Түйсік және оның түрлерінің өзарақатынасына анықтама беріңіз.

Түйсік деп – қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуін айтамыз. Түйсік біздің барлық біліміміздің бұлағы деп айтуға болады. Түйсік болмаса, біз басқа жолмен заттың, қозғалыстың ешқандай формалары туралы еш нәрсе біле алмаймыз. Түйсік біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады. Түйсiктер сезiм мүшелерімiзге байланысты көру түйсiгi, дəм түйсiгi, иiс түйсiгi, терi түйсiгi, кинестетикалық, ибрациялық жəне органикалық болып бiрнеше түрге бөлiнедi. Ежелден-ақ адам өзiнiң сыртқы бес сезiм мүшесi не орай көру, есту, сипау , иiс жəне дəм түйсiктерiн ажыратқан. Қазiргi кезде сыртқы жəне iшкi ортаны рецепторда бейнелейтiн 20-дан астам түрлi талдағыштар бары белгiлi. А . Р . Лурияның пайымдауынша, түйсiктер негiзгi екi принцип бойынша жiктеледi: а) жүйелi- генетикалық (қызметiне орай), б) құрылым күрделiлiгi мен деңгейiне байланысты . Түйсiктердiң ең маңызды түрлерiн үш топқа жiктеу қабылданған: интероцептiк, проприоцептiк, экстероцептiк. Интероцептiк түйсiктер дененiң iшкi процестерiне байланысты , яғни iшек, қарын , жүрек , қан тамырлары мен басқа да iшкi құрылым қатпарларындағы тiтiркенулерд i миға жеткiзiп отырады. Түйсiктердiң бұл тобы тiрi ағзалар да пайда болу жағынан ең ежелгiлердiң əрi өте қарапайым түрi. Интероцептiк түйсi ктерд iң пайда болуы мен олардың жүрiсiн түсiндiрiп бiлу өте қиын, сонымен бiрге нақты қозу нүктесiне ие емес, яғни диффуздық күйде болады , осыдан бұлар адамның көңiл - күй қалпына жақындау келедi. Проприоцептiк түйсiктер дененiң кеңiстiктегi қалпы жөн iндегi ақпараттармен қатамасыз етiп, адам қозғалысының сезiмдiк негiзiн құрап , оларды реттеп отырады. Бұл түйсiктер тобының шеткi рецепторлары бұлшық еттер мен буындарда ерекше жүйке тəндерi формасында бер iлген ( тельца Паччини ). Осы жүйкелiк тəндерде пайда болатын қозулар бұлшық еттер созылғанда, буындар қалпы өзгергенде туындайтын түйсiктердiбейнелейдi. Аталған топқа , сонымен бiрге, ерекше қасиеттерге ие теңдестiк жəне тұрақтылық түйсiктерi де кiредi. Олардың перифериялық рецепторлары iшкi құлақтың шеңберлi сайларында жайласқан . Экстероцептiк түйсiктер ең үлкен түйсiктер тобын құрайды . Бұл түйсiктердiң қызметi сыртқы дүние ақпаратын адам сезiмi не жеткiзу жəне қоршаған ортамен үздiксiз байланысты орнату. Барша экстероцептiк түйсiктер тобы шартты түрде аралық жəне түйiсу түйсiктерi деп аталған екi бөлiкке жiктеледi.

9-26. Қабылдау түрлері мен заңдылықтарының өзарабайланысын орнатыңыз.қабылдау дегенiмiз – ақиқат дүниедегi заттар мен құбылыстардың сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етiп, тұтастай заттық түрде бейнеленуi. Қабылдаудың түйсiктерден едәуiр дамығандығын көрсететiн тағы бiр ерекшелiгi, егер, түйсiктердiң нәтижесiнде белгiлi бiр сезiм (ашықтық, аштылық, тепе-теңдiк, суықтық, дыбыстың жоғарылығы және т.б.) пайда болатын болса, ал қабылдаудың негiзiнде адам санасының затқа, құбылысқа, процеске жатқызатын өзара байланысты түйсiктердiң жиынтығы ретiндегi бейне қалыптасады.Бiрақ қабылдау мiндеттi түрде түйсiктерге негiзделедi. Түйсiну мен қабылдаудың маңызды ұқсастығы – екеуiнiң де пайда болуы үшiн дүниедегi заттар мен құбылыстардың адамның сыртқы сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етiп отыруы керек. Сонымен, қабылдау - түйсiкке қарағанда, едәуiр күрделi әрi жоғарырақ сатыда тұрған психикалық процесс. Қабылдауға түйсiктермен қатар, ой элементтерi де, елестер мен ұғымдар енiп отырады. Заттар мен құбылыстарды қабылдаған кезде соларды түйсiнiп, қабылдаумен бiрге бiз ол заттардың қайдан пайда болғанын, олардың қасиеттерiнiң қандай екендiгiн елестетiп, түсiнiгiмiздi, ұғымымызды кеңейтiп отырамыз. Сондай-ақ, анық және жақсы қабылданған заттар ғана түсiнiктi болады. Түйсiну мен абылдау процестерi болмайынша, дүниедегi заттарды бiлу мүмкiн емес. Адам дүниедегi заттарды қабылдай отырып, оларды сипаттайды, бiрiмен-бiрiн салыстырады, олардың арасындағы ұқсастығын, айырмашылығын, олардың жалпы қасиеттерiн ажыратып отырады. Осының нәтижесiнде ғана, адам қабылдау процесiнен жоғары сатыда тұрған ойлау сияқты күрделi психикалық процестерге көшiп отырады. Қабылдау басқа психикалық функциялар сияқты, дүниедегi объективтiк заттардың адамның санасында субъективтiк бейнеленуi болып табылады. Әр адам айналасындағы заттарды өзiнше қабылдайды. Адам қабылдауының мазмұны түгелiмен сыртқы дүниедегi заттардың және құбылыстардың мазмұнымен байланысты. Бiрақ сонымен қатар қабылдау тек сыртқы дүниедегi заттардан тәуелдi болып қоймай, адамның физиологиялық әрекеттерiмен де байланысты.Қабылдау процесiнде адамның өткендегi тәжiрибесi ерекше маңыз алады. Бұл ерекшелiктi апперцепция деп атайды. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келiп отырады. Жалпы, адамның қабылдауы эволюциялық жолмен дамып, қоғамдық тәжiрибе әсерiнен жетiлiп, күрделенiп, кеңейiп, мазмұны жағынан байып отырды. Қабылдаудың тұтастылығы деп объектiнiң кейбiр қабылданатын элементтерiнiң жиынтығын сенсорлық түрде және ойша тұтас бейне күйiне толықтыруды айтады.Қабылдаудың объектiсi кейбiр жеке қасиеттерден, жеке бөлiктерден тұрғанымен, бiз оларды бүтiндей, тұтастай қабылдаймыз. Қабылдаудың нәтижесiнде қалыптасатын тұтас бейне түйсiну түрiнде алынатын заттың жеке қасиеттерi мен сапалары жөнiндегi бiлiмдердi жалпылау негiзiнде құрылады.

Бiз заттарды олардың тәжiрибеде қолданылу қызметi негiзiнде ажыратамыз. Мысалы: ересек адам кiрпiштi жарғыштан оңай ажырата алады.

35.Естің түрлері мен процестерінің өзарабайланысын көрсетіңіз. Есте қалдыру жəне қайта жаңғырту үшiн жұмсалатын əрекеттердiң сипатына орайестiң əр түрi келесiнегiзгi үш өлшемге сəйкес болуы шарт: 1) əрекеттегi басымдауболған психикалық белсендiлiктiң сипаты бойынша ес - қозғалысты, сезiмдiқ, бейнелiжəне сөз - логикалы болып бөлiнедi; 2) iс-əрекет мақсатына орай ес - ырықты жəнеырықсыз болуы мүмкiн; 3) дүниелiк iс-əрекеттегi рөлi мен орнына тəуелдi жатталып,сақталу мерзiмiнiң мөлшерiне байланысты - қысқа мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi жəне нақтықызметтiк естер ажыратылады.Қозғалысты ес - əрқилы қимыл-қозғалыстар мен олардың бiрлiктi жүйесiн естеқалдырып, сақтап жəне қайта жаңғырту. Кейбiр адамдарда осы ес түрi басқаларынан гөрiбасымдау келедi. Ондайлар, мысалы, музыкалы шығарманы дауыспен қайталай алмаза да, бимен көрсетуге шебер. Ал екiншi бiреулердiң қозғалысты есi тiптi шабан. Сезiмдiк ес. Əдетте, қажеттерiмiз бен қызығулары-мыздың, қоршаған ортаменқатынасымыздың қаншалықты тиiмдi не зиянды, ұнамды не жағымсыз орындалыпжатқанын көңiл-күйiмiзбен танытамыз. Бейнелi ес - елестерге, табиғат көрiнiстерiне, сонымен бiрге дыбыстар, дəмгенегiзделген жад iздерi. Ол көру, есiту, сипай сезу, иiстiк жəне дəмдiк болып бөлiнедi. Егеркөру, есiту естерi əрбiр жете дамыған адамның өмiрлiк бағыт-бағдарында қалыптасатынболса, онда сезiмдiк, иiстiк пен дəмдiк естер адамның кəсiптiк қасиеттерiне жатады.Сөздiк-логикалы (мағыналы) ес мазмұнына бiздiң ой-өрiсiмiз кiредi.

Естiң негiзгi процестерi: есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту. Есте қалдыру дегенiмiз - жаңадан қабылданған бейнелер мен мәлiметтердi және олардың мәнiн есте бұрыңғы сақталғандармен байланыстырып отыруды айтамыз. Ерiксiз қайта жаңғырту дегенiмiз – мақсатсыз өзiмен өзi есiне түсұдi айтады. Арнайы қайта жаңғыртуда белгiлi мақсат болады және ерiк-күш жұмсалынып, арнайы әдiс-тәсiлдер қолданады. Қайта жаңғыртудың iшiнде тануды мен есте қайта елестетудi ажыратады.Әр түрлi травмалар немесе ауралар естiң бұзулуына әкелүi мүңкiн. Сол кезде естiң жоғалуын – амнезия дейдi. Бұл құбылыстар мидағы тежеу, өшу заңдылықтарына байланысты. Бiрақ өшкен, ұмытылған байланыстар бiр кезде жаңғырып, еске түседi. Бұны – реминисценсия дейдi. өмыту – жүйке клеткаларындағы тежелеу процестерiнiң дамуы. Осыған орай, уахытша ұмытуды сақтық тежеу дейдi. Адамның бұрынғы iс-әрекетi қазiргi есте сақтау жұмысына бөгет болып ұмытуға әкелсе, оны проактивтiк (тежелеу ''алдын ала әрекет ету'') дейдi. Ал кейiнгiiс-әрекеттiң бұрыннан есiнде сақталғандарына керi әсер етсе, ретроактивтiтежелеу (''артқа қарай әрекет ету'') дейдi. Мұндай ұмытудың көрiнiстерi бiр-бiрiне жақын материалдарды үйренуде жиi кездеседi. Оқу жұмысында, сабақ кестесiн жасауда осы мәселенi ескеру қажет.

17-18.Ойлау түрлері мен формаларының табиғатын талдаңыз.Ойлау ой операцияларымен қоса, ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледi. өғым дегенiмiз - заттар мен құбылыстар туралы ой. өғымда заттардың жалпы және негiзгi қасиеттерi бейнеленедi. өғымдар жеке және жалпы болып бөлiнедi. Бала мектепке келгесiн ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның бiлiм, дағдыларының арта түсуi ғылым негiздерiн меңгеруге қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан ұғымдарды меңгеруге адамның бiлiм ортасындағы түрлi ғылымдар негiздерiн игеру әсер етедi. Сол барысында адамның қоршаған дүние заттарының ұғымдары жөнiнде бiлiмдерi қалыптасады.Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пiкiрлерден көрiнедi. Пiкiр - бұл бiр зат туралы мақұлдау не оны жоққа шығаруда көрiнетiн ойлаудың формасы. Мысалы: ңАстана - Қазақстанның астанасың шындыққа сай пiкiр.Саналау мен түсiну ойлаудың негiзгi белгiсi болып табылады.Адамның ойлау әрекетiнде шындықтағы заттар мен құбылыстардың негiзгi қасиеттерiн, ерекше белгiлерiн, мәнiн түсiне бiлудiң маңызы зор. Бiз айналамыздағы заттардың себеп-салдарлы байланыстарын, бiр-бiрiне тәуелдiлiгiнiң шығу тегi мен даму жолын түсiну арқылы ғана ажыратамыз. Түсiнушындықтағы заттар мен құбылыстармен танысудан, көрiп-бiлуден басталады. Өйткенi, қандай да бiр нәрсенi ұғыну үшiн оны эмпирикалық жолмен зерттеу қажет.Түсiну сөз арқылы берiлетiндiктен, түрлiше формаларда тұжырымдалады. Түсiну қысқаша, жалпы, кең, деталдi және т.б. болып келуi мүмкiн.Түсiнудiң екi түрi бар. Бiрiншiсi – тiкелей түсiну. Тiкелей түсiну - жанама түрдегi ой операцияларын керек етпейтiн, қабылдауға ұқсас процесс. Ал екiншi түрi – жанама түсiну. Жанама түсiну – түрлi фазалардан тұратын, ой операцияларын қажет ететiн, көмескi нәрсенi айқын етiп бейнелеуде бiрнеше ой қорытындыларынқажет ететiн процесс.Жалпы, ойлау дегенiмiздiң өзi - мәселенi шешу, оның мәнiсiн түсiне бiлу деген сөз.Ойлаудың ең күрделi және жоғарғы формаларының бiрi – ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегенiмiз - бiрнеше пiкiрлерден жаңа пiкiрлер шығару тәсiлi. Қорытынды шығару үшiн оны белгiлi тәртiпке бiр-бiрiмен байланыстыруымыз қажет. Ой қорытындысының негiзгi үш түрi бар:1) дедукциялық, 2) индукциялық, 3) аналогиялық ой қорытындысы.Дедукция дегенiмiз - жалпыдан жекеге қарай жүретiн ой қорытындысы. Мысалы: бiз тiрi организмдер оттегi жоқ жерде тiршiлiк ете алмайды, ал балық тiрi организмнiң бiрi десек, олай болса, балық оттегi жоқ жерде тiршiлiк ете алмайды деген қорытындыға келемiз.Индукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Гүлдер сусыз өмiр сүре алмайды, ағаштар да сусыз өмiр сүре алмайды десек, осы айтылғандардан жалпылап, сусыз өсiмдiктер тiршiлiк ете алмайды деген қорытындыны жасаймыз.Аналогия дегенiмiз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мәселен, И. Ньютон бүкiл әлемдiк тартылыс заңын тапқанда, аналогиялық ой қорытындысына сүйенген. Ол жер үстiндегi денелердiң қозғалуы, әсiресе құлауы мен аспан денелерiнiң қозғалуы арасындағы ұқсастықты түсiндiруде аналогияны келтiрдi. Аналогия ғылыми болжамдарды жасаудың маңызды алғышарты болып табылады.

