Тақырып. Жол-көлік апаттары – 1 сағат

Дәріс жоспары:

1. Көлік амалдары-жоғарғы дәрежедегі қауіп аймағы (қысқаша түрде көзіргі заманғы автобус, трамвай, троллейбус, метро) темір жол, су және авациялық көлік түрлеріне сипаттама.

2. Көлік амалдарын пайдалануда негізгі қауіпсіздік ережелері.

3. Апат қауыпы туған жағдайдағы сақтану ережелері.

Адамның өзі жасаған өмір сүру ортасының бірден бір бөлігі – көлік жүйесі. Кез-келген адам өзінің жасына немесе мамандығына қарамастан әр күні осы көліктің түрлерімен күнделікті пайдаланып жатады. Көлік адамның, тіпті қоғам өмірінің бөліп тастауға келмейтін белсенді бөлігі.

Көлікті күнделікті пайдалану қалыптасып кеткендіктен, жолаушылар оның қауіпсіздігі туралы ойланып та жатпайды. Ал негізінде олай емес. Көлік жүйесінің қатысымен болатын адам өлімі немесе жарақаттануы, қаладағы басқа да болатын қатердің түрімен салыстырғанда, әлденеше рет көп.

Бүгінгі заманғы көлік жүйесі қоғамдық (теміржол, автокөлік, теңіз,өзен,әуе көлігі және труба арқылы) және жекеменшік болып екіге бөлінеді.

Теміржол көлігі. Қазіргі заманда теміржол жүйесі аса қауіпті аймақ ретінде белгілі. Жүк таситын пойыздар 90 км/ сағ., ал жолаушы пойызы – 140 км/сағ. Жылдамдығымен жүре алады. Жолаушылар таситын пойыздың жалпы салмағы 1000 т. асса, жүк пойыздарының салмағы одан бірнеше есе ауыр болып келеді, сондықтан пойыз құрамасы бірден тоқтай алмайды. Пойыздың тежеу жолы бірнеше жүз метрге созылады.

Елді - мекендерде, қалаларда теміржолдың бойында, әдетте қоршаулар болмайды.

Сол сияқты, электрленген жолдардың рельстерінің бойымен кері тартатын ток қуаты өтеді, ал 6 метр биіктікте аса жоғары кернеумен бақылау электр сымы өтеді, бағаналардың бойында үш фазалы 1000 в электр қуаты өтіп жатады.

Аса қауіпті аймақтардың бірі – теміржол мен автокөлік жолдарының, қала көшелерінің қиылыстары. Кесіп өтетін жолдары тік қиып өтетін, кез- келген жағынан жақсы көрінетін (темір жолға 50 м қалғанда, жақындап келе жатқан пойыз 400 метрдей жерден көрінетін болуы керек) етіп орналастырады.

Теміржолдарда ірі-ірі апаттар, мыңдаған шағын оқиғалар болып тұрады, темір жол ұйымдары үлкен зиян шегіп жатады, тіпті адам өлімдеріде болып тұрады.

Пойыздармен тасымалданатын жүктердің 3000-нан түрлері қауіп туғызатын химиялық заттар екен. Олардың ішінде қоршаған ортаға, табиғатқа, адамдарға үлкен залалын тигізетін газ, химиялық заттар, жаңғыш заттар сияқты жарылысқа әкелетін, ауру тарататын зардабы бар жүктер өте көп кездеседі. Кей кезде үлкен электр қуаты өтіп жатқан сымдар үзіліп жерде жатуы мүмкін. Мұндай жағдай 3300 в кернеуімен тұрақты тоқпен жүретін электр жолдарында болып тұрады.

2.Әуе көлігіндегі қауіпсіздік келесі жолдармен қамтамасыз етіледі:

- жолаушылардың өздерін және қол жүктерін тексеріп отыру;

- әуе кемелерін арнайы тексеру;

- әуе кәсіп орындарындағы жұмыс тәртібі мен обьектінің ішкі тәртібін ұйымдастыру және қатал қадағалау;

- авиациялық техникалардың күзетін қамтамасыз ету;

- әуе кемелерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті күш пен зат-тарды дайындау

- әуе жай мен азаматтық авиация объектілерін қоршау.

Жолаушылар мен олардың жүктерін тексеру.

Жолаушылармен олардың жүктерін тексеру әуе кемесінің ұшудағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Жолаушылардың және ұшақтардың өмірінің қауыпсіздігін әрі ішкі және халықаралық линиядағы ұшу қауіп-сіздігін азаматтық авияцияның әскері, полиция, кеден ұйымдары және шекара әскері қамтамасыз етеді. Тексеру аэропорттарда немесе әуе кемесінде жүргізіледі.

Әуе кемесін арнайы тексеру. Әуе кемесі ерекше қиын және қымбат тех-ника ретінде ылғи да күзетте және жауапкершілікте болуы керек. Оның сақ-талуын авиакәсіпорынының авиотехникалық базасы, арнайы күзет орындары қамтамасыз етеді.

Ұшақ ұшарда және қонарда жолаушылар салон ішінде жүрмеуі керек. Біріншіден, бұл экипажға ұшақты дұрыс ұстауына қиындық туғызады. Екіншіден, жолаушылар құлап жарақат алуы мүмкін.

Ұшақта өрт болған жағдайда үрей туғызбау керек. Бұл жағдайды одан әрі қиындатып жіберуі мүмкін.

Ұшқыштар қауіпсіздік белдігін ұшып шыққаннан қонғанға дейін тағып отыруы керек.

Кейде белдіктің өзі құтқару жұмыстарын жүргізгенде қиындық туғызуы мүмкін. Мысалы, әуе кемесі апатқа ұшырағанда, амалсыз қонғанда бүйірімен, арқасымен жатып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда жолаушылар белдіке ілініп, шыға алмайды.

