Бастауыш мектеп оқушыларының психикалық процестері және олардың көрініс беруі
Мектепке бару-бала өміріндегі шешуші кезең. Ол өмір мен іс-әрекеттің жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орынға, үлкендер және құрдастарымен жаңа қарым-қатынастарға көшу болып табылады.
Жеті жасар бала мектеп табалдырығынан аттасымен-ақ оқушы болады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанымен осы уақыттан бастап ол біртіндеп басымдылық рөлін жоғалта бастайды. Бастауыш мектеп оқушысының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады. Мұндай қайта өзгеріс процесіні бірнеше кезеңдері бар.
Әсіресе баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Олар бұл жерден үймен немесе балабақшамен салыстырғанда, әдеттен тыс жаңалықтар кездестіруді күте отырып, мектепке қуана барады. Баланың ішкі позициясы екі жағдайда маңызды. Алдымен мектеп өмірінін жаңалығын алдын ала сезіну және қалау баланың кластағы .мінез-құлық ережелеріне, жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бала қоғамдық маңызды және орындамауға болмайтын талаптар деп қабылдайды. Тәжірибиелі ұзтаздарға белгілі, психологиялық жағынан расталған мынадай қағида бар: баланың класқа келген алғашқы күнінен -ақ оған оқушының сабақтағы, үйдегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін айқын да нақты мағынада түсіндіру керек.
Балаға оның жаңа көзқарасының, міндеттерінің және правосының бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығын дереу түсіндіру маңызды. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету бірінші класс оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардың тіршілігін ұйымдастыруға қажетті шарт. Бұл талаптар орнықсыз әрі екі ұшты болса, балалар өз өмірінің, жаңа кезеңінің ерекшеліктерін сезбейді, бұл лардың мектепке деген ықыласын жоюы мүмкін
Баланың ішкі позициясының екінші жағы оның білім мен іскерлікті игеру процестерінде ортақ дұрыс қарым-қатынасына байланысты. Бір кездерде шын мәнінде ойын кезінде өзі қалған адам (ұшқыш аспаз,шофер) болуы үшін оқудың қажет екендігі туралы пікірге, оның мектепке дейін ақ бойы үйрене бастайды. Ол кезде бала келешекте қажет болатын білімдердін нақтылы құрамын, әрине сезбейді. Оның білімге деген пайдақорлық-прагматикалық көзқарасы әлі болмайды. Ол жалпы білімге, қоғамдық және құнды деп ойлайтын білімдерге ұмтылады. Баланың айналасындағыларды білуге құмарлығы теориялық ықыласы осыдан көрінеді. Оқудың негізгі алғы шарты ретіндегі бұл ықылас баланың бойында оның ең өріс алған ойын әрекетін қамтитын мектепке дейінгі өмірінің барлық сәттерінде қалыптасады.
Алғашқы кезде оқушы нақтылы оқу пәндерінің мазмұны мен шын мәнінде әлі таныс емес. Олардың оқу материалдарына танымдық ынтасы әзірге жоқ. Олар тек математиканы, грамматиканы және басқа пәндерді терендеп оқу кезінде қалыптасады. Әйтсе де бала алғашқы сабақтардан бастап-ақ тиісті мағұлматтар ала бастайды.бұл ретте оның оқу жұмысы жалпы білім алуға деген ынтаға сүйенеді. Ынталықтың жеке дара көрінісі бұл жағдай математикада немесе граматикада байқалады. Мұғалімдер бұл ынталықты алғашқы сабақтарда дереу пайдаланады. Осының арқасында бала үшін сандардың тіркестілігі, әріптердің реттілігі және т.б.сияқты шын мәнінде ұзын-сонар, дерексіз жайлар туралы мағлұмат алу қажетті де маңызды бола бастайды.
Баланың білім қазыналарын интуициялық қабылдауын мектептегі оқудың алғашқы күнінен бастап, ендігі жерде математика, грамматика және басқа пәндерінің өздерінің күтпеген, таң-қаларлық жайттарын паш ету жолымен қолдап, дамытып отыру керек. бұл оқу іс-әрекетініңнегізгі ретінде балалардың шын мәніндегі танымдық ықпалдарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, мектеп өмірінің алғашқы кезеңіне баланың кластағыжәне үйдегі мінез - құлқын реттеп отыратын мұғалімнің жаңа талаптарына баланың бағынуы, сондай-ақ оқу пәндерінің мазмұнына қызыға бастауы тән.Баланың бұл кезеңнен қиналмай өтуі-оның мектепке жақсы даярлықпен келгендігінң белгісі. Бірақ жеті жасар баланың барлығы мұндай емес. Олардың көпшілігі бастапқыда қандайда бір қиыншылықтарға кездеседі және бірден мектеп өміріне етене араласып кете алмайды.
Бірінші класс оқушыларының бастан кешіретін қиыншылықтары негізгі үш тиіпке бөлінеді. Олардың біріншісі жаңа мектеп режимі ерекшеліктеріне байланысты (дер кезінде ояну және тұру керек,сабақты жіберуге болмайды барлық сабақтарда тыныш отыру талап етіледі, үй тапсырмаларын орындау қажет және т.б.). Тиісті дағдылар болмаса, бала да әдеттен тыс шаршау оқу жұмысын бұзу, режимдік сәттерді жіберіп қою пайда болады. Жеті жастағы балалардың көпшілігі психологиялық – физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды қалыптастыруға даяр болады. Тек қана мұғалім мен ат-аналар бала өміріне қойылатын жаңа талаптарды түсініктіде айқын жеткізуі,олар дың орындалуын әрдайым тексеріп балалардың жеке-дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, мадақтау мен жазалау шараларын қолданып отыруы қажет.
Бірінші класс оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың екінші типі мұғаліммен, кластағы жолдастарымен, отбасында болатын қарым-қатынастардың сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндігінше жылы шырай таныта және мейірбан бола отырып, мұғалім қайткенмен беделді де қатал тәлімгер болып табылады,ол белгілі бір мінез – құлық ережелерін ұсынып, одан ауытқудың қандайын болса да тоқтатып отырады. Ол үнемі балалардың еңбегіне баға береді.
