Психодраманың формалары мен түрлері
Психодраманың келесі формаларын бөліп қарастырамыз:
1. Проттагонистте орталықтандырылған психодрама;
2. Тақырыпта орталықтандырылған психодрама;
3. Топқа бағытталған психодрама;
4. Топта орталықтандырылған психодрама.
Протагонистте орталықтандырылған психодрамада басты орындаушыға зейін қойылады. Ол жүргізуші мен серіктерінің көмегімен өз өмірінің реалды немесе ойлап табылған жағдайларды бейнелейді. Психодрамалық жағдайларды ойнаудың нәтижесінде санада жасырылған көптеген жағдайлар уайымдау және түйсіну деңгейіне жетеді.
Тақырыпта орталықтандырылған психодрама
Егер топ жұмысында белсенді топтық конфликт немесе мотивтелген протагонист жоқ болса (жаңа топтарда болатындай), онда барлық топ мүшелерін ойландыратын тақырып табылады. Мысалы, топ мүшелерінің біреуі таныс емес адамдардың ортасында қапаланатыны туралы әңгіме бастайды. Басқа біреуі оны түсінетіндігін білдіреді де, өзіндегі кез- келген себептен туындайтын бұндай сезім жайлы айтады. Үшінші біреуі бұндай жағдайда қорқыныш сезімі туатынын айтады.
Осылайша, топ әңгімесінің ортақ тақырыбы қорқыныш болып табылады. Топ мүшелері жағдайды қысқаша бейнелейді. Қысқаша эпизодтар импровизациялық негізде ойналады.
Топқа бағытталған психодрма
Топқа бағытталған психодрма көбінесе протагонистке орталықтандырылған психодрама түрінде жүзеге асырылады. Топқа бағытталған психодраманың ерекшелігі, барлық топты толғандыратын проблемамен жұмыс болып табылады. Бұндай проблемалар жұбайылық топтарда- сенімсіздік, алкоголиктер тобында- үйге бар немесе рестораннан кеш келуі, жеткіншектер тобында – түзету колонияларындағы уақытын өтеуі, ата- аналар тобыннда- өсіп келе жатқан балаларымен проблемалары болуы мүмкін.
Топ мүшелерінің барлығы дерлік идентификацияға мүмкіндік алады. Протагонистке орталықтандырылған психодрамадағыдай, топқа бағытталған психодрама да қандай да бір күй- жағдайдың этиологиясын ашуға мақсатталуы мүмкін. Бірақ ең алдымен ол топ мүшелерінің барлығының проблематиканы жаңаша, тереңірек түсінуіне бағытталған.
Топта орталықтандырылған психодрама
Топта орталықтандырылған психодрама- топ қатысушыларының бір- бірімен эмоционалды қатынастарымен және «осында және қазір» туындайтын проблемаларымен айналысады. Психодраманың бұл формасы рөлдік дефицит синдромында, делинквентті қылық- әрекетте, түрлі фобияларда, рөлдік конфликтер кезінде, креативтілікті жоғарылатуда қолданылады.
Психодрамадағы топ көлемі 6- 9 адамнан тұрады. Егер топ 6 адамнан аз болса, онда көрермендер өте аз болады. Егер топ өте ауқымды болса- тіпті тәжірибелі режиссер болса да протагонистің сұраныстарымен басқара алмайды, жеке топ мүшелерінің реакцияларын ескере алмайды, топтың динамикасын қадағалай алмайды. Мақсатқа бағытталған психодрамада топтың құрамы маңызды рөл атқарады.
Топтағы психодрамагетерогенді топ құрамын талап етеді. Топтың қатысушылары (жынысы, тұлғалық структурасы, қабілеттілігі, тәжірибелері әр- түрлі) гомогенді топтарға қарағанда күтпеген жағдайларды толығырақ бейнелеуге қабілетті.
Топқа арналған психодрамакөбінесе құрамы жағынан гомогенді топтарда жүргізіледі (мысалы, жұбайлар тобы, ата- аналар, жеткіншектер, алкоголиктер және т.б.).
Драмалық топ немесе жабық, не ашық болуы мүмкін. Жабықтоптарда күшті топтық біртұтастық тезірек пайда болады. Ашықтоп табиғи психодрамалық қойылым ретінде қарастырылады. Оның мақсаты- шын өмірде топ қатысушыларының өз беттілік, тәуелсіздікке тезірек ие болу.
