Және өткізу әдістемелері.

Дәріс № 14. Объектілерде оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру

және өткізу әдістемелері.

Жоспар:

1. Командылық – штабтың жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері.

2. Нысандардағы нақтылы жұмыстар.

Азаматтық қорғаныс негізі.Сабағын отудін орны ерекше.

Негізгі мақсат: оқушыларды АК саласында аткарылатын жұмыстар мен әдіс-тәсілдермен таныстырып, сонымен бірге төтенше жағдайларда қорғаныс ғимараттарына жасырынуға үйретіп және дағдыландырып, практика жүзінде іске асыруға үйрету. Оқушылардың оқу барысында өздеріне сенімін арттырып, бейбіт және соғыс кезіндегі төтенше жағдайларда іскерлікпен іс-әрекет етуге, аса жауаптылықпен қорғаныс шараларын атқаруға дағдыландыру.

Көп жылдық педагогикалық тәжрибе көрсеткендей, орта мектеп оқушыларын тиімдіде, сапалы оқытуда сабақ өту тәсілдерінің дұрыс тандалынып алынуының маңызы зор.

Сабақты өту түрлері- оқу процесін ұйымдастыруға жатады, бұл оқыту саласында белгіл структурада оқушыларды оқытып үйрету. Оқыту түріне оқушылардың саны, категориясы, оқу орны, сабақ оқу уақыты, оқу мерзімнің ұзақтылығы, оқушылармен оқытушының арасындағы қарым-катынастың спецификалық қызыметі, материалды-техникалық жабдықталуы жатады. Бір ғана сабақ түрін өткізуге әртүрлі оқыту тәсілдерін қолдануға болады, орта мектептерде АҚ пәнін өткенде, кейіннен тараған оқыту түріне теориялық сабақ (ауызша түсіндіру, не әнгімелесу, түсіндіру) және практикалық сабақ (арнайы оқу бөлмелері, оқыту қалашықтары) өту жатады. Кеңінен тараған оқыту түріне, сабақтан тыс өткізілетін викториналар, олимпиадалық жарыстар және АҚ күндеріне арналған сабақтар жатады.

Теориялық сабақтарда негізіен оқыту процесінде өтетін тақырыптардың шамалы ғана бөлігін қамтиды, буған АҚ штабы жанында ұйымдастырылатын жұмыстар реті, рөль бейбіт және соғыс жағдайындағы ТЖ халықты қорғау шараларын оқытып, түсіндіру кіреді. Сабақты бұл негізінен оқыту бөлмелерінде әр тақырыптағы кино, диафильмдерді және көрнекілік құжаттарды көрсетумен шектеледі. Оқыту сынаптарында өткізілетін сабақтардан басқа экскурсия жасау және соғыс ардагерлерімен кездесу жатады.

Практикалық сабақтарда оқушылардың білімін ұштап тереңдетіп, бейбіт немесе соғыс жағдайындағы дабылдар кезінде қорғаныс әрекетіне дағдыландыру, сондай-ак жекелей қорғаныс заттарын пайдалануды, санитарлық тазарту жұмыстарын жасау, киім-кешектерді және техниканы тазарту, дезактивация газсыздандыру т.б жұмыстарды үйрету. Бұл жұмыстар үйреншікті түрде жасалу үшін арнайы жаттығулар жасалуы керек.

Оқыту тәсілдері оның көмегімен терен теориялық білім беріліп, іс жүзінде әдістеме тәсілдерге дағдаландарап, мектеп оқушыларында жоғарғы материалды психологиялық төзімділіктің калыптасуына себеп болады.

Оқыту тәсілі мұғалімнің оқушылармен тікелей араласуы болып табылады. Сабақтын мақсатына және сабақ түріне байланысты оқыту тәсілі таңдалынып алынады. Егер, теориялық сабақта оқытушының басты мақсаты оқушыларға жаңа тақырып түсіндіру не өткен сабақты терең үғындыру керек болған жағдайда, ауызша түсіндіру, әңгімелесу, көрнекілік кұжаттарын көрсетудің ал егер сабақта әдіс-әрекеттерді қалыптастыру керек болған жағдайда, әртүрлі жаттығуларды бірнеше рет қайталатып көрсету, түсіндірілген сабақ есте қалу үшін оқушыларды қажет құрал-жабдықтармен т.б. сабақ барысында керекті материалдармен қамтамассыз ету, сабақ мазмұнын ауызша айтудың оқыту барысында орыны ерекше. Бейбіт немесе соғыс жағдайындағы болатын ТЖ кезінде көніл-күйдің тұрақтылығын қалыптастырады. Ауызша айту кезінде, оқулықтарға әлі еңбеген күнделікті басылымда шығатын жаңа деректерді айтуға болады. Ауызша айту өте қызықты тартымды болып бастауыш сыныптарда 10-15 минут, ал жоғарғы сыныптарда 45-минуттен артық болмауы керек. Сонымен бірге ауызша айту кезінде көрнекілік материалдар кенінең колданылуы керек. Мысалы: жекелей қорғаныс заттары тақырыбын өткенде міндетті түрде, жекелей қорғаныс заттары оқушыларға көрсетілуі тиіс. Оқушылардың сабақка ынталылығын арттыру үшін тақтаға әр түрлі түсті борлармен схема, суреттер салынылуы тиіс. Ауызша түсіндіру кезінде салыстырудыңда маңызы зор. Мысалы: Арменияда болған YIII – X балл жер сілкінісімен, онда болған ғимараттар бұзылуын, ядролық жарылыстар кезіндегі зақымдармен салыстыру. Сабақты әнгіме түрінде өткізудің оқыту процесінде алатын орны ерекше, бұл диалог сұрақ-жауап түрінде өтеді. Оқушыларды жаңа ой-пікірлер калыптасады. Әңгімелесу кезінде өткен материалдардың каңшалықты түсінгендігі тексеріледі. Әңгімелесу әверестикалық түрде өтіп, мұғалім оқушыларға сұрактар кою нәтижесінде олардың өздігінен ізденуіне және өткен сабақтарды талдауға ат салыса қатысуына жағдай жасайды.

