Арасында тағамдану үшін жиі қолданылатын тағамдардың кариесогенділігі
Диета | Сахароза құрамы, % | Жеіленген ошақтарының өсуі |
Тәтті емес жаңғағы бар бисквит | 1,2 | |
Ірімшігі бар нан (80%+20%) | 0,4 | |
Джемі бар нан (80%+20%) | 6,8 | |
Қанты бар бисквит | 20,2 | |
Шоколадты вафли | 13,6 | |
Сүтті шоколад | 41,6 |
Соңғы жылдары потенциалды кариесогенді категориясына крахмал да жатқызылатын болған. Зерттеулер бойынша, пісірілген күріш, картоп чипсалары, спагетти ауыз қуысында мальтоза мен глюкозаға гидролизденіп, рН-тың 4,0- ке дейін төмендеуіне әкеледі. Әсіресе, фиссуралар аймағындағы эмаль үшін крахмал, тамақты қарқынды шайнаған кезде еніп, қолайсыз жағдай жасайды.
Стефан егеуқұйрықтарға ad libidum жегізіп, негізгі диетаға әртүрлі қоспалар қосып тәжірибе жасады, осылайша бұл өнімдерді тіс жегісін өсіретін тағамдар қатарына жатқызды (табл. 5.9). Стефан 10 жегіленген қуыстан артық өсуді тудыратын өнімдерді кариесогенді деп атады. Егеуқұйрықтар әр түрлі қоспаларды әр түрлі тәбетпен қабылдағанын айта кету керек (мысалы, сүттен бас тартып, коланы өте жиі ішті), сондықтан бұл шкаланы анық дұрыс деп айтуға болмайды.
1954 ж. жүргізілген Гуфтанссонның классикалық зерттеуінде тәтті тағамның кариосегенді нәтижесі сол тағамдағы қанттың мөлшеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар оны қолдану жиілігіне де байланысты екенін дәлелдеді, бұл әсіресе тағамның жабысқақтығының жоғарғылығында анық көрінеді (қара табл.5.10). Тіс жегісінің өсу қарқындылығы – тіс қағындағы жоғары қант концентрациясының сақталуына, сонымен қатар тамақты қолдану жиілігіне байланысты деген қорытынды жасалды (қара сур. 5.17).
Таблица 5.9
Стефан тәжірибесінде әртүрлі тағамдардың кариесогендігі
Тағам | Тағамды ad libidum қабылдаған егеуқұйрықтарда жегіленген қуыстардың орташа саны |
Негізгі диета | |
Жүгері | |
Сүт | |
Сорбитол | |
Апелсинь, лимон | |
Қара бидай крекері | 0,3 |
Шпинат | 0,6 |
Майы бар крекер | 1,3 |
Картопты чипсы | 1,6 |
Сәбіз | 2,1 |
Майы бар ақ нан | 5,2 |
Джемі бар ақ нан | 10,2 |
Құрма, інжір | 10,3 |
Қанты бар шайнау резинкасы | 14,0 |
Карамель | 16,0 |
Алма | 19,4 |
Ванильді вафли | 21,0 |
Банан | 24,0 |
Кока-кола | 29,6 |
Глюкоза | 30,6 |
Жүзім | 30,9 |
10% қантты су | 32,2 |
Сүт шоколады | 34,1 |
Қант | 32,1 |
Таблица 5.10
Антты қолдану жиілігі мен тәуліктік мөлшеріне диета кариесогенділігінің салыстырмалы байланысы
Тағамның негізгі қабылдауларымен қант | г/күніне | «Арасында тағамдануларда» қант | Жалпы қант, г/күніне | Бір жылда КПЖ өсуі | |
арасында тағамданудың түрі | г/күніне | ||||
Тек тағам құрамында | - | - | 0,50 | ||
+ ерітіндіде қант | - | - | 0,73 | ||
+ ерітіндіде қант | - | - | 0,61 | ||
+ ерітіндіде қант | Шоколад | 1,17 | |||
+ ерітіндіде қант | Карамель (22) | 3,02 | |||
+ ерітіндіде қант | Тәттілер (8) | 3,03 | |||
+ ерітіндіде қант | Карамель (22) | 1,82 | |||
+ ерітіндіде қант | Тәттілер (8) | 3,18 | |||
+ ерітіндіде қант | Тәттілер (24) | 5,16 |
Сур. 5.17. Тіс қағының рН: а – бір күн мерзімінде тағамды үш реттік қабылдауы кезінде; б – ретсіз қоректену кезінде.
Ұзақ уақыт бойы стоматологтар тәттілерді жемістер және көкөністерге ауыстыруларына кеңес берді. Бірақ нақтырақ зерттей келе, олардың көбісінің құрамында 6% дейін қант (глюкоза, фруктоза, сахароза) бар екендігі анықталды (қара табл. 5.11). Өсімдіктердегі табиғи қанттың агрессивтілігі аздау болады деген ой расталмады: олардан алынған жеміс-жидектер және шырындар бірдей кариесогенді нәтиже берді. Сонғы уақытта ерте балалар тіс жегісінің пайда болу факторларының бірі - бөтелкедегі шырынды балалардың шектеусіз пайдалануы болып табылады.
Таблица 5.11