Ресей мен Қазақстандағы психодиогностиканың жағдайлары
Қазақстанда іргелі ғылыми зерттеулердің дені соңғы жетпіс жыл көлемінде ғана өркен жайып, дами бастағаны белгілі. Бұл жағдай, әрине, психология ғылымына да ортақ. әрине, осы ғылымның алдағы жерде гүлдеп шешек атуына, біртіндеп қанатының қатабына бірсыпыра алғы шарттар сонау ерте замандардан (Әл-Фараби, Абай, Шәкәрім психологиялық ілімдері) қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ 20 жылдарда М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов еңбектері біршама жасалынған болатын. Мәселен, Бөкей Ордасында шыққан «Мұғалім» журналында , Н.Құлжанованың «Мектепке дейінгі тәрбие», «Ана мен бала» дейтін кітаптарында да адамның жан-дүниесі жөнінде біраз сөз қозғалған еді. 20-жылдары өлкедегі тәлім-тәрбие ғылымының ірге тасының қалауына орыс ғалымдары да шама-шарқынша үлес қосты. Мәселен, сол кездері Орынбордағы Қазақ ағарту институтында ұстаздық етіп, сол оқу орнын біраз жыл басқарған, сөйтіп жаңа типті қазақ мұғалімдерінің қалыптасуына жәрдем еткендердің бірі профессор В.Я.Струминский болатын. 1923 жылы диалектикалық материализм тұрғысынан баяндалған ғылыми психологияның негізгі мәселелері тұрғысынан қарастырған «Психология» деген еңбек жарық көрді. Сонымен қатар ол мұғалімдерге арнап «Еңбек мектебінің қызметкерлері үшін үстелдік кітап», «Орынбор 1-басқыш мектебі шәкірттеріні сөйлеу ернекшеліктері» дейтін еңбек жарық көрген болатын.Қазақстанда отызыншы жылдары қызмет еткен, аты бүкіл әлемге әйгілі, Рессейдегі педагогикалық психологияның негізін салушылардың бірі – А.П.Нечаев елу жылдан астам психология саласында белсенді қызмет еткен, аты айдай әлемге белгілі ғалым болатын. Ол араласпаған психология саласы кемде-кем. Ғалым көп жылдар бойына адамның есеке сақтау ерекшеліктерін эксперимент жүзінде тексеріп, оны мектеп практикасына ендіруді көздеді, яғни психологияның қолданбалы салаларын (жас, педагогикалық, медициналық, т.б.) дамытуға зор еңбек сіңірді. Ол елуден астам кітаптың, жүздеген ғылыми мақалалардың авторы. Олардың кейбірі: «Қазіргі эксперименттік психология және оның мектеп ісіне қатысы», «Кітапхана ісінің пситхологиялық мәселелері», «Дене тәрбиесінің психологиясы», «Шахматшы ойынының психологиясы», «Техникалық өнертапқыштардың психолгиясы», «Ес және оны тәрбиелеу» және т.б. Сонымен бірге қырық жылдық еңбегінің нәтижесі ретінде «Психофизиологиялық синдромдар жүйесі» атты ғылыми еңбеекті атап кетуімізге болады.Бұл еңбекті еліміздің психолог ғалымдары, академиктер Д.Н.Узнадзе мен К.Н.Корнилов өте жоғары бағалады. Оған осы еңбегі үшін диссертацмя қорғатпай-ақ педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілген болатын.Қазақстанда психология ғылымдарының өркен жаюына осынау ғалымның да біраз шапағаты тигені даусыз.
Ресейде даралылық мәселесі кеңінен қарастырылды. Солардың бірі орыс психологы А.Ф.Лазурскийдің зерттеулеррі даралық айырмашылықтартың теориясының негізінде мінзеді, темпераментті жалпы адамның даралылық сипаты ретінде қарастырып, зерттеуді ұсынды. А.Ф. Лазурский адам өмірі мен тәжірибесіне жоспарлы түрде араласуға болатын табиғи экспериментті жақтады. Тәжірибесінде жекелеген психикалық процестер емес, психикалық функциялар және тұлға толығымен зерттеледі.