Жолаушылардың ұшақтан шығаруға үрленетін трап, материалдан жасалған астау және арнайы арқандар пайдаланылады.

4.Көпшілікке арналған қала көлігі.

Жол-көлік оқиғасы – көлік құралдарының соғысып қалуынан туындайтын жағдай. Бұл жағдай материалдық зиян, жаралану немесе адам өліміне әкеліп соғуы мүмкін. Жол-көлік оқиғасы жүргізушінің кінәсі-нен,жаяу адамның жол тәртібін сақтамауынан, көліктің технаикалық жағдайының төмендігінен пайда болады.

Жол-көлік оқиғасының көп тараған түрлері мыналар:

- жүргіншіні басып кету - 47%; көліктердің соғысуы-22%; аударылып қалу – 14%; тағы басқа түрлері - 17%-ды құрайды.

Автомобиль жүргізушінің кінәсінен болған жол-көлік оқиғасының себептері:

- автокөліктің көшенің,жолдың оқ жақ бетіне шығып кетуі;

- ара қашықтықты және тоқтайтын жерді дұрыс анықтамау;

- қозғалыс қатарындағы маневр жасау тәртібін бұзу, көше қиылыстарынан дұрыс өтпеу;

- кенеттен бұрылу;

- ойламаған жерден тежеуіш беру;

- қарсы келе жатқан көліктердің жарығынан көрмей қалу;

- ақауы бар машинамен жолға шығу;

- денсаулықтың болмауы, шаршағандық және мас күйде көлік жүргізу.

Жаяу жүрушінің кінәсінен болатын жол апатының негізгі себептері.

- жаяу жүрушінің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі;

- жаяу жүрушінің жолды өтіп бара жатқан көлікке жақын кесіп өтуі;

- жолаушының көліктен машиналар өтетін жағынан түсуі;

- балалардың ойнап жүріп,жолдың көлік жүретін жағына кенеттен шығып кетуі;

- жолаушылардың қозғалып келе жатқан көліктен шығуы.

Жол шартын бұзу арқылы болатын жол оқиғаларының негізгі себептері:

- жолдың көлік жүретін бөлігінің қараңғылығы;

- жолдағы үлкен шұңқырлардың зияны,жөндеу жұмыстарының кесірі;

Көліктің техникалық ақауынан болатын жол-көлік оқиғасының негізгі себептері:

- тежеуіштің ақаулығы;

- рөлдің ақауының зияны;

- дөңгелектің жақсы бекітілмеуі;

Жол-көлік оқиғасындағы жүргізушінің міндеттері:

1) Қоршау қою, қызыл жарықпен белгі қою.

2) Жарақат алғандарға бірінші медициналық көмек көрсету;

3) Жол полициясының, жедел жәрдемнің, өрт сөндірушілердің келуін ұйымдастыру;

4) Жарақат алғандарды емханаға жеткізуге қам жасау;

5) Өрт болған жағдайда, оны өшіруді ұйымдастыру;

6) Егер жол-көлік оқиғасына ұшыраған көлік жолдың жүретін бөлігін жауып қалса, жол апатының схемсын сызып, жолды босату.

Егер автобус немесе басқа көліктерге суға бату қаупі туса, жолаушыларды көлікті тез тастап шығуы керек.

Бұндай жағдайдағы жүргізушінің міндеті.

1) Апатты шығу терезесін ашуды ұйымдастыру.

2) Жолаушылардың арасында абыржу болмауына шара қолдану.

3) Жолаушылардың жағаға шығуын қамтамасыз ету.

4) Көліктің батқан жерін белгілеу.

Автокөлік апатында жарақаттанғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетудің маңызы зор. Жарақаттанған адамдардың 50% уақытында қажетті медициналық көмек алған болса, онда тірі қалған болар еді деген есеп бар. Өтіп жатқан көліктердің жүргізушілері және басқа жолаушылар да жарақаттанған азаматтарға көмектесуге міндетті.

Дегенмен ондай көліктерді пайдаланғанда өте ұқыпты болу керек, себебі тоқкпернеуі троллейбус пен трамвайда 600-1200 В дейін жетеді. Әр трамвай (троллейбус) рейске шығар алдында тоқтың басқа жаққа кетуі тексеріледі.

Егер электр тоғы троллейбустың (трамвайдың) корпусына кеткендей болса, жүргізуші тоқты ажыратуы керек, электр сымдарынан тоқ қабылдағышты ажыратқаннан соң ғана жолаушыларды салоннан шығаруға болады. Содан соң техникалық көмекті шақыру керек.

Өрт кезінде трамвай жүргізуші жолаушылар арасында абыржу,үрей туғызбауға тырысып, ұйымдасқан түрде салоннан шығуға көмектеседі.

Троллейбустың (трамвайдың) салонындағы өртті көмірқышқылды өрт сөндіргішімен немесе құммен сөндіреді. Егер өз күшімен сөндіруге болмайтын болса, онда өрт сөндіргіштерді шақыруға тура келеді.

Осындай жағдайда жолаушылар сақатйтын ережелер:

- экстремальдық жағдай туғанда көлікті жүргізушінің бұйрығымен іс-әрекет жасау керек;

- трамвай жүргізушісі стрелканы аударып жатқанда,салоннан шығуға болмайды;

- жүгіріп келе жатқан көліктен секіруге болмайды;

- терезеден денені сыртқа шығаруға болмайды;

- аялдамаға келіп қалған көлікке 0,5 м артық жақындауға болмайды.

Негізгі әдебиеттер [5,9,12,15,18]

Қосымша эдебиеттер:[34,38]

Наши рекомендации