Тиімді бақылау мінездемелеріне сипаттама беріңіз
Бақылау басқарудың маңызды әрі күрделі қызметі, еңбек өнімділігін, қызметкерлердің ынта-жігерін арттырудың басты құралы.
Бақылаудың басты принциптерінің бірі — бақылау тұтастай қамтылуы тиіс. Бақылау ісі тек менеджерлердің және оның көмекшілерінің ғана міндеті емес. Әрбір басшы, қызмет лауазымына қарамастан, өзінің тікелей жауапты міндеті ретінде бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Істің анық-қанығын жете білетін, соған білім өрісі жететін, әрі басқаларға үлгі-өнеге көрсете алатын адамдар ғана бақылай алады.
Бақылаудың келесі принципі - ол басқару процесінің негізгі элементі болып саналады. Барлық басқа кызметтерді одан бөлек қарастыруға болмайды.
Тиімді бақылаудың басты принциптері -жүйелік және жанжақтылық.Бақылаудағы мақсаттылық та, яғни тексеру барысында тек кемшілікті ашып қана қоймай, сондай-ақ оны жою шараларын қарастырудың зор маңызы бар.
Бақылаудың негізгі үш түрі бар: алдын ала, ағымдық, қорытынды. Іске асыру бойынша бақылаудың түрлері ұқсас, себебі олардың алдына қойған мақсаттары бірдей: нақты алатын нәтижелер талап етілетін нәтижелерге жақын болуы керек. Олардың айырмашылықтары іске асырылатын уақытында ғана.
Жоспарлау мен жаңа ұйымдық кұрылымдарды құруда бақылауға сирек жатқызса да, олар ұйымның қызметіне алдын ала бақылауды жүргізуге мұмкіндік береді. Бақылаудың бұл түрі алдын ала деп аталады, өйткені ол жұмыстың басыңда жүзеге асырылады. Алдын ала бақылауды жүзеге асырудың негізгі құралдарына анықталған ережелерді, процедураларды және тәртіп сызықтарын жүргізу жатады. Ұйымдарда алдын ала жүргізілетін бақылау материалды, қаржылық және адамдардың қатынасы бойынша қолданылады.
Адам ресурстары облысындағы алдын ала бақылау қандай да болмасын міндеттерді орындау үшін қажет және дайындықтан өткен, мамандандырылған адамдарды тандау, іскерлік және профессионалды, білімді таңдау есебінде іске асырылады. Қабылданатын жұмысшылардың тапсырылған мін-деттерін орындай алатындығына көз жеткізу үшін білім деңгейін немесе жұмыс стажын бекіту керек және сипаттамалары мен кұжаттарын тексеру қажет. Сапасыз шикізаттан жоғары сапалы өнім шығару мүмкін емес. Сондықтан да өнеркәсіптік фирмалар қолданылатын материалдық ресурстарына міндетті алдын ала бақылауды бекітеді. Бақылау сапаның минималды деңгейінің жасалу стаңдарттары және осы талаптарға түсетін материалдарға сәйкес физикалық тексеру жүргізу жолдарымен іске асырылады. Алдын ала бақылаудың бір әдісі — техникалық шарттарға сәйкес материалдармен жаб-дықтау мүмкіндігін дәлелдеген жабдықтаушының тандауы. Материалды ресурстарды алдын ала бақылаудың әдісіне ұйымның дефицитті болдырмайтын деңгейдегі қорлармен қамтамасыз етуі жатады.
Каржы ресурстарын алдын ала бақылаудың маңызды кұралы бюджет болып табылады (ағымдағы қаржы жоспары). Ол жоспарлау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Бюджет алдын ала бақылаудың механизмі егер ұйымға қолмақол қаражат қажет болған кезде қаражат болады деген сенім туғызғанда қалыптасады. Бюджеттік шығынның шекті мәнін қалыптастырады және қандай да болмасын бөлімнің немесе ұйымның қаражаттарын тауысады.
Ағымдағы бақылау жұмыс жүргізгенде тікелей жүзеге асырылады. Оның объектісі — қол астындағы жұмысшысы, ал өзі тікелей басшысының артықшылығы болып табылады. Қол астындағы жұмысшыларының жұмысын ұнемі тексеріл отыру, пайда болатын және жұмысты жетілдіруге қатысты мәселелерді талқылау бекітілген жоспарлар мен инструкциялардан ауытқудан шығуға мүмкіндік туғызады. Егер де бұл ауытқулар дамып кетсе, олар ұйымға қиындықтар әкелуі мұмкін.
Ағымдағы бақылау жұмысты орындаумен бірге бір уақытта жүргізілмейді. Ол жұмыс орындалғаннан кейін алдына қойған мақсаттан алынған нақты нәтижелерді өлшеуге негізделеді. Бұндай жолмен ағымдағы бақылауды іске асыру үшін басқару аппаратына кері байланыс қажет. Кері байланыстың қарапайым мысалы ретінде, егер басшы өзінің қол астындағы жұмысшысының қателіктерін байқаса, онда ол жұмыс қана-ғаттанғысыз деп танылады. Кері байланыстың жүйесі басшыға көптеген мәселелерді анықтауға және алдына қойған міндеттерінің тиімді жолдан ауытқуына жол бермеуге мүмкіндік береді.
Егер жұмыс жүргізілу барысыңда талап етілетін мақсатқа жету үшін ағымдағы бақылауда кері байланыс қолданылса, оңда қорытынды бақылауда кері байланыс жұмыс орындалып біткеннен кейін қолданылады. Қызметті бақылап болғаннан немесе анықталған кезең біткеннен кейін нақты алынған нәтижелер талап етілетін нәтижелермен салыстырылады. Қорытынды бақылау мәселе пайда болғаннан кейін өте кеш жүзеге асырылады, ал профессор Уильям Ньюменнің ойынша, бұл бақылаудың екі маңызды қызметі бар. Бірінші қызметінің мәні — қорытынды бақылау ұйым басқарушысына жұмысты болашақта жүргізу керек болған жағдайда жос-парлауға қажетті ақпарат беруде. Басқарушы нақты алынған нәтиже мен талап етілетін нәтижені салыстыра отырып құрылған жоспарларының қаншалықты нақты екенін бағалауға мүмкіндік туады. Бұл процедура пайда болған мәселелер туралы ақпарат алуға және жаңа жоспарлар құруға жағдай жасайды. Екінші қызметі — ынталандыруға жағдай жасайды. Егер басшы ынталандыратын сый ақыны нәтиженің деңгейімен салыстырса, онда нақты жеткен нәтижені тура және объективті өлшеу керек.