24.Ойлаудың мен ерекшеліктерінің айырмашылығын көрсетіңіз. Əр адамда оның ақыл-қабiлетiне орай өзiндiк ойлау ерекшелiгi болады. Осы ерекшелiктен əр тұлғаның ақыл сапасы көрiнедi. "Ақыл" түсiнiгiнiң ауқымы "ойлау"түсiнiгiнен кеңiрек келедi, себебi "ақылдылық" интеллект сияқты тек ойлау қабiлетiненкөрiнбей, басқа да таным процестерiнiң тұтастай желiсiнен байқалады. Кей адамдаройлауда көрнекi-бейнелердi көбiрек пайдаланса, басқалар теориялық тұжырымдардынегiзiне алып, ой жүгiртедi. Ой əрекетiнiң ерекшелiгi сондай-ақ адам көңiл-күйiмен де,оның топтаған бiлiмдерi мен еңбек, тұрмыс тəжiрибесiне де, өзiнде қалыптастырған ойлауəдiстерiне де тəуелдi келедi.Ойлау процесiнiң жеке кезеңдерiн қарастыра отырып, əрқандай ой əрекетiнiңмiндет, мақсат белгiлеу, яғни бастап-қы кезеңдегi ойлаудың жеке, дара ерекшелiгiадамның дербестiгi мен белсендiлiгiнен көрiнетiнiн байқаймыз. Тұлғаның ойлау дербестiгi оның жаңа мəселелер мен проблемаларды қоя бiлiп, оларды тың əдiстерменшеше бiлуiнде, ал бұл қабiлет өз кезеңiнде ойлаудың белсендiлiгiмен, яғни кезiккенмiндеттер мен мəселелердi өз бетiнше шешуге ұмтылыс жасап, өзiнше шешiм жолдарымен құралдарын барластыра алумен байланысты. Ойлаудың мұндай ерекшелiгi, əсiресе,мектеп алды жастағы балаларда көп байқалады, қызығушылығы басым болған 3-4жастағы сəбилер үлкен-дерге "неге олай?", "неге бұлай?" деген сұрақтарды жиi қояды.Мəселе шешуге орай құбылыстар байланысын (ассоциация) iздестiрiп, болжам(гипотеза) жасауда ойлау қасиетi-нiң ауқымдығы, яғни қойылған проблеманы тұтастайкөре бiлiп, оған байланысты болмыс сырларын көптен қамтып, өткендi, қазiргi менболашақ жағдайларды штастыра пайда-лана бiлу үлкен мəнге ие. Мұндай адамдарды көбiне "өрiсi кең" депипаттаймыз.Əрқандай шешiм сындарлы ойға түсiп, жұрттың айтқанын не өз топшылауыңдыжалаң құптай салмай, терең сын талдауына келтiрiп, "оң" не "қарсы" тараптарын таразылағанды талап етедi. Сындарлы ақыл сипаты адамның объек-тив жағдайлар мен өз iс-əрекетiне орынды баға беру қабiлетiнен, нақты бағыт ұсынып, алға тартылғанболшамдарды жан-жақты өлшестiрiп, оларды тексеру нəтижелерiн объектив бағалайалуынан келiп шығады. Сындарлы ой дамуының негiзi əрбiр тұлғаның терең бiлiмдiлiгiмен тəжiрибесiнде.Шешiм қорытындысын тексеру барысында жəне оның нəтижелерiн практикағаендiруде ойлау икемдiлiгi үлкен маңызға ие. Ой икемдiлiгi əрқандай субъекттiң қандай дамəселе бойынша қатып қалған көрсетпелер мен бұрыннан қалыптасқан əдiстердiңқұрсауында қалып қоймай, жағдай-лар өзгерiсiне орай жылдам да жаңа шешiмдерге келеалуын көрсетедi. Бұрыннан қабылданған ойлау жəне əрекет стерео-типтерiнен(қайталанып тұратын əрекет-өрнек) құтылу өте күрделi, салмақ түсiретiн, қажеттiойластыруды талап ететiн процесс. Бұл адамды ой еркiндiгiне, жаңашыл ойлауға арнайытəрбиелеудi керек етедi.Ойлаудың жеке дара ерекшелiктерiн əңгiмелей отырып, келесi жəйттi естен шығаруға болмайды: ой толғайтын мидың өзi емес, адам, бiртұтас тұлға.

8-12. Зейін қызметтері мен түрлерінің арақатынасын анықтаңыз.Адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануын – зейін дейді. Ол адамның сезіп, таныған, көріп, естіген, біліп, байқаған құбылыстарын, заттарын анық та ашық тануы, жан қуаттарының оларға бет алып, бағытталып, жинақталуы үшін қажет. Егер де адамның зейіні болмаса, ағзаның сыртқы ортамен байланысқа түсуі дәрменсіз болып қалады да, ойы мен дене еңбегінің іс-қимылы еш нәтижесіз аяқталады. Адамның таным, түйсік процесінде, білім, ғылымды меңгеруінде зейіннің мән – маңызы өте жоғары. Зейінің қызметтері:

1) қазіргі сәтте қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді белсендіріп, қажетті еместерін тежейді; 2) ортадан келетін ақпараттың мақсатты, ұйымдасқан түрде сұрыпталуын қамтамасыз етеді; 3) белсенділіктің бір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтамасыз етеді

Зейінді негізгі үш топқа бөліп қарастырады. Олар: 1. Ырықты зейін. Оның әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы жүзеге асырылады.
2. Ырықсыз зейін. Бұл да адам өмірінде елеулі орынға ие. Оған әртүрлі жағдайлар мен себептер әсер етеді. 3. Үйреншікті зейін. Мұны адамның күнделікті әдетіне айналып кеткен зейін деп те атайды. Оған арнайы күш жұмсау қажет емес. Яғни, байқап отырсақ, зейіннің қызметінің нәтижесінде оның түрлерін ажыратуға мүмкіндік аламыз.