Психодрама ұзақтығы. Әдетте кездесу ретінде сеанс 50 минутқа созыллады. Шындығында кездесулер қысқа немесе ұзағырақ болуы мүмкін және сеанстың созылуы клиент проблемасының қиындығына, оның реакциясына байланысты. Сеанстың мөлшер шектері- 15- 20 минуттан 4 сағатқа дейін.
Психодраманың негізгі компоненттері:рөлдік ойын, аяқ- астылық, «теле», катарсис, инсайт.
Рөлдік ойын-импровизирленген көрсетілімдерге қатысу. Психодрама топ қатысушыларының рөлді ойнау кезінде өзінің тұлғалық проблемаларымен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Д. Морено былй деген: психодрамада рөлді орындаушы мен актердің арасында үлкен айырмашылық бар: актер, автор жазған сценарийді орындайды, ол тапсырыс бойынша өзгеру қабілетіне ие болуы керек. Психодрамада «жалған фасад» тудыра алуы кедергі болуы мүмкін.
Аяқ- астылық-сыртқы әсерлерге реттелмейтін әрекет- қылық пен сезім, сондықтан психодрамада алдын- ала жазылған сценарийлер мен рөлдер болмайды. Д. Морено психодрамадағы аяқ- асты әрекет- қылықты әлеуметтік рөлдердің өспелі ригидтілігіне қарсы дәрі деп қарастырған. Д. Морено түсінігінде аяқ- астылық- шығармашылықты босатуға арналған кілт: «Шығармашылықты ұйқыдағы ару сияқты ояту керек. Бұған ең қолайлы құрал- аяқ- астылық»- деп жазды.
Аяқ- астылық екі маңызды параметрді шамалайды: жауаптың адекваттылығы, жаңашылдық.
Психодрамалық әрекеттің өткені мен болашағы болмайды- тек қана осы шағы бар, барлық болған жағдайлар реалды әрекетте ғана уайымдалады.
Егер «тасымал» ұғымы З. Фрейд бойынша эмоцияны пайиенттен психотерапевтке тапсырудың бір жақты процесін білдірсе, ал «контртасымал»- психотерапевтен пациентке, онда «теле»Д. Морено бойынша клиент пен режиссер және топ мүшелерінің арасында эмоция тапсырудың екі жақты процессі. «Теле» психодрамалық жағдайда туындайтын жағымды (жағымды «теле»)да және жағымсыз (жағымсыз «теле») эмоцияларды қамти алады.
«Телені» қолданудың нәтижесі басқа адамдарды шын мәнінде қалай екенін көрмеу, ал бізге қатынасын қалай білдіретінін мойындау болып табылады.
Психодрама топта лабораториялық жағдай тудырады, яғни қатысушылардың біреуі басқаларды қабылдауы анализделеді.
«Теле» ұғымы социодрамада тиімдірек- психодраманың ерекше түрі, оған топтық ортақ тақырып тән.
Социодраманың қатысушылары әрбіреуінің жеке проблемаларын зерттеудің орнына, барлық қатысушыларға әсер ететін фактормен айналысады. Топ мүшелері рөлдік ойындарды өздерінің әлеуметтік- мәдени қажеттіліктерге қатынасын, яғни ата- ана мен балалар арасындағы қатынас, тұрғындар мен чиновниктер арасындағы конфликтер, расизм және т.б. зерттеу үшін қолданады.
Катарсис-сезімдік әсерлену мен ішкі тазару деген мағына береді. Д. Морено бұл ұғымды біршама кеңейтті, яғни катарсис әрекетін тек көрермендерге ғана емес, актерларға дейін өрістетті. Ол былай деді, психодраманың емдік эффектісі көрермендерге қатысты ғана емес (екінші катарсис), актерге қатысы да бар.
Инсайт-проблеманың шешілуі мен жаңаша түсінуіне әкелетін таным түрі болып табылады. Инсайт- психодрама қатысушысының перцептивті алаңының құрылымының өзгеруі. Инсайт тек қана катарсис кезінде ғана емес, ойналған психодраманы талқылау кезінде де пайда болады, себебі онымен байланысты уайымдар басылады.
Психодраманың мақсаты катарсис пен инсайттың максималды шығуына мүмкіндік болатын топтық климатты тудыру болып табылады.
Психодраманың негізгі фазалары:
1. Қызу және жаттығу
2. Өзіндік драмалық әрекет
3. Талқылау
1 фазакезінде протагонистің қорытындысы, дискуссия үшін материал алу, проблеманы қайта талқылау, протагонист және басқа қатысушылардың дайындығы психодрамалық әрекетке кеңістік ұйымдастыру жүзеге асады.