Мұғалімнің позициясы мынадай: бала оның алдында қандай да бір именшіктік жасамай тұра алмайды. Осының салдарынан мектепке балалардың біреулері тым-тұйық, ал екіншілері босаңдау бола бастайды (олар үйінде тіпті басқаша болуы мүмкін). Бірінші класс оқушысы көбіне жаңа ортаға үйренісе, балалармен бірден таныса алмайды, өзін жалғыз сезінеді.
Тәжірбиелі мұғалім барлық балаға бірдей талап қояды, бірақ әр баланың бұл талаптарды орындауының өзіндік жеке – дара ерекшеліктерін мұқият бақылайды. Бұл олардың мінез-құлықтарының “астарына” көз жүгіртіп, олардың шын мәніндегі психологиялық қасиеттерін түсінуге көмектеседі. Балаларды тек осындай арнайы зерттеудің негізінде ғана оларға әсер етудің белгілі бір нақтылы әдісін таңдап алуға болады, бұл әдістің мақсаты барлық бірінші класс оқушыларын сабақ үстінде тыныш, ұстамды болу мінез-құлық әдетіне, сабақтардың жалпы қарқынын сақтауға мұғалімнің ескертулеріне іскерлікпен жауап беруге тәрбиелеу болып табылады. Түптеп келгенде осының бәрі мұғалімге және оның іс-әрекетін сенуді тәрбиелеуге келіп саяды.
Мұғалім барлық балаларға бірдей қарап,бәріне бірдей талап қойғыш болғанда,нашар оқитындарды еңбек сүйгіштігі үшін мадақтап,жақсы оқитындарға өзіне тым көп сеніп кеткені үшін басу айтып отырғанда ғана кластағы оқушылардың өзара қарым-қатынасы ойдағыдай болады. Бұл кластың ұжымдық жұмысына психологиялық жағынан жақсы жағдай жасайды. Мұғалім ықыластарының ортағы бойынша (олар маркалар жинайды,қуыршақ театрымен айналысады), сыртқы өмір жағдайларын ортақтығы бойынша (балалар бір үйде тұрады бір партада отырады) және т.б. бойынша балалардың достасуына қолдап отырады.Бала мектепке келгенне кейінгі алғашқы айлардағы тәрбие жұмысының маңызды мақсаты – класс содан соң мектеп оған бөтен адамдар тобы емес, қайта құрбыларының өзінен кіші әрі үлкен жолдастарының тілектес те қайырымды коллективі екендігін оның бойына дарыту.
Баланың мектепке барумен оның отбасындағы жағдайы өзгереді. Оның жаңа міндеттері мен жаңа праволары пайда болады, (мысалы,оқушыға үй тапсырмасын үшін ерекше орын және уақыт бөлу керек оның күн режимі мен санасу керек). Көпшілік отбасында баланың бұл праволары құрметпен қабылданып, толық қанағаттандыратынын тәжірибе көрсетіп отыр. Тіпті мынадай көрініс жиі байқалады: үлкендердің қарым-қатынасын және олардың “мектеп еңбеккерінің” тілектерін дереу қанағаттандыруға дайын тұратындығын сезген кейбір балалар өздерінің жағдайын өктем пайдаланып, үйде өздері – оқушылар – басшы тұлға болатын тәртіпті орната бастайды. Ал, бұл оқушының еркше өзімшілдігі пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан үй ішінде бірінші класс оқушысына көңіл бөлуді оған отбасының басқа мүшелерінің де маңызы еш кем емес мүдделері мен қамы-қаракеті бар екенін көрсетумен ұштастыру керек.
Бала олармен санасып,үй іші істерінің жалпы ағымында өзінің мектептегі қақтығыстарын шамадан тыс көрсете бермеуі керек.
Қиыншылықтардың үшінші типін біоінші кластағы көптеген оқушылар оқу жылының ортасына таман сезіне бастайды. Алғашқы да олар сабақ басталардан көп бұрын мектепке қуана барды,кез келген жаттығуларға ықыласпен кірісті, мұғалімнің берген бағасына мақтанысты: олардың білімді игеруге жалпы даярлықтары сезіліп тұрады. Бірақ 1-інші класста оқу процесі әдетте балалар белгілі бір даяр білім мен анықтамалар алып, оларды есте сақтап, қажетті жағдайларда қолданатындай етіп жасалған. Әдетте бұл білімдерге деген қажеттілік арнайы қарастырылмаған. Әрине мұндай жағдайларда баланың ақыл-ой ізденісінің өрісі тар,таным дербестігі айтарлықтай шектеулі болады. Осыған ұқсас сабақтарда оқу материал- дарының өзіне ықылас нашар қалыптасады.мектептің сыртқы атрибуттарына үйрену дәрежесіне қарай балада оқуға деген алғашқы құштарлық өте бастайды да осының осының нәтижесінде селқостық пен немқұрайдылыққа салынады. Мұғалімдер кейде материалға сырттай қызықты элемент енгізе отырып, оларды жеңуге тырысады.Бірақ бұл әдіс аз уақыт қана ықпал етеді.
Оқуға “тоюды” болдырмаудың ең сенімді әдісі балалардың сабақтарда жеткілікті дәрежеде күрделі оқу-танымды тапсырмалар алуында, тиіс ұғымдарды игеруді талап ететін проблемалық ситуациялармен ұырас-уында жатыр.Сонымен бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және төменгі класс оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты.
Мектепке келген жаңа бала даралық сапаларымен таңыла отырып, бір ортаға бейімделіп, төселеу кезеңін бастан кешіреді.Бұл жолдағы қиындықтар барлық бейімделу сатыларындағы қиындықтармен пара-пар Яғни баланың құрдастарымен, мұғалімен, мектебімен, сыныбымен қатынасты, сабаққа көзқарасы, өзіндік сана-сезімі, тіл табысуы, сөйлеу ерекшелігі, түсіну, ұғыну деңгейлері-осының бәрі бала психикасына едәуір әсер етеді. Мұғалімге оқушының жай-күйін жйі бақылап, жаңа ортаға баулу үшін, алдыңғы тәрбиеленушілердің психикалық ерекшеліктері туралы алғашқы деректер өте қажет. Бұл деректер баланың мектептегі оқуға психологиялық ұрығынан даярлығын анықтау барысында алынады.