13-14. Қиял және оның түрлеріне мысал келтіріңіз.Қиял процессі ес сияқты ерікті(мақсатты) немесе әдейі жасалынуы бойынша бөлінеді. Еріксіз(мақсатсыз) жасалынған қиялға түс жатады. Себебі, онда образдар әдейіленіп жасалынбайды, және де күтпеген қызықты жағдайларға тап болады. Ерікті қиялдың адам үшін маңызы зор. Қиялдың бұл түрі адамның алдында өзі қойған немесе басқа біреуден тапсырылған міндет бойынша белгілі-бір образдарды жасау мақсаты туған кезде көрінеді. Бұл жағдайда қиял адамның өз арқылы бақыланады және бағытталады. Мұндай жұмыс негізінде қажетті көріністерді ерікті түрде жасауға және өзгерту мүмкіндігі жатыр.Ерікті қиялдың көптеген түрлері мен формалары арасынан жаңадан жасалынған қиял, шығармашылық қиял және арманды бөліп қарауға болады.Қайта жасау қиялы адамға өзінің суреттеуіне толықтай сәйкес келетін обьектіні жасау қажеттілігі туған кезде пайда болады. Қиялдың бұндай түрімен, географиялық орын немесе тарихи оқиға туралы суреттеуді оқыған кезде әдебиет кейіпкерлерімен танысу кезінде кезігеміз. Қиялдың бұл формасы тек қана көруімен ғана емес, сонымен қатар есту т.б. сияқты процесспен байланысты. А.С. Пушкиннің ң Полтава ң атты поэмасын оқи отырып, біз атылған оқтың дауысын, солдаттардың айқайын, барабандардың соғуын айқын көз алдымызға елестетеміз.Қайта жасау қиялмен біз көп жағдайда сөзбен сипаттау бойынша қандай да бір көріністі жасау қажет болған жағдайда кездесеміз. Алайда, біз бір нәрсені сөзбен емес, схема сызу негізінде жасау қажет болатын жағдайлар кездеседі. Бұндай жерде образды жасау, адамның кеңістіктегі қиялға қабілеттілігімен анықталады. Әрине, бұл қиял түрі адамның ойлау және ес процессмен тығыз байланысты.Ерікті қиялдың келесі түрі шығармашылық қиял. Ол адамның жоқ үлгі бойынша жаңа образды жасауымен сипатталады. Шығармашылық қиял да еспен тығыз байланысты, себебі оның көрінісінде адам өзінің бұрынғы тәжірибесін еске алады. Сондықтан да қайта жасау қиялыжәне шығармашылық қиялдың арасында айқын шекара жоқ. Жаңадан жасалынған қиял кезінде көруші, оқушы немесе тыңдаушы берілген образды өзінің шығармашылық қиялының іс-әрекетімен толтырып отыруға тиіс.Қиялдың ерекше түрі-арман болып табылады. Қиялдың бұл түрінің мәні жаңа образдарды жеке өзіннің жасауында. Арманның шығармашылық қиялға қарағанда бір қатар айырмашылықтар бар. Біріншіден, арманда адам өзі тілеген образды жасайды, ал шығармашылық қиялда адам әрқашан өзі қалаған нәрсесін жасай бермейді. Арманда адамды өзіне тартатын, өзі тырысатын белгілі-бір тілек жатады. Екіншіден, арман- шығармашылық іс-әрекетке қосылмаған қиял процессі, яғни көркем шығарма ғылыми ашулар, техникалық ойлау табу т.б. түріндегі тез арада және тікелей объективті өнім бермейді. Арманның негізгі ерекшелігі, оның болашақтағы іс-әрекетке бағытталғандығында, яғни арман-өзін қалаған болашаққа бағытталған қиял.

Ырықсыз пассивті қиял сананың іс-әрекеттерінің әлсіреуі, оның бұзылуы кезінде түсте байқалады. Пассивті қиялдың айқын көрінісі, адам жоқ объектілерді қабылдайтын галлюцинация болып табылады.

