Клиентке бағытталған әсер

Коррекциялық бағдарламалардың түрлерін құру келесі принциптерге сүйенуді талап етеді:

1. Коррекциялық профилактикалық, дамытушы тапсырмалардың жүйелігі принципі;

2. Коррекция мен диагностиканың бірлігі принципі;

3. Коррекцияның каузальді типінің проритеттілігі принципі;

4. Коррекциялық іс-әрекеттік принципі;

5. Клиенттің психофизиологиялық және дербес ерекшеліктерін есепке алу принципі

6. Кешенді әдістемелердің психологиялық әсері принципі;

7. Әлеуметтік ортаның коррекциялық бағдарламаларға белсенді әсері принципі;

8. Психикалық үрдістерді зерттеудің түрлі деңгейіне сүйену принципі;

9. Бағдарламалық оқыту принципі;

10. Күрделену принципі;

11. Материалдың көлемін, деңгейін және әртүрлілігін есепке алу принципі;

12. Материалдық эмоционалды күрделілігін есепке алу принципі.

1. Коррекциялық, профилактикалық, дамытушы тапсырмалардың жүйелігі принципі. Бұл рпинцип тапсырмалардың келесі үш түрінің коррекциялық бағдарламада міндетті түрде қатысуын көздейді: - коррекциялық, - профилактикалық, - дамытушы. Мұнда бала тұлғасының дамуының түрлі жақтары қарастырылады. Әрбір бала дамудың түрлі деңгейінде болуы мүмкін: қалыпты деңгей мұнда бала өзіне сай даму деңгейінде болады, қауіпті деңгей дамуда потенциялды қиыншылықтар туындайды. Дамудың актуалды қиыншылықтары деңгейі – баланың қауыпты дамуындағы айқын әрі обьективті көрінетін кемшіліктер. Мұнда дамудың заңдылықтарындағы түрлі өзгерістер көрініс береді. Баланың интелектуалдық және тұлғалаық дамуында кемшіліктері байқалады. Оны нақты анықтауда алғашқы кезеңде дәл қазіргі уақыт аралығындағы өзгерістерді есепке ала отырып, әрбір коррекциялық дамытушы бағдарламалар келесі үш жүйе сатыларына бағытталуы тиіс.

Коррекциялық - артта қалушылық пен дамудың өзгерістері мен бұзылуын түзету, дамудағы қиыншылықтарды шешу. Профилактикалық - артта қалушылық пен дамудың күрделі қиындықтарын ескеру. Дамытушы – белсендіру, стимул беру, бамуды байыту. Көрсетілген тапсырмалар ғана коррекциялық – дамытушы бағдарламалардың жемістілігі мен мақсатқа қол жеткізуге қамтамасыз етеді.

2. Коррекция мен диагностиканың бірлігі принципі.Бұл принцип практик психологтың негізгі іс-әрекетінің түрі ретінде клиенттің дамуына психологиялық көмек көрсетуді бүтіндей үрдіс деп қарастырады.

3. Коррекцияның каузальді типінің проритеттілігі принципі.Бұл принцип бағытталуына қарай коррекцияның екі типін қарастырады.

1. Симптоматикалық ;

2. Каузальдік (себептік) ;

Симптоматикалық коррекция кездесетін дамудың түрлі қиын жақтарынан симптомдары мен белгілерін қарастырады.

Каузальдік тип артта қалушылық пен кемшіліктердің себебін айқындауға бағыытталған.

4. Коррекциялық іс-әрекеттік принципі.Берілген принціптердің теориялық негізі ретінде А.Н.Монтьев пен Д.Б.Элькониннің баланың психикалық дамуы жөніндегі теориясын қарастыруға болады, яғни іс-әрекеттің бала психикасының дамуындағы рөлі жөнінде.

5. Клиенттің жастық- психологиялық және индивидуалды ерекшеліктерін есепке алу принципі.Мұндай талап клиенттің психикалық және тұлғалаық тұрғыдан қалыпты дамуына қойылады.

