Заманауи этика мәселелеріне арналған семинар жоспарын құрыңыз
Нақты өмірдегі адамгершілік құлықты, сол адамгершілік құлықты қалыптастырушы принциптер жиынтығы – моральды зерттейтін философиялық ғылымды біз «этика» деп атаймыз. Бұл жерде неліктен «әдептану» демеске деген сұрақ туындауы да мүмкін әрі ол орынды да.
Этиканың құрылымына келетін болсақ, ол 3 бөліктен тұрады:
1.Теоретикалық этика;
2.Нормативті этика;
3.Эмпирикалық этика.
Теоретикалық этика этиканың негізгі ұғымдарын, оның зерттеу пәнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді.
Нормативті этика негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік, ізгілік, ар-ождан, ұят, абырой, парыз және т.б. қарастырады.
Эмпирикалық этика белгілі бір кезеңдердегі адамзат ұйымдарының нақты адамгершілік келбеті жайында түсінік береді.
Егер семинар жоспарын құратын болсам, қазіргі этика мәселелеріне байланысты ең алдымен семинарды бастамас бұрын, оқушылардың амандасу этикасын байқар едім. Кейін олардың тәртіптерін, әдептіліктерін байқар едім. Осыдан «Этика» семинарын бастар едім. Менің ойымша, адамның амандасуынан, сөйлеуінен оның этикадағы, жалпы құрметтеуіндегі деңгейін байқауға болады деп ойлаймын.
Жоспар бойынша әр оқушыдан этика жайлы бар ойлары, пікірлерімен алмасар едім. Жалпы этика күнделікті өмірдегі барлық қарым-қатынастар. Сіздің қоғамдық транспорттарда, қоғамдық жерлерде, ресторандарда отыруыңыз, қандай-да бір іс-шарада жүріп, өзіңізді ұстауыңыз – бұның барлығына этиканың маңызы зор.
Осы семинар бойынша кейін өз ойларымды қосып, оқушылармен бірге қорытынды бөліміне келіп, семинарды аяқтаушы едім.
Қорыта айтқанда, қазіргі заманға байланысты біз нормативтік этиканы көптеп ұстануымыз керек. Мейірімді, ар-ұятымызды сақтап, адамгершілігі мол адам болуымыз керек.
Л Фараби ат.ҚазҰУ студенттерінің ар намыс этикалық кодексіде көрсетілген негізгі құндылықтарын жіктеңіз
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерінің қауымдастығы: - Университеттің жоғарғы санатты жəне адамгершілігі аса жоғары мамандарды дайындау миссиясын жүзеге асырудағы өз жауапкершілігін сезіне отырып, - Университеттік қауымдастықтың бір- лескен мəдениетін қолдау мен дамытуды, ҚазҰУ-дың Қазақстан Республикасындағы кəсіби мамандарды дайындаудың жетекші орталығы жəне отандық білім берудің көшбасшысы ретіндегі имиджін сақтауды өзінің міндеті ретінде санай отырып, - ҚазҰУ-да студенттермен, қызметкер- лермен жəне жоғарғы оқу орнының əкімшілігі арасында шынайы демократиялық қарым- қатынастар жүйесін қалыптастыруға ұмтыла отырып, - ҚазҰУ студентінің ар- намыс Кодексін қабылдады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті студенттерінің ар-намыс этикалық кодексінің тәрбиелік мәні зор. Ол студенттерді ұлттық мəдениет пен Қазақстан мемлекеттінің қалыптасу тарихын білуді жəне оларды қастерлеуді, университет дəстүрлерін кіршіксіз сақтауды жəне оларды құрметтеуді үйретеді. ҚазҰУ студентін басқа студенттермен, оқытушылармен жəне ҚазҰУ əкімшілігінің өкілдерімен қарым-қатынас барысында ізеттілік, кішіпейілділік жəне ұқыптылық танытуға баулиды. Ар-намыс кодексінің арқасында ҚазҰУ студенті өзінің оқу міндеттерін қатаң орындайды, төмендегідей академиялық нормаларды бұзушылыққа жол бермейді:
- Плагиат;
- Алдау;
- Шпаргалка пайдалану, білімді бақылаудың барлық деңгейлері мен түрлерінен өту барысында көшіру жəне біреуден сұрау;
- Білімді бақылау процедурасынан бөтен тұлғаның атынан өту;
- Жоғары баға алу үшін туысқандық немесе қызметтік байланыстарын пайдалану;
- Пара беру;
- Оқытушыны алдау жəне оны сыйламау;
- Сабақтарды жіберу жəне кешігу, оқу сабақтарына немесе олардың бір бөлігіне белгісіз себептермен қатыспау.
Студенттердің салауатты өмір салтын ұстануын, өзінің мəдени, адамгершілік жəне тұлғалық даму деңгейін жетілдіруге ұмтылуын, университеттің қоғамдық-мəдени, ғылыми жəне спорттық өміріне белсене атсалысуын қадағалайды.
