Тілдік қатынастың психолингвистикалық негізі
Тілдік қатынастың педогогикалық негізі
Тілдік қатынастың педагогикалық негізі— табиғат пен қоғамдағы ерекше құбылыс адамға, оның өмірдегі орнына, тілдік қарым-қатынасына байланысты.Көптеген әдебиеттерде белгілі бір ғылымның не процестің педагогикалық негіздеріне оқытуға қатысты білім жүйесі, оның сандық көлемі /сағаты/, білімнің мазмұны мен сабақтың әдіс-тәсілдері жатқызылып жүр.
Ғылымның дамуы мен оқыту жүйесінде бұл айтылғандардың атқаратын маңызы зор. Білім жүйесі, көлемі мазмұны, әдістер әр процестің ілгері басуына ықпал ететін нақтылы мәселелер бола келіп, істің мәнін анықтайды. Олардың тілдік қатынасты меңгеруде де алатын орны ерекше.
Педагогика адам тәрбиесіне тікелей қатысты болғандықтан оның адамдар арасындағы қарым-қатынасқа да әсері мол. Тілдік коммуникация адамдардың тіл арқылы түсінісуін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар жалпы адамға тән қасиеттерді меңгеруге көмектеседі. Олар /адамдар/ бір-бірімен сөйлесумен, пікірлесумен шектелмейді, тілдесудің нәтижесінде бірінің жанын бірі ұғады, бірінің сезіміне, мінезіне екіншісі әсер етеді. Сөйтіп, жалпы адамзаттың тәрбиелік жүйесі қалыптасады.
Тілді оқыту тілді үйретумен бірге адамды тәрбиелеумен қатар жүреді. Белгілі бір тілді басқа ұлт өкілдеріне үйрету арқылы біз тілдік қарым-қатынасты ғана емес, адам мен адам, ұлт пен ұлттың арасындағы қарым-қатынасты да жолға қоямыз, тілді меңгерумен қатар сол елдің мәдениетін, тарихын, әдебиетін, өркениетті жақтарын да үйретуге тырысамыз. Немесе тілді үйрету барысында оның тәрбиелік мәнін де естен шығармаймыз.
Тіл арқылы оқушылардың іскерлігін, сөйлеу дағдыларын, әдептерін қалыптастырамыз.
Осы тұрғыдан келгенде, тілді үйретуге бөлінген білім көлемі неғүрлым көп болса, мазмұны қаншалықты сапалы болса, әдіс-тәсілдері неғүрлым тиімді болса, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас соғүрлым жан-жақты болып, тілді үйренудің нәтижесі терең болады.
Тілдік қатынастың психологиялық негізі тіл арқылы ойды айту, жеткізу, қабылдау, сезіну құбылыстарымен байланысты.
Сыртқы объективтік шындықтың әсерінен адамның есту, көру сезімдері дамып, адамның ойлау қабілеті артады. Ойлау тіл арқылы сыртқа шығып, тіл адамның ойын жеткізуші құралдың ролін атқарады.
Белгілі бір тілде сөйлеу үшін адам тілдік құралдарды саналы, дұрыс пайдалана білу керек. Оны дұрыс қолданудың ережелері көзбен көру, қүлақпен есту, мимен ойлау арқылы іске асады.
Адамның ойлау жүйесіне байланысты болғандықтан, тілдік коммуникацияның психологиялық негізі күрделі болады. Ойлау жүйесінің нәтижесінде тілдік және қатысымдық тұлғалар дұрыс қолданылып, тілдегі сөйлесім әрекеті маңызды роль атқарады. Сондықтан тілді үйретуде әрбір оқушының жеке қабілеті, саналылығы еске алынып, жан-дүниесі ескеріледі, оның ойлау дағдысын бекітуге күш салынады. Тілдік қатынастың психологиялық негізі — тілді оқыту барысында оқушының сана-сезіміне әсер етіп, оның қажеттігі мен маңызын түсіндіріп, пәнге деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру. Сонымен, тілдік қатынастың ең басты психологиялық
негізі тіл, ойлау және сөйлесім құбылыстарына келіп тіреледі.
