Кәсіпкерліктің түрлері және ұйымдастыру формалары

Кәсіпкерліктің түрлеріне өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңес беру, сақтандыру, делдалдық кәсіпкерлік жатады.

• Өндірістік кәсіпкерлік – бұл тауар өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік.

• Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл өнім өндірумен байланыс-сыз тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша операцияларды жүргізумен ерекшеленетін кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары мен сауда мекемелері.

• Қаржылық кәсіпкерлік – сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерлік-тің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық банктер және қор биржалары жатады.

• Кеңес беру кәсіпкерлігі – нарыққа бағытталу туралы қаржылық шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік.

• Сақтандыру кәсіпкерлігі – бұл белгілі бір жағдайларды сақтандырудан сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда болатын қаржылық кәсіпкерліктің түрі.

• Делдалдық кәсіпкерлік – бұл белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік.

Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формаларына ұйымдық-құқықтық және ұйымдық-экономикалық кәсіпкерліктер жатады.

Ұйымдық-құқықтық кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғамды біріктіреді.

Жеке кәсіпкерлік – бұл бір адамның немесе бір жанұяның кәсіпкерлікпен айналысуы.

Серіктестік – бұл екі немес одан да көп адамдардың капитал салымдар (үлестері) негізінде құрылған табыс алуға бағытталған іс-әрекеті. Серіктестіктің түрлері:

Тақырып. Өндіріс шығындары және табысы.

Жоспар

1 Фирма шығынының құрылымы және пайда

2 Фирманың шекті шығындары

1Өнімнің бағасы сұраным мен ұсынымның өзара әрекетінің нәтижесінде айқындалады. Кез-келген тауарды өндіру экономикалық ресурстардың шығынын талап етеді. Олар өздерінің салыстырмалы сиректігіне байланысты белгілі бағаға ие. Фирма нарықта ұсынғысы келетін әлдебір тауардың саны бір жағынан, оны өндіруге қажет шығындар мен ресурстарды тиімді қолдануға тәуелді, ал екінші жағынан сол бойынша тауар нарықта сатылатын бағаға байланысты. Шығындар, оларды фирманың іс-әрекеті қызықтыратын экономистер және оларды ең алдымен қаржылық есеп пен фирманың балансы қызықтыратын бухгалтерлердің көзқарастары тұрғысынан анықталады, өлшенеді және ерекшеленеді. Экономистердің шығынды түсінуі ресурстардың сиректігі фактісіне және оларды баламаны қолдану мүмкіндігіне негізделеді. Сондықтан белгілі бір ресурстарды әлдебір тауарды өндіру үшін таңдау басқа альтернативті тауарды өндіру мүмкін болмайтынын білдіреді. Экономикада шығындар альтернативті тауарлар мен қызметтерді өндіру мүмкіндігінен бас тартумен тікелей байланысты. Дәлірек айтқанда, кез-келген ресурстың тауарды өндіру үшін таңдап алынған экономикалық немесе альтернативті шығындары. Оны қолданудың барлық мүмкін нұсқаларының ең жақсысының құнына немесе бағалылығына тең. Шығындардың мұндай концепциясы өндіріс мүмкіндіктерінің қисығында жарқын көрініс береді.

Енді шығындарды (сыртқы және ішкі шығындар) жеке фирманың жайғасымынан қарастырайық. Альтернативті шығындар ұғымына сүйене отырып біз экономикалық шығындар- бұл фирма оларды жүргізуі тиіс төлемдер немесе осы ресурстарды альтернативті өндірістерде қолданудан бас тартуы үшін ресурстарды жеткізуге фирма қамтамасыз етуге міндетті табыстар деп айта аламыз. Бұл төлемдер не сыртқы не ішкі болуы мүмкін. Фирма өз есебінен шикізат, жаңармай, транспорттық қызмет, энергия, еңбек қызметтерін және т.б жеткізетіндердің пайдасына жүргізетін ақшалай төлемдер, яғни ақшалай шығындар-сыртқы шығындар деп аталады. Басқаша айтқанда, сыртқы шығындар осы фирманың иелерінің қатарына жатпайтын ресурс жеткізушілерге төленетін төлем. Алайда, фирма оның өзіне тиесілі белгілі бір ресурстарды да қолдануы мүмкін. Альтернативті шығындар концепциясынан бізге, ресурс кәсіпорынның өз меншігі ме, не болмаса ол жалға алынды ма бұл жағдайларға тәуелсіз, осы ресурсты қолданудың белгілі бір тәсілі біршама шығындармен байланысты екені белгілі. Өзіндік дербес қолданылатын ресурстың шығыны, төленбейтін немесе ішкі шығындар болып табылады. Фирманың көзқарасы тұрғысынан бұл ішкі шығындар дербес пайдаланатын ресурсты, оның қолданылуы мүмкін ең жақсы тәсілінде алынуы мүмкін, ақшалай төлемдерге тең рента, жалақы, процент және т.б.