Баланың мектептегі оқуды табысты бастауы үшін қажетті психикалық сапарлар кешені - мектепке психологиялық даярлық мазмұнын құрайды.Ол баланың мектептгі оқу әрекетіне жағымды қатынасынан: мінез-құлықтың ырықтылығының барынша жоғары деңгейінен: білім, іскерлік, дағдыларының белгілі бір қоры мен таным процестерінің дамуынан, сондай-ақ үлкендерімен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас орнатуды, ұжым өміріне араласып кетуді, бірлескен әрекетті орындауды қамтамасыз ететін сапалардың қалыптасуынан тұрады.
Мектепке оқу қабылданар баланы мектептік болмысқа ендіру, толық- қанды оқу әрекетін қалыптастыру- өтпелі кезеңге тен психикалық дамудың барлық жиынтықтарымен тығыз байланысты. Олар оқу-тәрбие үрдісін осы жастың психологиялық ерекшеліктерімен қатаң сәйкестікте жүргізуді қажет етеді. Сондай-ақ мектепке дейінгі шақтан оқушылық өмірге өту кезеңін зерттеу мәселесі мектептегі оқу-тәрбие міндеттерін нақтылауға мүмкіндік береді. Бұл істің түпкі мақсаты баланың мектептегі оқуына берік тұғырды қамтамасыз ету. Ол мұғалім талаптары мен мектеп ережесін орындауға баланың ерік күшін бағындыра алу іскерлігінен көрінеді. Екі кезеңнің түйісер тұсындағы дағдарыс құбылысының бала психикасына әсері іс-түссіз жоғалып кетпейді.
Психикалық даму дағдарысы осы уақытқа дейін баланың ересектер-мен қарым-қатынасы кезеңіндегі қиындықтармен мінез-құлық ауытқу-ларын, теріс қылықтарын сипаттайтын ұғым ретінде қарастырылып келеді. Мәселен “теріс қылықтарын көрінісін жұмсаратындай етіп, тәрбиені қалай құрса болады?” деген сұрақтар іздестіріледі. Ал психикалық дамуда дағдарыс рөлі қаншалықты екендігі аса көп зерттелінбеді.
Психикалық даму дағдарысын педагогика ғылымы тұрғысынан қарастыру бихевиористік бағыттағы балалар психологиясына да тән: “тәрбиенің жетімсіздігі салдарынан туындаған психикалық даму барысындағы ауытқулар”. Бұған қарсы ТМД кеңестігінде, Л.С.Выготскийден дағдарыс дамудың ішкі аса қажетті кезеңі ретінде, сапалық секіріс ретінде қарастырылды .Соның нәтижесінде бала психикасы жаңа деңгейге көтеріледі. Ал дағдарыстың оған қылықтар арқылы көрінуі-бұдан ары қарайғы даму үшін тежегіш ретінде көрінетін баланың үлкендермен қарым-қатынасының бұрынғы жүйесінің күйреуі; яғни оң жағымды жаңа құрылымдардың “келесі беті”.Баланың психикалық дамуы диалектикалық үрдіс. Ол біркелкі, тегіс өтпейді: ішкі қақтығыстардың пайда болуы мен шешілуі арқасында қауырт қайшылықты түрде жүреді.
Л.С.Выготскийдің пайымдауынша,психикалық дамудың жалпы заңдарын түсіну кілтін өтпелі кезеңдерді,яғни даму дағдарыстарын зерттеу береді. Себебі, Осы кезде бала психикасындағы сапалық қайта құрулар барынша айқын көрінеді.
Белгілі балалар психологы Е.Е.Кравцова 7 жас дағдарысының рөлін ерекше бағалайды:”баланың, бұған дейінгі барлық дамуының даярлығы нәтижесінде 7 жас дағдарысы пайда болады”. Осы дағдарыстың өту нәтижесінде балалардың мектепке психологиялық даярлығы қалыптасады, (Д.Б.Эльконин,А.Л.Венгер).
Жеті жас дағдарысы балалар психологиясы мен педагогиялық психологияда шартты түрде белгіленген жас мөлшері. Дамудағы даралық ерекшелікке байланысты, осы шамадағы дағдарыс кезеңі баланын, тура жеті жасында өтуі мүмкін. Сондай-ақ, алтыдан аса бере, немесе сегіз жасқа таяу уақытта да басталуы кәдік. Бірақ, бір жағдайы анық Жол-7жас шамасындағы дағдарыстың мектеп жасына дейінгі балалық шақ пен мектептік кезең аралығындағы шекара іспеттес екндігі.
Бала дамуын күрделі үрдіс деп санаған Л.С.Выготский “даму дегеніміз бәрінен бұрын жаңаның пайда болуы”,-дегенді.
6-7 жасар бала қоғамдық қатынастар әлеміндегі өз орнын түсіне бастайды. Ол өзі үшін жаңа әлеуметтік қатынастың мәнін ашады. Бұл үлкендер аса жоғары бағалайтын оқу әрекетімен байланысты, оқушылық қатынас.Осы жаңа орынды иелену тілегі қай кезде басталса да, баланың ішкі бағытының қалыптасуы оның өзіндік санасын түбегейлі өзгеріске ұшыратады. Л.И .Божовичтің пікірінше, 7-жас дағдарысы баланың әлеуметтік“Менінің” қалыптасу кезеңі. Өзіндік сананың өзгеруі-құндылықтар сипатының өзгеруіне әкеліп соғады. Бұрын аса жағдайлар қазір қосалқылық роль атқарып қалады.
Әлеуметтену – нақты құндылықтар, білім, нормалар жүйесін меңгеру арқылы жүзеге асатын тарихи үрдіс.Бұл нәрестелік шақта-ақ басталып, бірте-бірте күрделене түседі де, мектепке дейінгі кезеңнің аяғында айқын көрінеді.Бұдан шығар қорытынды:6-7 жасар баланың жеке басының әлеуметтенуі мектепке оқуға психологиялық жағынан даярлануына байланысты жүзеге астындығынада.
Дағдарыс кезеңі біртіндеп өтіп, жеті жастағы балада жаңа құрылымдар қалыптаса бастайды. Олар: көңіл-күйін тұрақтандыраалу іскерлігі, қызығушылықтарының артуы, үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынасының ерікті сипатқа ие болуы. Бала қоғамдық өмірге кірісуге талпынып белгілі бір әлеуметтік орын алуға ұмтылады.Бұл талпыныс мектепке барумен қанағаттандырылады.
