Азақ әдебиетінде «Көк бөрі» ұғымының пайда болуы

Ылыми жұмыстың зерттеу әдістері.

Жинақтау;

Жүйелеу;

Талдау.

Сауалнама жүргізу;

Сұхбат өткізу;

Бақылау жүргізу;

Энциклопедиямен жұмыс.

Зерттеу әдісі жұмыстың мақсатынан туындайды.Бұл еңбектің басты мақсаты жазушының жазу шеберлігін танытып мәлімдеумен емес,білім беру арқылы барынша тиімді қол жеткізуге болатынын дәлелдеу. Қаламгер мұрасындағы ұлттық нақышы бар шығармаларды оқыту тәрбие жүйесінің жай ғана бөлшегі емес.Аталған идеяны қабылдау- бұл салада тың бағыт ұсыну, ұлттық әдебиетіміздің әлемдік деңгейін дәстүрлі тарихи құндылықтармен үйлестіріп , оқыту мен тәрбиенің ұлттық жүйесін құру дегенді білдіреді.

Ғылыми жұмыстың актуальдігі.Қазақ әдебиетіндегі көк бөрі бейнесін Н.Ә. Назарбаевтың мәңгілік ел идеясымен ұштастыра зерттеу.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысы негізгі екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

II.Негізгі бөлім

азақ әдебиетінде «Көк бөрі» ұғымының пайда болуы

Түркі елінің көне әдебиетінде жануарлар атаулары қасиеттілік пен киелілік наным-сенімімен байланысты болған. Осы жайлы түрлі аңыз әңгімелер мен түркі еліне ортақ жырлар көптеп кездеседі.

Сан-қилы аңыз-әңгімелер мен тарихи деректерді бойына жиған «көк бөрі» жайлы деректер және оның арғы ата-бабамыздың, біздің өмірімізде алатын орны жалы мәліметтер кімнің болса да қызығушылығын оятатыны рас.

Мәңгілік елмен тамырласып жататын қазақ әдебиетіндегі көк бөрі ұғымының пайда болуы жайлы айтып кетсек.

Көк бөрі – түркі мифологиясындағы киелі ұғымдардың бірі. Көк бөріге қатысты әңгімелер ежелгі үйсін, түркі және моңғол аңыздарында кездеседі. Көк бөрі туралы аңыздардың қытай тіліндегі жылнамаларында сақталып қалған деректерде былай суреттеледі;
Бір халық жаугершілік заманда қырылған екен. Бетпақ дала ішінде аяқ – қолы шабылып жараланған он жасар бала ғана тірі қалғандығы айтылады. Ол балаға бір қаншық қасқыр жолығып, емізіп, қанын тоқтатып, жарасын жалап жазып алады.
Бала есейгенше сол қасқырмен бірге тұрған деседі. Кейін жаулар бала жігітті тауып алып, өлтіргенше буаз қасқыр Гауачан тауының терістігіндегі бір үңгірге барып жасырыныпты. Қаншық қасқыр осы үңгірде 10 бала босанады. Он ұл есейіп, үйленіп, көбейіп үлкен елге айналыпты – мыс. Он ұлының ең күштісінің Ашшина есімі олардың жалпы атына айналыпты, кейін халық үңгірге сыймайтын болған кезде Ашшинаның ұрпағы Асянь – Шад деген елбасы халықты үңгірден шығарып, олар түрік деген атпен Алтайды қоныс еткен.

Бұл мифтің де негізгі арқауы жануарлар мен адамдардың шығу тегі туралы тотемдік түсінікте жатыр. Бұл жерде қасқыр бейнесі архетип, яғни мифтік символ ретінде алынып отыр. Басқа мифтермен салыстырғанда бұл мифте ата-бабаларымыздың діни көзқарасы айқын аңғарылады. Басқа мифтерде қасқыр мен адамның некелесу себебі түсіндірілмесе, бұл мифте адамдар түгелдей күнәға батқандықтан да жаны пәк ұланға жар болуға тек күнәдан ада рухани бейне – қаншық қасқыр лайық келеді. Тотемдік мифтердің көбінде адамның неліктен белгілі бір аңнан пайда болғаны егжей-тегжейлі түсіндірілмейді, ал жоғарыдағы мифте қасқыр тотемі биіктеп, Тәңірінің ең сүйікті бейнесі ретінде биікке шығады.