Тұлғаның этикалық ұстанымдарына бұқаралық ақпарат құрылымдарының ықпалына схема құрастырыңыз
Этикет – тәртіп мағынасын беретін француз сөзі. Этика, этикет, этикетка, дипломатия, эстетика, ньюанс, такт, тактика, маневр – мағыналары жақын сөздер. Жиынтығы - әдеп әлемі. Бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты – қоғамның рухани құндылықтарын нығайту және адамдардың баға беруіне, пікірлеріне, мінез-құлықтарына идеологиялық, саяси, экономикалық, ұйымдастыру тұрғысында ықпал жасау. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әртүрлі тәрбиелік әсер ықпал ету жүзеге асады. Бұқаралық ақпарат құралдарының артықшылығы сол, педагогика мен мәдениеттің үлгілерін олар әсер етудің қайнар көзі ретінде қолдана алады. Тұлғаның ақпараттық сауаттылығы қатарына жаңа ақпаратты іздеу мәдениеті, оқу және ақпаратты қабылдау мәдениеті, жаңа технологиялар мен зияткерлік әдістемелердің көмегімен көлемді ақпаратты қайта өңдеу икемділігі, коммуникациялық құзыреттілік деңгейі, шетел тілдерін білу жатады.
Бұқаралық ақпарат құралдары адам баласы үшін дүниетанымдық тұрғыдан қосымша әлеуметтендіруші құрал ретінде қарастырылады және ол соған қызмет етуде. Тәрбие бесіктен басталып, БАҚ арқылы жалғасады. Тәуелсіздігімізді нығайту мақсатында Отанға деген сүйіспеншілік, яғни патриоттық тәрбие алдыңғы қатарға шығатыны сөзсіз.Осы тұрғыдан келгенде, қоғамдық сананы қалыптастыруда, әсіресе жас ұрпақ тәрбиесінде БАҚ-тың жетекші орынға шығып отырғаны өмір шындығы. Біздің ойымызша, БАҚ-тың ең киелі міндеті ақпараттық-ағартушылық ұстаным болуға тиіс. Қазақстан БАҚ-тарындағы ұрпақты аздыратын, ұлтты тоздыратын кейбір бейбастақтықты ауыздықтау проблемасы әбден шегіне жеткенін терең сезінуіміз керек.Яғни, БАҚ-тың ықпалы біреулер үшін оң болса, енді біреулер үшін кері әсері бар. БАҚ-тың бала тәрбиесіне әсері жөнінде айтылған тұста, оның тәрбиелік ықпалына көбірек көңіл бөліп, керісінше зиянды деп табылатын бағдарламаларға тосқауыл қоюдың уақыты келді. Сонымен қатар жас жеткіншектердің тұлға ретінде дамуына сәйкестігі мақсатында ақпараттық өнімді жасаушылармен тығыз байланыс жүргізуді ұйымдастыру жағы да қарастырылған. Ондай қарым-қатынасты жүзеге асыру саясаты тікелей мемлекеттік дәрежеде жүргізіледі. Ол үшін заң органдары әртүрлі нормативтік актілер дайындайды. Аталған елдердегі бұл шаралар БАҚ-тың қызметіне қол сұғу деп танылмайды. Өйткені, балалар тұтынатын БАҚ өнімдеріне деген көзқарас аталған елдердің ұрпақтың болашағына деген сергектігін көрсетеді. Ал бала тәрбиесіне жауапты ата-ана, мұғалімдер, БАҚ-тың әрбір мүмкіндігін пайдалана білгені жөн. Ата-аналар, мұғалімдер арасында жүргізілген сауалнамаларға қарағанда бала тәрбиесінде БАҚ-тың материалдарын пайдалану жолдарын білетіндері шамалы. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер баспасөзі бала бойына адамгершілік мінез нормалары мен ережелерін дарытуда үлкен насихатшы болып табылады, идеялық әсердің адамгершілік тәрбиесіндегі дәйектілігін көтереді. Сондай-ақ, теледидардан тек қажеттіні ала білуді үйрету қазіргі кездегі басты мәселелердің бірі болып табылады. Баланы ерте жастан теледидар көру мәдениетіне үйрету маңызды шаралардың бірі. Баланың қандай ақпарат құралдарынан нені көріп, тыңдап, оқып жүргенін қадағалап отыру, олардың белгілі бір уақытта ғана теледидарды көруін тәртіпке ендіру де өз жемісін береді. Балалардың күнделікті әртүрлі жолдармен алған ақпараттарымен бөлісуіне мүмкіндік жасау ата-ана үшін баланы қызықтыратын ақпараттар туралы қосымша мәлімет алудың тағы бір әдісі болып табылады. Ата-аналар осы мәселелерді жолға қойған кезде өз балаларын дер кезінде зиянды әсері бар ақпараттардан қорғауға мүмкіндігі артады.