Мінез-құлық ауытқуларын тудыратын себептер

Мінез бұл тек өкілінің өмірлік жоспарымен шарттасқан тұрақты да жалпыланған әрекет қылықтарының жүйесі. Мінез тек өкілі психикасы ерекшеліктерінің бекіген бағдарлы әрекеттік болмысы. Мінезді әрбір адамның әлеуметтік ортақ және даралықты жеке өзіне тән сапа қасиеттері бекиді, оның әлеуметтенуі мен тәрбиесінен қалаған сапалар көрініс береді.

Бір мінез бітістері жетекшелік деңгейде көрініп, тұлғаның мінездік кейпін танытады. Ал өзгелері екінші дәрежелі болуы мүмкін. Мінездегі мәнді сапа бұл психикалық бітістердің өзара сәйкес келуі, яғни тұтастығы, тұрақтылығы, тепе теңдігі. Мінездің еріктік бітістері әрекет қылықты саналы реттеу үшін қажет тұлғалық, тұрақты дараланған типологиялық ерекшеліктері. Мінездің негізгі сапалары: табандылығы жігерлілігі, ұстанымдылығы мен байсалдылығы тұлғаның еріктік болысына байланысты келеді. Мінез табандылығы әрқилы жағдайлардағы бағыт бағдар және көзқарастар тұрақтылығы, сөз бен әрекет қылық үйлесімділігі.

Мінез күш қуат адамның қайраттылығы, ұзақты төзімділікпен күрделі жағдайлардағы кедергілерді жеңе білу қабілеті. Адамның қайраттылығы, ұзақты төзімділікпен күрделі жағдайлардағы кедергілерді жеңе білу қабілеті. Мінез беріктігі мінез күші мен тұлғалық принциптілік бірлігі. Мінез байсалдылығы әрекет қылықтық бір қалыптылығы мен ұстанымдылығы, тұлғаның көңіл күй еріктік тұрақтылығы. Мінездің көңіл күйге орай ерекшеліктері тек өкілі психикалық қасиеттерінің аса көрнекі, тікелей қабылданатын белгілері. Өз мінезінің көңіл күйлі ерекшеліктеріне байланысты бірнеше тұлға типтері ажыратылады: шұғыл жауапты, қызбалы, терең ойлы, жайсаң, бір беткей, талғамыды және т.б.

Мінездің зерделік, ой өріс (интеллектуалды) бітістері ақыл қызметіне байланысты жеке адамның тұрақты типологиялық ерекшеліктері. Тұлғаның ақыл ес, ой өріс болмысын танытушы сапалар арасында аса маңыздылары келесідей: ақыл өнімділігі, берегейлігі, жалпыланған ойлау әдістерін меңгеруі, тұлғаның бекімді ақыл ес бағдары (әуесқойлығы), парасаттылығы және ойлампаздығы.

Мінез сан алуан бітістерге ие, дегенмен, әрекет қылықты реттеу қажеттілігі туғанда олар арасыннан нақты мезетте керек болатыны алғы шепке шығады. Бұл орайда, әсіресе, адам психикасының еріктік тарапы маңызды келеді. Себебі, өмірдің әрқандай күрделі жағдайларында адамның өзін өзі билей алу қабілеті оның саналы ерік күшіне, бұл сапамен бірге жүретін тұрақтылық пен табандылық қасиеттеріне байланысты келеді. Ал тұлғаның құндылықтық сапалары оның инабаттылық және танымдық (когнитивтік) бағыт бағдарымен айқындалады.

Мінез бітістерінің асқынуы мінездің қалыптан тыс жағдайлары, жалпылай мінез тұрақтылығына ие болумен бірге кейбір әсер ықпалдарды көтере алмауы (әзілге шыдамсыздық, сын көтермеу және т.б.). Адамның мінезінің типологиялық ерекшелігі бірнеше ортақ белгілерден көрінеді.

1. Адамның мінезі өте ерте-онтогенезде қалыптасады да, өмір сүру барысында тұрақты түрде көрінеді.

2. Адамның жеке бас ерекшелігінің мінезге енген қосындысы жоқтан пайда болмайды.

3. Көптеген адамдар өздерінің мінез ерекшелігіне байланысты бірнеше типтік топтарға бөлінуі мүмкін.