41 Эмоция түсінігіне толық сипаттама жасап, анықтаңыз.Сезiмдердiң психологиялық сипаттамасы. Сезiмдер туралы жалпы ұғым. Сезiмдердiң пайда болуы.Жалпылау аккумуляциялау механизiмi. Әйгiлi орыс психологы В.И. Мясищевтiң сезiмдердi тұлғаның эмоционалды негiзi ретiнде қарастыруы. Сезiмдердiң ояту, мағыналық бағасы, жүрiс-тұрысты реттеу, ағза жұмысын реттеу, адамның жан дүниесiн реттеу қызметтерi. Сезiмдердi тәрбиелеу және адекватты өзгерту.Эмоция адамның психикалық өмiрiнде ең алғаш пайда болды және бала эмоцияның арқасында психикалық өмiрге бейiмделедi. Демек, баланы әлеуметтiк айналамен эмоция ғана бiрiктiредi. Адамдардың рухани өмiрiндегi ұят, қуаныш, үрейлену, таң қалу т.б. түрлi уайымдар бiр-бiрiн өзара орын ауыстырумен толықсуын эмоция деп атаймыз.Эмоция - бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерiмен бiрге, адамдардың уайым түрiнде өзiне пайдалы әртүрлi құбылыстар мен заттардың субъективтi бағалануы мазмұнының көрiнiсi. Эмоция адамдарға қоршаған әлемдi тануға бағыт-бағдар бередi: пайдалы-зияндылығы, негiздi-негiзсiздiлiгi т.б. Эмоцияналдық бағыт-бағдармен рационалды бағытының ерекешелiгiн қарастыратын болсақ, мынадай өзгешелiктердi байқауға болады: арнайы оқытуды талап етпейтiн (яғни, туа бiткен), ақпаратты алу жағдайының шектелу мүмкiндiктерi нашар түсiнбеушiлiктер және қысқа мерзiмдi (жиi тылсым) ырықсыз бағыт-бағдарлар. Кез келген адамда пайда болатын эмоция оның негiзгi iшкi өмiрлiк сигналы болып табылады және келесi ойымен әрекетiн басқарып бағдарлайды. Мұның анық себептерi мен негiзiн жөндi ақылмен түсiнбеуi мүмкiн. Бiрақ олардың дәлдiгiне сенiмдi болуы шарт. Тұлға деңгейiнiң iшкi сенiмдiлiгi әрқашанда жоғары эмоционалды түрде қалады.Эмоциялар адамның әлеуметтiк болмысын қамтамасыз ететiн маңызды психологиялық құрал болып табылады. Сондықтан да олар адамда оның iшкi (жан) дүниесiнiң қажеттi жағы ретiнде пайда болады және онда өмiр сүредi. Эмоциялар мынадай функцияларды атқарады: бағалаушы, сигналдық, оятушы және коммуникативтi, сонымен қатар физиологиялық және танымдық процестерге әсер ету функциясын атқарады. Көрсеткен қасиеттерi теориятикалық жағынан есепке алып, эмоцияның формаларын және сансыз көп түрлерiг айқындауға болады. Бiрақ белгiлi жақсы кербiреулерi ғана жеткiлiктi суреттелген. Мысалы, американдық психолог К.Изард фундаменталды он эмоциялардың түрлерiн көрсеткен. өзақтық эмоцияның уақытша сипаттамасы болып табылады. Ол адамның эмоциогендi жағдаяттармен (шынайы немесе ойдағы) байланысының ұзақтығына байланысты және сәйкес қажеттiлiк қанағаттанбаған күйде тұрған уақытқа байланысты. Осы факторлар арқылы эмоцияның ұзақтығын алдын-ала өзгертiп, яғни оның созылуына немесе қысқаруына әсер етуге болады. Созылу уақытына байланысты эмоцияның түрлерi өте көп, қысқа уақыттың аффективтi реакциядан бастап бiрнеше күнге созылатын эмоциялық күйлермен аяқтауға болады. Мысалы ретiнде көңiл-күйдi алуға болады.

20. Жоғары деңгейдегі сезімдер табиғатын түсіндіріңіз.Ақыл-ой сезiмi адамның таным қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты. Таным қажеттiлiктерiн оятатын көркем әдебиет, теледидар, өнер, компьютер бағдарламалары. Кiтап арқылы адам өзiн және басқа адамдарның эмоциялық әлемiн таниды, өзiнiң эмоционалды күйiн бағалайды және реттейдi, өзiн өзгертедi, өмiр талабына сай қалыптастырады. Бiрақ кiтап адам өмiрiнiң барлық кезеңiн көрсете алмайды, тек ерекше, есте қаларлық жағдайларды бередi. Ол адамдардың эмоциялық қуаттарын - қалыптасқан ойларды жинақтайды, тұтынушы, насихаттаушы және ұйымдастырушы қызметтерiн атқарады. Қоғамның эмоциялық жағдайларына бағыт-бағдар бередi (Бездидко А.В. Книга эмоциональной сферы человека. Журнал ңМир психологииң, 2002, N4, стр. 85-89). Эстетикалық сезiм адамдардың сұлулыққа, әсемдiлiкке, табиғатқа деген сезiмiн ояту. Өнер, музыка, көркем шығармалар, шешендiк өнер, поэзия, республикада кең таралған көрермендердiң көңiлiнен шыққан, жүрегiне жол тауып баурап алатын ақындар сайысы, адамның жан дүниесiн тереңдетiп оны шабыттандыра түседi. Адамгершiлiк сезiм демократия және гуманистiк, гуманитарлық үстемдiк ететiн қоғамдағы адамгершiлiк сезiмдер – борыш сезiмi, әр адамның өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерiн құрмет тұтуы. Мысалы, адамзатқа белгiлi тарихи тұлғалар өздерiнiң кең рухани байлықтарымен және адамсүйгiштiк қасиеттерiмен қадiрлi болған. Олар Сократ, Платон, Аристотель, Мухаммед Пайғамбар, Ибн-Сина, Әл-Фараби, Абай, Алтынсарин, Шоқан, Ыбырай т.б. Қазiргi кезеңде өрiс алып кетуiне байланысты жастарымыздың сана-сезiмiн уландырып, ұлттық менталитетiмiзге жат жәйттердi, құбылыстарды болдырмау үшiн жасөспiрiмдердiң жоғарыда айтқандай биiк сезiмдерiн жаңа бiлiм, тәрбие технологиялары арқылы сусындап, қаруландыруымыз қажет.

