұмысын “Europe Hit radio” (“Aduet Coutemporary”) яғни “радио современных хитов” радиосының әдіс-тәсілдерін, шеберліктерін үйренуде. Ал, “31 радио”, “CHR” радиосын өнеге тұтуда. Жалпы радио-бизнестің шарықтау шегіне жеткен, адам психологиясын меңгерудің небір қыр-сырларын меңгерген американдық раидиожурналистер эфирді табыс көзіне айналдырып отыр.

Қазақстан әуе кеңістігінде жұмыс істеп отырған “NS”, “Русское радио”, “31 радио” , “Европа плюс” , “Hit FM” , “Авторадио” т.б. көптеген радиолар формат талаптарымен әуе кеңістігіне шығып отыр. Олардың музыканы қолданудағы ерекшеліктері, ақпарат беру тәсілдері, тыңдармандарды тарту жолдары, өзін-өзі жарнамалау әдістері, түрлі шолулардың, тапқырлық ойындардың ұйымдастырылуы, жарнамалық сюжеттердің мәні т.б. көптеген жаңартылған пішіндерді қолдануда. Олардың ең басты мақсаттары – тыңдарман аудиториясын молайту – яғни, болашақ бизнес көздерін құрау, жарнама берушілер қатарын молайту.

17.Редактор - әуе толқынына шығуға тиісті хабарға жауапты адам. Оның міндеті сол өзі қызмет етіп отырған арнаның бағыт-бағдарына, жоспарларына орай хабардың сценарлық жобасын құру, жанрын анықтау, хабарға қатысушы адамдарды шақыру, үнтаспаға дауысты жазып алу, мәселеге қатысты жайларды анықтау сияқты т.б. ұйымдастыру шараларымен шұғылданады. Егер хабар басқа адамның авторлық бағдарламасы болса да тиісті бөлімнің редакторы тексереді, эфирге рұқсат береді. Хабар барысында қатысатын журналистерге тапсырмалар беріп, бағыттайды. Ал, журналистке қойылатын талаптар төмендегідей:

Наши рекомендации