Қоғамдағы жасөспірімдердің қазіргі таңдағы мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтар немесе дағдарыстар білім беру мен тәрбиеге және үлкендермен, жора жолдастарымен қарым-қатынас жасау барысында аса көзге түсіп, маңызды проблема. Осы орайда жасөспірімнің психологиялық проблемаларын зерттеу әлеуметтік-экономикалық және мәдени дағдарыспен бірегей көтеріліп өзекті мәселелердің біріне айналды.

Аномия түсінігін Э.Дюркгейм енгізген. Аномия деп ол қоғам жүйесіндегі нормалардың әлсіреп, бұзылуынан пайда болған өзгеріс, яғни әлеуметтік дезорганизация деп түсіндірді. Өткен ғасырдағы көрінбейтін үлкен апат бұл «антибатыр» синдромы, яғни батыр тұлғаларымыз жойылып, қоғам нағыз потриот роліндегі модельдің болмауына алып келеді. Антибатыр көптеген жастар үшін рольдік модельдерге айналды. Барлық басылымдар мен фильмдерден көрінетін негізгі қозғаушы күш – ақшаға деген махаббат барлық зұлымдықтың бастамасы болып табылады. Негізінен аномия индивидтің барлық тұжырымдарына өзгерістер алып келіп, оның моралды қалыпты ұстанымдарын түпкілікті өзгертетін жеке тұлғалық дағдарыстан да пайда болуы мүмкін.

Өзінің өмір жолында адам түрлі дағдарыстар мен мәселелерге кездеседі. Осы мәселелер мен дағдарыстардың себептері мен табиғаты әртүрлі. Олардың кейбіреуі өмірлік айналымдағы тұлға дамуының байланысты және де олар әрбір адамның өмірінде болатын күнделікті, табиғи жағдайлар, сонымен қатар олар өмірдің бір кезеңін екіншісінен айырып тұрады. Кез – келген «табиғи» жағдай (отбасын құру, баланың дүниеге келуі, мектепке баруы, біреудің ауырып не өлуі, т.б.) және оның нәтижесіндегі қандай да бір мәселелі ситуация , дағдарыс туғызып, тұлғадан дұрыс шешім қабылдап, осыған орай қажетті күш жинауды талап етеді. Оларды «қалыпты стресс» деп атайды.

«Қиын»» деген термин қазіргі практикада жеке басын тәртіпке салу қажет балалардың кең ортасын білдіреді. Бұған ересектердің талабына, кеңесіне қарсылық көрсететін тілазар, ерке, қыңыр балаларда жатады. Мұндай ауытқудың іс жүзіндегі себебін анықтау оларға қатаң талап қоя және іс - әрекеттің ұжымдық формасына енгізе отырып, балалардың қажеттілігі мен ынтасына назар аудару-еркелік, қыңырлық, тілазарлық ты болдырмау мен оны жеңудің негізгі жолы.

Мінез – құлқы қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша үлгермеушілер қатарын бастауыш сынып оқушылары толықтырып отыратын көрінеді. Мінез–құлықтың мұндай белгілерінің пайда болуының өзі болашақта әлеуметтік–психологиялық дезаптацияның тұрақты түрлерінің қалыптасуына, мінез–құлық бұзылуының клиникалық және криминологиялық белгілерінің пайда болуына әкеп соқтырады.

Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда ерекшеліктерінде талқыланды. Бұл мәселенің ары қарай талқылануына үлес қосқан зерттеушілер қатары да біршама. Бастауыш мектеп кезеңі баланың жеке басының ары қарай қалыптасуы үшін аса маңызды рөл атқарады. Оның өмірінде мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап айтарлықтай өзгерістер пайда болады, бала үшін жетекші орын алатын оқу әрекеті қалыптасады.

Баланың жеке қасиеттерінің, психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата – аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет. Оқушының жеке басына тән қасиеттерді тек «мен» деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік – жігері қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай – осы жөнінен алып қарауға болады.

