Заманауи бизнесті басқару психологиясы.
Басқару психологиясы әлеуметтік психологияның қазіргі кездегі негізгі тарауларының бірі, ол әртүрлі әлеуметтік құрылымдардағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас мәселесін зерттейді.
Басқару мәселесін құрумен ғылымның әртүрлі салалары айналысады: информатика, юристпруденция, философия, психология, педагогика, эргономика, социология т.б. Жалпы басқару теориясы кибернетика мен теория жүесінде құрастырылады. Кибернетика Kibernetika (грек тілінде) басқару өнері. Manedgment – (латын. manus - қол) – ағылшын термині «басқару» терминінің синонимі.
Адам іс-әрекетінің практикасында басқару ғылыми зерттеу пәні болмас бұрын өте көп уақыт ілгері пайда болған.
Ертедегі Египетте біздің эрамызға дейін мың жыл бұрын басқару үрдістерін орталықтандыру, бақылау, ұйымдастыру, жоспарлау қажеттігі мойындалған. Онсыз әлемге әйгілі Египет пирамидалары, ертедегі ацтекс қалалары секілді архитектуралық құрылыстар салынып күрделі діни орталықтар мысалы рим-католик шіркеуі белсенді қызмет атқармас еді.
Басқару теориясы жеке ғылыми пән ретінде ХХ ғасыр басында беки бастады. Басқару үрдісі белгілі бір нәтижеге жету жолындағы адамдардың жалпы іс-әрекеті атқарылатын жерде жүргізіледі. Басқару дегеніміз- топқа, қоғамға немесе оның жеке бөліктеріне тәртіптендіру үшін немесе сапалық спецификасын дамыту үшін әсер ететін шаралар комплексі түрінде анықтама. б) басқару барлық динамикалық жүйелерде жалпы заңдылықтар бойынша жүргізіледі де информацияны алуға өңдеуге және беруге негізделген. (әлеуметтік, психологиялық, биологиялық, техникалық экономикалық, административтік). Әлеуметтік жүйеде басқарудың негізгі белгісі болып субъектінің (басқарушы) мәліметті бағалап анализдеу негізінде күрделі жүйелердегі тура және кері байланысты іске асыруы есептеледі.
Басқарудың әлеуметтік психологиялық теориясының объектісі болып адамдардың құқықтық экономикалық, саясаттық өндірістік міндеттерді іске асыруда құрылымдарда, топтарда, ұжымдардағы қарым-қатынас формасы есептеледі.
Басқару туралы ілім іштейгі қарама-қайшылықтармен қоса дамиды. Ондай дамуға әсер етуші факторлар өндірістің қарқынды дамуымен, өнімді одан түсетін өсімді арттырумен тікелей байланысты. Бұл себептерді білу басқару ілімінің даму тарихын дұрыс көре білуге әкеледі. Басқару теориясы тек кейінгі кезеңде ғана жемісті дамыды.
Басқару ғылымының негізгі мектептері. Басқару теориясында 4 негізгі жолы бар.
1. Басқарудың негізгі мектептер көзқарасы тұрғысынан.
2. процестік (үрдістік)
3. жүйелік
4. ситуациялық
Осылардың алғашқысы (административтік, ғылыми басқару мектебі) Адамдар арасындағы қатынас, басқарудың сандық әдістері, мінезқұлықытық пәндердің ғылыми административтік басқару мектебі. Қалған үш жолы да тарихи жағынан қызықты, бірақ оны көбіне қазіргі кезеңдегі басқару ғылымының сипаттамасы ретінде қолданады.
1885-1920 ж. басқарудың ғылыми мектебі негізін салушылар Ф.Тэйлор, Ф.Гилбрет, Л.Гилбрет, Г. Эмерсон, Генири, Кант. Олардың пікірінше басқару - бұл ерекше мамандық ал ол туралы ілім өзбетінше пән. Негізгі ерекшеліктері: ғылыми басқару мектебін ұстанушылар логикалық талдау мен бақылауды қолдана отырып, жұмысты тиімді орындау үшін жекелеген операцияларды ғылыми жетілдіруді ұсынады. Ғылыми басқару методының 1-ші фазасы – жұмыстың мазмұнын талдау ж/е оның негізгі компонентін анықтау. Негізгі ғылымға қосқан үлесі өндірістің өнімімен көлемін үлкейте отырып, жұмысшыларды белсендіру мақсатымен стимуляциялауды жүйелі қолдануды ұсынды. Бұл басшылардың өндірістік нормаларды қалыптастыруға мүмкіндік беруі.
