Интеллектуальды бұзылыс синдромдары
Интеллект жеке, өз бетінше психикалық сфера болып табылмайды. Оны ақыл-ой, танымдық және шығармашылық қызметіне қабілет, білім, дағды игеріп, тәжірибеде қолдана білу қабілеті ретінде қарастырады. Интеллект бұзылуында материалды анализдеуге, жинақтауға, тапқырлыққа, синтез, абстракцияның ойлық үрдісін іске асыруға, түсініктер түзуге, ой түйіндеуге, қорытынды жасауға қабілеі төмендейді. Алған білім, дағды, бұрынғы тәжірибесін жетілдіру және оларды қызметте қолдану мүмкіндігінің жеткіліксіздігі байқалады. Интеллект бұзылуының негізгі синдромдары – ақыл әлсіздігі мен кемақылдық.
Ақыл кемдігі (деменция) – патологиялық үрдіс ықпалымен шақырылған тұрақты, орнына келуі қиын интеллектуальды қабілеттілік жоғалуы, бұл кезде әрқашан психикалық қызметтің жалпы нашарлауы белгілері болады. Интеллект деңгейі адам өмірінде жүре келе жинақталған ретінен кері дамиды, көмескіленеді, танымдық қабілет әлсіреп, сезім кедейленеді және жүріс-тұрыс өзгереді. Жүре пайда болған ақыл әлсіздігі кезінде кейде басым ес, зейін бұзылады, ал пікір жасауға қабілет бірден жоғалмайды, тұлға ядросы, критика және жүріс-тұрысы көпке дейін сақталып қалады. Мұндай деменцияны бөліктік, немесе лакунарлы деп атайды (парциальды, ошақтық дисмнестикалық). Кейбір жағдайларда ақыл әлсіздігі бірден пікір жасау қабілетінің төмендеуімен, критика, жүріс-тұрыс бұзылыстарымен, науқастың характерологиялық ерекшеліктерінің нивелировкасымен көрінеді. Мұндай деменция толық немесе тотальды деп аталады. Әртүрлі нозологиялық формаларға тән деменция түрлерін ажыратамыз.
Органикалық деменция лакунарлы және тотальды да болады. Лакунарлы деменция церебральды атересклерозбен, ми мерезімен науқастарда байқалса, тотальды – үдемелі салдануда, сенильді психозда, Пик және Альцгеймер ауруларында кездеседі.
Эпилепсиялық деменция (концентриялық) характерологиялық ерекшеліктердің аса өткірлігімен сипатталады, ригидтілік, барлық психикалық үрдістер ағымының баяулығы, ойлау баяулығы, байымдылығы, зейін ауыспалылығының қиындығы, сөз қорының азаюы, штампталған қайталанатын сөздерді қолдануға бейімділік. Мінезде бұлар қатаңдық, кекшілдік, ұсақшыл пунктуальдылық, педантизм және т.б. көрінеді. Патологиялық үрдіс аса үдемелі болғанда, ригидтілік пен байымдылық өсе түскенде адамның түрлі әлеуметтік қызметтерге қабілеті азаяды, ұсақ-түйекте тұрып қалады, қызығушылықтары мен әрекеттерінің шеңбері тарыла түседі (осыдан «концентриялы» - ақыл әлсіздігі атауы алынған).
Шизофрениялық деменция энергетикалық потенциал төмендеуімен, эмоциональды топастық дәрежесіне дейін жететін эмоциональды кедейленумен сипатталады. Интеллектуальды үрдістердің біртекті емес бұзылысы бақыланады: айқын ес бұзылыстарынсыз, формальды білім деңгейінің жеткілікті болуымен қатар науқас толықтай әлеуметтік дезадаптацияланған, тәжірибелік істе қауқарсыз болады. Аутизм, әрекетсіздікпен және өнімсіздікпен психикалық үрдістер бірлігінің бұзылыстары (психика ыдырауы белгілері) бақыланады.
Психоорганикалық синдром (энцефалопатия) салыстырмалы түрде жеңіл, бірақ айқын ақыл әлсіздігі дәрежесіне дейін жетпейтін, тұрақты интеллектуальды-мнестикалық төмендеумен сипатталады. Психоорганикалық синдромда ес әлсірейді, ойлау қызметі баяулайды, жаңа білім мен дағдыларды игеру қиындайды, пікір және критика деңгейі төмендейді, эмоциональды жеткіліксіздік дамиды. Кейбір науқастарда характерологиялық ерекшеліктері өткірленеді, ал кейбіреулерінде тұлға нивелировкасы бақыланады. Характерологиялық өзгерістер ерекшеліктеріне оны шақырған церебральды органикалық үрдістер ықпал етеді – қантамырлық, атрофиялық және т.б. Симтоматиканың жартылай кері дамуы немесе біртіндеп ауырлауы болуы мүмкін. Бас-ми жарақатынант кейін, ОЖЖ токсикалық, инфекциялық, қантамырлық зақымданулары кезінде байқалады.
Кемақылдық (олигофрения) - әртүрлі дәрежедегі ақыл кемдігі. Кемақылдық құрсақ ішінде, босану кезінде, бала туылғаннан кейін оның дамуының бастапқы сатысында мидың патологиялық үрдіспен зақымдалуының нәтижесі. Егер ақыл әлсіздігінде – интеллект қалыпты деңгейден төмендеген болса, кемақылдықта – интеллект ешқашан ересек адамның деңгейіне жетпейді. Кемақылдықтың бірнеше дәрежесін ажыратамыз: идиотия, имбецильділік, дебильділік.
