Салғастыру тәсілі
Салғастыру тәсілі бойынша жиналған материалдар бір-бірімен салғастырыла зерттеледі. Бұл тәсіл әсіресе тіл білімінде екі немесе одан да көп тілдерді салғастыра зерттегенде қолданылады. Соның нәтижесінде екі немесе одан да көп тілдердегі тілдік бірліктердің бір-бірінен ұқсастықтары мен айырмашылықтары, өзгешеліктері мен ерекшеліктері айқындалады. Осы арқылы жинақталған материал дұрыс сұрыпталып, сараланады.
70.Салғастыру (контрастивті) әдісінің жетістіктері мен кемшіліктеріСоңғы жылдары ұлттық тіл білімінің дамуында туыс және туыс емес тілдерді салғастыра зерттеу қарқынды дамуда. Әсіресе, синхронды түрде құрылымы әр түрлі тілдердің грамматикалық, лексикалық фразеологиялық жүйесіне талдау жасап, олардың құрылыстарын зерттеуге көп көңіл бөлінуде.
Аталмыш әдіс арқылы кез-келген екі туыс немесе туыс емес тілдердің идиоэтникалық қасиеттеріне толық сипаттама беруге болады. Бұл туыс немесе туыс емес тілдерді салғастыруда, олардың қосымша мәселелерін шешуде өте маңызды. Бірақ көбінесе әр түрлі тілдердің ортақ, ұқсас қасиеттері мен құбылыстарын зерттеуге аса қатты назар аударылмағандықтан бұл әдістің маңыздылығы аздап төмендейді, өйткені тілді жүйелі түрде зерттеу екі тілдің ұқсастықтарымен қатар айырмашылықтарын да зерттеуді қажет етеді. Бұл кемшіліктің орнын тілдерге типологиялық талдау жасау толықтырмақ.
71. Саналы –практикалық әдіс және оның негізгі сипаттамасы. (Б.В. Беляев, С.Ф.Шатилов, т.б.)XX ғасырдың 50-60 ж. КСРО-ң басқа шетелдік мемлекеттермен экономикалық, ғылыми және мәдени байланыстары орнай бастады. Ұлтаралық қатынастарды орнату үшін шет тілін біліп, оны практикада қолдану қажет болды. Сол себептен 1961 жылы 21 мамырда министрлер кеңесінде жаңа заң қабылданды, бұл заң «Шетел тілін оқытуды жақсарту » туралы. Бұл заң шет тілін практикада қолдана білуге және шет тілін оқу және тыңдау арқылы түсінуге бағытталған. Сонымен қатар шет тілінде өз ойын ауызша және жазбаша жеткізуді қажет етті. Бұл талаптардың барлығын қамтамасыз ету мақсатында КСРО-да саналы-практикалық әдіс қалыптасты.
Саналы-практикалық әдіс өзіне саналы және практикалық оқытуды біріктіретін әдіс. Бұл әдіс ЖОО-да шетел тілін оқытуда қолданылатын алдыңғы қатарлы әдістердің бірі. Бұл әдістің атауын 60 ж. Кеңес психологы және әдіскері Б.В.Беляев ұсынды. Бұл әдіс саналы болып табылады, себебі оқыту процесінде білім алушының тілдік форманы саналы түсінуін қажет етеді, сонымен қатар бұл әді практикалық та болып табылады себебі оқытудың шешуші факторы шетелдік практика болып табылады. Бұл әдістің лингвистикалық концепциясы Л.В.Щербаның идеясына негізделеді.
72. Саналы –практикалық әдістіңмақсаты, мазмұны, оқыту әдістері мен принциптері. Саналы-практикалық әдістің мәні – тілді тек теорияда ғана емес практикада да қолдануға өту. Шетел тілін меңгеру процесі саналы сипатта болады, ал оны қолдану тікелей-интуитивті болып табылады.