В.М.Бехтерев және Л.Франкпен қызметтестік әсерінен А.Ф.Лазурский алғаш рет тұлға қасиеттерін түсіндіруде психоморфологиялықтың орнына нейродинамикалықты қойды. «Жалпы және эксперименталды психология» атты дәріс курсында психикалық шындықтың екі аймағы жайлы идеясын айтты: этндопсихика және экзопсихика. А.Ф.Лазурскийдің пікірінше, темперамент және мінез эндопсихиканы, яғни тұлғаның тума жағын құрайды. Экзопсихикалық жағы тұлғаның қоршаған өмірге қарым-қатынас жүйесі. Осы негізде оның тұлғаны топтастыру жүйесі құрылды.С.Л.Рубенштейн даралылықты комплексті түрде, яғни психикалық қасиеттер мен процестердің өзара әрекеттесуінде қарастыруды ұсынды. Л.С.Рубенштейн көзқарасын ары қарай дамуы Б.Г.Ананьев еңбегінде қарастырылды. Ол индивидуалдылықты ашық және жабық түрде қарастыруды ұсынды. «Егер тұлға – адам қасиеттері құрылымының «шыңы» болса, ал индивидулдылық – тұлға мен іс-әрекет субъектісінің «тұңғиығы» деп көрсетті». Б.Г.Ананьев 1968 жылы комплексті зерттеу жолын ұсынды. Оның пікірінше даралылық күрделі (ол көп баспалдақты, көп деңгейлі) құрылымға ие:
І-ші деңгейге -индивидтің төмендегідей ерекшеліктерді жатқызамыз:
· жыныс, жас конституция, нейродинамикалық қасиеттер;
· психофизтологиялық қасиеттер және органикалық қажеттіліктер;
· нышан және темперамент
ІІ-ші деңгейге іс-әрекет субъектісі деңгейі:
· когнитивті сипаттар, коммуникативті қасиеттер, еңбекке қабілеттілік іс-әрекет ерекшелігі ретінде;
· қабілеттер
ІІ-ші деңгейге тұлғалық көрсеткіштер жатады:
· статус, әлеуметтік рөл, құндылықтар құрылымы;
· жүріс-тұрыс мотивациясы;
· мінез және бейімділік.
А.Н.Леонтьевтің ойынша, индивид (организм) – бұл генотиптік пайда болу, филогенетикалық және онтогенетикалық дамудың өнімі, адамның биологиялық ұйымдасуы. Леонтьев бойынша , тұлға индивидуалдылық- арнайы адамдық пайда болу, қоғамдық қарым-қатынас негізінде туындайды. В.С.Мерлиннің пікірінше, индивидуалдылық –бұл материяның барлық деңгейлерінің иерархиялы тәртіптелген қасиеттер жүйесі, яғни физикалық, биохимиялық, физиологиялық нейродинамикалық, психодинамикалық тұлғалық қасиеттер және т.б.
Қазіргі кезде Ресейде және шет елдерде бірнеше индивидуалдылықты зерттеу орталықтары бар. Пятигорск психологиялық мектебінде В.В.Белоус басшылығымен индивидуалдылықтың полиморфты мәселесі зерттелуде. Онда қазіргі кезеңде индивидуалдылықтың полиморфты мәселесі зерттелуде. Онда қазіргі кезеңде индивидуалдылықтың интегралдылығы жайлы теориялар қарқынды дамуда. Пермь қаласындағы ғылыми орталық индивидуалдылықты зерттеудің маңызды орны болып табылады. Орталықтың негізін салушы – психология ғылымының докторы, профессор В.С. Мерлин. Қазіргі кезде орталықтағы индивидуалдылық мәселесімен айналысушы зерттеушілер Л.Я.Дорфман, Б.А.Вяткин, А.И.Щебетко. Ұжымның зейін орталығында – интегралды индивидуалдылықтың құрылымдық ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Л.Я.Дорфман интегралды индивидуалдылықтың ерекшеліктеріне ұйымдасудың иерархиялы тәсілін, көп деңгейлік, интерация мен дифференцация процестерінің бірлігін, индивидуалды жүйелер арасындағы көп мәнделк байланыс майыспалығын және бір мәнділік байланыс қатаңдығын жатқызады. Ол метаиндивидуалдылық және интраиндивидуалдылықтың әр түрлі иерархиялы деңгейлеріне жатады және олардың арасындағы байланыс тікелей сипатқа ие. Осындай байланыстың болуының шарты индивидуалды іс-әрекет стилі болып табылады.