Жаттығу тәсілі дегеніміз оқушылардың өздігінен қиындатылған әдіс-тәсілдері бірнеше рет қайталауы арқылы қалыптастырады. Жоғарыда айтылғандай орта мектептердегі оқып үйрету тәсілдері іс жүзінде оқушыларды тәрбиелеуге алған білімдерімен тәжрибелерін қауіпті жағдайларда қолдануға үйретеді. Тіршілік қауіпсіздігі сабағын дайындау тәсіліне: Мұғалімнің сабаққа алдын ала дайындалуына, өтетін тақырыпты талдауы, керекті әдебиетті таңдап алуы мен оқып танысуы сабақтың мақсатын анықтауы, жоспар жасау, оны бекітуі, практикалық әдіс тәсілдерді қайталау, оқыту орнын дұрыс таңдап алу. Жасалатын жаттығулардың дұрыс жасалу әдістерін қарастыру жатады.

Тіршілік әрекеті негізінің қауіпсіздігі сабағын жүргізгенде оқытушы оқу жоспарымен танысып оны меңгеріп, тақырып түсіндіргенде оның өткен тақырыппен қаншалықты байланысты екенін және оқушыларға қаншалықты таныс екенін анықтауы керек.

Сабаққа қажетті әдебиеттерді дайындағанда методикалық нұскаулармен мерзімдік басылымдағы материалдарды кеңінен қолданудың мәні зор себебі жаңа деректер оқушылардың білімін арттырады. Бір сабақта 2-3 сұрақты талдау жоспарланады. Оқу сағаттарын бөлу, тақырыптың маңыздылығына және жалпы бөлінген уақытқа байланысты болады. Практикалық сабақтарда, оқытушы алдын-ала жаттығуларды өзі қайталап жасуы керек. Қажет болған жағдайда сабақ барысында өзіне көмектесу үшін, бірнеше оқушыны таңдап алып оларға жаттығу жұмыстарды алдын алу керек. Сабақ алдында өтетін тақырып жақсы түсіну үшін, оқытушы әр-түрлі сабаққа қатысты аспаптарды, қорғаныс заттарын және оқыту фильмдерін, диафильмдерді, қөрнекі материалдар плакаттарды дайындауы керек. Жоғарыда айтылғандай сабақ өту орның дұрыс тандап алудын маңызы зор оқытушы сабаққа дайындалғанда міндетті түрде жоспар-конспектісін дайындауы керек.

Жоспар конспектісі жұмыс құжаты және онымен оқытушы сабақ өткізеді. Тақырыпты толық түсіндіруге, өткен тақырыпты қайталауға, сабақ уақытын дұрыс пайдалануға, техникалық және көрнекілік оқыту құралдарын пайдалануда қателеспеуге, практикалық сабақтарда жаттығу жұмыстарын дұрыс жасауға белгіленген қалыптан шыкпауға қажет. Бұл қысқа, әрі мазмұны және көрнекті болуы керек.

Жоспар конспектісінің бірінші бөлігінде практикалық немесе жаттығу сабағының ретті, сабақтың мақсаты, сабақты өткізу тәсілі және өту орны. Сабақта талданатын сұрақтар, оларға бөлінетін уақыт, сабақтың тақырыбының материалдық қамтамассыз етілуі, дайындалуға ұсынылған әдебиет.

Қысқаша сабақта қаралатын сұрақтар оларды түсіндіру тәсілі, қорытынды талдау және тақырыпқа байланысты схема, суреттер немесе сабақ барысында оқушылараға түсіндіру үшін тактаға жазып, сызу сондай-ак техниканың көмегімен диафильмдер көрсету. Оқушылардың қаншалықты өткен тақырыпты түсінгендігін, көрсетілген жаттығуларды қаншалықты үғынғандығы және үйге тапсырма беріледі.

Сабақ өткізуде оқытушының шеберлігін арттыру үшін, міндетті түрде басқа пән мұғалімдерінің «алғашқы әскери дайындык » т.б сабағына катысу қажет. Сонымен бірге ТӘК пәнінің оқытушысына ауыл шаруашылық объектілеріне және АҚ орындарынын жұмыстарымен танысу, көпшілік көрғаныс . «Жер асты баспаналарында » болудын мәні зор.

ТӘК САБАҒЫНДА ЖАТТЫҒУЛАР ЖАСАУ ТӘСІЛДЕРІ

АҚ сабағы жалпы қабылданған структурада өтеді. Әдетте 3 бөлктен түрады: Кіріспе, негізгі және қортынды бөлік, бірак үшеуі тығыз байланыста болады.

Кіріспе бөлігінде оқытушы оқушылардың сабақка катысуын, өтетін тақырыпты қаншалыкты ұғынған және сабақка ынтыландыру мен кейінділігін арттыруын ойластыруы керек. Сондай-ак кіріспе бөлімінде сабақтың мақсаты, талданатын сұрактар айтылады.

Сабақтын негізгі бөлігінде оқытушы оқу материалын ауызша түсіндіріп әр түрлі оқу құралдары көрсетіледі. Сабақ барысында әр түрлі оқу-тәсілдері қолдаланып, оқушылардың сабақты ынта койып тындауын, пікір таластыруына көніл кою қажет. Сабақ кезінде оқушылар сұрақтар кою қажет, бұдан түсіндірілген тақырыптың қаншалыкты ұгынғандылығы тексеріледі.

Оқушылардың сұрақтар коюын алға қою дұрыс, себебі олардың сабақка қызығуы, ынтасы артып, өткен сабақтарды жақсы түсінеді.

Кортынды бөлікте сабақтың кемшіліктермен жетістіктері оқушылардың сабақка қатысу дәрежесі, койылған сұрақтарға жауап беріліп, ұйде орындауға тапсырмалар беріледі.

Оқушыларды ТӘК оқытумен тәрбиелеуде орта мектеп тек өздерінің мектебіндегі ғана құрал жабдық, оқу орындарын пайдаланып қана қоймай бай халық шаруашылығы қорғаныс объектілеріндегі, мектепке бекітілген. ТЖ штабы жанындағы объектілерде практикалық сабақ өткізу, оқушылардың өз білімдеріне сенімін арттырып, моральды-психологиялық дайындауда пайдаланылады. Сондықтан, жоғарғы сынып оқушыларымен қорғаныс жаттығуларын шын мәніндегі объектілерде өткізудің мағнасы зор.

АК қорғаныс ғимараттары.

Оқу мақсаты: 1. Көпшілік қорғаныс гимараттарының, радиациядан қорғану орындарының және жұпыны баспаналардың сипаттамасымен жабдықталуын сонымен бірге оларда жүріп тұру және қорғаныс тәртібін оқып үйрету.

Уақыт: -135 мин. (3 сабақ 45 минуттан)

Тәсіл: - практикалық сабақ

Орыны:- жер асты баспанасы (радиациядан қорғану орны)

Оқу методикалық нускаулар

Бірінші екі сабақ қорғаныс ғимараттарында өткізіледі. Оқушыларға қорғаныс ғимаратының барлық орындарымен ішкі жабдықтары, қосалқы шығу есігі, адамдар орналасатын бөліктері қөрсетіледі. Сонымен бірге қорғаныс ғимаратының беріктігіне және паналаған адамдардың қаншылықты уақыт жан сактай алатынына көңіл бөлінеді. Оқу сапасын арттыру үшін сыныпты екі топқа бөлуге болады, бір бөлікті алдын-ала дайындалған оқытушынын көмекшісі баскарады. Ауыл мектептерінде практикалық сабақ жертөлелерде өткізіледіде, жер асты баспаналары плакаттардан және кино, диафильмдерден көрсетіледі. Сабақтың соңы қорғаныс ғимараттарына жасырынумен аяқталады. Ол үшін оқушылар жасыру орнынан 30 м сапка түрғызылады, мұғалім дауыстап. «Барлығыныз тыңдаңыздар» деп белгі береді, сол уақытта оқушылар тез арада жасырынулары керек. Ғимарат ішінде мұғалім оқушыларға төтенше жағдайларда не істеу керек екенін түсіндіреді, мысалы: шартты түрде негізгі есіктер сырттан бекітіліп калды, ашуға мүмкіндік жок, сондықтан «қосалқы есіктен» шығу керек, одан кейін оқушылар қосалқы есіктен біртіндеп шығады. Бұл жаттығулардың қортындысын мұғалім жазып алып, келесі сабақ барысында талдауда қолданады.

Үшінші сабақта жұпыны қорғану орны немесе ашық, жабық, жыраларда қорғану оқытылады. Оқушыларға бұл қорғаныс орнынын салыну схемасы, плакаттағы сүреттер қөрсетіледі, іс жүзінде шұңқұрлардың бетін жабуға ғана жасалады. Бұл үшін екі оқушы бұйрық бойынша қада қағып, шұнқыр бетін жабатын материалды тартадыда олардын жанын күрекпен жыралайды. Сабақ барысында көп қабатты ғимараттың астыңғы қабатын қорғаныс орнына бейімдеу жұмыстарын жасауға болады.

