СҰйыҚтыҚтарды кӨк тамырҒа тамшылатып
ЕНГІЗУДІ ОРЫНДАУ
Мақсаты: көк тамырға тамшылатып кұю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тэулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын жэне қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).
Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қанның алмасуын кайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.
Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісіндегі ішіндегі беткі көк тамыр, білектің, қолдың, аяқтың көк тамырлары.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын жүйені, мақта шариктерін, дәке салфеткаларын, лотокты, штатив, клеенкалы жастықшаны, резеңке бұрауды,(венозды манжетка) екі кішкене үзындығы 4-5 см жіңішке лейкопластырьды, ҚЖАК, анафилактикалық шокка қарсы жинақ, дәрілік ерітіндісі бар флаконды сыртында науқастың аты тегі жазылған, қолғапты, палата№ .
Құжаттары:
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дәрілік затты қолдану нұсқаымен және дәрігердің тағайындауымен танысу.
2. Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Пациентпен сенімді қарым –қатынас орнату
4. Пациентке процедураның мақсатын және өтуі туралы дәрілік ерітіндінің енгізілуі туралы
ақпарат беру.
5. Пациентке ішегін және қуығын босатуын сұраңыз.
6. Процедураның жүргізілуіне рұқсат алыңыз.
7. Керекті күтім заттарын жинау.
8. Дәрігердің тағайындаған дәрісін алып, оны тағайындау парағымен салыстырыңыз.
9. Дәрілік заттың атын, концентрациясын, дозаын, енгізу жолын, сыртқы түрін, сақталу мерзімін
дауыстап оқыңыз, флаконға ашылған күнін және қолыңызды қойыңыз .
10. Бетперде, көзілдірік киіңіз, колды жууып антисептипен өңдеңіз.
11. Медициналық қолғапты киіңіз .
12. Тамшылатуға арналған жүйені құрастырыңыз (стандартты қара)
13. Науқасқа жайлы жағдай алуға көмектесіңіз (емшара науқастың арқасымен жатқан қалпында жүргізіледі);
14. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.
15.Салфетка немесе ішкі киімнің үстіне иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне бүрауды байлаңыз.
Көк тамырды тесетін жерін қараңыз.
16.Тамыр соғуын тексеріңіз.
17.Науқастан бірнеше рет жүдырығын қысуын және жазуын сұраңыз, бұл көк тамырдың қанмен жақсы толуы үшін, сосын жұдырығын қатты қысып тұруын сұраңыз.
18.Көк тамырды саусақпен басып, сезіңіз. Қолға киген қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.
19. Көк тамырды тесетін жерін 2 рет мақта шариктерімен тазартыңыз, үшінші мақта шаригін сол қолдың IV-V саусақ аралығына алыңыз.
20. Жүйедегі инъекңиялық иненің қалпағын алып, ерітіндіні тамшылатып жіберіңіз, көк тамырды сол қолдың үлкен саусағымен басыңыз.
21. Тері астына инені 25° бүрышпен, теріге қатарластыра енгізіңіз. Оның бүрышын азайтыңыз.
22. Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген жері аймағының терісін біраз қозғалтып, шетіне қарай тартыңыз, көк тамырды бекітуге және қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып, көк тамырға қатарластыра ұстап, көк тамырды тесіңіз, сосын абайлап иненің үштен бір үзындығын көк тамырға енгізіңіз, «қуысқа» түскенін сезгенше.
23. Ине кок тамырда екеніне козіңізді жеткізіңіз; иненің канюлясы және жүйенің резеңке түтігі аралығындағы инъекңиялық түйінде қан көрінеді.
24. Сол қолмен бұрауды босатыңыз, (манжетканы) науқастан жүдырығын жазуын сүраңыз.
25. Ине тамырда екеніне козіңізді жеткізіңіз.
26. Түтіктің бір бөлігін және инеге лейкопластырьды жапсырыңыз, көк тамырдың тесілген жерін салфеткамен жабыңыз.
27. Жүйенің қысқышын ашыңыз.
28. Алғшқы 1-2 минутында дәрілік ерітіндіні өте баяу жіберіңіз және науқастың жағдайын бақылаңыз.
29. Тамшының таму жылдамдылығын қысқышпен реттеңіз (минутына 20-60 тамшы).