Индивидуалдылықты зерттеу психология ғылымының докторы В.М.Русаловтың басшылығымен қарқынды жүргізілуде. Зерттеудің ерекше сипаты индивидуалды-психологиялық айырмашылықтың негізгі детерминанты жоғары жүйке жүйесінің жалпы қасиеттер спектрінен негізгі көңіл формальді – динамикалық индивидуалдылық құрылымындағы орнын зерттеу мақсатында және оның жалпы психометриялық әдістерін өңдеуге басты назар аударылады. В.М.Русалов индивидуалдылықтың толықтығынның моделін ұсынды:
· Дифференциялды-психофизиологиялық (төменгі) деңгей, организм қасиеттері жатады;
· Дифференциялды-психофизиологиялық (жоғары) деңгей, тұлғалық, индивидтік және басқа әлеуметтік-мәдени құрылымдардан тұрады.
Психологиялық институтта, психофизиологиялық қабілеттер зертханасында психология ғылымының докторы Э.А.Голубеваның басшылығмен қабілеттердің табиғи алғы шарттарын зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Э.А.Голубева индивидуалдылық құрылымдағы организм және тұлға деңгейлерін бөліп көрсетті. Жүйе құрайтын қаситеттерге эмоционалдылық белсенділік, өзіндік реттелуді жатқызды.
Отызыншы жылдары психологияға қатысты зерттеулерді қазақ ғалымдары да Ш.Әлжанов, М.Әуезов, С.Балаубаев, Ә.Сыдықов, Т.Тәжібаев, А.Темірбеков, С.Қажахметов, Қ.Жарықбаев, С.Бабаев, А.Құдиярова, Х.Т.Шарьяздановалар сияқты тағы басқада ғалымдарды атап өтуге болады.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында психодиагностиканың әдістері пайда болды. Олар бақылау, сұрақ, құжаттарға анализ жасау.осы кезеңдер де әдістемелер сапалық сипатта болады. Вундтың басшылығының дүние жүзінде бірінші эксприменталды психологиялық құбылыстарды байқау мүмкіндіктерде ашылды. Негізгі объект адамның түйсігін, сезім мүшелерін ХІХ ғасырдың аяғына дейін практикалық психодиагностика өлшеумен шектелді.
Қазіргі психодиагностикалық әдістер адам жағдайы және қасиетін қарастырады. Осы кезеңдерде теориялар және математикалық, статистикалық әдістер басқа ғылыми әдістерге және психодиагностиканың сандық көрсеткіштерге сүйенеді. Математикалық статистиканы психологияларын басқа биалогия, эканомика, медицина т.б. ғылымдар да қолданылады. Кейінірек арнайы құрал ретінде факторлық анализге сүйенетін болды.
Сұрақтар:
1.Психологиялық жағдайларды шешу үшін қандай мәселелер ескерілуі тиіс.
2.Зерттеу процедурасының принциптерін ата?
3.Психодиагностика мәселелерін шешу үшін қойылатын міндеттер қандай?
4.Қазіргі таңдағы психолог ғалымдарды ата және қандай еңбектерін білесің?
5.ХХ ғасырдың 20-50 жылдардағы психологиялық еңбектердің тізімін ата?
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:
1.Р.С. Немов «Психология»
2. Ж. Намазбаева «Психология» Алматы 2001жыл
3. Общая психодиагностика // Под ред.А.А.Бодолева, В.В.Столина м.,1987ж.
4. Психологическая диагностика: учебное пособие, под ред., К.М.Гуревича, М.К.Акимова,
5. Е.М.Борисова. Бийск: БГ.ПИ., 1993ж.
Дәріс № 6
Тақырыбы: Психодиагностикалық инструменттердің классификациясы.
Жоспар:
1.Психологиялық тестілеу, психометрика, психодиагностика, ұғымдарына сипаттама.
2.Психологиялық әдістемелердің және психологиялық тесттердің принципиалды айырмашылықтары.