Бейбіт және соғыс уақытында болып қалатын төтенше жағдайлардың нәтижесінде пайда болатын жаппай зақымдану ошақтарында жүргізілетін Қж/е АШҚҚ азаматтық қорғаныстың (АҚ) негізгі мақсаттарының біреуі болып табылады.

Жаппай зақымдану ошақтарында жүргізілетін Қж/е АШҚҚ мақсатына адамдарды құтқару және зақымға ұшырағандарға дәргерлік көмек көрсету, аварияларды жайылдырмау және құтқару жұмыстарына кедергі жасайтын бүлінген құрамдарды жою, халық шаруашылығы объектілеріндегі қалпына келтіру жұмыстарын кейін жүргізу үшін жағдайлар жасау жатады.

Құтқару және авариялық шұғыл қалпына келтір жұмыстары-зақымданған ошақтарда, табиғи апатқа (жер сілкінуге, су толқынына, орман өртіне, өндірістік аварияға) ұшыраған аудандарда жүргізіледі.

Қ және АШҚҚ жүргізу үшін азаматтық қорғаныстың республикалық, облыстық және қалалық, аудандық басытықтары қажетті күш-құралдар тобын құрайды. Олардың құрамына объектілердің және дайындығы жоғары территориялық жасақтары кіреді. Қажетті жағдайда АҚ күш-құралдар тобына селолық аудандар мен жақын жердегі зақымға ұшырамаған қалалардың жасақтары да енгізіледі.

Қж/е АШҚҚ: құтқару жұмыстары, авариялық шұғыл қалпына келтіретін жұмыстар болып екіге бөлінеді.

Құтқару жұмыстарының аукымына:

- зақымданған ошаққа барлау жүргізіп істелетін жұмыстардың көлемін белгілеп, басылып қалған паналау ғимараттары мен қираған үйлерге кіру үшін үйінділер ортасынан өткел жол салуға лайықты участкелерді табу;

- құтқару жұмыстары жүргізілетін объектілердегі өртті сөндіріп, оның әрі өршуіне жол бермеу;

- үйінділердің ортасынан колонналық жолдар мен өткелдер жасау, паналау ғимараттарында, жасырыну орындарында және жанып жатқан жартылай қираған үйлерде қалған адамдарды жедел құтқару халықты радиоактивтік, химиялық зақым және су басып қалу қауіпі бар аудандардан шығару;

- адамдарды санитарлық тазартудан өткізіп, олардың киімдерін және ғимараттарды, транспорт құралдарын, арнайы техниканы зақымнан тазарту;

- малдарға санитарлық мал дәрігерлік тазарту жасап, радиоактивтік, химиялық зақым қауіпі бар аудандардан шығару;

- жарақаттанған адамдарға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіп, оларды емдеу мекемелеріне жөнелту жұмыстары кіреді.

Жарылыс беру қауыпы туатын жағдайда, өрт сөндіру жасақтары қауыпсыз жерлерге шегініп, апат қауыпы жойылсымен қайта жұмысқа кіріседі. Егер апат ошағынан адамдарды құтқару және өрт көздерін сөндіруге, адам және техника күші жеткіліксіз болған жағдайда, бірінші кезекте құтқару жұмыстары жүргізіледі.

Өндіріс орындары апаттарында құтқару және шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын сол нысанның арнайы штабта құрған құтқарушы жасақтары атқарады, Азаматтық қорғаныстың нысандық және аймақтық жасақтары мен қатар, Азаматттық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың жасақтары жүргізеді. Газ өндіру, өңдеу жұмыстары мен тығыз байланысты нысандарда, апат салдарын жою, құтқару көшіру және шұғыл қалпына келтіру жұмыстарымен, улану, жаралану кезінде дәргерлік көмек көрсетуді сол нысандардың арнайы жасақтары жүргізеді. Азаматтық қорғаныс жасақтары газөндіру өндірісіндегі өрт апаттарында, сол нысандардың жасақтарымен бірлесіп жұмыс атқарады.

Құтқару және шұғыл авариялық қалыпына келтіру жұмыстарын нысандарда жүргіз барысында, бірінші кезекте барлау жұмыстары жүргізіледі.

Барлау жұмыстарының міндеттері:

- зақымдану ошағында қирау-бүліну және авариялық қалпына келтіру жұмыстарының ауқымын анықтау;

- зақымданған нысандарға технологиялық жабдықтар барлығы және құрылыс материалдары ерекшелігін анықтау;

Барлау жұмыстары барысында, істен шыққан ғимарат конструкциялары анықталып және қандай техника қолдану мүмкіндіктері белгіленеді .

Барлау нәтижесі бойынша , Азаматтық қорғаныс штабы басшылары апат ошағында атқарылатын жұмыс көлемін және өткізілу түрін, орындау уақытын және түрін, жұмысқа қатынысатын күш құрамын, сондай-ақ ғимараттардың салыну ерекшелігін анықтайды. Апат ошағында құтқару және шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде, әрбір жауапты жұмыс бағытына арнайы басқарушылар тағайындалады. Құтқару және шұғыл авариялық қалпына келтіру жұмыстарын тыңғылықты және уақытылы орндалуы үшін, тамақтану және тынығу сияқты жағдайлар жасалады.

Жер сілкінісі кезінде құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу. Жер сілікінісі зардаптарын жоюда бірінші кезекте мынандай жұмыстар жүргізіледі:

- Зақымданушыларды кірпіш сынықтары және т.б. үйінділер астынан шығару;

- Азаматтық қорғаныс жасақшылары жұмыстарына кедергі жасамау үшін, апат ошағына өтер жолды тазалап зақымданушыларды көшіруге жағдай жасау;

- Адам өміріне қауып төндіретін өрт ошақтарын сөндіру, коммунальды-электр жүйесіндегі, газ құбыры және тазалықтораптары мен су құбырларындағы апаттарды жөндеу жұмыстары;

- Құлайындеп тұрған ғимарат қабырғаларын бір жола құлату немесе бекітіп нығайту;

- Құтқару және шұғыл-авариялық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге бөгет болатын себеп салдарды жою;

- Зақымданушылармен жарақаттанушыларды, белгілі жерге жинақтап және дәргерлік көмек көрсетуде ұйымдастыру;

- Жер сілкінісі ошағында қалған адамдарды ас суы және азық-түлік қорымен қамтассыз ету

Арнайы мамандардың қатысуы және әртүрлі техниканы жұмылдырады қажет ететін жұмыстарды, инженерлік және арнайы жасақтар атқарады. Атқарылатын жұмыстар кезегін және өткізілу мерзімін Азаматтық қорғаныс штабының бастығы белгілейді. Апат ошағындағы нақтылы жағдайға байланысты, атқарылатын жұмыстар кезегі анықталады. Ол үшін жер сілікінісі ошағына барлау жұмыстары жүргізіліп, бүлініп-қирату мөлшері және адамдардың өмірін сақтау шаралары анықталады. Барлау тобы апат ошағында жаяу немесе арнайы көліктермен жұмыс жасайды.

Барлау міндеттеріне:

- қирап –бұлінген нысандарға жету жолдарының ең қысқасын және қауіпсізін анықтау;

- ғимараттардың, коммунальды-энергетикалық шаруашылық бүлініп істен шығу дәрежесін анықтау;

- ошақты және жалпы өрт ошақтарын, жарылыс беру қауіпі бар нысандарды белгілеу;

- үйінділер, көп қабатты пәтерлердің астында қалған адамдарды тауып және қандай жағдайда екенін анықтау;

- су құбырлары орналасқан жерлерді тауып, оларды ас суына, өрт сөндіруге және т.б. шаруашылыққа қолдану мүмкіндігін анықтау;

- құтқару және шұғыл-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қаншалықты техника қолдану мүмкіндігін анықтау.

Өндіріс орындарында жарылыс беретін және химиялық улы заттар болса, қаншалықты қосымша –қауп төндіру мүмкіндігі анықталады. Барлау мәліметтері белгілен уақытқа сәйкес, Азаматтық қорғаныс штабы бастығына баяндалады. Ғимарат сынықтары мен конструкциялары астында қалып қойған адамдарды құтқару бірінші кезекте жүргізіледі. Құтқару жұмысы өте ұқыптылықпен жүргізілуі қажет, себебі құтқарушылардың өздерінің зақымдануы әбден мүмкін. Бұл жұмыстардың барлығы белгілі тәртіппен, ұйымдасқан түрде жүргізіледі.

Коммуниальды – энергетикалық жүйелердегі аварияларды қалпына келтіру жұмыстары.

Бұл шарушылық салысындаға апаттың салдарын жоюды, арнайы дайындықтан өткен және толық құрал-жабдықтармен қамтассыз етілген топтар жүргізеді. Басқаша қосымша жұмыстарды атқару үшін Азаматтық қорғаныстың басқа жасақтары қатыстырылады. Электр жұйесіндегі апаттар, міндетті түрде тоқ көзі сөндірілгеннен кейін ғана жүргізіледі. Апат зардаптарын жою жұмыстарын жүргізу үшін, зақымдантаған электр жүйесінен жіберілетін жарық аса сақтып пен іске қосылады.

Су құбырлары жүйелеріндегі апат зардаптарын жоюда, қадағалау құдықтарының бүтіндігі, қаншалықты зақымданғаны және зақымданған ғимараттарға су толу деңгейі анықталады. Су беру қажетілігі бірінші кезекте тұрған жағдайда, уақытша қалпына келтірілген су құбырлары іске қосылады. Газ құбырындағы апат салдарын жою, сактық пен жүргізіліп, бірнші кезекте құбыр бойынша газ келуін тоқтату қажет. Негізгі жұмыстарға газ құбырындағы жоғарғы қысымды төмендетіп содан кейін толық бір жола тоқтатылады. Апаттан кейін өндіріс орындары және пәтер жайлардың, қайтадан қамтассыз етілу авариялық толық жөнделіп және тексерістен өткеннен кейін ғана жүргізіледі. Өрт және жарылыс қауыпынан сақтандыру үшін, газ жүйесіндегі, газ тасмалдау құбырларындағы жөндеу жұмыстарының барлығы жауапты қызметкерлердің қадағалауымен жүргізіледі.