Микроцефалия
Идиотия кезінде науқаста сөйлеу қабілеті болмайды, дағдылар игерілмейді, бала өзін-өзі күте алмайды, қоршаған адамдардан өзінің жақындарын эмоциональды түрде айыра алмайды, оқыту мүмкін емес.
Имбецильділікте әдеттегі мектептерде оқу қабілеті болмайды, тек арнаулы мектептерде оқуы мүмкін, сөздері жиі түсініксіз, ойлауы нақты.
Дебильділік кезіндеадамдар кейде аяқталмаған орта немесе толық орта білім алады, бірақ қиындықпен оқиды, оларға түсініктерді біріктіру қиын, абстрактылы қызмет мүмкін емес, материалды жаттанды оқытуды қажет етеді.
Аффективті синдромдар
Маниакальды синдром өзінің классикалық вариантында психопатологиялық симптомдардың триадасынан тұрады: 1) көңіл-күйдің көтерілуі; 2) ойлау ағымының жылдамдауы; 3) сөздік-қимылдық қозу. Бұл - синдромның облигатты (негізгі және тұрақты кездесетін) белгілері. Жоғары аффект психикалық қызметтің барлық саласына әсер етіп, екіншілік, яғни тұрақты емес маниакальды синдром белгілерінің пайда болуына алып келеді. Қоршаған ортаны ерекше ашық қабылдау, ес үрдісінде гипермнезия, ойлауда - өз мүмкіндіктері мен өзтұлғасын асыра бағалау, қысқа уақыттық ұлылық сандырақ идеялары, эмоционалды реакцияларда – ашушаңдық, еріктік салада – тілек, әуестіктердің өсуі, зейіннің жылдам ауыспалылығы; мимика, пантомимика және науқастың бүкіл сыртқы болмысы қуаныш белгісін бейнелейді.
Депрессиялық синдром облигатты симптомдардың триадасымен көрінеді: көңіл-күйдің төмендеуі, ойлау ағымының баяулауы, сөздік-қимылдық тежелу. Депрессивті синдромдардың факультативті белгілері: қабылдауда – гипестезия, иллюзиялық, дереализациялық және деперсонализациялық құбылыстар; мнестикалық үрдісте – таныстық сезімінің бұзылысы, ойлауда – ипоходриялық, өзін-өзі кінәлау, өзін-өзі кемсіту сипатындағы аса бағалы және сандырақтық идеялар; эмоциональды салада - қорқыныш және үрей реакциясы; қимылдық-еріктік бұзылыстар тілек пен әуестіктердің басылуы, суицидальды тенденциялар; қайғылы бет-әлпет және қалып, баяу, бәсең дауыс.
Үрейлі-депрессивтісиндром (ажитациялық депрессия синдромы), маниакальды ступор және өнімсіз мания өзінің шығу тегіне байланысты аралас жағдай болып табылады, депрессиядан манияға немесе керісінше. Классикалық депрессия мен манияға тән дәстүрлі психопатологиялық триада бұл жағдайда бұзылады, аффективті синдром өзінің кейбір қасиеттерін жоғалтады және аффективті жағдайға полярлы қарама-қарсы белгілермен көрінеді. Ажитациялық депрессия синдромында қимылдық тежелудің орнына қозу байқалады, яғни маниакальды жағдайға тән белгілер тәрізді көрінеді. Маниакальды ступор синдромында көтеріңкі көңіл-күй фонында қимылдық тежелу болады; өнімсіз маниямен науқастарда көңіл-күйдің көтерілуі, қимылдық тежеусіздік ойлау темпінің баяулауымен жүреді.
Депрессивті-параноидты синдром атипті аффективті жағдайға жатады. Оның ерекшелігі маниакальды-депрессивті психозға сәйкес келетін аффективті синдромға басқа нозологиялық формалар – шизофрения, экзогенді және экзогенді психоздар симптоматикасының қосылуы. Котар суреттегендей атипті аффективті жағдайға, ауқымдылық парафренді сандырағын жатқызуға болады: депрессия кезінде өз басының өзгергендігі сезімімен жүретін ипохондриялық күйзеліс, науқастың өзінің ішкі мүшелерінің жоқ екендігіне сенімділікпен, сыртқы ортаны, өмірді, өлімді жоққа шығару, өмірлік азапқа шалдығу идеяларымен гротескілі сипат алады. Галлюцинациялық, сандырақтық, сана күңгірттенуімен депрессия фантастикалық меланхолия деп аталады. Маниакальды күй шыңына жеткенде сана қарауытуы шатасқан мания жөнінде айтуға мүмкіндік береді. Аффекттің атипті көрінісіне эмоциональды дефект дамыған шизофрениямен науқастардағы апатиялық депрессия жағдайы да жатады.
Астенодепрессивті синдром. Бұл ұғымды кейбір авторлар (Е.А. Попов және т.б.) теориялық тұрғыдан жетілмеген деп есептейді, себебі, бір мезгілде астениялық және депессиялық синдромдардың қатар жүруінде. Бұл кезде келесі клиникалық фактіге көңіл аудару қажет, астения мен депрессия бірін-бірі жоққа шығаратын жағдайлар: астениялық бұзылыстың үлес салмағы жоғары болған сайын, депрессияның ауырлық дәрежесі соғұрлым төмен; астенияның күшеюіне байланысты суицидальды тәуекелдер азаяды, қимылдық және идеаторлы тежелу жойылады. Дәрігердің практикалық қызметінде астено-депрессивті синдром өте жиі кездеседі.
Маниакальды және депрессиялық синдромда әртүрлі психикалық аурулардың психопатологиялық симптомдарының түзілу сатысы болуы мүмкін, бірақ типті көріністерімен тек маниакальды-депрессивті психозда бақыланады.