Леуметтік психологияның тарихы

Батыста XVIII ғасырдағы ағартушылық кезеңде оған көбірек көңіл бөліне бастады.XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында әлеуметтік психология жеке ғылым саласы ретінде орнықты.XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап әлеуметтік психология АҚШ, Англия, Германия, Франция, Жапония сияқты дамыған елдердегі психология ғылымының жетекші бағытына айналды.Әлеуметтік психология бұрынғы Кеңес Одағында да көп көңіл бөлінген. Кеңес билігі тұсында бұл ғылым жетекші салаға айналды. Кеңестік әлеуметтік психологтардың зерттеулерінде тұлға және ұжым мәселелері Батыстағыдай топ динамикасы заңдылықтарынан өзгеше бағдарда алынып, ерекше теориялық құрылғыда қарастырылды. Ұлттардың және өзге ірі әлеуметтік топтардың психологиясы зерттелді. Олардың арасында Қазақстандық ғалымдардың да үлесі болды

2.К.Юнг бойынша тұлға тұжырымдамасыК.Г.Юнг (1875-1961) - швейцар психологы, психиаторы, мәдениеттанушысы, “терең” психологияның практигі, психологияның “аналитикалық психология” деп аталатын бағытының негізін қалаушы. Бұл пәндермен қатар К.Юнг философия, теология сұрақтарымен айналысқан. К.Юнг бастапқыда З.Фрейдпен бірге ұзақ жылдар бойы қызмет жасап, 1913 жылы Мюнхендегі психоаналитикалық конгрестен кейін екеуі мүлдем айрылысты. ұзақ мерзімді зерттеулер нәтижесінде К.Юнг аналитикалық психологияның теориясы мен сол теорияға сүйенген психотерапиялық практиканы қалыптастырды.К.Юнгтың кәсіби әрекетінің басын психикалық санадан тыс өнімдер және оның субúект үшін мәні туралы сұрақтар қамтыды. З.Фрейд көзқарастарымен сәйкессіздік мына сұрақтар бойынша туындайды.Біріншіден, З.Фрейд бойынша, либидо термині индивидтің бүкіл психикалық энергиясы ретінде қарастырылады, ол психологиялық бұзылулар сексуалдық құмарлықты басу және эротикалық қызығуды сыртқы орта обúектілерінен ішкі әлемге аудару салдарынан болады деп есептесе, К.Юнг либидо ретінде сексуалды формаға тәуелсіз жалпы психикалық ауытқу сексуалдылықты ығыстырудан басқа да, сыртқы ортамен байланысты жоғалтуға әкелетін жайттармен анықталады деп көрсетеді. Екіншіден, З.Фрейд бойынша, невроз ерте балалық шақта пайда болады, оның негізгі факторы эдипкомплекстер, фантазиялар мен қалаулар болатын болса, К.Юнг бойынша, невроз себебі бүгінгі күн жағдайларында, ал балалық фантазиялар - екінші жоспарда. ¶шіншіден, З.Фрейд бойынша, түс көру - жанама түрде көрініс беретін, шынайы жағдайларда орындалмаған қалаулар мен қызығулар. К.Юнг бойынша, түс көру - психикалықтың санадан тыс жағымен байланыстырушы канал, ол түсінуге өте қиын символдық тіл арқылы беріледі және оның орындалмаған қалаулармен байланысты болуы міндетті емес. Түс көру саналы күндізгі өмірдің толықтырмасы болуы да мүмкін.