6. Кешенді әдістемелердің психологиялық әсері принципі. Бұл әдістемелер принціпі коррекциялық-бамытушы бағдарламаларды құруда кеңінен қолданылады және практикалық психологияның түрлі әдістемелері мен жабдықтарын кеңіне қолдануды талап етеді. Практикада қолданылатын көптеген әдістемелер шет елдік психологияның теориялық негізінде құрастырылған. Яғни бихевиаризм, гуманистік психология, гештальтпсихология және т.б. Әрбір психологиялық әдістеменің өзіндік ерекшеліктері болады, сондықтан клиентке психологиялық көмек көрсетуде бұл әдістемелердің алатын орны ерекше.

7. Белсенді әрі жақын әлеуметтік ортаның коррекциялық бағдарламаларға әсері принципі.Бұл принцип жақын әлеуметтік қарым-қатынас шеңберімен анықталады. Яғни баланың ересектермен қатынас жүйесі, тұлғалық қарым-қатынас ерекшелігі, іс-әрекет формасын баланың әлеуметтік дамуындағы келесі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бала әлеуметтік ортадан тыс адамдармен қарым-қатынас жасамай өмір сүре алмайды, дамымайды. Бала сол әлеуметтік жүйеде бір тұтас бірлікпен дамиды. Коррекциялық бағдарламаларды құруда неғұрлым дамыған психикалық үрдістерге сүйеніп және оларды белсендіруші әдістемелерді қолдану қажет.

8. Психикалық үрдістерді зерттудің түрлі деңгейіне сүйену принципі. интелектуалдық және перцептивті дамудың нәтижелі жасы болып табылады.

9. Бағдарламалық оқыту принципі. Яғни мұнда жүйелі әрә түрлі аперациялардан тұратын бағдарламалардың нәтижелілігі қарастырылады.

10. Күрделену принципі. Әрбір тапсырма белгілі деңгейлерден құрылу тиіс: қарпайымнан күрделіге қарай. Материалдың формальды күрделілігі оның психологиялық күрделілігімен үнемі сәйкесе бермейді. Ең жоғарғы деңгейдегі күрделі әрі нәтижелі коррекция клиентке жағымды, әрі қиыншылықтарды жеңуге деген құштарлығын оятады.

11. Материалдың көлемін, деңгейін және әртүрлілігін есепке алу принципі.Яғни бұл принцип әрбір коррекциялық бағдарламаларда жүзеге асыруда материялдық көлемімен әртүрлілігін бірте-бірте жоғарлатуды қарастырады.

12. Материалдық эмоционалды күрделілігін есепке алу принципі. Әрбір жүргізілетін ойындар жарияланатын материалдар жағымды эмоционалды әсер қалдыруф тиіс. Коррекциялық сабақтар міндетті түрде позитивтік эмоционалдық фонда аяқталу қажет.Коррекциялық жұмыс бағдарламасы психологиялық тұрғыда негізделген болуы керек. Коррекциялық бағдарламалардың түрлері : жалпы, типтік және индивидуалдылық.

Коррекцияның жалпы үлгісі –бұл жүйе тұлғаның жас ерекшелік дамуының біртұтас оптималды талаптарын қарастырады. Ол айналадағы орта, әлем және адамдар жөнінде терең, кең әрі нақты көз-қарасты қалыптастыру үшін ойлаудың үрдісін жақсарту, қабылдау мен бақылай алушылықты жоғарылату үшін дайындалады.

Коррекцияның типтік үлгісі- клиенттің психикалық дамуын, индивидуалдық дамуын, қызығушылығын, үлгерімін, түрлі іс-әрекет деңгейін анықтауды көздейді.

Стандарттық бағдарламада- коррекцияның этаптары, қажетті материалар, қатысушыларға қойылатын талаптар жазылады.

Клиентке бағытталған әсер:

«Психокоррекциялық кешеңді» құрайды: ол бірнеше блоктан тұрады.