Тиісті материалдарды талдау барысында “дағдарыс” ұғымына берілген анықтамалардың аталмыш құбылыстың мазмұнын толық ашпайтындығы анықталды:
1) берілген психикалық өзгерістің неліктен дағдарыс деп аталғандығы ашылмайды:
2) дағдарыс кезеңінде байқалар теріс қылықтардың,табиғаты көрсетілмейді.
Жас ерекшелігі психологиясы ғылымында даму дағдарысына жан-жақты сипаттама беріледі. Бірақ сол бай ұғымның қысқа ғана, әрі толық тұжырымы көрсетілмейді.Ереже ретінде берілген мәселе туралы түсінікті аша алмайтын анықтаманың қызметі де шетеулі.Осы толқылықтарды толтыра отырып,даму дағдарысын барынша ашатын жаңа анықтама жасау қажеттілігі туды.
Сонымен, даму дағдарысында берілген анықтама мынау:
Дағдарыс – бір жас кезеңінен екінші жас кезеңіне өту барысында ағзадағы физиологиялық өзгерістерге психиканың әлі бейімделе алмауы салдарынан, жеке адамның жаны мен тәні арасында ішкі қайшылықтардың туындауы себепті мінез-құлықты оғаш қылықтардың етек алуы.
Баланың мектепке даярлығын анықтайтын 5 бағыт:танымдық қабілеті, дене күшінің дамуы, оқуға ынтасы , көңіл күйі, ерік сапаларының қалыптасуы-мектептік кемелді құрайды.
Жалпы ден дамуына 6-7 жасар баланың дене білімінің –бойы, салмағы бұлшық ет толысуы, көкірек қуысының көлемі, тері жамылғысыт.т.қалыпты мөлшерге сәйкес келуі және көз жанары, естуі, қимыл-қозғалысы, әсіресе қол мен саусақтарының нәзік қимылы, жүйке жүйесінің қозу мен тежелеу жағдайы,сондай –ақ жалпы денсаулығы жатады (Р.В.Овчарова, М.Р. Битянова, А.Л.Венгер).
Танымдық даярлық, мазмұнына баланың сөздік қоры, көзқарас деңгейі, арнайы іскерліктерінен қоса, танымдық процестерінің даму деңгейі, олардың ”жақын арадағы даму аймағына” бағытталуы, көрнекі-бейнелік ойлаудың жоғары деңгейлері,оқу міндетін ерекшелеп бөле алуы мен оны әрекеттің дербес мақсатына айналдыра алу іскерлігі жатады.
Еріктік даярлық-бала алдана мақсат қойып, шешім қабылдап, іс-әрекетін жоспарлап, оны жүзеге асыруға күш жұмсамай алса, осы жолда кездескен кедергілерді жеңсе- қалыптасқан деп есептеледі.
Көңіл-күй даярлығына “оқушының ішкі жағдайы”- деп аталатын жаңа әлеуметтік қатынастың; оқу әрекеті үшін қажетті адамгершілік қасиетгер тобының сондай-ақ баланың құрдастарымен, үлкендермен қарым-қатынас сапасының қалыптасуы жатады.
Баланың оқуға ынтасы, ықыласы мектепке психологиялық даярлық диагностикасы бағыттары мазмұнындағы мотивтік даярлықты құрайды. Баланың мектепке психологиялық жағынан даярлығы міндетті түрде баланың биологиялық жасымен тығыз байланысты. Мектептік кемелді анықтайтын бағыттар тікелей жасмөлшеріне тәуелді. Білім меңгеру үшін қолдың саусақтарының нәзік қимылы,икемділігі, тісеу барысы, бойы мен салмағының мөлшері – осының бәрі баланың нақты жасын көрсететін биологиялық кемел белгілері.
Мектептік кемелге әсер ететін жағдайлар қандай? Біріншіден, даралық ерекшелік. Оған жас мөлшері тәуелді емес. Екіншіден, мектепке дейінгі даярлық. Ол жүйелі түрде жүргізілген жағдайда баланың танымдық белсенділігі мен оқуға деген ынтасы,мінез-құлқын игере алу, ерік-күшін бағыттай алу іскерлікті қалыптасады.Үшіншіден, жас ерекшелігі. Жас мөлшері биологиялық кемелдің көрсеткіші.Сондықтан да, бүгінгі таңда мемлекетімізде 1-сыныпқа қайтадан 7 жастан қабылдау,6 жасарларды жаппай мектеп алды даярлықтан өткізуісі жүргізілуде. Осы үш ерекшелікті ескере отырып, 1-сыныпқа қабылданар баланың мектептік кемелге жеткен –жетпегендігін мұқият тексеру қажет.”Мектептік кемел” терминін балалар психологиясы ғылымына гигиенашылар енгізген.Бұл арнайы терминнің мәні мынада:6-7 жастағы бала ағзасының мектептегі жүйелі оқу әрекетіне дайындығының белгілері.
Кез-келген ұжымды алалық тумауы үшін сол ұжым мүшелеріне ортақ белгі қажет. 1-сынып оқушылары үшін осы ортақ белгі бүгінгі таңда жас мөлшері болып отыр. Мектептік кемелге әсер ететін бірінші шарт – даралық ерекшелік сонда бір жас мөлшеріндегі балалардың ішінен алынып отыр. 0- дік жалпыға бірдей міндетті болған жағдайда бұл әдіс тура жол деп тұжырымдай отырып, 1-сыныпқа қабылдау жасын ұлттық мінез-құлық, ұлттық даму ерекшеліктеріне сай зерттеу ісі-де кезек күттірмес мәселе деген пікірдеміз. Өйткені, ұлт болашағы ұлттық негізге сүйене дамуы шарт.