28. Еріктің негізгі қызметтеріне болжам жасаңыз.Адам өмірінде еріктің маңызы орасан зор. Ерік кәдімгі күнделікті өмірде, әсіресе үлкен кедергілерді жеңудегі ауыр кезеңдерде керек. Соғыстағы немесе еңбектегі қандай да болсын жасаған ерлік адам еркінің күшті болуын керек етеді. Керісінше, еркі әлсіз адамдар үлкен іс бітіру түгіл, күнделікті өмір қойған міндеттерді атқара алмай, жұмысқа қабілеті нашар болып, басқалардан көмек күтіп, қамқорлығында болғысы келеді. Осындайлардың кейбіреулері жаман іске құмартып, керексіз әдеттердің құрбаны болады, бұларды жеңіп шығуға олардың ерік күші жетпейді.

Еркі күшті адам тек парасатпен, еңбегімен жақсы өмір сүріп қана қоймай, сондай-ақ шын мәнінде қаһармандық іс жасауға қабілетті болады. Ерік қуаты барлық психикалық процестердің әрекеттерін жинақтап және жандандырып қана қоймай, сондай-ақ ішкі органдардың жұмысын жақсартуы естің ауруын, тіпті өлімнің келуін де тоқтатуы мүмкін.

Ерік үдерістерінің негізгі қызметтері:

-ынталандыру (инициирующая) – объектив не субъектив кедергілерді жеңе отырып, қандай да әрекет, іс-қимылды бастауға мәжбүр ету.

-тұрақтандыру (стабилизирующая) – әрқилы ішкі не сыртқы кедергілерге қарамастан ерік күшімен белсенділікті бір қалыпта ұстау.

-тежестіру (ингибирующая) – қандай да уақыт сәтіндегі іс-әрекеттің мақсатына сай келмейтін ниеттер мен тілектерге, әрекет-қылықтың өзге де жолдарына тоқтау беру.

Ерiк деп адамның өзiнiң психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабiлетiнен көрiнетiн қасиеттi атайды. Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен кедергiлердi жеңуден көрiнедi. Ерiк адам психикасының маңызды құрауышы болып табылады және мотивтермен, таным және эмоциялық процестермен тығыз байланысты. Ерiктiң негiзгi функциясы (қызметi) өмiр әрекетi барысындағы қиын жағдайларда белсендiлiктi саналы түрде реттеуден тұрады. Сонымен қатар, ерiктiң өзге екi қызметiн бөлiп көрсетуге болады: белсендiрушi және тежеушi.Ерiктiң арқасында адам өз қалауы бойынша, саналы ұғынылған қажеттiлiктен шыға отыра, алдын ала ойлаған, жоспарлаған әрекеттерiн жүзеге асыра алады. Ерiк белгiленген мақсатқа жету жолында адам бойын кернеген эмоция мен сезiмдердi тежеп отыратын, қуаныш пен қызығу тудырмайтын, алайда қажеттi iс үшiн жағымды жайттардан бас тартуға мәжбүрлейтiн мiнез-құлықтың реттеушi қасиетi боп табылады. Сонымен, ерiк бiр жағынан, адамның әрекетiн бағыттайды не тежейдi, екiншi жағынан, белгiлi бiр талаптар мен мiндетттерден шыға отыра психикалық iс-әрекеттi ұйымдастырады. Ерiк күшi. Алға қойылған мақсатқа жету жолында туындайтын елеулi қиындықтарды жеңу қабiлетiнен көрiнетiн ерiк сапасын ерiк күшi деймiз. Мақсатқа жету жолында сiздiң жеңген кедергi, бөгеттерiңiз неғұрлым күштi болса, соғұрлым сiздiң ерiк күшiңiз мықты. Ерiктiк күш салу арқылы жеңген кедергiлер ерiк күшiнiң объективтi көрсеткiшi боп табылады.Мақсатқа ұмтылушылық.

27.Темперамент және мінез арақатынасы туралы пікірлеріңіз талдаңыз.
Темперамент дегеніміз психикалыќ процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-қүлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиетгер жиынтығы. Темперамент қасиеттерін адамның түлғалық қырларына шартты түрде жатқызуға болады. Өйткені, олар биологиялық тәуелді болғандықтан адамның дара ерекшеліктерін қүрайды. Темпераменттің төрт түрі бар: сангвиник, меланхолик, холерик, флегматик. Бұл төрт типтің ішінде сангвиник пен оған қарама-қарсы - меланхолик сезім темпераментіне жатады. Алғашқысы түйсіктер жүйке жүйесінде және адамның санасында аса жылдамдықпен пайда болады және сырттай бірден байқалады, бірақ іштей түрақсыздығымен сипатталады. Меланхолик темпераментінде түйсік (сезім) сырт кезге онша байқалмайды, бірақ іштей өте терең және үзақ болып келеді. Сангвиник темпераменті көңілді адамдарға тән. Ол болашаққа сенімді, әзілкеш болып келеді. Ол тез қызбаланады, бірақ тез сабасына түседі, жақында ғана өзін баураған нәрсеге қызығушылығы тез басылады. Сангвиник көп уәде береді, бірақ өзінің уәдесін орындай бермейді. Ол бейтаныс адамдармен тез және оңай тіл табыса алады. Ақкөңіл және әрдайым көмек беруге дайын түрады.. Оны ауыр ой мен дене еңбегі тез аршатады.
Меланхолик темпераменті көңілсіз адамға тән. Ондай адамның, әдетте, ішкі өмірі күрделі және ауыр болып келеді. Ол өзіне қатыстылардың бәріне үлкен мән береді, тынымсыз және нәзік жанды болып келеді. Ол көбінесе және уәде берер кезде өзін ерекше бақылай алады, өзі орындай алмайтын нәрсе үшін ешқашан уәде бермейді. Холерик темпераменті қызба адамға тән. Мђндай адамды «ол өте қызба, шыдамсыз» дейді. Алайда, оның айтқанын жөн санап, дүрыс деп қабылдаса ол мінезінен тез қайтады. Оның қозғалысы шалт келеді. Флегматик темпераменті салқынқанды адамға тән. Ол ауыр және белсенді жүмыстан гөрі әрекетсіздікке бейім. Мүндай адам әсерлене бермейді, алайда, әсерленсе сол күйде үзақ болады. Мінез - бүл түлғаның адамдарға және орындалатын жүмысқа қатынасын анықтайтын түрақты белгілерінің жиынтығы. Мінез іс-әрекетте және қарым-қатынаста (темперамент сияқты) көрініс береді және ол адамның өзіне ғана тән қүлық ерекшелігін білдіреді. Қарым-қатынас мәнері тәрбиелі, инабатты немесе үстамсыз, сыпайы не дөрекі болуы мүмкін. Темпераментпен салыстырғанда мінез жүйке жүйесінің қасиеттеріне ғана байланысты емес, ол адам мәдениеті, оның тәрбиесіне де тәуелді.

