Жеке жетістікке жету бойынша тренингтік сабақ әзірлеу немесе психологиялық ертегі құрастырыңыз

Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып: - Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әр қайсың маған байлыктарың мен ақылдылықтарынды көрсетулерің керек,— дейді. Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің көзін көрсетіп: - Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды,—дейді. Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де: - Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,— дейді. Үшінші ұлы күміспен және алтынмен апталған белдігін буынады да: - Мұндай белдікті ешкім, ешқашан буынып көрген емес,—дейді. Әкесі үлкен балаларына қарап, басын шайқайды да, ең кіші ұлына бұрылып: - Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?— дейді. Сонда кенжесі: - Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, алтын-күміспен апталған белдік те жоқ. Тек жұмысқа жарамды екі қолым бар, кайрат-жігерге толы жүрегім бар,— дейді. Шалға кенже баласының тапқыр да ойлы сөзі ұнайды. - Жұмыс істей білген адам жұтамайды, -деп, өзінің кенже ұлын үй шаруасын басқаруға мұрагерлікке атайды. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпай, талабын орындауды өсиет етеді.

Психологиялық релаксация техникасы стрестің негативті салдарының алдын алу әдісі ретінде әсерін түсіндіріңіз

Релаксация (латын тілінде relaxatio — босаңсу, бойын еркін ұстау) — бойындағы психикалық ширығудан, бұлшық еттерінің барынша босаңсуы.

Жұмыс аптасының аяғында оқу Орталығының қызметкерлері дәл осындай босаңсуды қажет етеді. Орталықта кейбір қызметкерлер бүкіл жұмыс күні бойына монитордың алдында отырады, бұл кейбір бұлшық еттер мен буындарға ауырлық түсіреді, ал енді біреулері бірнеше сағаттап тыңдаушыларға лекция оқиды, осының барлығы физикалық та, психологиялық та шаршауға, организмнің әлсіреуіне алып келеді. Шаршауды және бойдағы ауырлықты шығару үшін, оқу жоспарына сәйкес, апта сайын психологиялық тренинг жүргізген дұрыс.

«Табиғат дыбыстары» деген сияқты әртүрлі психологиялық релаксация әдістері көп. Орталықтың қызметкерлері, психологиялық сергу бөлмесінде қараңғыланған терезе мен әлсіз сәуленің аясында жұмсақ орындыққа жайлана жайғасып, көздерін жұмып, терең және баяу дем ала отырып, ақырын естілетін, тыныштандыратын әсем әуенді, табиғатта кездесетін бейнелі дыбыстарды тыңдайды – бұл құстардың сайрауы, бұлақтардың сылдыры және т.б.

Сеанс аяқталған кезде, тренингке қатысушылардың әрқайсысы өзінің алған әсерімен, релаксация кезіндегі сезімімен бөліседі. Мұндай тренингтерді өткізу шаршағанды басады, дененің барлық бұлшық еттерін босаңсытады, қозғалыста жеңілдік, көтеріңкі көңіл-күй пайда болады, адам өзін-өзі жақсы сезінеді және тонусы көтеріледі.

Л-Фараби ат.ҚазҰУ студентінің ар-намыс кодексінің баптарын талдаңыз.

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерінің қауымдастығы:

- Университеттің жоғарғы санатты жəне адамгершілігі аса жоғары мамандарды дайындау миссиясын жүзеге асырудағы өз жауапкершілігін сезіне отырып,

- Университеттік қауымдастықтың бірлескен мəдениетін қолдау мен дамытуды, ҚазҰУ-дың Қазақстан Республикасындағы кəсіби мамандарды дайындаудың жетекші орталығы жəне отандық білім берудің көшбасшысы ретіндегі имиджін сақтауды өзінің міндеті ретінде санай отырып,

- ҚазҰУ-да студенттермен, қызметкерлермен жəне жоғарғы оқу орнының əкімшілігі арасында шынайы демократиялық қарым- қатынастар жүйесін қалыптастыруға ұмтыла отырып,

- ҚазҰУ студентінің аталып отырған ар- намыс Кодексін қабылдайды жəне оны қалтқысыз орындауға міндеттенеді.