1-ші фаза 3 стадиядан тұрады:
1. Қатысушылардың қозғалыс белсенділігін біртіндеп азат ету.
2. Аяқ- астылы қылық- әрекеттік реакция стимуляциясы.
3. Нақтылы проблемаларда топ мүшелерінің фокусировкасы.
Бағытталған және бағытталмаған қызу түрлерін бөлеміз.
Бағытталғанқызу протагонист рөлдік ойындарға дайын болмай сеансқа кіріскен жағдайда қолданылады. Вербалды және вербалсыз тәсілдері бар.
Бағытталмағанқызу фокусирленген және спецификалық болуы мүмкін. Бұндай жағдайда протагонист белгілі тақырыппен жұмысқа дайын болып сеансқа кіріседі.
Жаттығулар кезіндепсиходрамадағы белгілі рөлдерді ары қарай орындауды жеңілдету үшін, топ мүшелері қарапайым жаттығулар тізбегін орындайды. Жаттығу кезінде қатысушылар психологиялық және физикалық босайды, артық уайымдаулары мен қысымдылықты шығарады, рөлдік ойындарға ыңғайланады. Жаттығу сөз түрінде және дене жаттығулары түрінде болуы мүмкін. Оның міндеттері: қатысушыларды аяқ- астылыққа стимулдау, қорқынышты әлсірту, қажетті эмоционалды атмосфера орнату.
Бұл міндеттерді шешу үшін түрлі көмекші әдістер қолданылады: дискуссиялар, тірі скульптуралар, импровизация, ертегілерді ойнау және т.б.
Жаттығулар вербалды және вербалсызболуы мүмкін.
Вербалсыз жаттығулар қатысушыларға өздерінің сезімдері мен проблемалары жайлы ашық әңгімеге қарсылықтарын жеңуге жанама түрде көмектеседі. Дене әрекеттері қатысушылардың активизациясы мақсатында қолданылады.
Психодраманың 2- ші фазасы реалды проблемалық өмірлік жағдайдағы рөлдерде ойналатын психодрамалық әрекетті білдіреді.
Көбінесе проблеманың авторы өзін- өзі ойнайды. Психодрамалық әрекетте клиент катарсисқа жетуі мүмкін және өзінің шынайы сезімдерін түсінуі мүмкін. Бұл процесстерді жеңілдету үшін әдістер тізбегі қолданылады: «айна», «егіздер», «монолог», «диалог», «болашақты құру» және т.б.
3- ші фаза-талқылау немесе интерпретация- қорытынды болып табылады. Әрекет біткен кезде протагонист және қалған топ мүшелері анализге кіріседі. Әдетте ол психодрамалық әрекетке тікелей қатысы жоқ клиент сөздерінен басталады: рөлдік жағдайларды ойнау кезінде туындаған өзінің әсерлері, уайымдары, ассоциациялары, ойлары. Содан кейін протагонистке сөз беріледі және талқылауды психолог аяқтайды. Эмоционалды реакцияларды талқылағаннан кейін топ мүшелері психодрамалық әрекетті нақтырақ талқылауға көшеді.
Талқылау фазасы екі бөліктен тұрады: рөлдік кері байланыс, идентификациялық кері байланыс.
Рөлдік кері байланыстасеріктер оларға бөлінген рөлдерді орындау кезінде пайда болған сезімдерді кезекпен протагонистке суреттейді.
Идентификациялық кері байланыстакөрермендер мен психодрама жүргізушісі қатысады. Идентификация топ қатысушылары жайлы маңызды ақпарат болып табылады.
Бұл сатыда келесі міндеттер шешіледі:
- де- ролинг- протагонистің әрекет кезінде ойнаған рөлінен шығуы. Қысқа дискуссия формасында жүргізіледі;
- эмоционалды стабильдік- рөлден шығу процесінің бөлігі ретінде әрекеттің соңындағы эмоционалды стабильдікті қалпына келтіру болып қарастырылады;
- комфортты жағдай- бұл сезімге кімде- кім сенің қиындықтарыңды бөлісуге тырысу деген түсінікті білдіреді;
- өзін түсіну қабілеті- клиентте өзін түсіну, өзінің әрекет- қылығын, қоршаған ортаға өзінің ықпалын түсіну қабілетін жоғарылату. Әдетте бұл интерпретация кезінде жүреді.
Талқылау стадиясының негізгі ережесі әрекеттің жоқтығы болып табылады. Сөздік әдістер, яғни сезімдерімен алмасу, талқылау және анализ қоланылады.