Мінезі қиын балаларды мектеп мотивациясы төменгі деңгеймен сипатталады. Мінез – құлқы төмен балалармен жұмыс істеу барасцында олардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алып отыру керек. Өзін-өзі бағалау ең алдымен жеке тұлғаның әрекеті арқылы қалыптасады. Бірақ бағаны әрдайым айналадағы адамдары береді. Өзіне деген сенімі өзгелердің пікірі арқылы қалыптасады. Егер айналадағы адамдар балаға үнемі дұрыс қарым – қатынас жасаса, онда ол өзін осы сыйластыққа лайық екенмін деп санайды, ал егер керісінше, оның жасаған істерінің кемшіліктерін бетіне басып, ұрсып, жаратпай жатса, оған өзіме лайық емеспін дегеннен басқа ештеңе қалмайды. Қазіргі зерттеулерге қарағанда, тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да, ол қайғы баланы ашуланшақтыққа әкеліп соқтырады.

Міне, тәртіп бұзу содан пайда болады. Тәртіп бұзушылықтың салдарының негізі - сабаққа үлгере алмаушылық. Кейбір оқушы қатар құрбыларынан сабақта артта қалып қойып, тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді, бұл мінез көбіне мен – менсінген, бала мінезінің дұрыс тәрбиеленбеуінен болады. Бірақ, осылай болған жағдайда да, тәртіпсіздікті баланың бойына біржолата сіңіп кеткен әдеттен деп, барлық себептен содан іздестіруге болмайды. Өйткені, тәртіп бұзу тек өзіне ғана байланысты емес, оның үй ішіндегі жағдайларға да, айталық ата- ана бірлігінің жоқтығына және баласына қойған талаптың әртүрлі болып келуіне байланысты. Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды «мен» бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі, өзіндік сенімділіг туады. Мұндай «мен» бейнесі кез – келген баланың жақсы жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді.

Тәрбиесі қиын балалардың тудыратын себептердің бірі үйелмен тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата – аналардың жауапкершілік сезімінң жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.

Екінші себеп – бұл үйелмендегі сәтсіздік, маскүнемділік, ұрыс – төбелес, ұрлық, ата – аналардың және басқа үйелемен мүшелерінің жеңілтек мінез – құлқы, ал бәрінен жаманы – ажырасу, неке бұзу. Үйелмен тәрбиесінде ата – аналардың мінез – құлқы шешуші фактор. «Сіз өз балаңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің мінез – құлқыңызды тексеріңіз» деген болатын. А.С.Макаренко. Оның сөзін жалғастыра келіп, ... егер сіз дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз.... ал онда сізге тәрбие туралы ойланудың қажеті жоқ. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан (невроз), жиі қояншық ұстамадан (эпслепция) азап шегеді, олардың ақыл ойы баяу дамиды. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді. Әрбір ата – ана ішкілікке, азғындыққа түспеу үшін күш қабілетін пайдаланып, балаларға мейірімді өнеге мен әсер етуі керек.

Үшінші себеп – ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір үйелмен баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Тату үйелменде ата – аналар балалардың күнделікті өмірімен, іс - әрекетіне басшылық жасайды. Балалардың өздерінің қуанышын, қайғыларын, ойларын, уайымдарын бөлісуге үйретеді, саяси мәселелерді, жаңа фильмдер мен кітаптарды бірлесе отырып талдайды, өздерінің сүйікті әндерін орындайды. Үйелмен бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік т.б. тәртіп пен мінез – құлық қасиеттері дамиды және қалыптасады. Үйелменде қоғамның келешек азаматы өседі. Басқаша айтқанда, білімнен құлықтың сенімге, сеніммен әрекет етуге ұзақ, күрделі жолдан өтеді. Демек, үйелмен жеке адамның тәртібі және мінез – құлық негізін қалайтын микро – ұжым.

Төртінші себеп сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарындағы олқылықтары мен кемшіліктері. Тәрбиесі қиын балалар жөнінде сынып жетекшілерінің іс - әрекеті көпшілік жағдайда кейбір жұмыстармен ғана шектеледі. Олар: әңгіме, сынып және оқушылар жиналыстарында талқылау, оқушылардың ата – наларын мектепке шақыру. Мұндай жалпы және қарапйым жұмыстар бойынша тәрбиесі қиын балаларды жан – жақты білу мүмкін емес. В.Г.Степанов, В.А.Крутецкий мінез – құлықтағы қиындық мәселесін қарастыра келе, оқушыларды екі қатарға бөледі.