Тілдік қатынастың психолингвистикалық негізі
Тілдік коммуникацияның лингвистикалық негізіқарым-қатынас құралы тілге байланысты екені анық. Лингвистика тіл туралы ілім болса, тілдік қатынас сол тілдің қарым-қатынасқа қатысты ерекшеліктерін қамтиды.
Тілдік қатынас /ТҚ/ қатысымдық тұлғалар арқылы жүзеге асады. Оның қоғамда алатын орны тілдің атқаратын қызметінен көрінеді. Қатысымдық тұлғалар тіл ғылымының салалары — лексикология, семасиология, грамматиканың зерттеу объектілерімен қатар қолданылады. Қатысымдық тұлғалар мен тілдік тұлғалардың өзіндік ара қатысы, байланысы бар.
Сонымен қатар тілдік қатынастың негізі — сөйлеу, адамдардың сөйлесу процесі. Осы сөйлесу, ұғынысу тікелей тілдік бөлшектердің қатысымен іске аса келіп, қатысымдық тұлғалардың қызметі нәтижесінде болады.
Сөйлеу процесінде басты орын алатын — сөз бен сөздің байланысы, грамматикалық формалар мен мағыналар, сөздердің тіркесі, сөзжасам — осының бәрі тіл білімінің салаларында қарастырыла келіп, грамматиканың дамуына қанша әсер етсе, тілдік қарым-қатынасқа, сөйлеуге до сонша ықпал етеді.Лингвистикалық заңдылықтар мен грамматикалық ережелерді үйренбей тұрып, адам өз ойын дұрыс жеткізе алмайды, сол тілде сөйлей алмайды. Бір-бірімен байланысқа түспесе, белгілі бір сөздердің тобы қаншама көп болғанымен, ой түсініксіз болады. Айтайын деген ой ұғынықсыз болса, оны екінші адам түсінбесе, тілдік коммуникация да жүзеге аспайды.
Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас сөздік құрам мен сөздік қордың мол болуына қарай еркін жүзеге асады, түсінісу тез жүреді. Лексикалық қор тілдің өсуімен бірге тілдік қатынастың мүмкіндігін арттырады.
Лингвистиканың қай саласындағы қағидалар мен заңдар болсын тілдік қатынастың қағидаларымен тығыз бірлікте дамиды және оған әсер етеді.
Тілдік қатынастың қоғамдық негізі қарым-қатынас құралы тілдің қоғамдағы ролі мен мәніне байланысты.
Қазақ тілінің қатысымдық ерекшелігін зерттеуде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, қазақ тілінің қоғамдық мәнін жете түсіндірудің ерекше маңызы бар. Бұл -біріншіден, жалпы дүниеге деген қоғамдық-ғылыми көзқарастың негізінде танылса, екінішден, қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қатынас құралы ретінде алатын орнына байланысты қарастырылады.
Кез келген тіл, сол сияқты қазақ тілі — «адам қатынасының аса маңызды құралы» бола келіп, адамзаттың бір-бірімен түсінісу, пікір алысу, сөйлесуіне жол ашып қана қоймайды. Сонымен қатар ішкі, сыртқы қоғамдық жағдайларға әсер етеді, халыққа қажетті әлеуметтік, экономикалық істерді аңғаруға мүмкіндік жасайды; бірлесіп еңбек етуге дәнекер болады; қоғамдық-саяси күштердің өз мақсаттары үшін күресуіне қызмет ететін саяси құралы болады. Сөйтіп, жалпы көпшілік қауым мен саяси топтар арасындағы көпір болып табылады.
Қоғам мен табиғаттағы ең күрделі құбылыс адамзаттың ой-санасы мен тілі болғандықтан, адамның ойлау жүйесі де, сөйлесе білу қабілеті де — ерекше қоғамдық мәні үрдістер.
Адамның ойы мен санасы қаншама күрделі болғанымен, тілсіз ой жүзеге аспайды. Сондықтан да тіл - қоғамдық объективті шындықты танудың, оны өмірде пайдаланудың құралы болып табылады.
