Ексикалық трансформация.

Аударманың трансформациялық үлгісін жасауда аудармашы аударма үдерісі кезінде қиыншылық тудырған күрделі мәселені тауып, оның шешімін табу үшін аударманың басты мақсаты оның адекватты болуы екенін ескере отырып, қажетті аудармалық трансформацияларды жасауы тиісЛексикалық трансформациялардың екі түрі бар: формалды және мазмұнды.

Формалды лексикалық трансформация кезінде түпнұсканың лексикалық бірлігінің мағынасы өзгермейді:

Транскрипция– түпнұсқаның лексикалық бірлігін аударма тілінің әріптерін пайдалану арқылы оның дыбыстық тұлғасын өзгерту жолымен аудару тәсілі. Мыс., Шыңғысхан (қаз.) – Чингисхан (орыс.), Москва (орыс.) – Мәскеу (қаз.), т.б.

Транслитерация– түпнұсқаның лексикалық бірлігін аударма тілінің әріптерін пайдалану арқылы оның графикалық формасын сақтау жолымен аудару. Мыс, Шымкент (қаз.) – Шымкент (орыс), т.б.

Транскрипция және транслитерация тәсілдері туралы келесі тарауда кеңірек қарастырылады.

Калькалау– түпнұсқаның лексикалық бірлігін оның морфемалық бөліктерін немесе сөздерін (тұрақты тіркестер болғанда) аударма тіліндегі лексикалық сәйкестікпен ауыстыру арқылы жүзеге асырылатын аударма тәсілі.

Мазмұнды лексикалық трансформациялар (оларды алғашқы рет ғалым Я.И.Рецкер анықтаған) кезінде түпнұсканың лексикалық бірлігінің мағынасы өзгереді:

ұғымды нақтылау,

ұғымды жалпылау

модуляция.

Ұғымды нақтылау– біршама кең (тектік) мағынаға ие бастапқы тіл бірлігінің аударма тілінде тар (түрлік) мағыналы сөзімен алмастырылуы арқылы іске асатын лексикалық-грамматикалық трансформация (аударма тәсілі). Тектік ұғымды білдіретін сөздер, мысалы: көкөністер, жемістер, жиһаз, шығарма т.б. Ал түрлік ұғымды білдіретіндер: алма, алмұрт; құлпынай, қарақат; орындық, үстел; роман, әңгіме, т.б. Нақтылау тәсілі аударма тілінде кейде тектік ұғым болмаған жағдайында қажет болады. Аударма ісінде мұндай ұғымдардың мәнін анықтап, нақтылауға тура келеді. Мысалы, орыс тіліндегі «учащийся» сөзі қазақ тіліне контекске байланысты «студент», «мектеп оқушысы», «шәкірт» және т.с.с. деп аударылады.

Аудару кезінде ұғымды нақтылау кейде қиынға түседі (контексте қандай түрлік ұғымы (жеке, нақты сөз) жайлы болып жатқаны түсініксіз жағдайда).

Антонимдік аударма – түпнұсқада берілген ұғымның адекватты (дұрыс) баламасын беру үшін, оның сол ұғымға қарама-қарсы сөзбен алмастырылуы арқылы жүзеге асырылатын лексикалық-грамматикалық трансформация (аударма тәсілі). Сонымен бірге мұндай аударма барысында түпнұсқадағы болымды мағынаға ие сөз аударма мәтінінде оған қарама-қарсы мағыналы сөзбен аударылады және керісінше де солай болады. Мысал (орысшадан қазақшаға): «У меня все болит» «Ауырмайтын жерім жоқ» Я ничего не забыл Бәрі де есімде Антонимдік аударма – лексикалық-грамматикалық трансформация, онда түпнұсқадағы болымдық тұлғасы аудармадағы болымсыздық тұлғаға және керісінше болымсыздықтың болымдылыққа алмасуы ИЯ лексикалық бірлігінің қарсы мәнді ПЯ бірлігіне алмасумен ұштасады. Мысал: Nothing changed in my home town. Все осталось прежним в моем родном городе.Менің туған қаламда ештене өзгерген жоқ.Менің туған қаламда бәрі сол қалпында қалды.Ағылшын-орыс аудармаларында бұл трансформация түпнұсқада болымсыздық тұлғасы кері префиксті сөзбен қолданылғанда ерекше жиі қолданылады: She is not unworthy of your attention. Она вполне заслуживает вашего внимания.Бұған until және unless болымсыздық жалғаулы болымсыздық тұлғасын қолдану да жатады:The United States did not enter the war until April 1917. Соедененные Штаты вступили в войну только в апреле 1917 года.Құрама Штаттары 1917 жылдың сәуір айында ғана соғысқа қатысты. Additional expenditures shall not be made unless authorized. Дополнительные расходы должны производиться лишь с особого разрешения.Қосымша шығындар тек арнайы келісім бойынша шығарылуы керек. Антонимдік аударма шеңберінде ИЯ бірлігі ПЯ-ның тікелей қарама қайшы бірлігімен ғана емес, қарама қарсы ойды білдіретін басқа сөздермен және сөз тіркестерімен алмастырылуы мүмкін: The railroad unions excluded negroes from their membership. Профсоюзы железнодорожников не принимали в свои ряды негров.Темір жол профсоюзі өзінің қатарына негрлерді қабылдамады. Болымзыздықты басқа құралдармен, мысалы without жалғауының көмегімен білдіруге болатынын ескерген жөн: He never came home without brining something for the kids. Приходя домой, он всегда приносил что-нибудь детям.Ол әрқашан үйге келгенде балаларға бірдене әкелетін. Антонимдік аударманы қолдану өзге трансформациялардың (лексикалық немесе грамматикалық) қолданылуымен жиі үйлеседі: Their house had no screen doors. Двери у них были сплошные.(Болымсыздық тұлғасының болымдылыққа алмасуы screen doors тіркесінің мәні модуляциямен ұштасады) The people are not slow in learning the truth. Люди быстро узнают правду.Адамдар шындықты тез біледі. Лексикалық трансформацияның І себебі (өзі)

Ø ә. Лексикалық трансформацияның ІІ себебі

/Сөздердің семантикалық мағынасына байланысты/

Ø б . Лексикалық трансформацияның ІІІ себебі

/Сөздің контексттік мағынасы/

Ø в. Лексикалық трансформацияның IV себебі

/Сөздің эмоционалдық мағынасы/

Ø г. Лексикалық трансформацияның V себебі

/халықаралық сөздердің, қабылдау етістіктерінің, адвербиалды етістіктердің қолданылуы/

9.Аудармашыға қойылатын талаптар мен ұстанымдар

Француз гуманисі, ақын және аудармашы Этьенн Доленің (1509-1546) пікірінше аудармашы аударманың келесі бес негізгі ұстанымын ұстауы қажет: 1) аударылатын мәтіннің мазмұны мен аударатын авторының ниетін жете түсіну; 2) аударылатын тілді жете меңгеру және аударатын тілді соншалықты тамаша білу; 3) сөзбе-сөз аударудан аулақ болу, өйткені ол түпнұсқаның мазмұнын бұрмалап, формасының сұлулығын құртады; 4) аудармада жалпы жұрт қолданатын сөздерді пайдалану; 5) сөзді дұрыс таңдап, құрастыра отырып, түпнұсқадағы “әуезділікке” сай болатындай жалпы әсер беру. 1790 жылы ағылшын А. Тайтлердің “Принципы перевода” кітабында аудармаға негізгі талаптар былайша тұжырымдалған: 1) аударма түпнұсқаның идеяларын толық жеткізуге тиіс; 2) аударманың стилі мен баяндау мәнері түпнұсқадағыдай болуға тиіс; 3) аударма түпнұсқалық шығарма тәрізді жеңіл оқылуға тиіс. Бүгінгі күні айқын болып көрінгенмен мұндай талаптар өз мәнін жоғалтқан жоқ. . Ағылшын зерттеушісі Т.Сэвори түрлі авторлардың аудармашыға қоятын негізгі талаптарын біріктірмек болғанда бір-бірін жоққа шығаратын қызықты тізім алған: 1) аударма түпнұсқаның сөзін жеткізуге тиіс; 2) аударма түпнұсқаның ойын жеткізуге тиіс; 3) аударма түпнұсқа сияқты оқылуға тиіс; 4) аударма аударма тәрізді оқылуға тиіс; 5) аударма түпнұсқаның стилін көрсетуге тиіс; 6) аударма аудармашының стилін көрсетуге тиіс; 7) аударма түпнұсқа заманындағы шығарма ретінде оқылуға тиіс; 8) аударма аудармашы өмір сүрген замандағы шығарма ретінде оқылуға тиіс; 9) аударманың толықтырылуы немесе кейбір тұстардың алып тасталуы мүмкін; 10) аударма толықтыруды да немесе кейбір тұстарды алып тастауды да жасай алмайды; 11) өлең проза түрінде аударылуға тиіс; 12) өлең өлең күйінде аударылуға тиіс.

Аудармашылар нақты аудармашылық қызметті түрлі жағдайларда жүзеге асырады: аударылатын мәтіндер тақырыбы, тілі, жанры жағынан мейлінше сан алуан, аударма жазбаша немесе ауызша жасалады, аудармашыларға аударманың дәл және толықтығына қатысты әрқилы талап қойылады т.б. Аударманың жекелеген түрлері аудармашының ерекше білімі мен шеберлігін қажет етеді.

Қаншама елеулі болып көрінгенмен бүл айырмашылықтар аударма үрдісінің маңызын, жалпы лингвистикалық негізін алмастыра алмайды. Аударманың кез келген түрі ең алдымен тілдердің сәйкестігімен белгіленетін барлық ерекшеліктері бар аударма болып қала бермек.

Наши рекомендации