Бірінші қатарға адамшершілік дамуында және мінез – құлқында, шамамен алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары бар оқушыларды жатқызады, олар – тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дөрекі, өтірікші балалар. Тәртіптілікті мынадай – қалыптасқан тәртіпті емес белгілері бөлініп қарастырылады, өзіне және басқаларға деген жоғарғы талап қоюшылық, киіміндегі тазалық және жинақтылық сияқты және т.б. көрсеткіштерден айқындалады. Тәртіпті емес мінез – құлықты осыған қарама – қарсы көрсеткіштерден: жұмыстан жалтарып кетуге тырысу, берілген тапсырманы орындамау, адал еместік, өзінің жеке қызығушылқтарын достарының арасында жүзеге асыруға тырысу, үнемі тәртіпті бұзуынан және т.б. байқалады.

Екінші қатарға жеке акцентуациясына және мінез – құлқында қиындығы бар балаларды жатқызады. Мінез акцентуациясы – бұл жеке бітімдегі аса күшейтілген мөлшердің ең ақырғы түрі. Сондықтан психогендік ықпалдарға жататын белгілі қатардың кейбір осалдығы білінеді. Олар психогендік бұзылудың дамуы үшін сендірілген факторлардың психопатиялық даму, реактивті ұжымданып, ауру (психоз), мінез – құлықтың потолгиялық бұзылуына себепші болған жағдайлар және т.б. салдары болып табылады. Жеткішек жастағы балаларға жүргізілген жеке құрылымдағы зерттеулер бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың жеке ерекшеліктерін талдауы үшін негізгі қызмет атқарады.

Үйлесімдік типтегібалалар барлық жеке қасиеттері қалыптасқандығымен сипататалады, олардың қиналыс және қауіп - қатерлік сияқты психологиялық факторлары іс – жүзіне қалыс қалады. Олардың интеллектің жоғары деңгейіне ие болады, көпшіл, өзіне сенімді, орындалатын жұмысқа адал ниетпен кіріседі, өзінің мінез – құлықына ойдағыдай баға береді.

Әлеуметтік – болжалдытипіне жататын балалар үйлесімді тип сияқты жекеліктің тұрақты құрылысына ие болады, бірақ оларда жағдайда байланысты өте күшті тәуелділік, өзін қоршаған ортамен сәйкестіндіруге тырысушылық, дұрыс мінез – құлық мөлшерін сақтап, іс - әрекет жасауға деген қажеттіліктері өзгешелендіреді.

Үстемді типіндегі балалардың айрықша ерекшелігі болып дербестік, тәуелсіздік, өзін - өзі сендіруге деген тырысушылық, табылады. Олар өздеріне өте сенімді тәуекел жасауға бейім тұрады және әлеуметтік батылдыққа ие болады.

Қауіп – қатерлі типтегібалаларға жоғары эмоционалдық тұрақсыздық тым мазасыздану, қауіп – қатерлік төменгі стрестік, тұрақтылық тән.

Әсерленгі типтегібалалар жасқаншақ және ұялшақтық тән. Бұл типтегі балалар үшін өрескелдік, жылылықтың болмауы, басқалардың күлуі, психо – травмды жағдай болып табылады.

Интровертивті типтегіоқушылардың тұйық, жанасымы кем балалар. Олар үшін біреулермен байланысқа түсу қиындық тудырады.

Инфантивті типтегібалалардан эмоционалды – еріктік сфералары жетілмегендіктен, өзіндік шешім қабылдаудағы сезім дәрменсіздігі, қорғансыздығы көрінеді. Бала көп жағдайда өзін дұрыс ұстамайды, ол оның тәрбиесіздігінен, қажетті позитивті білімнің, дағдысының, ақылының қалыс қалуынан, қараусыз қалу, қоршаған ортаның теріс ақпалынан, соның нәтижесінде әлеуметті – психологиялық дезаптациясының дамуынан т.б. көрінеді. Балаға деген мұғалімнің және ата – аналардың немқұрайлығының өршуі, құрбы – құрдастарымен өзара қарым – қатынастарының дұрыс болмауынан т.б. жатады.

Дәріс

Наши рекомендации