Қазіргі қазақ тілі қандай қоғамдық-әлеуметтік ерекшеліктерді басынан өткізбеді? Қоғамдық-әлеуметтіккезеңдердің қай-қайсысына болсын қазақ тілі қазақ халқының ана тіліне тән әлеуметтік мәнінен айырылмауға тырысады. Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту, үйрету барысында, біріншіден, оның ертеден дамыған тарихы барын, әдеби тіл дәрежесіне көтерілген салаларын, жазба тілге тән т.б. басты қасиеттерін түсіндіру қажет.
Екіншіден, қазақ тілінің сол халықтың сөйлесу құралы болуымен қатар, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас жасауға негіз болатын, ұғынысуға, пікірлесуге жол ашатын ұлтаралық қатынас құралы екеніне баса назар аудару керек.
Үшіншіден, қазақ тілінің қатысымдық сипаты оның ел аралық қатынаста қолданылатын қоғамдық мәнінен және ресми іс-қағаздарда жүмсалатын әлеуметтік қызметінен көрінеді.
Төртіншіден, қазақ тілі - қоғамдағы барлық салаларда пайдаланылатын мемлекеттік дәрежеге жеткен қарым-қатынас құралы.
Бесіншіден, ол — рухани мәдениет пен өркениет өнер жолында қолданылатын, адамның сезімі мен көңіл-күйін жеткізетін құрал.
Сол сияқты қазақ тілінің ең басты қатысымдық қасиеті -бір ұлт пен екінші ұлт өкілдерінің өзара түсінісуіне, ұғынысуына жол ашу, қарым-қатынас құрал ретінде бүтіндей қоғамға қызмет ету.
Қазақша тілдік қатынас пен оқыту әдістемесі тіл ғылымының қоғамдық мәні мен тәрбиелік маңызын қатар үйретуге тырысады.
48)Іштей және дауыстап оқудың маңызы
Іштей сөйлеу дегенімі- /внутренняя речь/, автордың айтуынша, адамның басқа, бөтен тілде сөйлер алдындағы миындағы айтар ойын қүрастыруы. ОЛ айтар сөйлемін ойда жинақтап, іштей қүрастырып алып, сонан кейін оны бір ғана сөзбен, немесе дауыс ырғағымен кейде тіркеспен жеткізуі мүмкін. Мұнда айтылар ой күрделі, сөйлем бірнешеу болуы мүмкін, бірақ ерекше бөліп жеткізілген бір сөз, не көп сөйлемнің орнындағы бір тіркес, не бір сөйлем бәрінен хабардар етеді. Сөйтіп барып, үлкен ақпарат келесі адамға түсінікті болады. «Іштей сөйлеудің» бір ерекшелігі осы.
Дауыстап оқу –материалды қатты, мәнерлеп, барлық сөйлеу аппаратын іске қосып, айналасындағы адамдарға естіртіп, үнмен оқу.
Мәтінді дауыстап оқу белгілі бір хабарды адам өзі үшін ғана емес, екінші адамға жеткізгісі келгенде орындалады. Дауыстап оқу дыбыстарды дұрыс айтуға, сөйлеу мәнерін жетілдіруге, оқығанды есте сақтауға негіз болады.
Оқушының сөйлесу тілін дамыту тек ауызша, ауызекі сөйлеу, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап айту, мәтінмен жұмыс, оқу, сұраққа жауап беру, суретпен әңгіме құрастыру, тапсырмаларды ауызша орындаумен ғана шектеліп қоймай, қазақ тілінде сауатты, жақсы, жетік сөйлеу үшін сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сауатты жаза білуі де міндетті.
Сауатты жаза білуді қалыптастыруда оқушыға жазу, жазбаша тіл мәдениетін қалыптастырумен қатар, жазылым арқылы сөйлесім әрекетін дамытуды мақсат етіп қою керек. Сауатты, дұрыс жазу талабы – емле ережесін сақтау. Сондықтан оқушыға жазудағы сауаттылықты, емле мен тыныс белгілеріне дұрыс қолдануды үйрету керек. Жазба жұмысы сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыру, құру, сөздердің орын тәртібін ескере отырып, өз ойын сауатты жазуға үйретудің ең тиімді жолы болып табылады.