Леуметтік бағдарлау

Тұлғаны зерттеу барысында әлеуметтік психологияда маңызды орынды әлеуметтік бағдар мәселесі алады. Егер әлеуметтену процесі тұлғаның әлеуметтік дағдыны, тәжірибені қалай игеретінін және оны белсенді түрде өмірде қолданатынын зерттесе, ал тұлғаның әлеуметтік бағдарлауының қалыптасуы мына сұрақтарға жауап береді: игерілген әлеуметтік тәжірибе тұлғаның көзқарасын қалай өзгертті және оның іс-әрекеттерінен қалай көрініс тапты? Осы механизмді толық зерттеу арқылы ғана адамның іс-әрекеті нақты немен реттелетіні туралы мәселені шешуге болады. Нақты іс-әрекеттің пайда болуының алдында қандай процестер бар екендігін түсіну үшін, ең алдымен, тұлғаның іс-әрекет жасауына түрткі болған қажеттілік пен мотивті талдау керек. Іс-әрекетке итермелейтін ішкі механизмді анықтау үшін тұлғаның жалпы теориясында қажеттілік пен мотив арақатынасы қарастырылады. Бірақ, соның өзінде, мотивті таңдауды анықтау қазіргі кезде қиынға соғуда. Бұл сұрақтың, мәселенің екі жағы бар: не себепті адамдар белгілі бір жағдайда белгілі бір іс-әрекет жасайды? Белгілі бір мотивті таңдау барысында нені басшылыққа алады? Мотивті таңдауды белгілі бір дәрежеде түсіндіретін ұғым әлеуметтік бағдарлау болып табылады. Ол тұрмыстық практикада, әсіресе тұлғаның іс-әрекетін болжамдау кезінде көп қолданылады: “ол мүмкін бұл концертке бармайтын шығар, себебі оның психологиясында эстрадалық музыкаға қарсы ой қалыптасқан”; “маған ол адамның ұнауы екіталай, мен математиктерді мүлдем ұнатпаймын”, т.б. Тұрмыстық деңгейде әлеуметтік бағдарлау түсінігі “қатынас” түсінігіне жақын мағынада қолданылады. Бірақ психологияда “бағдарлау” термині өзінің жеке мағынасына ие, өзінің дәстүрлі әдістері бар және осы дәстүрді әлеуметтік бағдарлау терминімен байланыстыру керек.

4.Сендіру және оның негізгі ережелері

Біздің әлеуметтік жүріс-тұрысымыз тек қана біздің өмірлік тәжірибемізбен, нақты жағдайлармен ғана өлшенбейді, сонымен қатар біздің нұсқауларымызбен де анықталады. Сондықтан да кімде-кім басқа адамдардың жүріс-тұрысына әсер еткісі келсе, ең алдымен, оның нұсқауларына әсер етуі керек.Зерттеушілердің мәлімдеуінше, мәлімдеменің мазмұнын қайта қарастырып талдауға жақын адамдар сендірудің тура тәсіліне тез мойынсұнатын көрінеді. Мысалы, компьютер жарнамасында атақты Голливуд жұлдыздары мен әйгілі спортшылар сирек көрінеді, компетентті сатып алушыға бәсекелестікке қабілетті бағалар жақсы ұсынылады.

Петти мен Ка÷оппоның ойынша, көптеген адамдар аналитикалық тұрғыдан ойлайды. Олар барлығын ой елегінен өткізіп, көбірек ойланғанды жөн көреді. Бұл адамдар сендіруші адамның жағымдылығына ғана емес, сонымен қатар өздерінің когнитивті реакцияларына да қарайды. Бұл жерде тек қана мәліметтер емес, сондай-ақ оларды ынталандырған ой-тұжырымдар да әсер етеді. Егер де бұл ой-тұжырымдар соншалықты терең болса, кез келген жаңа қабылданған нұсқаудың тамырлануға, қарсыласу шабуылдарына тұра алуға көп мүмкіндігі бар және ары-қарай жүріс-тұрысқа әсер ете алады.

Енді сендірудің жанама тәсіліне көшейік, шешім қабылдаудағы сұрақтардың көбі санаға сыйғысыз болса, онда жанама тәсіл неғұрлым тиімдірек бола алады, яғни қолданылатын ымдау тәсілдері ойланбай-ақ қолдау табуға көшеді. Тауар туралы нақты ақпарат орнына темекі жарнамасында осы тауарды ләззат пен әдемілік туралы түсініктермен байланыстырады. Осылайша, алкогольсіз ішімдіктер жөніндегі жарнамада да, мысалы, нағыз өнім “Кока-кола” жастық шақ, денсаулық сияқты түсініктермен ассоциацияланады.

Тіпті, аналитикалық адамдардың өзінде бастапқы пікір жанама эвристика негізінде қалыптасады, олар мынадай болады: “компетентті эксперттер”, “сенім тудыратын ұзақ мәлімдемелер” және т.с.с.