Мақсаты – шетел тілін толыққанды қолдана білу. Білім алушылар ана тілінің көмегінсіз және ешқандай ережелерге жүгінбей, ойланбастан шет тілінде оқуға, жазуға, тыңдауға және сөйлеуге дағдылануға тиісті. Өз ойын шет тілінде түсіндіруге үйрету. Саналы-практикалық әдістіңнегізгі 3 мақсаты:
1. практикалық- тілдік әрекеттің әртүрлі түрлері бойынша біліктіліктің дамуы.
2. білімділік- білім деңгейін кеңейту
3. тәрбиелік- жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу.
Негізгі принциптері:
1. Интерференцияны жою, яғни шет тілін оқытуда ана тілінің тиімді ықпалын барынша пайдаланып, оның тиімсіз ықпалы болатын материалды бекітуде көптеген жаттығулар жасау
2. Коммуникативті принцип, бұл принцип бойынша шетел тілін қатынас құралы ретінде пайдалану
3. Комплексті-асспектті принцип. Бұл принцип бойынша шетел тілін оқытуда фонетика, грамматика, лексика және т.б. аспектілерге баса назар аударылады, сонымен қатар комплексті мақсат бойынша 4 тілдік формаға баса назар аударылады: сөйлеу, тыңдау, оқу,жазу.
4. Жүйелілік принципі- бұл принцип бойынша сөздік қор бірте-бірте көбейеді. Жеңілден қиынға қарай синтаксистік құрылым да қиындай бастайды.
5. Көрнекілік принцип- оқу процесінің алғашқы кезеңінде визуалды көрнкіліктер қолданылады: заттар, олардың бейнесі, іс-қимылдың демонстрациясы, заттардың сапасы және саны. Аккустикалық көрнекіліктер – бұл ең алдымен мұғалімнің сөйлеу мәнері, көрнекіліктің бұл түрі білім алушылардың шет тіліндегі тыңдап-түсіну дағдыларын, сөздерге дұрыс екпін коя білуді, интонацияны дамытуға көмектеседі
73 Л.В.Щербаның идеялары мен комуникативті лингвистикалық әдістің негізі ретіндеЛ.В. Щербаның іс - әрекет теориясы, ақыл – ой іс- әрекетін қалыптастыру кезеңдері теориясы жайындағы идеялары, әдістің негізі ретінде. Саналы –салғастырмалы әдістің негізгі сипаттамасы. Әдістің жетістіктері мен кемшіліктері. Атап айтқанда, оқу процесінің жаңартудың негізгі ұстанымдарын дамыту, демократияландыру, реалистік шектеу саясаты, интеграциялау жатады. Оқу- тәрбие ісін жетілдіре түсудің мақсаты мен келешегін ғылыми анықтайтын, болжайтын идеялар мен қағиданың ғылыми негізі жинақталады.
Бұл тұжырымдарды жалпы лингвистика, психология, лингводидактика, педагогика, әдістемелік зерттеу жұмыстары, жалпы білім беретін мектептегі басқа да тіл пәнінің идеялары басшылыққа алынады. Мақсаты- шет тілін оқыту арқылы өнегелік және эстетикалық жағынан жан – жақты дамыған, саяси – идеялық жағынан сенімді еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Бүгінгі оқыту процесінде қатынастық бағыт беру арқылы жалпы дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру бірінші орында тұр. Осындай мақсаттармен қатар қазіргі кезде шет тілін жаңа әдістемелермен, ұстанымдармен оқыту қажеттілігі туып отыр. Қай елдің болмасын механизмін үйрену үшін мынадай екі жағдайды ескерген жөн:
1. сол елдің жүйесі қалай құрылғанын
2. ол тәжірибелік жағынан қалай меңгерілуі керек?
Демек, қазақ тілінің құрылысы сияқты қатынастық тәсілде ұйымдастыру тиімді деп айтуға болады. Шет тілін оқытуда оқу материалдық тұжырымдаманы негізге алу тілдік материалды беруде және оны талдауда оның қызметтік жағын ескру, білімнің базалық және жылжымалы құрамдарын анықтау, оқыту әдістемесі мен тәрбиені интеллектуалды пайдалы және өнімді еңбекпен ұштастыру маңызды.