1. диагностикалық;

2. бағдарлаушы;

3. корекциялық;

4. коррекциялық әсердің нәтижелілігін бағалау;

Психокоррекциялық бағдарламаларды құруға қойылатын негізгі талаптар:

- Коррекциялық жұмыстың мақсатын нақтылау;

- Коррекциялық жұмыстың мақсатын анықтайтын тапсырмалар шеңберін анықтау;

- Белгілі тактикамен жұмыс жасау;

- Клиентпен жұмысжасаудың түрлерін нақтылап алу;

- Коррекциялық жұмыстың әдістемелері мен жабдықтарын іріктеу;

- Барлық корекциялық бағдарламалрды жүргізуге кететін жалпы уақытты анықтау

- Кездесудің аралықтарын белгілеу;

- Әрбір корекциялық сабақтығын ұзақтығын есептеу;

- Коррекциялық жұмысқа өзге адамдардың, жанұясының, туыстарының араласуын жоспарлау;

- Қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды әзірлеу.

Корекциялық сабақ аптасына 1(сағат) күн 1-1,5 сағаттан кем өткізілмеуі тиіс. Коррекциялық жұмыс аяқталған күннің өзінде қарастырылған мәселе жайлы. 1-2 айдан кейін бақылау жүргізіліп қойылуы тиіс.

Психокоррекция тиімділігін анықтау факторлары.

1. Клиенттің өзінің күткені.

2. Клиенттің өзінің мәселелерден босаудағы мақсаты.

3. Клиент мәселесінің мазмұны.

4. Клиенттің бірлесуге дайындығы.

5. Коррекциялық іс-шараны жүргізу барысындағы психологтың өзінің күткені.

6. Психологтың өзінің жеке бас және кәсіби тәжірибесі.

7. Психокоррекция әдіс-тәсілдерінің спецификалық әсері.

Коррекциялық әсердің нәтижелілігі келесі жағдайларға байланысты:

-коррекциялық әсердің нәтижелілігі әдіс-тәсілдердің нақтылығын қажет етеді,

-бір әдіс-тәсілдің өзі маманның кәсібилілігіне байланысты әртүрлі нәтиже беруі мүмкін;

-жұмыстың бағасын тәуелсіз эксперттер бағалауы тиіс;

-психологтың тәжірибесін де есепке алу керек;

-психокоррекциялық әсердің нәтижесін басқа да нәтижелермен салыстыру қажет;

-коррекциялық бағдарламада топтық формада психологтың тәжірибесін ескеру қажет

Кездесу топтарындағы жаттығу техникасы.

Негізі техника қатынас орнату, сенімді қарым-қатнас орнату, конфликттермен танысу, тай – таласты сараптау, қолдау көрсету.

1. қарым-қатнас орнату немесе танысу:бірінш топтық процесте сенімді адам аралық қатнас орнатуға негізделген бірінші сабақта топ мүшелері контактіні жеңілдету негізінде лақап есемдер мен танысады. Танысу өте кіші топта немесе жұптер арасында жұзеге асады. Физикалық кантакт кеңейеді: жұптар бір-бірінің қолдарын, бет-пішінін зерттейді.

2. сенімді қарым-қатнас орнату.Топта бірінші сабақта кантактіге түсе алмайтындықтан жалғыздықты сезінетін бірнеше адамдар бар. Таныспай жатып өз сезімдерін біреуге сеніп айту әр кімге жеңіл түспейді. өзінің жалғыздығымен басқаларға сенбеушілікті жоюдың көптеген түрлері бар.

3. топқа ен (прорвись). Топтағы ойынға қатысушылар бір-бірінің қолдарын ұстап шеңбер құрады. Ал өзін жалғыз сезінген шетте қалған адам психологтың тапсыруы бойынша осы шеңберді бұзып, ішке кіруі керек. ойыншылар сыртта қалған адамды кіргізбеуге тырысып бағады, ақыр соңында өздеріне қабылдайды. Ішке кірген ойыншы жалғыздықты жеңуі үшін белгілі күш жұмсау керектігін түсінуі керек.

4. сенімді құлау немесе сақтану. Қатысушылар жұптарға бөлінеді. Жұптардың біреуі көзін жұмған күйінде шалқасынан құлайды. Ал келесі біреуі оны ұстап қалатынына сенімді. Екінші адам құлатып алмауы керек.