Кей кезде сендіру аудиторияның аргументтерге баса назар аударуымен шектеледі және сәйкес ой-тұжырымдарға негізделеді. Мұндай жүйелі немесе тура сендірудің тәсілі мынадай кезде: адамдар болған нәрсені талдай алса және ұсынылған тақырыпқа қызығушылық танытса, іске асады. Егер де ұсынылған тақырып аудиторияның тұрақты назарын аудармаса, онда сендіру адамдар жедел қорытынды жасау үшін эвристиканы немесе кездейсоқ белгілерді пайдаланған кездегі неғұрлым “тура” немесе “жанама” тәсілдер арқылы жүзеге асуы мүмкін. Тура тәсілмен жүзеге асатын сендіру неғұрлым аналитикалық және үстіртін болмайды, сонымен қатар ол неғұрлым тұрақты және көп жағдайда адамдардың жүріс-тұрысына әсер ете алады

4.

1.Тұлға психологиясының әлеуметтік негізі

Тұлға – индивидтің әлеуметтік мәнді қасиеттерінің жүйесі. Адам дайын қабілеттермен, қызығушылықтармен, мінезбен және т.б. туылмайды. Бұл қасиеттер нақты әлеуметтік жағдайларда адамның өмір сүру кезінде қалыптасады.

Адам организмінің тұқымқуалаушылық негізі (генотип) оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің негізгі сапаларын, жүйке процестерінің динамикасын анықтайды.

Адам табиғатының биологиялық негізінде оның болашақтағы психикалық дамуының мүмкіншіліктері жинақталған. Бірақ адамзат тек қана әлеуметтік тұқымқуалаушылықтың арқасында, яғни білім, дәстүрлер, материалдық және рухани, мәдени құндылықтар, қоғамдық қатынастар жүйесінде орныққан әлеуметтік тәжірибені меңгеру барысында адам болады.

Адамның тұлға ретінде қалыптасуы нақты бір қоғамдық жағдайларда туады. қоғамның талаптары адамдардың мінез-құлқының моделін, ал бағалау белгілері оның мінез-құлқын анықтайды.

Адамның табиғи қасиеттері (мысалы, оның мінезінің қырлары) болып көрінетіндер, шындығында, тұлғаның қоғамдық талаптарының оның мінез-құлқында бекітілуі болып табылады.

Тұлғаның өзегі (ядросы) оның маңызды психикалық қасиетімен – руханилықпен байланысты. Руханилық адам өмірінің жоғары көрсеткіші, оның адамзаттық, адамгершілік парыздарының ішкі құндылығы, адамның болмыстан да жоғары мәнге бағынуы болып табылады. Тұлғаның руханилығы – оның санадан да жоғарылығы, барлық опасыздықтарды тұрақты шеттетуге деген қажеттілігі, өзінің адамзаттық парызына, маңызды идеалына шексіз берілу. ң´зіңнің парызыңды орындап көрші,-дейді Гегель, - өзіңнің бағаңды білесің!ң

Тұлға құрылымының негізгі өзегі құндылықтық-нормалық жүйенің, тұлға бағыттылығының, оның әлеуметтік мәні бар объектілер мен құбылыстарға қатынасының қалыптасуы болып табылады. құндылық – шындықтағы құбылыс, заттардың тұлғалық мәні. құбылыстың тұлғалық мәнділігінің оның әлеуметтік мәнділігімен үйлесуі аса маңызды.

Жалпы негізгі әлеуметтік құндылықтар – адамгершілік, кез келген әлеуметтік игілік, қауіпсіздік және топтық құндылықтар – идеялық, саяси тұрақты сенімдер, діни нанымдар, кәсіби білімдер және т.б. деп бөлінеді.

Интернализациялы (меншік) тұлға құндылықтары оның мінез-құлықтық бағдары, негізгі өзін-өзі бақылауы болып табылады. құндылықтар негізгі және құралдық болуы мүмкін, яғни өмірлік мәселелерді сәтті шешу құралы, тұлғаның өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бекіту құралы.

Тұлғаның құндылықтар жүйесі негізінде оның нұсқау жүйесі қалыптасады - сәйкес типтік жағдайда белгілі бір бейнеде әрекет етуге психикалық дайындық. °сіресе, тұлғаның әлеуметтік нұсқаулары тұрақты. Олар әлеуметтік объектілермен өзара әрекетінің тұрақты тәсілдерінің қорын көрсетеді, яғни әлеуметтік перцепция - әлеуметтік объектілердің стереотипті бейнесі ретінде көрінеді. Этносаралық топтардың қатынасы сәйкес нұсқаулармен дәлме-дәл келеді.

Наши рекомендации