Балаларды мектепке психологиялық тұрғыда даярлауда бала бақшаның ересектер мен даярлық топтарында жүргізілетін жүйелі оқыту мен тәрбие жұмысының маңызы зор екенін мойындай отырғанымызбен,бала бақшалар санының балалар мөлшерін толық қамти алмайтындығын қазіргі кезде жалпыға бірдей міндетті мектепке даярлық ісі 0-дік сыныптардың ашылуы арқылы шешілуде.1 сыныпқа барар бала әуелі 0-дік сыныпта оқуы керектігі талап етілуде. Бұл ретте педагогтар қауымы мен ата аналар балаға әріп танытуды; қолға қалам ұсталып, жазып үйренуін; санай алу дағдыларын; мектептегі сынып – сабақтық жүйегі үйреніп, қалыптасуы үшін мақсаты іс-әрекеттер жасап жатыр. Орындалып жатқан қыруар жұмыс-баланы мектепке даярлау ісі болып табылады.Психология баланың мектепке даярлығын биологиялық кемел, әлеуметтік кемел, мектептік кемел өлшемдері тұрғысынан анықтап, баланың жеке басының дамуына психологиялық баға беру арқылы қарастырылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы олардың қимыл әрекетіне байланысты және эмоциялық бояуларға бай болып келеді. Мәселен, олардың қозғалмалы, бояулы заттарға тез зер салғыш келетіні,қанық бояулы нәрселерге ерекше құмартатыны да осыдан. Төменгі сыныптарда оқитын балалардың қабылдауында мына төмендегідей ерекшеліктер болады. Олар әлде де болса құбылыстарды тұтас зат күйінде жөндеп қабылдай алмайды.Бала заттың көлденеңнен кезіккен жеке қасиеттерімен белгілерін ғана көреді, заттарды талдай қабылдау жағы да жетпей жатады. Мәселен, ол заттың өзіне ұнағанын олардың көзге бірден көрінетін сыртқы белгілерін қабылдауға ұмтылады. Мұндай қабылдауда белсенділік жағы аз тболады. Егер обьектіні қабылдау қиынға соқса бала оған қынжылмайды,екіншісіне ауыса береді,қабылдаған затының жеке бөліктерін тізбектей алғанымен ,бірақ ондай жүйе болмайды. Мәселен,оқушы көбелектің құрылысын айтқан кезде:
”Көбелектің қанаты ақ. Қанатында дөнгелек қара нүкте бар.Көбелектің мұрты,көзі,құйрықшасы болады” деп жай тізбектейді де,оның негізгі ерекшеліктерін (түрі,түсі т.б) айтуды естен шығарады.Кейде бала нәрсенің жеке жақтарын қабылдайды да,оның тұтас зат екенін ұмытады. Мәселен, оқушы кружканың суретін салғанда,тұтқасын шамадан тыс үлкейтіп жібереді, ал үйдің суретін салғанда есік, терезесі еденінен төбесіне дейінгі жерді алып жатады.
Үшінші сыныптан бастап балалардың қабылдау саласындағы осындай қатерлері азая бастайды.Оқушы заттың негізгі белгілерін байқай алатын болады. Қабылдауда анализ бен синтез қатар жүреді. Бала әр заттың өзіндік белгісін ұққысы келеді, оның мәніне,ішкі, сыртқы құрлысына, жасалу принципіне зер сала бастайды. Енді затты жан-жағынан байқап көргісі келеді.Заттарды дұрыс қабылдай алу,мәніне түсіну барлық пәндер бойынша бірдей болмайды. Мәселен, күнбе-күн өтілетін арифметика,ана-тілді сабақтарына қарағанда сирек болатын ән-күй,сурет сабақтарынан бала қабылдауының даму дәрежесі әлдеқайда баяу болады.
Қабылдау процесінің күрделене түсуі балаларда байқай алу қабілетінің көрінуімен ұштасады. Мектепке түсу балалардың логикалық есін дамытуда үлкен роль атқарады.Оқушылардың есін тәрбиелеуде де мұғалім олардың жас және дара ерекшеліктерін қатты ескере отырып,жұмыс жүргізеді.Төменгі сынып оқушылары оқу тәсілін өз бетімен таңдай ала алмайтындықтан мұғалім үйге тапсырма бергенде,материалды қалай оқу керектігін балаларға ұдайы ескертуі керек.Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қаппай оқу, тапсырманы қалай оқу керектігі айтылған.Бірақ
баланың назары кейде бұған жөнді түсе қоймайды.Мұғалім мұны қатты ескергені жөн.
Төменгі сынып оқушылары (әсіресе, бірінші, екінші, үшінші кластағылар) материалды көбінесе,сөзбе-сөз жаттап алады. Олар материалды есіне қалдырғанша оқи береді. «Оқулықтағыдай білсем болғаны ғой» дейді.
Бұлайша есте қалдыруға материалдың қысқалығы әрі жинақылығы себеп болады.Балалардың сөздік қорының аздығы да өз сөзімен айтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, мұғалім бір жағынан, баланың сөздік қорын дамыта отырып, екінші жағынан, материалды өз бетінше айта білуге үйретуі қажет. Баланың оқыған нәрсенің мәнін түсіне алуы-оның материалды өз сөзімен айта білуі болып табылады . Осылайша, есте қалдыру үшін оқитын материалды бірнеше мағыналы бөліктерге бөлу,оның жоспарын жасау қажет екендігі өткен параграфта айтылды. Төменгі сынып оқушылары, бұл жағынан өте шорқақ екенін де психологиялық зерттеулер көрсетіп отыр. Өйткені бала талдау жасауды білмейді, мәтінді жеке бөліктерге бөлгенмен, оның негізгі жерін айыра алмайды. Оқушылар шығарманың жеке бөліктеріне ат беріп, басты жерлерін табудың орнына, мәттінді түгелдей жаттай қояды. Бұл әдіс оған оңай болып көрінеді. Егер мәтін ұсақ бөліктерге бөлінетін болса, оқушылар жеке фактілер мен сөйлемдерді оларға тақырыпша етеді де, мәтін үлкен бөліктерге бөлінсе,бұлардың тақырыпшасы шамадан тыс, шығарманың мазмұнын көрсетпейтін жағдайда болады.