Мен оқып танысқан «Ежелгі дәуір әдебиеті» кітабынан мынандай деректен екінші сұрағыма жауап алғандаймын. Енді «көк бөрі» аңыздарының шындығы қайсы десеңіз, б.з.V ғасырының бес жүз үйлі бөрі тайпасы Сарыжазық дейтін өз мекенінен көшіп, Алтайдың оңтүстігіне барып қоныстанады. Бұл заманымыздың 439 жылы болатын. Елді бастап барған бектің аты – Түркіт екен. «Түркіт» - «дулыға» деген сөз – күшті, ержүрек мағынасында айтылады. Түріктер сол заманда – ақ темір қорыта білген. Темірден қару – жарақ, қажетті бұйымдар жасаған. «Көк бөрі» аңызы осындай тарихи оқиғалардың елесі болуы мүмкін. [ 5 ] Түрік тайпалары ежелден өз туына бөрінің бейнесін тоқып салатын, соғысқа шыққанда атының басына бөрінің бас терісін қаптап салатын болған. Қасқырдың төтемдік рөлінің түркі халықтарының танымындағы орны ерекше.

Түбі бір түркі тілдес халықтардың ауызекі әдебиетінде түбірі, мағынасы бір сөздер көптеп кездеседі. Біреуі өзінің мәнін жоғалтып пайдаланудан шықса, енді бірі уақыт өте бейімделіп, тұрмыс-тірлікте қолданып келе жатыр. Сол сөздердің ішінде «Көк бөрі» сөзі. Бір қарағанда жай ғана бөрі, тарлан қасқырдың түсін білдіретін сөз тізбек сияқты болып көрінгенмен, түбірінде кең мағына жатқанын түсіндіріп көрейін. «Көк бөрі» сөзінің мағынасындағы «көк» сөзіне тоқталайық. Төмендегідей мағыналарды береді:


а) түпсіз тұңғиық аспан әлемі, әуе,
Құс алған көкке қарар (халық даналығы)
ә) Көк аспан - көк жүзі, аспан күмбезі
б) Көк күмбезі – аспан әлемі
в) Киіз үйдің керегесінен т.б. көктейтін түйенің терісінен істелген таспа, қайыс. Қарап тұрдым керегенің көгінен. (С. Сейтқазин) [ 1 ]
г) Заттың көгілдір аспан тәрізді түсі. Бала көкке құмар болады.
ғ) көк бөрі – азулы, адуынды деген мағынаны білдіреді.


М. Жармұхамедовтың «оғыз нама» дастанында «көк» сөзі айрықша жиі қолданылып бір – бірінен алшақ үш түрлі мәнге ие болып тұр:
А) Заттың сын – сипатын білдіретін кәдімгі «эпитет» түрінде («өң – шырыйы көк еді», «көк жарық түсті», «жарық айнадан көгілдірек», «көзі көктен көгірек», «көк бөрі», «көкжал арлан»)
Б) Белгілі бір заттың не кісінің тікелей аты («көк шатырымыз болсын», «оқты көкке атыңдар», «Көк – Оғыздың ұлының аты»)
В) Жаратушы, әмірі күшті Алла («көк тәңірі», «көктен көк жарық түсті», «қыз күлсе, көк тәңірі» мағынасында «тәңірі күлер еді, жыласа көк тәңірі жылар еді», «көк тәңірге мен өтемін») [ 2 ]
«Көк бөрі» сөзін талдау барысында ең негізгілерін атап айтатын болсақ;
Байрағымыз неге көк?
Түріктер өзінің шығу тегін неге көк бөріден таратады?
«Көк бөрі» туралы көптеген аңыздар шындыққа ұласа ма?
С.К.Игiбаевтiң «Түркі қағанатының құрылуы және оның күйреуі» атты тарихи еңбегiндегі айғақтары нені дәлелдеді?
«Оғыз қаған» жырындағы жол бастаған Көкжал бөрінің көк бөріге қатысы бар ма?
З. Тұрсынханұлының кітабы неге «Көк бөрілердің көз жасы» деп аталды?
Тудың көгілдір бір түстілігі бұлтсыз ашық аспан күмбезін еске түсіреді. Зеңгір көк ашық аспан барлық халық үшін әрқашан бейбітшіліктің, аманшылық пен тыныштықтың белгісі болған

«Бөрі» сөзіне түсініктеме

Түркі тектес халықтардың фольклорлық туындыларының ішінен мифологиялық бейне болып табылуы тегін емес. Шығармалардың басым көпшілігінде ол қоғам өмірінің сан қырлы аспектілерін ашатын, халықтың дүниетанымын өрнектейтін символ түрінде беріледі. Түркі халықтарының нанымында бөрі – рудың тотемі немесе нагуал, тәңірі мен пенделердің арасын байланыстырушы күш немесе шаманның ие-ықыласы ретінде беріледі.

Түсіндірме сөздіктегі «бөрі» мағынасын қарап, талдау жасап көрейік.

бөрі 1 зат. 1. Қасқыр, серекқұлақ.

2 тар. Түркі халықтарының тарихи жадындағы киелі ұғым, қасқырдың жағымды атауы. Аңыз бойынша БӨРІЛЕР түркілердің ұрпағын құтқарып қалған. (Қ. Ұ.Э.)Бөрі құтқарушы тотем ретінде «Оғыз наме» жырында, «Ергенеқон» дастандарында, татар халқының ақ қасқыр туралы әңгімелерінде, қазақ ертегісі «Ақ қасқыр» және т.б. түркі халықтарының аңыз-әңгімелерінде көп кездеседі. (Қ.Ұ.Э.)

3. ауыс. Қаныпезер, қаныпезер, қанышер адам. Өз баласын өз бөлтірігін өзі жеген бөрі емес пе? Бұл не деген сұмдық еді! (М. Иманжанов, адам)

БӨРІ 2 з.е. астр. 1 <лат. Iupus> Аспанның оңтүстік бөлігіндегі шағын шоқжұлдыз. Бөрі жұлдызы оңтүстік ендіктен көктемде көрінеді. (Қ.Ұ.Э.)

БӨРІ 3 з.е. көне, тар. Ежелгі түркі қағадарының дербес жасағына берілетін атақ.Бөрілер ежелгі түркі билеушілерінің жеке басын қорғауға арналған арнаулы жауынгерлер тобы.Жылнаманың бірінде бөрі атағын кейде қаған бекітіп отырады. Бұл жас ұландардың жауынгершілік айбарын арттыру мақсатымен істелген деген болжау бар.(Отырар энц.)Бөрілер жасағы соңыс ісін жетік меңгерген атақты батырлардан іріктеліп өздері де, аттары да темір сауытпен құрсаған. (Қ.Ұ.Э.)

4. ауыс. Тайсалмайтын, мықты, жаужүрек адам. Әділ, Еділ-қос бөрі қадіріңді білген кісінің өзегеін өрттей өртедің(Базар жырау,Шығ.)Жүз бөрі аз дамылдап алыстады да.Ат қайта қалың жауға “Абылайлап” жүз қыран мың сап қолға араласты,Орғыған асқар таудан судай тасты. (М. Жұмабаев шығ.)

Түркі тектес халықтардың фольклорлық туындыларының ішінен мифологиялық бейне болып табылуы тегін емес. Шығармалардың басым көпшілігінде ол қоғам өмірінің сан қырлы аспектілерін ашатын, халықтың дүниетанымын өрнектейтін символ түрінде беріледі. Түркі халықтарының нанымында бөрі – рудың тотемі немесе нагуал, тәңірі мен пенделердің арасын байланыстырушы күш немесе шаманның ие-ықыласы ретінде беріледі.

