Эмальдың постэруктивті жетілуіндегі сілекейдің ролі, жегіленген үрдістің белсенділігіне әсері
Қан денені қалай қоректендіреді, сол сияқты сілекейде тісті қоректендіреді. Эмаль өзіндік иондары бар ерітіндіде орналасқан кристаллдар сияқты. Кристаллдардың тағдыры – олардың еруі, тұрақтылығы, қайта қалыптасуы – сілекейдің кальций, фосфат және гидроксильді топтық иондармен қаныққан дәрежесімен анықталады. Ол өз кезегінде сілекейдегі иондардың концентрациясына және оның қышқылдығына тәуелді.
Иондардың концентрациясы нейрогуморальды механизмдермен қатаң бақыланатын гормоностатикалық фактор болып табылады. Сілекейдегі минералдың құрамы жасқа байланысты балаларда оның концентрациясы төмен. Қалыптыда сілекейдегі кальцийдің орташа құрамы ересектерде – 1,7 ммоль/л бір қан плазмасында 2,5 ммоль/л, сілекейдегі фосфаттың құрамы 5,5 ммоль/л, қан плазмасында 1 ммоль/л. Кальций мен фосфордың әртүрлі концентрациясына байланысты қан гидроксиапатитпен 2–3 есе, ал сілекей 4-5 есе қаныққан, соның салдарынан сілекей өте жоғары минерализациялық қасиетке ие.
Қаныққан ерітінділер ионы эмаль апатиттерінің гидратты қабығына жеңіл еніп және депо құрайды, кейіннен тереңірек, кристаллдардың құрылымдарына енеді. Осылайша сілекейдің қаныққан түрі эмальдың минерализациясын және реминерализациясын, ол қанықпаған сілекей қатты тіндердің деминирализациясын қамтамасыз етеді.
Кейбір микроэлементтердің-акселераттардың, соның ішінде ең маңыздысы фторидтердің болуы минерализация және реминерализация үрдістерін нәтижелі етеді: жылдамдығы жоғарылайды, эмальдың апатиттерінде сапалы өзгерістер байқалады (магний, хлор иондары және гидроксилдер фторидтермен алмасады) және шынайы түріне қарағанда аз еритін кристаллдардың аз түзілуіне алып келеді.
Эмальдың минерализациясы дәрежесіне қарай тістің постэруптивті жолында кальцийдің деңгейі жоғары болады: Са:Р қатынаста 6 жаста 1,5, ол 10 жаста – 1,71 эмальдың минерализациясы оның сілекеймен қатысу кезінен тез жүретінін айту керек: төмпешіктердің эмалі жарып шыққаннан кейін бір жыл мерзімінде жетіледі, жиі тіс жұғындыларымен жабылған тістің мойны және экватор аймағындағы эмаль – 6 жыл мерзімінде жетіледі, терең жіңішке фиссуралардың эмалі - 8 және оданда көп жылда жетіліп болады.
Эмальдың минерализациясына байланысты сілекейдің гликопротеидтерінің (ақуыз, пролинге бай) маңыздылығын айтып кету керек, тістің эмалімен туыстығы бар сондықтан тіс эмалі бетінде пелликула түзетін – мембрананың жартылай өтімділігі, тіс эмаліне дұрыс бағытталатын иондардың ауысуын бақылады.
Сілекейдің қышқылдылығы бұл Н+ ионының концентрациясы коллоидты жүйенің жағдайын көптеген параметрлер анықтайды. Бұл параметрлерге осмос, дисперттілігі, бөлінетін мембрана потенциалының шекара белгісі, тұздардың шөгуі немесе оның жағдайының өлшенуі жатады. Мысалы, егер сілекейде Н+ ионы жоғарласа, фосфат ионы бұған жауап ретінде НРО42- қосылысына айналып, бұл уақытта РО43- ионның концентрациясы төмендеп, қаныққан фосфат иондары қанықпаған жағдайға айналады. Сондықтан эмальда минерализация және реминерализация үрдісі жүру үшін сілекей рН нейтральды немесе сілтілі болу қажет. Себебі, қышқылды сілекейде ( рН ≤ 5,5 ) деминерализация үрдісі болады. Көптеген сүтқоректілерде сілекейдің рН 8,5 – 9,0 аралықта ауытқиды, адамда 6,2–7,4, балаларда бірнеше сілтілі (+0,1 рН ), қарт адамдарда қышқылды (-0,1 рН).
Сілекейдің қышқылдылығын қажетті деңгейде ұстап тұру үшін бірнеше буферлі жүйе жұмыс атқарады. Бикорбанаттар, фосфат иондары, глютамат, аммоний тағаммен химиялық реакцияға түсіп сілтілі қосылыс түзіп, қышқылды ортаны бейтарап ортаға айналдырады. Сілекейдің буферлі жүйесі ауыздың сұйықтық ағысында ғана емес, сонымен бірге тіс жұғындысынң қышқылды ортасын бейтараптайды.
Сілекейдің тағамдық қызметі бұл прокариозды байланыс болып табылады. Кариесогенді жағдайды құру үшін α-амилаза ферментінің маңызы зор. Бұл фермент крахмал полисахаридінің байланысын үзіп, мальтозаны босатып, ауыздағы ұзақ болған көмірсуларды глюкоза молекуласының мономер байланысын үзіп, кариесогенді микрофлора сіңіп алатындай өнім жасайды. Соңғы кездері сілекейдің тағамдық қызметі тіс жегісі протективті құралады. Сілекей кариесогенді толық өнімдерін шығарып, өндіру арқылы эмальдың реминерализациясына жағдай жасайды. Сілекей клиренсі жағдайы болған сайын, ауыз қуысында сілекей мөлшері жоғарлай бастайды. Тұтқырлығы төмен болған сайын, сілекей бөлінуі жоғарлай бастайды.
Тіс жегісін алдын-алу мақсатында сілекейдің микробқа қарсы қызметін есіңізге түсіріп кетуге болмайды. Сілекей ауыздың протективті және агрессивті микрофлорасының балансын ұстап тұрады. Пролинге бай ақуыздар тіс беткейіне протективті микрофлорасының қонуына ұйымдастырады: электр теріс полюс полимері эмаль Са–мен байланысты, оң полюс S. orаlis, S. sanguis, S. mitis мембраналарымен. Сілкейдің иммуноглобулиндері адгезивті қасиеттері бар. Сондықтан олар микроағзаларды тіске жабысуына жол бермейді. Көптеген деректер (лизоцим, лактодерин, сиалпероксидаза, лактопероксидаза) бактериостатикалық және бактерицидті қасиеттері бар.
Сілекейдің тіс жегісіне алдын-алу маңызы оның құрамындағы заттардың қасиеттілігінде. Өкінішке орай клиникалық және лабороториялық диагностикада бұларды алу қол жетімсіз.