1920-1950 ж. Басқарудағы административтік классикалық мектеп. Негізін салушы А.Файоль- француздың ірі компаниясын басқарушы. Оның жолын қуушылар Л. Урвик, Д.Мунк, Э. Реймс, О.Шелдон, Джеймс Мони. Ерекшелігі – басқарудың әлеуметтік аспектілеріне көп көңіл бөлген жоқ. Осы мектептің жасауымен басқарудың универсалды принціпі құрылды. Бұл екі негізгі аспектіні қамтиды:
-- ұйымды басқарудың рационалды жүйесі.
-- жұмысшыларды басқарумен ұйымның құрылымын жасау.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас мектеп 1930-1950; мінез құлық туралы ілім тұрғысынан (1950 – осы кезеңге дейін). Негізін салушылар М.П. Фоллет, Г.Мюнстерберг, М.Вебер, Э. Дюрнгейм. Гелтон Мейо. Одан кейін жүріс-тұрыс, адамның мінез-құлқын зерттейтін ғылым болып есептелді. Адамзат қатынасы үшін қозғалыс ұйымдарының эфективтік негізгі элементі ретінде адамзат факторын қарастыру нәтижесі ретінде дамыды. Менеджмент – басқа адамның көмегімен жұмысты орындауды қамтамасыз ету. Ғылымға қосқан үлесі – адамзат ресурстарының эффективтілігін өсіру арқылы ұйымның, басқарудың нәтижелігін арттыру фактілерін тұжырымдады. Бұл мектеп кең тараған мектеп болып саналады.
Басқарудағы сандық әдістер мектебі (1950 – осы кезге дейін)№ Бұл мектептің сіңірген еңбек негізгі операцияларды зерттеу әдістемесінен тұрады. Бұл әдістің дамуына компьютерлік технология дамуы түрткі болды. Өз принциптерін жасауда математикалық, статистикалық мәліметтерді қолдады. Негізгі есімі: Фрейдрих Гейлор. Бұл мектептің жұмыстарының нәтижесі де басқару моделі жасалды. Осы моделді қолдану нәтижесінде күрделі басқару мәселесі терең зерттелді. Конфликт жағдайда ұйымдағы кризистік кезеңдерде шешім қабылданған басшыларға көмек ретінде сандық әдістерді басқару моделін қолданды.
Басқару психологиясы - өндірістердегі, корпорациялардағы, фирмалардағы, т.с.с. іс-әрекетті басқарудың жалпы психологиялық жақтарын арнайы зерттейтін әрі модельдейтін сала. Басқару психологиясы іс-әрекетті арнайы басқарудың және психологиялық жағдайдың талдамалы модельдерін және еңбектің сапасын көтеруге бағытталған. Басқару психологиясы — басқару жүйелеріндегі (мемлекет басқару, ұйым, мекеме, топ, ұжым және т.б.) адамдардың қатынастарына байланысты мәселелерді зерттейтін және білімдерді жинақтайтын қолданбалы психологияның саласы.
3. Кәсіпкерлік іс-әрекет психологиясы.
Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтықтік экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күманы жоқ. Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Менің ойымша, қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демокртиялануы болып табылады. Нарықтықтық экономикаға өту үшін өндіріс құрылымын түбегейлі түрде өзгерту қажет. Өзгерістер монополияны жеңіп, конкуренцияның пайда болуына жол ашады. Әлемдік тәжірибені негізге ала отырып бұл мәселені түрлі меншіктің түрлі формалары негізінде құрылған кәсіпкерліксіз шешу мүмкін емес. Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтыңтың дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында дамып, гүлденеді. Рим құқығында «кәсіпкерлік» ұғымы коммерциялық іс-әрекет, іс ретінде қарастырылды. Кәсіпкер ретінде қоғамдық құрылысты дамытатын арендатор деп есептелінді. Орта ғасырларда «кәсіпкер» ұғымы бірнеше мағынаны берді. Біреулер, сыртқы саудамен айналысатын адамдарды сөйтіп атайды. Мұндай кәсіпкерлікке мысалды Марко Поло, Еуропа және Қытай арасындағы сауданың даму негізінде тұрған саяхатшы береді.
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады. Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде