Интеллектуалды дамудың психологиялық-педагогикалық диагностикасы.
Интеллект – бұл білім мен іскерлік жиынтығы емес, оларды жетістік пен игеруге көмектеседі. Индивидтің жеткен ақыл-ой дамуы деңгейі оның интеллектуалды қабілеттеріне тәуелдігі.
Дегенмен де, ақыл-ой дамуы тек инттелектіге тәуелді емес, ол көптеген факторлармен шарттасады-деп те көрсетеді: Мәселен: мәдениетпен, өмір жағдайымен, оқу мекемесінің ерекшелігімен, оқыту әдістерімен т.б. Отандық психологияда тұтас зерттеу бағыттары ақыл-ой дамуы деңгейі мен оқыту мазмұны арасындағы, тәрбиелік әдістердің сипаты мен байланыстылығын анықтайды. Ойлауды қалыптастырудағы оқыту әдістерінің ролі туралы зерттеулер ақыл-ой әрекеттерін кезеңдермен қалыптастыру теориясымен байланыстырады. Бұл теорияларға негізделген еңбектерде ойлау дамуын басқарудың және оған жоспарлы әсер ету жолдары теориялық, әдістемелік жағынан өңделген. «Ақыл – ой даму деңгейі», «интеллект», «оқыту» түсініктерін қатар қойып қарастыру дұрыс емес. Бұл психологиялық феномендердің диагностикасы әртүрлі болуы мүмкін.
А.Бине, Ч.Спирмен, Л.Термен интеллект - деп интеллектуалды тестер арқылы өлшенетін нәрселерді атады. Интеллектуалдылық коэффциенті (IQ) интеллект синомине айналады. Психодиагностиктер интеллекттіні дұрыс өлшеу үшін әр түрлі міндеттерді немесе тапсырмаларды таңдады. Біреулері абстрактылы ойлау тапсырмаларын таңдап алды, себебі олар шынайы өмірде кездеспейді де өткен өмірде меңгерген білімдердің әсері тимейді деп есептеді. Ал, басқалары интеллект жасанды, өмірге сай келмейтін конструкттімен өлшеу қателік, оларды күнделікті өмірден алу керек деп есептеді. (Р.Стернберг).
Интеллект IQ мен теңестіріп, ХХ ғ. бірінші жартысындағы психологтар оны туа біткен және тұқым қуалайтын қасиет, дамудың шартарына тәуелсіз деді. Осыдан оның ұзақ уақыт бойы өзгермейтіндігі және тұрақтылығы туралы пікір қалыптасты. Жас ұлғайған сайын IQ өспейді деп есептеді. Адамның IQ көрсеткішін анықтау үшін сынаушыға берілген объекттер арасындағы логико- қатынастарын түзуді талап ететін тапсырмалардың бірқатарын орындау керек болады. Дұрыс орындалған тапсырмалардың баллдарының қосындысын стандарттыққа өткізеді. Міне осы IQ көрсеткіші болып табылады. Стандартты IQ индивидуалды көрсеткіштің статистикалық нормамен сәйкестігін көрсетеді. Ол өзінің орындау көрсеткіштері бойынша топты тестілеу нәтижелерінің жинағының осіндегі индивидтің алған орнын белгілейді. Интеллектуалды тестің нәтижесін дұрыс қолданып, бағалау үшін тесттік көрсеткіштер бойынша индивидтің алған орнының қаншалықты тұрақты екендігі туралы сұраққа жауап беру керек. Кейінгі зерттеулердің арқасында интеллектуалды тесттер адамдар арасындағы табиғи өзгешіліктерді емес, сыналу уақытына дейін қалыптасқан білім деңгейі мен ой ептілігінің болуымен анықталатындығын мойындайтын түсініктер өріс ала бастады.
Қазіргі кезде интеллектуалды тесттер жалпы қабілеттер ретінде немесе қабілеттердің тобы ретіндегі интеллекті өлшеу құралы ретінде өзін ақтаған жоқ. Психологтардың бір бөлігі «интеллект» деп жалпы қабілеттерді түсініп, IQ интелекттің көрсеткіші деп қарастырудан бас тартты. Олардың ойынша интеллекттіні бағалау үшін адамның мінез-құлқын ұзақ уақыт әр түрлі жағдайларда бақылау керек және әр түрлі іс әрекетте табысқа қалай жеткендігіне талдау жасай отырып бағалау керек. Психологтар индивидтің ақыл-ой дамуының тепе-тең бағасын алу үшін тесттік балл жеткіліксіз екенін көрсетеді. Бұл үшін тестілеу нәтижелерін басқа көздерден: бақылаулар, оқыту ерекшеліктерін талдау арқылы алынған мәліметтермен толықтырылу керек. Тестілеу нәтижелерін дұрыс интерпретациялау үшін келесі нәрселерді білу қажет:
- тесттерді орындаудағы сыналушының жаттығу дәрежесі туралы;
- тест орындау мотивациясы туралы;
- тестілеу кезеңдегі эмоционалды күйі туралы;
- тест бағаларына зерттеуші тұлғасының әсері туралы;
- тестілеуден алдын индивидтің жасаған іс-әрекеті және басқа мәліметтер туралы.
Осының бәрін ескере отырып, интеллектуалды тестті кейбір іскерліктер мен дағдылардың шынайы қалпын сипаттау үшін қолдануға болады деген қорытындыға келеміз және адамның ақыл-ой дамуындағы өзгерістер мен ығысуларын да көруге болады.
«Интеллектуалды тест»- деген ұғымды алғаш рет американ психологы Дж.Кеттел еңгізді. Кейінірек жаңа қадамды француз дәрігері, психолог Альфред Бине (1857-1911) жасады. Стэнфорд-Бине шкаласы деп аталады. 1939 жылы американ психологы Д.Векслердің құрастырған интеллектті өлшеу шкаласының бірінші формасы жарыққа шықты.
Неміс елінде кең қолданылған белгілі топтық тестінің бірі-Рудольф Амтхауэрдің интеллект құрылымының тесті.