Тыныштық кезінде және стимуляцияланған сілекейдің негізгі мінездемесі
Сілекейдің параметрі | Тыныштық кезіндегі сілекей | Стимулирленген сілекей |
Жылдамдығы, мл/мин | 0,25 – 0,31 | 1 – 3 |
рН | 6,5 – 6,9 | 7,0 – 7,5 |
Сілекейдің буферлік сиымдылығы | 4,25 – 4,75 | 5,75 – 6,5 |
Әртүрлі бездердің құрамы, сәйкестігі, бөліністің сапасы бір–бірінен ажыратылады. Құлақ маңы сілкей безінің ең көп көлемін фосфат құрайды, корбанат буфер орта деңгейі, без секретінің белокты көп бөлігін амилаза және каталаза құрайды. Құлақ маңы безі сілекейінде тыныштық күйде 20-25% құрайды, ал стимуляциялық сілекейде 50% құрайды. Жақасты және тіласты бездері сілекейінде орташа дәрежеде фосфат, продуцирлі амилаза бөледі. Жақасты безі 60-65% көлемде тыныштық күйде сілекей бөледі, тіласты 2-4% сілекей бөледі, кіші бездер 10% тыныштық күйде сілекей бөледі. Бұның құрамындағы сілекей аз фосфат болады, толықтай бездер бөлінбейді.
Негізгі және стимуляцияланған сілекей бөлінудің көлемімен сапасында айырмашылық болады. Сілекей бездері үшін физиологиялық ынталандыру ретінде ауыз қуысының механикалық рецепторлары мен шайнау бұлшықетінің проприорецепторлары, дәм сезу рецепторлары шайнау кезінде пайда болады. Стимуляцияланған сілекей бөлінудің жылдамдығы негізгі сілекей бөлуден 5-7 рет жоғары, әсіресе құлақ маңы безінің үлесі зор (табл. 5.20).
Тайсен ұсынған гипотезаға сәйкес сілекей бөлу екі фазадан тұрады. Мұны симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесі реттейді. Соған орай біріншілік және екіншілік сілекей бөлінеді.
Біріншілік сілекей. Симпатикалық жүйе жасушада аққуызды қосылысты түзілуін реттейді. Симпатикалық ұштары β-адренигергиялық рецепторлармен қосылып, норадреналин бөледі. Ол өз кезеңінде цАМФ өндірілуін қадағалайды. Сілекейдің белок өндіру сатысына цАМФ әсер етеді. цАМФ транскрипциясы, посттрансляционды модификация, көпіршік түзілуімен оның түтікше экзоцитозға дейін реттейді.
Парасимпатикалық жүйе электролиттердің және сұйықтықтың бөлінуін реттейді. Нерв талшықтарынан бөлінген ацетилхолин аценарлы клетканың беткейінде мускаринды м3-рецепторларымен байланысады. Нәтижесінде клеткада инозитол трифосфат ІnsP3 құрамы жоғарлайды. Бұл байланыс клеткада Са++ деңгейін жоғарылатады, бұл Сl- каналынан триггерлі белсендіруге әкеледі. Бұл канал ашылған кезде клеткаға Na+/K+/2Cl- транспортты жүйесімен жеткізілген хлор ионы клеткадан бездің жолымен шығады; электр бейтараптылықты сақтау үшін хлоридтің ізінен клеткадан натрий ионы да шығады. Осмотикалық нәтижелі градиент қан капиллярларынан бездің жолына сұйықтық әкеледі.
Екіншілік сілекей жолының «бүлінген» зонасына белсенді тасымалдау көмегі арқылы біріншілік сілекейде натрий және хлор ионы реарбцорбцияланады. Жолдың бүлінген аймақтарының қуысы болмауына байланысты, сілекейдің натрий және хлор иондарын алып тастау судың кері сіңуіне әсер етпейді. Бұл уақытта қанға сілекейден (бикорбанаттар – барлық ағзаның қышқылды–сілтілі балансын сақтайтын негізгі байланыс) келеді. Нәтижесінде гипотоникалық, жоғары емес буферлі құрылыста тыныштық сілекей түзіледі.
Стимуляцияланған сілекей. Біріншілік сілекейден хлор ионын натрий және карбонатты шығаратын белсенді транспорт сілекейдің бөлінуінің төмендеген кезінде әсерлі деп саналады. Жоғары жылдамдықта өзектен сілекейдің өтуі кезінде осы иондардың көптеген бөлігі қалады, сондықтан стимуляцияланған сілекей тыныштық кезіндегі сілекейге қарағанда. аздаған гипотоникалық және буферлі болып қалады.
Сілекейдің биохимиялық қызметтерін орындау мүмкіншіліктері оның өзіндік биофизикалық құрамымен анықталады: құрамы және жабысқақтығы. Сілекей ұйымдасқан сұйықтық, оның негізгі құрылымдық бірлігі мицелла болып табылады. Мицелланың ядросы кальций фосфаты оны фосфат иондары қоршайды, келесі «орбитаны» кальций ионы құрайды, ол өзінің айналасына су молекулаларын ұстап тұрады.
Мицеллярлы структура белсенді минеральды иондардың бір-бірінен шектеуге және олардың химиялық белсенділігіне мүмкіндік береді. рН-тың төмендеуі кезінде мицеллалардың тұрақтылығы тіс жегісі тұрақтылығының маңызды атрибуты. Мицеллярлы сілекейдің тағы бір әсері гель тәрізді консистенциясы, айқын жабысқақтық.
Сілекейдің жабысқақтығы сілекей безінің ацинарлы меткаларымен бөлінентін гликопротеидтердің ұзын полимері болатын муциннің құрамына байланысты. Жабысқақтығы ең жоғары – тіл асты (13,4 пуаз), безінің сілекейі орташа – жақасты және (3,5 пуаз) кіші бездерінің сілекейі, ең ағымы жоғары құлақ маңы безінің сілекейі (1,5 пуаз). Сілекейдің жабысқақтығын оның беткей құрамын анықтайды және оның ауыз қуысы мен тістің қорғаныш қабық түзеді.
Сілекейдің құрамы мен жоғарғы жабысқақтығын тағы бір құрамы анықтайды: әртүрлі бездердің секреттері араласпайды, сондықтан әрбір тістің минерализациясы оның қай бездің аймағында орналасқанына байланысты. Мысалы: ерте балалық тіс жегісі жоғары уақытша тістердің зақымдалуымен көрінеді. Ол бұл тістер жоғарғы еріннің кіші бездері, яғни төмен минерализацияланған сілекеймен қорғалады.