Тотем 1. Ілкі баба 2. Жолбасшы 3. Жас балаларды асыраушысы
Рух Дос рух а) Бақсылардың ие - қыласы. ә) Тумысынан керемет жан.
Қаскөй рух а) Сиқыршының жаны. ә) зорлықпен өлтірілгендердің жаны.
Хтоникалық хайуан   1.Адамдарды жейді. 2.Аспан денелерін жұтады. 3.Антын бұзғандарды талайды. 4.Моланы, көмбені күзетеді
Магиялық күш иесі Пайдасы 1.Бас сүйегі малды қорғайды. 2.Тісі тіл-көзден сақтайды. 3.Өті емге қолданылады. 4.Еті батырлық қасиет береді.
Зияны 1.Көз жанрымен арбайды. 2.Ізін басса, жылқыға зиян келеді. 3.Терісін киген адам ауру болады, не аңға айналады.
Көркем бейне 1.Жабайы жыртқыш. 2.Аллегорялық бейне
       

Көкбөрі арқылы аңызды тірілте отырып, тегімізден тамыр тартқан «рухты» іздеу, шақыру идеясы жатыр емес пе?

Ғалым Ә. Ахметов: Түркі тілдеріне арналған қасқыр‚ бөрі деген табу сөздер мен олардың орнына қолданылып жүрген қазақ тіліндегі: ит-құс‚ өзбек тіліндегі: итқұш (ит-құс)‚ тува тіліндегі ыт (ит)‚ чер ыъды (жер иті)‚ түрікмен тіліндегі месдан ит (дала иті) деген сөздер мен сөз тіркестері бәрі де этнографиялық мәнге ие болған лексика. Мысалы‚ бөрімен байланысты табу қазақ арасында да қатты сақталған. “Қазақ балаларына қасқырдың атын атауға болмайды‚ қасқыр малға шабады” деп сендірген. Өйткені олардың астарында дәстүрлі наным-сенімдерден туындайтын атын атаса ит-құс малға шабады немесе адамға қастандық істейді деген этнографиялық ұғымдар жатыр. Ит-құс атауымен бірге қара құлақ‚ ұлыма‚ серек құлақ‚ теріс езу секілді жанама атауларының бәрі сөз магиясына деген нанымның салдарынан туындаған эвфемизмдер, – дейді [8, 155 б.].

Ғалым Ш.Ч. Саттың деректеріне қарағанда түркі тектес халықтардың бірі тувалықтардың тілінде көптеген табу мен эвфемизмдер қалыптасқан. Сондықтан тувалықтар үйіне келген қонағымен ең әуелі сәлемдесіп алған соң жоғарыдағы табу сөздерді ауызға алмай‚ оларды эвфемизмдермен алмастырып: Мал-маганыңар ыт‚ куштан сол-дур бе?/Мал жандарыңыз ит-құстан аман ба? деп сұрайтын болған. Тува тілінде табуға айналған бөрінің ыт атауынан басқа чер ыъды (жер иті)‚ алтайның ыъды (алтайдың иті) деген эвфемистік атаулары да кездеседі [9, 42-45 бб.].

Қазақ және тува тіліндегі эвфемистік баламаларды салыстырғанда қазақ тіліндегі ит-құс деген сөздің көмескі этимологиясы айқындала түседі. Бұл күнде қазақ тілінде ит-құс сөзінің қос сөзге айналып‚ қасқыр деген бір ұғымды білдіргенімен‚ ит-құс о баста бөрі және бүркіт деген табу сөздерінің орнына қолданылған ит және құс деген дара эвфемизмдер екеніне көз жеткізуімізге болады.

Түркі халықтарына тән тыйымдар мен тотемдік нанымдармен байланысты қалыптасқан табу жайлы мәліметтер 1247-1318 жылдар арасында өмір сүрген Шыңғысханға дейін түркі халықтарының тарихын алғаш рет қағазға түсірген‚ бүкіл әлемге танымал‚ ғұлама ғалым Рашид-ад-Диннің Жамиғат тауарих/Жылнамалар жинағы деп аталатын парсы тілінде жазылған құнды еңбегінде берілген. Сонымен қатар Н.А. Алексеев‚ Г.П. Потанин‚ Л. Расони‚ С.П. Толстов‚ Д.Е. Хайтун‚ А. Золотарев сияқты ғалымдардың еңбектерінен кездестіруге болады. Ғылыми деректерге сүйенсек тотемизм және онымен байланысты тыйымдардың да түрлері түркі халықтарына ортақ екені байқалады.

Наши рекомендации