Шығарманың мәніне қарай бөліктерге бөлуге төменгі сынып оқушыларының көпшілігінің қабілеті жетеді.Бірақ мұнда оқытатын мәтінніңсипаты және балалардың жас ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Шығарманың ең негізгі идеясын табу, оған өз бетінше тақырыпша беру, үшінші сынып оқушыларында жап-жақсы дамитындығы байқалады. Бұл әдісті балаларға мұғалім ғана үйрете алады. Оқушылардың шығарманы өткен шығармамен байланыстыра білуге машықтандыру,оқу материалдарын неғұрлым ұзақ мерзімге есте қалдыруға бағыт беру-мағыналы есті дамытудың басты әдістерінің бірі. Мұғалім балдардың сондай-ақ,балалардың есте қалдыру, қайта жаңғарту мүмкіндіктерін өздері қадағалай алуіына үнемі жолбасшылы көрсетіп отыруы . Адам сұрақ қою арқылы алатындылығы кедергені сезеді, оны біртіндеп жояды, сөйтіп, өзінің әр түрлі тану қызығуларына жауап алады. Сұрақ қою,оны дәл тұжырымдау, мәселені «ойда ұстай білу» сұрақты талдай білу және жинақтау , шығару тәсілі мен амалдың орталық түйінін табу, жорамалдар жасай білу т.б. ойлау процесіне мәселелерді шешу үшін аса қажетті жағдайлар болып табылады.
Төменгі сынып оқушыларында тануға негізделген тікелей түсінулер байқалады. Бұл тікелей түсінулер заттарды тікелей қабылдаудан туған тусінулер. Егер зат баланың өткен тәжірбиесінде болмаған болса, оны бірден түсіну қиынға соғады. Түсіну үшін оны алдымен жан-жағына жақсылап қабылдап алу қажет. Жанама түсіну –жаңа затты,құбылысты белгілі ұғымға жанастыра барып түсіну деген сөз. Баланың сыртқы дүниенің сан қилы сырларын түсіне алуы жанама түсінулер арқылы ғана жүзеге асады.Бір нәрсенің мәніне түсіну үшін жай тану жеткіліксіз, оған қоса, оның себебін, яғни неліктен осылай болып тұрғанын білу керек. Мектеп жағдайында кейбір оқушылардың оқыған әңгімесін, грамматикалық математикалық ережелерді дұрыс түсіне алмайтын фактілері жиі кездеседі. Мұғалімдер, көбінесе, баланың әр жаңа материалды не себеппен түсінбей қалатынын,кезінде талдау жасап отырмайды. Балалар ойлауы үнемі кедергісіз жүріп отыратын процесс емес, ол кейде құбылыстарды толық бейнелей алмайды, тіпті қателіктерде жібереді бірде білмегенін екіншіде біледі. Міне, осы жайларды мұғалім асқан байсалдылықпен ескеріп отыруы тиіс. Сондықтан жаңа сабақты бірден түсіне алмай қалған оқушыларды ұғымы төмен деп кінәлаудың өзі педагогиялық тұрғыдан дұрыс болмайды.
Төменгі сынып оқушыларының ойлауы негізінде нақтылы келетіндіктен, олар көп нәрселерді өз қалпында түсінугебой ұрады. Мәселен, бір зерттеуде үшінші сыныптвағылардың аллегориялық ұғымдардың мәнін жете түсінбейтіндігі анықталған. Олар: ”білімді” деген ұғымды “оқитын адам”; “дүние” ұғымын, “байлық”, ”ақша”; “жақсылық” ұғымын “жақсы нәрсе”; ”ер” “аттың ері” деп олардың заттық бейнелік жақтарына көбірек көңіл аударады да, осы ұғымдардың мәнін салыстыру, теңестіру арқылы түсіндіріп бере алмайды.
Балалардың құбылыстары түсіне алуында олардың сөз байлығын, сөздік қорының өсіп отыруын қадағалау зор маңыз алады. Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндірудегі методикалық шеберлігінің (әр ұғымды өз мәнінде толық түсіндіру, сөйлемдердің қысқа, ықшам болып келуі, екі ұшты сөйлемеу т. б.) жоғары болуы бала түсінігінің жақсы дамуына қатысы бар факторлардың бірі. Мектеп –бала қиялын дамытуда үлкен рол атқарады. Мұндағы оқылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мәселен, табиғатты суреттейтін, немесе қандайда болсын оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде мұғалім арнаулы тәсілдер арқылы оқушылардың қиялын оятады. Қиял арқылы бала ондағы жанды бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен ұстағандай, құлағымен “естігендей”күйге түседі. Көркем әдебиет шығармаларын талдағанда тарих сабақтарындағы әңгімелерде,оқушылардың түрлі ойындарында алғашқы кезде қиял процесі әр қырынан көрініп отырады. Төменгі сынып оқушыларында алғашқы кезде қиялдың дамуы айтарлықтай болмайды. Мәселен, бірінші сыныптағылар суретке не оқығанға қарап, өз бетімен жаңа бейне жасай алмайды. Өйткені осы жастағыларда синтездеу қабілеті жөнді дамымаған. Олар оқығанын кездейсоқ, біріне-бірі байланыспаған ассоциациялар арқылы жаңғартып отырады. Баланың қайта жасау қиялын дамыту үшін алдымен олардың тәжірбиесін қорландыра түскені дұрыс. Осы салада мұғалім істейтін іс үшан-теніз. Мәселен, мұғалім балаларды орманға экскурсияға апарған екен дейік. Онда оқушылар әрбір ағашты, өсімдік түрлерін көздерімен көріп, қолдарымен ұстайды, білменгендерін бір –біріенен сұрап не мұғалімнен біліп алады. Ертеңіне мұғалім (тайга, тундра, тропика т.б.) туралы айтып беріңдер десе, бұл олардың қиялын тәрбиелеуге көп пайдасы тигізеді.Өмір тәжірбиесінің артуы, білім қорының молая түсуі балалардың қиялын дамыта түседі. Мәселен, үшінші сыныптағылар сурет сабағында алдында тұрған заттардың бейнесін айнытпай сала алады, оны осындай басқа затпен салыстырып көреді. Бұл балада қайта жасау қиялының қалыптасып келе жатқандығын байқатады.
Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан не нәрсеге болмасын өзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет. Мәселен сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбегенше, баланың осыған орай көрінетін қиялыда шарықтай алмайды.
Төменгі сынып оқушыларының қиялын дамыту олардың эстетикалық сезімдерін оятады. Мәселен көркем әдебиет кітаптарын оқу, музейлер мен галерияларға бару, кино көру, ұйымдасып музыка тыңдау, бала қиялын жаңа мазмұнға толтыра түседі. Шәкірт қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс мұғалім де, оқушының ата-анасы да бұл жерге ақыл ғана әсер етпей, эмоциясына әсер етерліктей әдістерді іздестіріп отырулары керек. Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу, табиғатқа, өндіріс орындарына экскурсиялар жасау, түрлі тапсырмаларды оқушыларға дербес орындатып отырғызу, оқу барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т.б. осындай әдістер бала қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады.