36. Психология 21 ғасыр ғылымы" тақырыбында эссе құрыңыз. Психология Қазақстанға 90-шы жылдары келе бастаған ғылым болып есептеледі. Осы кезден бастап ЖОО-да психологтарды даярлайты бөлімдер ашыла бастады. Алғашында орыс топтары ашылды. Өйткені, материялдық база дайын болмай шықты. Ресей, шетел оқулықтарына сүй,ніп оқытып жатты. Ал қазіргі таңда теориялық, жалпы психология, балалар психологиясы салаларында мәліметтер жеткілікті. Психология- ХХІ ғасыр мамандығы. Қазір кез-келген мекемелерде психолог болуы қажет. Жастардың қоғамдағы психологиялық вирустарға имунитеттері өте әлсіз. Олардың жаман жолға түсіп секталарға еніп кетуі суицидке баруы да осының саладарынан. Психологтардың міндеті- жас ұрпақтың психологиялық денсаулығын нығайту. Ал оны қалыптастыратын ең басты орта- отбасы. Ата-ананың бір-біріне жылы қарым-қатынасы, сезімі тікелей балаға беріледі. Жылуы мол қарым-қатынастағы отбасында өскен баланың стресс, депрессияға қарсы имунитеті қалыптасады. Мұндай отбасындағы бала сабырлы, әр нәрсеге төзімді болады. Яғни, қоғамда проблемалы балалардың, девиантты топтағы балалар (мінез- құлық ерекшеліктері бұзылған балалар) азаяды. Адамдардың өзара қатынастарында жылу мен сенімділік пайда болады. Жоғарыда айтқанымыздай, үнемі компьютер мен телефон, телевизор арқылы көретін атыс-шабыс ойындар кинолар баланың психологиясын бұзады. Тіпті дүкенде сатылатын ойыншықтардың біршамасы баланы ой-қабілеті дамытуға арналған деп айту қиын. Қарапайым ғана мысал, қыздардың сүйіп ойнайтын Барби қуыршақтары боянып, сыланған бойжеткен қыздың бейнесі. Ол қыздарды кішкентайынан теріс қылықтарға бейімдейді. Тәрбие бүлдіршін кезден басталмай ма? Олардың көретін мультфильмдері де құбыжықтар мен басқа планеталардың соғысы мен тартысқа толы. Балалардың назары теледидарда болғандықтан, мейірімділікке, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелейтін телеарналар көбірек болса екен. Мысалы «Балапан» телеарнасындағы бағдарламалар балаларды танымдық, психологиялық жағынан дамытатын бірден-бір арна деп есептеймін. Қазақтың ұлттық тәрбиесіне көп мән берілген. «XXI ғасыр – психология ғасыры» деп Эйнштейннің өзі айтып кеткендей, қазіргі кезде барлық білім беру мекемелерінде психологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға үлкен назар аударылып келеді. Психологиялық қызмет қазіргі кезде әлеу-меттік ортаның барлық салаларында кеңінен тарап келе жатыр. Білім беру жүйесінде, соның ішінде орта мектепте, осы қызметті ұйымдастырудың өзіне тән қиындықтары мен шешілмеген проблемалары өте көп. Педагог-психологтың жұмысы барысында кездесетін қиын- дықтарды келесі психологтар өз еңбектерінде қарастырған: В.Н.Карандашев, В.А.Фокин, Т.М.Буякас, О.Н., Е.А.Климова, Г.Леонова, С. Лучкина, Е. Марченко, Л.К. Сеил, М. Степанова және т.б. Дегенмен, осы күнге дейін педагог-психологтардың жұмысындағы кездесетін қиындықтар мәселесінің шешілмеген, талас-тартысты қырлары баршылық. Психология және педаго-гика теориясы мен практикасында бұл мәселенің жеткілікті зерттелмеуі арасында қарама-қайшылық тудырады.

Наши рекомендации