Жер сілкінісі кезінде су құбыры, тазалық тораптары және электр, газ жүйелері апаттары белгіленген жоспар бойынша қысқа мезгілде атқарылып, құтқару және т.б. шұғыл атқарылатын жұмыстарға бөгет болмауы тиіс.

Содан кейін тіршілікке маңызды су коймалары мен құдықтар, тазалық тораптары мен газ жүйелерін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Жер сілкінісі кезінде көп қабатты ғимараттар қабырғасы және т.б. конструкциялары беріктігін жойып, құлау кауыпын тудырады, мұндай жағдайларда барлық сақтық шаралары жүргізіліп, адамдар қаупсіздігі қамтассыз етілуі қажет, жарақаттанғандар мен зақымданушыларға алғашқы дәргерлік көмек көрсету үшін, қирамаған тасмалдау жүргізуге ыңғайлы ғимарат таңдалынып алынып және қажет болған жағдайда су, газ құбыры және тазалық тораптары қысқа мезгілде жөнделіп, пайдалануға беріледі.

Зақымдану дәрежесі жоғары болып ғимараттар мен пәтер-жайларға зақымданушаларды жинап, алғашқы дәргерлік көмек көрсету мүмкін болмаған жағдайларда, арнайы шатырлар тігіліп және баспаналар жасалады.

Апат аймағанда қалған халықты және құтқару жұмыстарын жүргізуші жасақтарды, ас суымен қамтассыз ету үшін бірінші артезиан сулары, бүлінбеген құдықтар және су қоры жиналған қосымша сумен қамтассыз ету жүйелері пайдаланылады.

Күшті әсер ететін улы заттар пайдаланылатын нысандардағы улану ошағы салдарын жою, сол апат болған нысанның Азаматтық қорғаныс штабы бастығының басқаруымен жүргізіледі. Егер улану ошағы, улы заттардың төгілуімен байланысты болса, нысанның газ қауіпын алдын – алу жасақтары атқарады.

Газ қауіпінен құтқару жасағаның міндеті:

Құтқару жұмыстарын жүргізу, қауіпты аймақтардан адамдарды көшіру;

Зардап шегушілерге алғашқы дәргерлік көмек көрсету;

Күшті әсер ететін улы заттар зақымдану ошақтарында радиация және химиялық улануларға қарсы жасақтар жұмыс атқарады;

Бұл жасақ топтары газ қаупін алдын – алу жасақтары мен бірлесе отырып жұмыс жасайды. Залалдану ошағында құтқару және авариялық шұғыл қалыпына келтіру жұмыстарын қысқа мезгілде бітіру үшін АҚ-тың басқа күштері жұмылдырылады. Мұндай күштерге медициналық, өрт сөндіру және қоғамдық тәртіпті қадағалау жасақтар жатады. Залалдану ошағы хабары тіркелсімен, апат ошағына барлау жұмыстары жасалады. Барлаушылар белгіленген жол бойынша жүріп, арнайы аспаптар арқылы ауа, топырақ және қоршаған орта заттарының қаншалықты ластанғанын анықтайды. Зақымдану аймағын толығымен зеріттеп, залалдану шекарасын, құрлыс ғимараттарының және өндіріс орнының қаншалықты қирағаны, сондай-ақ улану ошағына оңай жету жолдарын анықтайды. Барлау тобы уланған ауа бұлтының қандай бағытта жылжуы және т.б. басқада қажетті мәліметтерді штабқа баяндайды. Барлау мәліметтері бойынша апат ошағында атқарылатын жұмыстар кезігімен тәртібі анықталады:

- санитарлық топ саны, апат ошағынан адамдарды іздеу аударын анықтау, зардап шегушілерді улану ошағынан алып шығып және көліктерге отырғызу орнын белгілеу, көшіру жұмыстарын жүргізу жолдары мен емдеу мекемелері адрестерін белгілеу;

- залалсыздандыру топтары жүргізетін жұмыс көлемі белгіленіп , дегазация жасалатын аудандар мен нысандар анықталады;

- аварияны қалпына келтіру жұмысын жүргізетін техникалық топ, коммундальды – энергетикалық жүйелердегі улы заттарды залалсыздандырады;

- өрт сөндіру жасақтары нысандардағы өрт ошақтарын шоғырландырып және сөндіру жұмыстарын жүргізіп, дегезация жұмыстарын атқаратын топтармен бірлесіп жұмыс жүргізеді.

КӘУЗ- сақталатын коммуникацияларда апат салдарын жою барысында, улы заттардың сыртқа лақтырылмау мүмкіндіктері қарастырылып, алдын - алу жұмыстарын жүргізеді. Апат ошағынан зақымданушылар мен қатар бұқара халықта көшіріледі. Көшіру кезінде жел бағыты еске алынып, қажет болған жағдайларда жекелей қорғаныс заттары пайдаланып және улану аймағынан шықсымен дегзация мен жартылай санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіледі.