30. Бірнеше минуттай дэрілік ерітіндінің енуін бақылаңыз, қарап шығыныз, тері астына ертінді түспеу керек. Науқастың жағдайын бағалаңыз.
31. Енгізу жылдамдыгы түрақты болуын қадағалаңыз.
32. Дәрілік ертіндіні қүйып жатқан уақытта, науқастың көңіл-күйін жэне қал- жағдайын бақылаңыз.
33. Емшара біткен соң жүйедеғі қысқышты жабыңыз, көк тамырдан инені шығарып, спирттелген 3-ші мақта шаригін 3-5 мийутке басыңыз. Науқастың қолын шынтақ буынында бірнеше минут бүгіңіз.
34. Жүйе мен инені,(қақпақшасын жаппай) қолданылған мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерғе салыңыз.
35.Қолыңызды жуып, қүрғатыңыз.
Ескерту:
- қосымша дәрілік ертіндіні енгізу жүйедегі инъекңияға арналған түйін арқылы шприңпен жүргізіледі. Инъекңия жасар алдында резеңке түтік спирттелген мақта шаригімен сүртіледі, тесетін жерден жоғарыда резеңке түтік қан тоқтататын қысқышпен кыстырылады;
- флакондарды ауыстыру тамызғыштын босамағанша жасалады. Ол үшін қысқышты жабады, жаңа флаконнын тығынына алдымен жүйенің қысқа шетіндеғі инені енгізеді, сосын ұзын түтіктің инесін енгізеді;
- науқастың қал-жағдайын бақылаңыз, сүраңыз, дәріні енгізген жерінде ауырсынуды сезе ме? Егер де науқас ауырсынуды сезінсе немесе инъекңия жасаған жерде ісікті көрсеңіз, онда қысқышты жабу және инені шығару қажет.
Асқынулары: сепсис, ауа эмболиясы, гематома, тромбофлебит, флебит, ВИЧ СПИД-ттің
жұғуы, анафилактикалық шок.
33. ТЕРІ АСТЫНА ИНЪЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ
Мақсаты: емдік-тері асты майлы тіндерге дәрілік ерітіндіні енгізу, жергілікті жансыздан-дыру.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.
Қарсы көрсетілімдері: дәрігерлерге аллергиялық реакцияның болуы, инъекция жасайтын жерде кез келген терінің және тері асты майлы тіндердің зақымдануы.
Енгізілетін жерлері:иықтың жоғары бөлігі сыртқы беті, санның ортаңғы бөлігі алдыңғы беті, іш перделік беттің алды, жауырын асты.
Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1-2 мл шприцті, ұзындығы 20 мл инені, мақта шариктерін, тері антисептигі, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, 70% спиртті немесе ылғалданған арнайы спиртті салфетка, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).
2. Науқастан мәлімет алыңыз (дәрі-дәрмектерге аллергиясы бар жоқтығын анықтаңыз)
3.Науқасқа дәрі- дәрмектер туралы қажетті ақпарат беріп, емшара барысы мен
мақсатын түсіндіріңіз.
4. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз.
5. Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, құрастырыңыз (стандартты қараңыз).
6. Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараңыз).
7. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз, отырғыңыз немесе жатқызыңыз.
8. Қолыңызды тері антисептигімен қайта өңдеңіз.
9.Спирттелген екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен:
ең бірінші үлкен көлемді, сосын тура инъекция жасайтын жерді тазартыңыз (мақта
шариктерді контейнерге салыңыз).
10. Сол қолдың ІV - V саусақ арасына тері антисептигімен өңделген үшінші мақта шаригін ұстаңыз.
11. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен иненің канюлясынан, V саусақпен - шприцтің поршенін, III, IV, I саусақтармен цилиндрдің төменінен ұстаңыз.
12.Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың I және II саусақтармен иықтың негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаңыз.
13.Тері қыртысының негізіне инені 45° С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 1-1,5 см тереңдікке енгізіңіз, сұқ қол саусағымен иненің канюлясынан ұстаңыз.
14.Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырмаңыз), IІ және IIІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып алып, І саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.
15.Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз. Науқастың қал жағдайын сұраңыз.
16.Иненің канюлясынан ұстап отырып, инені жылдам қимылмен шығарыңыз.
17.Шприцті қақпағын жаппай, мақта шариктерін ҚЖАК салыңыз.
18.Қолғапты шешіп, ҚЖАК тастаңыз.