5. конфликтіні қарастыру. Конфликтіні тудыратын топтағы жарыс, бәсекелесу және лидерлік үшін күрес. Көп жағдайларда конфликтер вербалды түрде қарастырылады.

Психолог тай-таласқа түскен топ мүшелерін бірін-бірітындауға шақырады, ашық және тікелей өз ойларын айтуға тек өз сезімі емес, қарсылас сезіміне мойын сұнуға шақырады.

Тәуелділікпен жұмыс барысындағы арт-терапияның мүмкіндіктері.

Тәуелділікпен жұмыс барысындағы арт-терапияның мүмкіндіктері арт-терапияның әдістері мен ерекшеліктерін анықтау барысында көрінеді. Көптеген белгілі анықтамаларға қарасақ тәуелділікке мынандай анықтама беріледі: тәуелділік кез-келген тұрақтылық, хроникалық және интенсивті нақты ұстанымды қолдану, ол жеке тұлғаның өзінің эмоционалды қалпын бақылауда қолданыс табады.

Тәуелділікке алкогольге және наркотикке тәуелділіктен басқа да темекіге, дәрілік препараттарға тәуелділікті, булемия, анорекцияны жатқызамыз. Соңғы кезде бұл қатарға компьютерлік ойындарды және азартты ойындарды да жатқызуға болады. Сонымен қатар: жұмысқа берілушілік, теледидарға берілу, тәуекелділікке берілгіштік, ақша жұмсағылыштықты да айтуға болады. Дипрессия, сундицитті тәртіп, өзін төмен бағалау, отбасылық және т.б. проблемалардың барлығы да тәуелді тәртіп, немесе оның себебіне байланысты психологтың көмегіне жүгіндіреді:

Тәуелділікке қатысты жалпы белгілер:

- тәуелділікке берілу - өмірдің басқа қырларынан ләззат ала алмау;

- еркіндігінен айырылу тоқтау мен жалғастырудың арасындағы келіспеушілік;

- өзін-өзі бақылай алмау - өзінің тәуелділігін тоқтата алмау;

- өзінің физикалық және психикалық денсаулығына зардап келетінін біле отырып тәуекелге бел буу;

- өтірік пен өзін-өзі алдау - өзін-өзі алдай отырып, бар проблеманы жоққа шығару, өз басынан жауапкершілікті алу;

- абстинентті синдром – препарат дозасын азайту кезіндегі психологиялық және физиологиялық реакциялар;

- тореланттылық – қажетті эффект алу үшін белгілі заттар қолдану арқылы жасалатын жағдайлар;

- интенсивті түрде көңіл күйдің түсуі – эйфориядан ұялуға, кінәдан дипрессияға,

- тәуелділікке байланысты ішкі жандүниелік және тұлғааралық келіспеушіліктердің прогрессивті саны.

Клиенттермен нәтижелі жұмыс жасау үшін жоғарыда көрсетілген белгілерден басқа мынадай ерекшеліктерге де көңіл бөлу керек. Психологиялық қорғаныс механизмдері: жұмыстың кез-келген этабында мынадай қиындықтар кезедеседі: қарсы тұру, рационализация мен проекция. Осы үш басты мәселе иррационалды ойлауға тәуелділерді терапияның әр этабында қаралуы тиіс. Манипуляцияға берілген – дер – қорғаныс маневрі, ол тәуелдіге өз проблемасынан бас алауға көмектеседі. Мұнадай психологтарды типті өз жақындарын алдап алады. Өзін -өзі алдау. Бұл тәуелділіктің ең басты және жеңу қиынға түсетін мінездеме. өтірік пен өзін-өзі алдау тәуелділермен жұмыс кезіндегі қиындық туғызатын бірден бір мәселе. Когнитивті психологияда психологиялық қиналыс тудыратын уайымның психологиялық қорғанысы. Американды психолог А.Тверскийдің айтуынша тәуелділердің сыртқы келбетіне сене беруге болмайды, ол қатеселуге апаруы мүмкін. Тәуелдінің интелектісі қаншалықты жоғары болса, соншалықты ол өзінің іс-қимылын ақтап бере алады.


Наши рекомендации