49)Ф.де Соссюрдің тіл мен сөйлеудің ара қатынасы туралы пікірі
Тілдік қатынасқа қатысты құбылыстардың ішінде тіл мен сөйлеуге соқпай өтетін мәселелер жоқтың қасы. Сондықтан бұл мәселелердің басын ашып алудың маңызы зор.Тіл мен сөйлеуді ғалымдар кейде бірге алып қарастырса, кейде екеуін екі бөлек құбылыс деп таниды. Мәселен, немістің көрнекті лингвисі Вильгельм Гумбольдт пен орыс лингвисі И.Э.Бодуэн де Крутенэ тіл мен сөйлеуді жеке-жеке ажырата келіп, оларды адамның ойы мен қарым-қатынасына байланысты қажеттіліктен туған процесс деп қарастырады.
Тіл мен сөйлеу туралы ерекше концепция — Фердинанд де Соссюрдің тұжырымы. ОЛ тілді қалыпты, сипаттамалы құбылыс ретінде тани келіп, оны дыбыстық материяның тұтас жүйесі түрінде қарастыру керек деп санайды.
Ғалым тілді ерекше құрылымы бар, жүйелі, бірақ қалыпты
құбылыс деп көрсете отырып, ондағы дыбыстық ерекшеліктерді, тілдік тұлғалардың дыбысталуын, сөздердің айтылуын — бәрін түгелімен сөйлесімге /речь/ қатысты қарастырады.
Ф.де Соссюрдің пікірінше, тіл — дыбыстық материяның жиынтығы, форма, қарым-қатынас құралы; ал сөйлеу -дыбыстың өзі, дыбысталу. Яғни тіл — барлық дыбыстық таңбалардың жиынтығы болса, сөйлесім — дыбысталудың жиынтығы.
Ғалым тіл мен сөйлеудің ара жігін ажырата келіп, оларды екі ғылымның объектісі ретінде зерттеу керек дей отырып, олар /тіл мен сөйлесім/ өзара тығыз байланысты екенін де атап өтеді: «Язык и речь тесно связаны между собой и предпологают друг-друга: язык необходим, чтобы речь была понятна тем самым была эффективна; речь в свою очередь необходима для того, чтобы сложился язык».
Фердинанд де Соссюрдің көзқарастары кейде қайшылықты болғанымен, өзінен кейінгі лингвистердің пікіріне әсер етпей қоймайды. Кейінгі тұжырымдардың көпшілігі осыдан келіп шыққанын тіл мен сөйлеуге берілген анықтамалардан аңғаруға болады.
Ю.В.Фоменко Фердинанд де Соссюрдің тіл лингвистикасы мен сөйлесім лингвистикасы деген пікірін жоққа шығара отырып, Ф.де Соссюр тіл мен сөйлесімді бір-біріне қарама-қарсы қояды және олардың екеуі бір-біріне ешбір қатысы жоқ екі түрлі мәселе деп айтады деп түсінеді. Сондықтан да Ф.де Соссюр олардың әрқайсысының айырмашылықтарын жеке-жеке бөліп көрсеткен дей келіп, Ю.В.Фоменко сол көрсетілген айырмашылықтардың барлығына дау айтады. Сөйте түра, бұл автор да Ф.де Соссюрдің тіл мен сөйлеудің әлеуметтігі жөніндегі көзқарасын қүптайды.Жоғарыда айтылған пікірлердің барлығында, негізінен, тіл
мен сөйлесімге қатысты Фердинанд де Соссюрдің айтқанерекшеліктері сөз болады. Мәселен: тіл мен сөйлесімніңпсихологиялық, физиологиялық жақтары, таңбалар жүйесіретіндегі өзгешелігі, әлеуметтік-жекелік табиғаты, олардың қарым-қатынас құралы тарапынан ерекшелігі. Яғни авторлардың көпшілігі бұл мәселелерді одан әрі жалғастыруды, дамытуды көздейді.