3. Кеңес беру, психотерапия, экспертиза, кәсіби таңдау, кәсіби кеңес беру, психогигиола және психопрофилактика ұғымдарына сипаттама беру.
Психологиялық зерттеулердің бірінші принципі-психиканы зерттеудің объктивтілік принципі болып табылады. Бұл принцип кез келген психикалық құбылысты олар қандай болса, сол күйінде қараудың қажеттілігін білдіреді. Олар адам сыртқы жағдайлары және қызметімен өзара байланыста ғана зертелуі мүмкін.
Объективтілік принципі адамның психикалық ерекшеліктері жайлы оның нақтылы істері мен қылықтарына қарап дұрыс пікірге келуге болатындықтан адамды қызмет процесі үстінде зерттеуді талап етеді. Бұл принципті басшылыққа ала отырып, психикалық құбылыстарды белгілі бір адамға неғұрлым тән, сондай-ақ тән емес жағдайларда зерттеу керек.
Объективтілік принципі жиналған материалдарды өңдеуде де көрініс табуы мүмкін. Алынған фактілердің барлығы, оның ішінде бір-біріне қарама-қайшылықтарды да жан-жақты талдауға түсуі керек. Қарама-қайшы фактілерге ерекше назар аударған жөн. Оларды ешқашанда жай қарамай тастауға болмайды, қайшылық себебін міндетті түрде табу керек немесе қосымша тексеру жұмыстарын жүргізу керек.
Психикалық құбылыстарды олардың дамуы барысында зерттеу. Психологиялық зерттеулерді құрудың тағы бір өте маңызды принципі-психикалық құбылыстарды олардың дамуы барысында зерттеу принципі. Егер объективті дүние ұдайы қозғалыста және өзгерісте болса, онда осыған орай, оны бейнелендірудің қозғалыссыз, өзгеріссіз болуы мүмкін емес қой.
Психикалық құбылыстарды олардың дамуы барысында зерттеу адам бойында қалыптасып болған психикалық қасиеттерді ғана емес, сонымен қатар жаңа ғана пайда болып келе жатқан психикалық ерекшеліктерді зерттеудің, әсіресе оқушы психикасын қарастырудағы маңызы зор.
Жеке адамды анализдік-синтездік зерттеу.
Әр түрлі жағдайларда да, әр түрлі қызмет бабында, басқа адамдармен қарым-қатынасында жеке адамның сан-саласы психикалық ерекшеліктері, жеке адам ретіндегі бет бейнесі ашылады. Сондықтан психологиялық зерттеуді құру принципі болып табылады..
Анализдік зерттеу психиканың элементтерін жеке адамның өмірі және қызметінің әр түрлі жағдайында тануға мүмкіндік береді, ал синтездік зерттеу барлық және психикалық көрісністердің өзара байланысын анықтауға және белгілі бір адамды толық сипаттайтын тұрақты қасиеттерді табуға көмектеседі.
Анализдік-синтездік принципті ұстану қажеттілігі жеке адамды терең, жан-жақты зерттеу, танымдық, эмоциялық, ерік-жігерлік процестердің жеке жақтарын, жеке қасиеттерді зерттеу сияқты барлық осы сәттердің адамның тұтас психикалық бейнесіндегі өзара байланыстарын, өзара шарттылықтарын зерттеуді қажет ететіндігінен болып отыр. Бұл екі бағыттың қатаң бірлікте болуы, бір жағынан жеке көріністерін зертемейінше жеке адамның психикалық ерекшеліктерін түсінуге және дұрыс бағалауға болатындығынан, ал екінші жағынан жеке адамның ерекшеліктерін оларды бір-бірімен салыстырмайынша, олардың өзара тәуелділігі мен бірлігін ашпайынша ұғынуға болмайды.
Сонымен психологиялық зерттеулерді құрудың негізгі принциптері: объективтік принципі, психикалық құбылыстарды олардың дамуы барысында зерттеу принципі және жеке адамды анализдік-синтездік принциптері болып табылады. Жеке адамды зерттеу процесі негізде оның қандай жалпы типтің және индивидуалды қасиеттерге ие екенін, осы қасиеттердің қандай қатыстарда екендігін анықтау қажет.