Бап.

ҚазҰУ студенті Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, ҚазҰУ Жарғысына, ішкі тəртіп Ережесіне, жатақханада тұру Ережесіне жəне басқа да ҚазҰУ- дың нормативті актілеріне бағынады.

Бап.

ҚазҰУ студенті ұлттық мəдениет пен Қазақстан мемлекеттінің қалыптасу тарихын біледі жəне оларды қастерлейді, университет дəстүрлерін кіршіксіз сақтайды жəне оларды құрметтейді.

Бап.

ҚазҰУ студенті басқа студенттермен, оқытушылармен жəне ҚазҰУ əкімшілігінің өкілдерімен қарым-қатынас барысында ізеттілік, кішіпейілділік жəне ұқыптылық таныта- ды.

Бап.

ҚазҰУ студенті кез келген азаматқа оның шығу тегі мен ұлтына, əлеуметтік дəрежесіне, діни немесе дүниетанымдық ұстанымдарына қарамастан, құрметпен қарайды.

Бап.

ҚазҰУ студенті өзінің оқу міндеттерін қатаң орындайды, төмендегідей академиялық нормаларды бұзушылыққа жол бермейді:

- Плагиат;

- Алдау;

- Шпаргалка пайдалану, білімді бақылаудың барлық деңгейлері мен түрлерінен өту барысында көшіру жəне біреуден сұрау;

- Білімді бақылау процедурасынан бөтен тұлғаның атынан өту;

- Жоғары баға алу үшін туысқандық немесе қызметтік байланыстарын пайдалану;

- Пара беру;

- Оқытушыны алдау жəне оны сыйламау;

- Сабақтарды жіберу жəне кешігу, оқу сабақтарына немесе олардың бір бөлігіне белгісіз себептермен қатыспау.

Бап.

ҚазҰУ студенті университет мүлкінің сақталуына қамқорлық жасайды жəне университет аумағында жүгенсіздік көріністерінің орын алуына жол бермейді.

Бап.

ҚазҰУ студенті университеттің кітапханалық-ақпараттық ресурстарына қамқорлықпен қарайды жəне бұл ресурстарға қатысты салғырт қараушылық пен нұқсан келтірушілікке жол бермейді.

Бап.

ҚазҰУ студенті ұқыптылықты сақтайды. Оның сыртқы түр келбеті этикалық жəне эстетикалық нормаларға сəйкес келеді.

Бап.

ҚазҰУ студенті салауатты өмір салтын ұстанады, өзінің мəдени, адамгершілік жəне тұлғалық даму деңгейін жетілдіруге ұмты- лады, университеттің қоғамдық-мəдени, ғылы- ми жəне спорттық өміріне белсене атсалысады.

Бап.

ҚазҰУ студенті университетте жəне оның аумағынан тыс жерлерде де құқық бұзушылық əрекеттерге жол бермеуге тиіс.

Бап.

ҚазҰУ студенті тəртіп бұзуға бағытталған ақпараттың таратылуына жол бермеуі, сондай- 5 ақ заңмен рұқсат етілмеген жиналыстарға, демонстрацияларға, митингілерге, ереуілдерге, акцияларға жəне шерулерге қатыспауы тиіс.

Бап.

ҚазҰУ студенті университет мүддесіне қайшы келетін жəне ҚазҰУ имиджі мен беделіне нұқсан келтіретін кез келген іс- əрекетке қатысудан бой тартады.

Бап.

ҚазҰУ студенті аталған Кодекс ережелерінің бұзылуын анықтаған сəтте оны өз күшімен түзетуге тырысады, ал мұндай əрекет мүмкін болмаған жағдайда бұл келеңсіздіктер туралы студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарына немесе ҚазҰУ əкімшілігіне хабарлауға құқылы.

Наши рекомендации