Экономикалық немесе таза пайда. «Пайда» терминінің мағынасын экономистер мен бухгалтерлер әртүрлі түсінеді. Бухгалтерлік пайда фирманың жалпы түсімдерінен сыртқы шығындарды алып тастағандағы айырмаға тең. Алайда экономистер пайданы басқаша анықтайды. Экономикалық пайда- бұл жалпы түсімдерден барлық шығындарды (сыртқы және ішкі, соңғысына кәсіпкердің қалыпты пайдасын қосқанда алып тастағандағы айырма). Сондықтан егер экономитер фирма өзінің шығындарын әзер жабуда десе, онда бұл барлық сыртқы және ішкі шығындардың өтелетінің, ал кәсіпкер оның талантын осы бағыттағы іс-әрекеттің шеңберінде ұстауға әзер жететін табыс алатынын білдіреді. Егер ақшалай түсімдердің сомасы фирманың экономикалық шығындарынан жоғары болса, онда кез-келген қалдық кәсіпкердің қолында жинақталады. Бұл қалдық экономикалық немесе таза пайда деп аталады.

2Өндірістік шығындар концепциясының тағы бір маңызды бөлігі-шекті шығындар концепциясын қарастырайық. Шекті шығындар деп (МС) өнімнің тағы бір бірлігін өндірумен байланысты жұмсалатын қосымшы шығындар аталады. Шекті шығындарды әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігіне жұмсалған олар осы бірлікті өндірудің нәтижесі болып табылатын шығындар сомасындағы өзгерістерді байқап анықтауға болады. Шекті шығындар концепциясының стратегиялық маңызы бар, себебі ол оның шамасын фирма тікелей бақылап алатын шығындарды анықтауға мүмкіндік береді. Дәлірек айтқанда, МС оларды фирма өнімнің соңғы бірлігін өндірген жағдайда көтеруі мүмкін шығындарды және сонымен бір мезгілде, егер өндіріс көлемін осы соңғы бірлікке қысқартқан жағдайда «үнемделуі» мүмкін шығындарды көрсетеді. Орташа шығындар көрсеткіштері мұндай ақпарат бермейді. Өндіріс көлемі туралы шешімдерді қабылдау әдетте шекті сипатта болады, яғни фирмаға бірнеше бірлік өнім көбірек өндіру керек пе, немесе бірнеше бірлік өнім аз өндіру керек пе деген сұрақ шешіледі. Шекті шығындар өндіріс көлемін бір бірлікке ұлғайту немесе азайту алып көлемін шығындардағы өзегрістерді көрсетеді. Шекті шығындарды шекті түсімдерден салыстыру, түсімдердің өндіріс көлемін бір бірлікке ұлғайтуға немесе азайтуға байланысты өзгеруін көрсетеді және фирмаға өндіріс масштабындағы осы не басқы өзгерістердің пайдалылығын анықтауға мүмкіндік береді.

Шығынның ашық және баламалы болып бөлінуі басты мүмкіндік болып есептеледі. Сонымен қатар шығын-ның сыныптамасының тікелей және жанама түрі бар. Тікелей шығындарға мыналар жатады: шикізат пн материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар. Жанама шығындар – бұл тауармен байланысты емес шығындар фирмаға толық қатынасты. Бұған жататындар: әкімшілік шығындар, жалдау ақысы, аммортизациялық өтемдер, қарыз пайызы т.с.с.

Наши рекомендации