Зақымдану ошақтарында құтқару және басқада шұғыл атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыру.

Бұл жұмыстар бейбіт өмірде алдын – ала жоспарланып белгіленіп, тек төтенше жағдайлар кезінде нақтылы апат ерекшелігіне байласты іс әрекет жасалады. Зақымдану ошағында апат салдарын анықтау, бағалау, жергілікті жер ерекшілігіне және техникалы жабдықтық мүмкіндігіне сондай-ақ қолданылғын қарудың қирату күшіне байланысты, басты мақсат амдар өмірін сақтап, халық шаруашылық нысандарын қирап-бүлінуден қорғау. Бұл мақсаттардың ойдағыдай орындалуы мынандай факторларға байланасты:

- физико-географиялық, табиғи-матреологиялық, экзогенді уланулар және зақымдану аймағанда санитарлы-эпидемиологиялық талаптардың жоғарғы деңгейде болуы;

- адам және техника күшінің жеткілікті болуы;

- елді мекендермен қалалардың салыну ерекшелігі;

- көпшілік қорғаныс ғимараттары және жекелей қорғаныс заттарының жеткілікті болуы;

- азаматтық қорғаныс күштерінің материалды техникалық жабдықталуы және апат ошағында шұғыл жұмыстарды атқару мүмкіндігі;

- зақымдану аймағында қосмша қауіп төндіретін ірі химиялық және т.б. қауіпты өндіріс орындарының болуы;

Бұларға қоса адамдар арасында болуы мүмкін шығын саны, құрлыстармен ғимараттардың қаншалықты құлап қиратылуы, коммуникальды-энергетикалық және байланыс жүйелерінің істен шығу мөлшері анықталады. Азаматтық қорғаныс штабы мүмкін болатын зақымданулар мен қатар, құтқару және авариялық шұғыл қалпына келтіру жұмыстарының аудан және облыс көлемінде жүргізу барысында қаншалықты күш қажет ететін анықтайды.

Зақымдану ошағында жүргізілетін құтқару және шұғыл авариялық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде мынандай маңызды шараларды еске алады;

- апат ошағындағы жағдайды бағалау;

- Қ және АШҚКЖ шешім қабылдау;

- Қ және АШҚКЖ жүргізуді жоспарлау;

- Қ және АШҚКЖ жүргізу барысында Азаматтық қорғаныс күштерінің бірлесіп әрекет жасауына басшылық ету;

Қабылданған шешімге байланысты Азаматтық қорғаныс штабы, алдын - ала атқарылатын жұмыстар ауқымын анықтап, Қ және ШАҚК жұмыстарын жүргізетін жасақтарды құрал – жабдықтармен қамтамассыз етіп алдарына міндеттер қояды. Азаматтық қорғаныс күштері мынандай талаптарды орындауға мүрделі:

- қысқа мерзімеде қауіпты аймақтарда атқарылатын жұмыстарға дайын болуы;

- құтқару және т.б. шұғыл жұмыстар атқарылатын апат аймағына уақытылы жетіп, жұмысқа кірісу және бірнші кезекте басты мәселерді шешуге көңіл аударып, сондай- ақ жұмысты үзілісіз жүргізу;

- қолдағы бар күшті толығымен пайдаланып, құтқару жұмыстарын мейілнше қысқа мерзімде орындау;

- құтқару жұмыстарын жүргізу барысында адам және техника күшін белгілі кезектілікпен пайдаланып, жұмыс қарқынын арттыру;

- Азаматтық қорғаныс күштерінің өз қауіпсіздігін қамтассыз ету;

- Қ және ШАҚКЖ жүргізу барысында орталықтың барлық атқарылатын жұмысқа басшылық жасауы;

Топ және күштер ұйымдастру үшін АҚ штабы:

- өндіріс орындары, халық шаруашылық нысандары жұмысшы, қызметкерлерін және аймақтық принцип бойынша қала мен аудан халықы арасынан жасақтар жабдықтайды. Сонымен қатар Азаматтық қорғаныстың жоғарғы басшылығының шешімімен ұйғарымына байланысты әскери күштер бөлімдері де Қ жәнне ШАҚКЖ ат салыса қатынасады;

- апат ошағында Қ және ШАҚКЖ үздіксіз жүргізумен, апат салдарын қысқа мезгілде жою үшін, жақын маңдағы аудан және обылыс АҚ- де жұмылдырылады;

Төтенше жағдай аймағына барлау жұмыстары жасалып, мәлімет бойынша бірнеше топтар құрылады. Алдыңғы топқа механикаландырылған және инженерлік әскери бөлімдер мен АҚ күштері енгізіліп, төтенше жағдай аймағана тез жетуге жағдай жасайды. Бірінші эшолонға шапшаң әрекет ететін, құрал-жабдықтармен толық қамтассыз етіліп және арнайы дайындықтан өткен жасақтар белгіленіп, тез арада Қ және ШАҚКЖ кіріседі. Екінші эшолон міндеті жұмыс қарқынын артырып, құтқару жұмыстарының барынша жылдам жүруіне мүмкіндік жасап, бірінші эшолон жасақтарын алмастырып отыру. Бұл топтарға кірген әскери бөлім жауынгерлері жалпыға ортақ жоспар бойынша жұмыс атқарады. Қ және ШАҚКЖ барысында пайда болған қыйындықтарды жою. Тез қысқа мерзімде жұмысты аяқтау және жаңа пайда болған апат ошақтарында шұғыл жұмыстарды орындау мақсатында қосымша қажетті құралдармен жабдықталған күштер ұйымдастырылады.