19. Қолды жуып, құрғатыңыз.
Болатын асқынулар: инфильтрат, абсцесс, дәрілік ерітіндіні қате енгізу, вирустік гепатит, АҚТҚ, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок, майлы эмболия, сепсис.
34. ИНСУЛИНДІ ЕНГІЗУ
Мақсаты: қандағы глюкоза деңгейін төмендету үшін белгіленген уақытта инсулиннің дәл дозасын енгізу.
Қолдануға корсетілімдері: инсулинге тәуелді қант диабетін, кетоацидозды, команы емдеу.
Қарсы көрсетілімдері: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция болған жағдайда.
Енгізілетін жерлері: иықтың және жамбастың сыртқы беттері, жауырын асты аймағы, іш пердесінің алдыңғы беті.
Қажеттілерді дайындау: флакондағы инсулин ерітіндісін, 70° спиртті немесе ылғалданған арнайы спиртті салфетка, залалсыздандырылған: пинцетті, 2 мақта шариктері спирттелген, 1 мақта шаригі құрғақ , бір рет қолданылатын инсулин шприцін, антисептикті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).
2. Науқастан мәлімет алыңыз (дәрі-дәрмектерге аллергиясы бар жоқтығын анықтаңыз)
3.Науқасқа дәрі- дәрмектер туралы қажетті ақпарат беріп, емшара барысы мен
мақсатын түсіндіріңіз.
1. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып өңдеңіз.
2. Инсулин флаконын тоңазытқыштан алып: бүтіндігін, атын, мөлшерін, сақталу мерзімін қараңыз. Ем тағайындайтын парақпен дозасын салыстыра есептеңіз.
3. Ұзақ уақытқа әсер ететін инсулин флаконын 3-5 минуттай екі алақан арасында ысқылаңыз, тұнып тұрған ерітінді бір қалыпта араласуы қажет және оны сілкілемеңіз.
4. Қысқа уақытқа әсер ететін инсулиннің түсі мөлдір болады, флакондағы инсулин температурасын 36-37°С дейін су моншасында жылытыңыз.
5. Инсулин шприцін алып, сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріп, орауды ашып, шприцті құрастырыңыз.
6. Флаконның қақпағын пинцетпен ашыңыз.
7. Флаконның резеңке тығынын спирттелген мақта шаригімен тазартып, спирт кепкенше күтіңіз.
8. Инсулин шприцін қолға алып, қанша бірлік инсулин сорып алу қажеттілігін есептеп, шприцке ауа сорып ала отырып, шприцтің поршенін тартыңыз, ауаның мөлшері, енгізілетін инсулиннің дозасына тең келуі тиіс. (Түбі резеңкелі флаконға ауа жіберуге болмайды).
9. Шприцке сорып алынған ауаны флакондағы инсулинге енгізіңіз, тағайындалған дәл дозаны алғаныңызға көз жеткізіңіз.
10. Науқастың дайындалуын сұраңыз, қолыңызды антисептикпен өңдеңіз.
11. Науқасты жатқызып немесе отырғызып енгізіңіз (тұрған қалыпта енгізуге болмайды).
12. Инъекция жасайтын орынды таңдап, алдымен бірінші спиртті мақта шаригімен үлкен көлемді, екінші мақта шаригімен тура инъекцияның орнын өңдеңіз. Спирттің кебуін күтіңіз.
13. Сол қолда құрғақ мақта шаригін IY, Y саусақ арасында қалдырыңыз
14. Енгізер алдында шприцті тексеріп, ауаның жоқтығына көз жеткізіңіз.
15. Шприцті оң қолыңызға алып, II саусақпен канюляны, I, III, IY саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.
16. Сол қолдың I және II саусақтарымен терінің тазартылған бөлігін үш бұрыштап жинаңыз.
17. Тері астына 30-45° бұрышпен иненің қиығын жоғары қаратып ұстап, инені жылдам қозғалыспен енгізіңіз.
18. Сол қолды босатып, бас бармағыңызбен поршенді басыңыз (ерітіндіні жіберу үшін).
19. Инсулинді жаймен еңгізіңіз.
20. Жылдам қозғалыспен инені шығарып, құрғақ залалсыздандырылған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.
21. Науқасты тамақтандырыңыз.
22. Қолданылған шприцті, мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
23. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Асқынулар: аллергиялық реакция, майлы дистрофия, ісіктер.
ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