Орындалған жұмысқа есеп беру. Бұйым бөліктерінің пішіндерінің бір-бірімен байланысу принциптері (тепе-теңдік
Практикалық жұмыс №1
Бұйым бөліктерінің пішіндерінің бір-бірімен байланысу принциптері (тепе-теңдік, нюанс, қарама-қайшылық)
Мақсаты:Киім формасындағы біртектес элементтердің композициялық шешімі мен үйлесімділігін, яғни өзара ұқсастығын немесе өзгешелігін, контракстылығын анықтауға үйрету.
Жұмысқа тапсырма.
1.1.1. Теориялық мағұлматтарды оқып шығу.
1.1.2. Мода журналындағы киім үлгілеріне сипаттама жасай отырып, киімнің формасындағы біртектес элементтердің үйлесімділігін, я,ни өзара құсастығын немесе өзгешелігі мен контрастылығына шолу жасап, зерделеу.
1.1.3. Киім моделінің 3-эскизін әзірлеңіз, оларды өзара ұқсас, өзгешелік немесе контрасты қатынаста орындау.
Теориялық бөлім.
Киім түріне байланысты қойылатын талапқа, қолданылуына, технологиялық өңделу мен материалдың сипатына, адам денесінің пішіміне байланысты киім формасы түрлі жіктелулерге ие.
Киім формасы қабылдау нәтижесінде біз оның жеке бөлшектерін басқа бөліктермен салыстырамыз. Салыстыру немесе өлшеу арқылы біз сызықтың шамасын, көлемін, ауданын, материалдың фактуралық ерекшелігін, түстік таңба шамасын байқаймыз. Сонымен біртектес екі шама өлшемдерінің нәтижесі қатынас болып саналады. Екі шаманы салыстыруда оны дұрыс қабылдау қатынасы олардың үйлесімділігі мен мөлшерлестігінің айғағы.
Үйлесімділіктің ең қарапайым түрі ұқсастық, яғни тепе-теңдік (сызықтардың, аудандардың, массасының фактура мен түстердің қайталануы, ұқсастығы) киім үлгілерін әзірлеуде ұқсастық қатынастардың қолдануда ескерілетін жай, бірдей элементтер бірнеше қайталанып отырса, ол адамды шаршатып, қабылдауды тежеп, көзді тез шаршатады.
Киім сызықтарындағы, аудандардағы массамен фактура, түстердегі аздаған ерекше-өзгешелік нюанстық қатынасты сипаттайды. Бұл өзгешеліктің шамасы артқан сайын, адамның тез қабылдауына бұл қатынас әсер етеді.
“Нюанс” сөзі - “өзгешелік”, “аздаған ауытқу” дегенді білдіреді.Нюанс (үйлесімділік)- бұл қарама-қарсылықтың ұқсастыққа ауысу кезеңі деп түсінуге болады.Бір түсті киімүлгісіне қарағанда шамалы жартылай реңді түстердің азғана шағылысуынан пайда болған реңдердің өзара үйлесімділігін пайдалану арқылы киімді әдемі әрі сәнді етіп көрсетуге болады. Бұл қағиданы жеке шығармашылық жұмыспен айналысатын суретшілер басымырақ қолданады. Жас әрі нәзік қыздың мінезіне сай киім үлгісін әзірлеуде «шамалас» қағидасын ұстануға болады. Шамалас –костюмде бір элементтің қайталануы түрліше вариантта кездеседі.Мысалы, сәндік шынжыр ол сөмке бауы, сағат бауы, жакет қалтасы аяқ киімдердің жеке бөліктерінде, сонымен қатар тағыншақтарында, киім матасының суретінде қайталануы мүмкін. Ол қызға жарасатын, оның нәзіктігін әрі жасына сай, жұқа нәзік әрі жеңіл суретті матадан жеңіл көйлек, ал қолына кішірек сөмке, нәзік тағыншақтар ұсынуға болады.
Ал, қарама-қайшылықты яғни контрастылық заңына сәйкес жүретін болсақ онда, біз бұл қызға өлшемі үлкен әскери комбинизон, өкшесі қалың, дөрекі аяқ киімін ұсыну арқылы үлкен әсер туғызуымызға болады. Сонымен қатар контраст қарама-қарсылық қатынас –бұл айқын көрсетілген қарама-қайшылық, ол қарама-қайшылықтар киім формасында, түсінде, көлемінде, мата фактурасында және т.б. байқалады. Мысалы, ақ пен қара екі түсті салыстыруда айқын контрастылық байқалса, ал нюанстық қатынасты бірізділік, реттілік ауысу байқалады, оны ақ, ақшыл сұр, сұр, қара түстер арасындағы сұр түстер градациясынан байқауға болады.
Киім үлгілеріндегі сызықтардың, аудандардың, массаның, фактураның, түстердің, арасындағы айқын байқалатын қарама-қарсылықты контрасты қатынас деп атаймыз.Контраст- кейіпкерді айқын әрі есте қаларлықтайетіп көрсетеді, дегенімен біркелкі емес екі түрлі етіп. Мысалы бір костюмде ұмытылған классикалық стил мен фолклорлық стил сіздің имиджіңізге ерекше колорит пен шарм туғызады.
Киім моделін әзірлеуде контрасты қатынасты пайдалануда оның формасын тұтас қабылдауды басшылыққа алу қажет. Өте айқын контрасты қатынастағы киім үлгілерін бейнелеуде салыстырмалы бөліктердің өзара дұрыс шешімділігін табуды қажет етеді. Нюанстық қатынас ұяңдық пен мәнерсіз соқтыруы мүмкін. Сондықтан да, киім үлгілерін ұсынуды контрастық және нюанстық қатынастардың өзара үйлесімділігін құруға болады. Мысалы, костюмде композициялық назар аудару орталығына басқаларын тәуелді ету үшін, басты элементті контрасты етіп, ал тәуелді элементтерді нюансты қатынаста бейнелеуге болады.
1.3.Қажеттті құрал-жабдықтар:
Альбом, су бояуы, қыл қалам, қара және түрлі қаламдар, өшіргіш, гуашь, желім, түрлі-түсті қағаз, мода журналы
Орындалған жұмысқа есеп беру.
Киім модельдерін зерделеуде, сұрақтарға жауап беріп, модельге сипаттама беріп, ол жөнінде жұмысшы дәптерге түсіріңіз.
1.5 Бақылау сұрақтары.
1. Таңдап алған киім моделінің формасында біртектес элементтердің қандай қатынасы (сызықтар, масса, форма, түс, фактура т.б.) байқалады.
2. Ұсынып отырған киім үлгісі, тұтынушының жас шамасына сай келуі үшін ұқсас, өзгешелік немесе контрасты қатынастардың қайсысын басшылыққа алған?
3.Киім үлгілерінің үйлесімділік қатынасын таңдау, киімді көркем жобалауға әрі оны технологиялық өңдеу барысына әсер ете ме?