Моральдық бостандық және өнегелік жауапкершілік деген ұғымдардың түсінігін ашып беріңіз.
Мораль-теоретикалық абстракция мәселесі. Өнегелік қатынастарының негізгі құрылымдық элементі болып адамдардың қылықтары мен жүріс – тұрыстары табылады. Мораль сезімдер адамның оның өмірі мен қызметінің әр түрлі салаларында шығармашылық күштерді белсендіреді.
Жауапкершілік-жеке тұлғаның мораль талаптарын орындау тұрғысында сипаттайтын, оның мораль қызметінің ізгілік борышына сәйкестігін тұлғаның мүмкіншілік тұрғысынан сипаттайтын этика категориясы.
Рухани өмірдің қажеттерін өтеудегі адамзат қоғамының ең жоғарғы құндылықтары -шығармашылық, сүйіспеншілік, бостандық, еңбек пен бақыт, қайғы мен қуаныш сезімдерінің бірлігінен тұрады. Осылардың нәтижесінде қол жеткен табыстарды біз рухани құндылықтар дейміз.
Ең қиын, ең қымбат құндылық — бостандық. Философ Н.А.Бердяевтің пікірінше, адам баласы әрі өлшеусіз күш иесі, әрі әлсіз, ол бірде өмірге құл, бірде өмірге қожа, ол еркін өмір сүруге тиіс. Еркіндік дегеніміз — әрбір тірі организмнің дамуына, өсіп-өркендеуіне қажетті бостандық, ол әсіресе жеке тұлғаның өсуіне қажетті шарт. Адам еркін болғанымен, жауапкершілікті де сезіне білуі керек. Себебі өзі істеген іс-әрекетті еркімен істегендіктен, ешкімге жауапкершілікті арта алмайды.
Қазақстанның дәл қазіргі кезде әлемдік қоғамдастықта интеграциялануы, саяси экономикалық объективті үрдіске жылдам интеграциялануға дайындалуға кемел. Әлемдік тәжірибедегі жақсылық атаулыны бойға сіңіру, терең тамырлы ұлттық жақсылық атаулыны бойға сіңіру, терең тамырлы ұлттық дәстүрімізді жұмылдыру – табыс кілті. Маңызды міндеттің бірі – жаһандану үрдісіне ілесу. Өркениеттің бір белгісі азаматтық қоғам. Азаматтық қоғамдағы адамдар өз мемлекетінің болашағын жауапкершілікпен қарастырады, қоғам мәдени, өркениеттілікті, интеллектуалды даму деңгейінде болады. Кеше Кеңес дәуірінде бәрі жоғарғы жаққа тәуелді болып, жалтақтаса, бүгінтәуелсіздіктің арқасында, көп жетістікке жеттік. Демократиялық құндылықтар әлем мәдениетінің назарында тұр.
Еркіндік те жауапкершілік те, күнделікті өмірде қоғамның рухани кемелденуі үшін қажет екендігіне көз жеткіздік. Алдыңғы қатарлы өркениетті деген батыс елдерінің өзінде рухани тоқырау шеңгеліне түскен кезде Шығыстың рухани байлығының қажеттігін сезінеді. Ендеше, бізге Қазақстан азаматтарына Батысқа еліктеудің еш қажеттігі жоқ. Интернетке үйрену бұл әлеуметтік өркениеттен қоғамның қалып қоймауы, білім сапасын арттыру мақсатындағы шаралар, студенттердің мобилділігін арттыру болып табылады.
6.Өз мамандығыңыздың этикалық өлшемдерін анықтап беріңіз.
Өзін-өзі тәрбиелеу және кәсіби өзін-өзі жетілдіру жұмысына кіріспес бұрын ең алдымен өз жұмысының қандай бір мерзіміне сараптамасы болуы керек, оның дұрыс бағалануына және өз жұмысын одан әрі жетілдіруге деген маманның ұсынысы болуы керек.
Мамандық таңдау үшін әуестік қызмет ету мүмкін — болашақ маманның жеке рухани-адамгершілік құндылықтарының өзіндік образдық табиғи байланысын үйлестіреді. Егер адам саналы түрде әлеуметтік қызметкер мамандығын өз қалауынша және тұлғалық құндылықтарға сәйкес таңдаса, онда ол үшін моральды жағынан ауыр болмайды.
Әлеуметтік қызметкер және оның клиенті ең бірінші рет клиенттің өміріндегі өте қиын жағдайда кездеседі, яғни адамға қауіп төнген жағдайда кездеседі. Клиент үшін әлеуметтік қызмет мекемесіне келу ол үшін сыннан өту болып табылады. Солай болғандықтан бұл мәселені сәтті шешу үмітін ғана білдірмейді, сонымен қатар өзінің жауапсыздығын мойындайды, яғни өзінің тәуелді болғанына қарамастан адам ішкі дүниесін мойындағанмен бұл әрқашан да тұлға үшін мойындау өте қиын. Бұндай жағдайда әлеуметтік қызметкердің клиентті өзінің күшіне және өз-өзіне сенімсіздікті жеңе ала ма, өзіне сенімді бола ала ма, өзінің қоршаған ортасы жағынан өзінің қадір қасиетін сақтай ала ма, мұндай кезде әлеуметтік қызметкердің жеке адамгершілік құндылықтарына тәуелді.
Этика өлшемдеріне қажетті екі тәсіл:
Біріншісі өзінің қызығушылығын қол жеткен нәтижеге жатқызу, екіншісі - әлеуметтік салыстыру, қоршаған ортаның өзі туралы ойын әлеуметтік түрде салыстыру.
Экономика мамандығы байланысты этика өлшемдеріне мыналар жатады.
• өзінің ісіндегі өз рөлін сезіну
• өзін-өзі көрсетуге деген қажеттілік
• өмірін және кәсіби қызметін қызығушылықпен құру
• әр тілде ауызша және жазбаша түрде сөйлеудің технологиясын білу
• оның ішінде компьютерлік бағдарламаны, интернет арқылы сөйлесу жолдарын білу
• өз бетімен іздену, сараптау және қажетті ақпаратты таңдай білу;
• ұлттық, жалпы адамдық мәдениетті білу;
• өзін-өзі дамытуға деген ептілік;
• мақсатты анықтай білу, жоспарлау;
• шығармашылық ептілігін дамыту;
• өз бетімен жаңа білімдер алуға деген ептілік
• өзіне жауапкершілік ала білу;
• қоғамның талабы мен өзінің қажеттілігін ұштасуын көрсету;
• кәсіби қызметті өз бетімен орындауға деген дайындығы.