Мектеп-бала сезімдерін жүйелі әрі жоспарлы түрде дамытып отыратын арнаулы орын. Мұғалімнің осы саладағы жүргізетін жұмыстарының кейбірі мына төмендегідей болмақ:
1) Бала эмоциалары мен сезімдерін тек құрғақ сөз бен жалаң үгіт арқылы тәрбиелеуге болмайды. Мүмкіндігінше бұл сезімдерді бала өз басынан кешіретін болсын. Өзі күйініп көрмеген адамның біреудің қайғысына ортақтаса алмайтыны сияқты, бала өзінің және айналасындағылардың табысына қуанып, сәтсіздігіне жаны күйзеліп отырмаса, сезім тәрбиесі өзінің пәрменділігі жояды. Мәселен, баланы Отанды сүю сезіміне тәрбиелеу ісі оның жас төлді күту, бау-бақша жұмыстарына қатысу,пайдалы еңбекке қолғабыс тигізу сияқт нақтылы іс-әрекетімен ұштастырылып отырлуы тиіс.
2) Сынып, мектеп ұжымында берік орын алған салт-дәстүрлер – бала эмоцияларын дамытып, тәрбиелеуде таптырмайтын құрал. А.С.Макаренко осындай дәстүрлердің зор тәрбиелік мәнін көре білген “Дәстүрлер менің ұжымында өте көп еді-,деп жазды ол, -тіпті жүздеп санауға болатын.Мен олардың бәрін біле бермеуші ем,бірақ балалар білетін және балалар білгенде бір жерге жазылған түрінде емес,өздерінің бір сезімімен білетін.
3) Осылайша істеу керек десетін. Ал неге олай істеу керек?. Үлкендер осылайша істейді. Үлкендердің тәрбиесін, үлкендердің логикасын құрметтеу, олардың коммуна құру жөніндегі еңбегін құрметтеу және оның өкілдерінің құқықтарын құрметтеу –ұжымның аса маңызды қасиеті болып табылады және олар дәстүр арқылы сақталып отырады. Мұндай дәстүрлер, балалардың тұрмысына ажар беріп, гүлдендіріп отырады. Осындай дәстүрлердің арқасында өмір сүріп, өздерінің ұжымдық ерекше заңымен тұратындығын сезеді, ол заңды мақтаныш етіп, жақсартуға тырысады”.
Бастауыш сыныптарда осы әдіс кең өріс алған жөн. Мәселен, бірінші сынып мұғалімдерінің әліппе кезеңін бітіргеннен кейін осы оқиғаның құрметіне “Әліппе күнін”өткізуіне болады. Бұл балалар үшін үлкен қуаныш. Мұндай күнді олар жақсы оқу, үлгілі тәртіппен қарсы алуға тырысатыны сөзсіз.
Сезімдерді тәрбиелеудегі басты жолдардың бірі балаларды өз эмоцияларын басқара алуға, өзінің аффектерін тежей білімге дағдыландыру. Бұл көп жаттығуларды, машықтануды қажет етеді .Мұғалім арнаулы жаттығулар арқылы баланың оғаш мінезін де, сылбыр эмоциясын да қалыпқа келтіре алады. Оқушылардың жоғарғы сезімдерін тәрбиелеу ісі оның дүние танымы мен сенімін, жеке басын қалыптастыру ісімен қосарластыра жүргізілуі тиіс. Өйтпеген жағдайда мұғалімнің осы саладағы әрекеті пәрменді болмауы мүмкін. Бала сезімін тәрбиелеушілердің де (ата-ана, мұғалім т. б.) сезімдері өз дәрежесінде болуы тиіс. Олардың өміріеде, іс-әрекетінде шынайы жақсы сезімдер орын тепсе, балаға да үлгі өнеге болатыны табиғи нәрсе. Бала еліктеуге жарарлық үлгі-өнеге кермесе, оның сезімдері де дұрыс дамымайтын болады.
Темперамент-жүйке жүйесінің тума қасиеттерін туындайтын адамның жеке өзгешіліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешіліктерімен, әсіресе жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен,біреу әжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т. б.)жақсы байқалып отырады.
Әр түрлі темпераменттегі баланың ерекшеліктерін төмендегіше сипаттауға болады:
1. Сангвиник темпераменті басым оқушылардың ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып- қымрырылмайды, оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа жетекшілікке құштар. Мұндай бала жылдам және тез қозғыш, көңіл күйі жйі өзгергіш келеді, көп нәрсеге қызығады, бәрін біліп алуға тырысады, бірақ біреу бағыттап отырмаса, тез суып кетуі де ықтимал, Ақыл-ой әркеті белсенді жүріп отырады. Сыныпта мұғалімнің айтқандарын қиналмай ұғады, сұрақ қоюға жаны құмар. Оның сөзіжылдам, анық, түсінікті, паузалармен интонацияларды жақсы сақтайды, сөзді мәнерлей айтуға тырысады. Сөйлегенде ымишара (мимика, пантомимика) жағы басым келеді, көбінесе эмоциялы, қозу жағдайында тұрады. Осындай балалардың мінез-құлқынан қажырылық, белсенділік сияқты кейбір жақсы қасиеттерді көруге болады. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге онтайлы, ширақ темперамент болып саналады.
2. Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілей тін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып – саспайды.Сабақта тыныш отырады,жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Мұндай балалардың сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді десе де болады. Ол оқушының дауыс екпіні баяу келеді, аптықпай, асып-саспай сөйлейді, сөзі ымишаралармен ерекшеленіп тұрмайды. Флегматик темпераменттегі балалардың көпшілігі мектепке келгеннен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.
3. Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Бұл ұшып-қоныа тұратын, күйгклек,тынымсыз шамданғыш, қүйі және өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді, пысық, бірақ бейқам, ашуланшақ бала. Мұндай оқушы қимыл әрекетті сүйеді. Әдетте оның қимыл-қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Онда ой әрекетінің белсенділігі байқалады. Ой әрекетінің белсенділігі оқу тапсырмаларын орыдауынан да жақсы көрінеді. Спорт, әсіресе, қозғалыс ойындарына бір ықыласымен қатынасады. Мектепте ұйымдастырылатын жұмыстарда балалардың алды болатын да осылар. Мұндай балалардың көбінің мінездері сотқар, шалдуар келеді.Өз эмоциялары мен қимыл - қозғалыстарын билей, алмай, қабынып “ күйіп –пісуге” дайын тұрады. Ашуы шапшаң, қатты, қияңқы, ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың сөзі жылдам, интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде дауысы қатты шығып кетеді. Олар тез, қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Холерик темпераментіндегі бала өте сезімтал болғандықтан, түрлі әсерге тез беріледі, ызақор ашуланшақ келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.
4. Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Сол нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жай басар. Мұндай оқушылардың сезімталдығы өте баяу көрінгенмен, онысы терең және ұзақ уақытқа созылады. Меланхоликтер мектеп өміріндегі оқиғалардың бәрін үлкен әсермен қабылдап, оларды көп ойлайды. Мәселен, мұғалім оны тақтаға шақырып есеп шығартса, мұның өзі оған кейде әлдеқандай зор әсер етеді. Ол кейде қызарандап ұялады, егер мұғалімнің тапсырғанын орындап шыға алмаса, осыған қатты қайғырады, көпке дейін бұл оның есінен кетпейді. Егер мұғалім сыныптағы балалардың көзінше оған ұрсатын болса ( бұлай ету әрине дұрыс емес), мұндайда бала төмен қарап жылап, кейде жауап айта алмайтын жағдайға ұшырайды.Ол көпке дейін булығып, белсенді сөз айтудан қалады. Меланхолик темпераментіндегі оқушы,көбінесе, өз жолдастарының арасындай көзге түспей, жай ғана жүріп-тұрғанды ұнатады,”мен” деп ешқашан ұмтылмайды. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ тжүргенді жақсы көреді. Мектепте осындай балаларды құрбы – құрдастары “қорқақ”, “сылбыр”, “үндемес”, ”маубас”т.б. деп келеке ететін кездері де болады. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қыңыр, қисық келеді. Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіргендігіштерше өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп бике келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр – түрлі мінез бітістерінін болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым –қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгін қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тамыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешілік. Ол көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез – келгені мінездің бітістері болып саналмайды.
Мінезді даралық өзгешіліктін өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнеуге деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым – қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез – кең мағыналы ұғым. Онда түрлі саналар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы, толықтығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы – оның негізгі сапалары болып есептелінеді.
Мектеп – бала мінезінің жақсы жақтарын жүйелі түрдедамытып отыратын негізгі орын. Мектептік өмір балалардың мінез – құлқының қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Оқушылардың мінезін тәрбиелеудегі басты міндет – олардың жан – жақты болып өсуін, мінез –құлқының әлеуметтік мәнге ие болу жағын кездестіру. Бұл үшін мұғалім жас ұрпақтың адамгершілік идеалын (мұрат) баяндайтын нманшарт принциптерін басшылыққа алып, тәрбие жұмысының жоспарын сонда көтерілген мәселелердің төңірегіне құруы тиіс. Иманшарт мінезді қалыптастырудың да тамаша программасы. Осында көрсетілген моральдық қасиеттерді бала жанына егіп, оны мінез –құлықтың үйреншікті әдетіне айналдыру – мұғалімдер мен ата –аналар үшін абыройлы іс Мінез тәрбиесі... жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз (М.Жұмабаев).
Адамның мінез бітістерінің түрлері қанша көп болса, бұларды тәрбиелеудің жолдары менәдістері де сан алуан.
Мінез бітістерін тәрбиелеу әдістерін бірнеше топқа бөлінеді. Осындай әдістердің біріне адамдардың санасына әсер ету, яғни сөзбен ұғындыру әдісі жатады.Осы әдіс арқылы адамға қажетті мінез – бітістерінің қандай болатындығы, бұларды қалайша тәрбиелеу қажетігі түсіндіріледі. Оқушылардың санасына сөзбен ұғындыру арқылы оқушылардың дүниетанымы мен сенімін, талғамы мен мұраты қалыптастыруға мүмкіндік туады. Ол үшін көркемдік әдебиет, газет – журнал шығармаларын, радио, кино, телевизор тағы басқаларды ретімен пайдаланып отыру – мінез тәрбиесі үшін таптырмайтын құралдар. Бала мінезін тәрбиелеуде отбасының, ұжымның ұлы адамдардың өнегесінің алатын орны да ерекше. Осы әдістердің ішінен бастылары мына төмендегілер:
1) Халқымыздың әр заманда ғұмыр кешкен ардагер перзенттерінің (Әл Фараби, Асан – Қайғы, Қабанбай, Бөгембай ,Абылай, Төле би,
Қазыбек би, Әйтеке би, Амангелді т.б.) үлгі - өне–елеріне тәрбиелеу – осындай әдістердің негізгілерінің бірі. Бұлардың өмір жолы, моральдық тұлғасы – жоғары идеалдықтың, батылдық пен ерліктің, табандылық пен ұстамдылықтың, халық ісіне қалтықсыз берілгендіктің тендесі жоқ өнегелері.
2) Балалар ұжымы (“Атамекен” т. б.) оқушы мінез бітістерін дамытатын және оны тереңдете түсетін шешуші фактор. Белгілі дәстүрі, жұмыс стилі бар ұжымы өзінің әрбір мүшесіне түрлі талаптар қояды, олардың орындауын үнемі қадағалап отырады. Келе –келе ұжымның жеке адамға қоятын талабы сол адамның өзіне – өзі қоятын талап – тілегіне де айналатын болады.
Ұжым адамның алдына мақсат қоя білуді, сондай – ақ, ол мақсатты қалай орындау жолдарын да үйретеді. Ұжым адамға жол көрсетіп қана қоймайды, оны теріс қылықтан да сақтандырады, түрлі қйыншылықтарды жеңуге жәрдемдеседі. Ұжымда өмір сүре білу, бір жағынан іс – әрекетін жеңілдетіп, оны өрге бастырса, екінші жағынан, оның өз күшіне сене білу мүмкіншілігін де қалыптастырады. Жалғыз адам еш уақытта да алдындағы қиыншылықтар мен кедергілерді жеңе алмайды. Сондықтан ол өз мақсатына жетуге үнемі ұжымның көмегіне сүйеніп отыруы қажет.