Дұшпан жаппай шығынғы ұшырау қаруын қолдану қауыпына байланысты, Азаматтық қорғаныс штабы соғыс жағдайына байланыстырып жоспар дайындайды. Бұл жоспар бойынша жасақ топтары қысқартылып, апат ошағында қалған аймақ, нысандық жасақтар кіреді. АҚ күштерін жасақтап дайындауда, оларды эшолондарға кезетілікпен белгілі талап бойынша жұмыс атқараруына көңіл бөлінеді. Негізгі эшолон күштері қала сыртындағы қауіпсыз аймақтарға немесе соққыға ұшырау қауыпы бар қаладан белгілі қашықтыққа орналастырылады. Екіншісі көпшілік шығынғы ұшырау қауіпы бар қаладан қашық жерге орналастырылады. Зақымдану ошағында атқарылатын жұмыстарды жоспар бойынша ойдағыдай жүргізу үшін, АҚ- штабы көшірілген халық арасынан жасақтар жабдықтайды. Құтқару және шұғыл авариялық қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру барысында, жасақтар қажетті құрал – жабдықтармен толық қамтамассыз етіліп, АҚ – штабы шешімі бойынша қауіпсыз аудандарға шоғырландырылады. Өндіріс орындарында қосымша жасақтар жабдықтау жұмысна кедіргі жасамайтын болуы тиіс, азаматтық қорғаныстың жоғарғы басшыларының шешімі бойынша, белгілі жасақ құрамы алдын – ала қауіпсыз аудандарға орналастырылып және көпшілік қорғаныс орындары мен көшірілген халықты жайғастыру жұмыстары мен айналысады. Жасақтар міндеттері:

- күтпеген жағдайларға жүйелі түрде дайын болу;

- қысқа мерзімде күтпеген жағдайларға дайын болып, апат ошағына бет алу;

- санитарлы – эпидемиологиялық сақтану шараларын ұйымдастыру;

Азаматтық қорғаныс күштері апат ошағы бағытында құтқару және шұғыл авариялық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін, белгілі ауданға жиналып және алдарына қойылған міндеттерді атқаруға толық дайындығы тексеріледі. Сонымен қатар Азаматтық қорғаныс күштерінің зақымдану ошағына таяу ауданға шоғырланып, апат ошағында бірінші кезекте қандай жұмыстардың атқарылуы, жасақ бөлімдерінің бір – бірімен байланыста әрекет етуі, жергілікті нысандар жасақтарын тиімді пайдалану, сондай-ақ қосымша күштердің атқаратын міндеттері сияқты сұрақтарды шешеді. Басты мақсат қажетті материалды құрал – жабдықтармен қамтамассыз етілу, бір – бірімен үнемі тығыз байланыста болу мәселері талқыланады.

Дұшпан жаппай шығынғы ұшырайтын қарулар қолданған жағдайда, құтқару және шұғыл авариялық қалпына келтіру жұмыстарының ойдағыдай ұтымды жүргізілуі, мыналарға байланысты:

- сапалы және үнемі барлау жұмыстарын жүргізу;

- Азаматтық қорғаныс штабы, уақытылы апат ошағында жұмыс атқаратын топтар мен күштерді жасақтап тиімді басшылық етуі;

- топтар мен күштердің үнемі бір – бірімен тығыз байланысын қамтассыз етіп бірлесе әрекет етуіне жағдай жасау;

- Азаматтық қорғаныс күштерімен жасақтарының жоғарғы моральды -психологиялық дайындықта болуын қамтамассыз ету;

- Құтқару және шұғал авриялық қалпына келтіру жұмыстарының жоғарғы деңгейде ұтымды өтуі үшін, алдын – ала мұқият дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Өте қауыпты зақымдану ошақтарында жүргізілетін құтқару және шұғыл авариялық қалпына келтіру жұмыстарына, облыс Азаматтық қорғаныс штабының бастығы тікелей басшылық жүргізеді.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Учебное пособие «Основы безопасности жизнедеятельности » Топоров Н.К., М. 1985г.

2.Руссак Л.И. Краткий курс лекции по ОБЖ.

3.Постановление Кабине Министров РК от 3.07.96г. «О Республиканской чрезвычайной противоэпидемической комиссии».

4. Садыков К.И., Баймуханов М.Г. Учебное пособие по «основам безопасности жизнедеятельности» Караганда-2008г.

5. Садыков К.И., Баймуханов М.Г. Учебно-методическое пособие по «Военно-медицинской подготовке» Караганда-2008г.

Наши рекомендации