Эссе ҚР жергілікті бюджеттерінің кіріс және шығыс бөліктерінің құрамы мен құрылымының ерекшеліктері

Жергілікті бюджет (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар каланың) бюджеттері Бюджеттік кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және тиісті деңгейлердегі жергілікті мемлекеттік орғандардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумактық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қоры болып табылады.Жергілікті бюджеттердің құрылымы мен бөлімдері республикалық бюджеттің құрылымы мен бөлімдеріне ұқсас. Жергілікті бюджеттердің кірістері республикалық бюджеттің кірістері сияқты салықтық және салықтық емес түсімдерден қалыптастырылады. Бұл ретте жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері Бюджет және Салық кодекстерінің регламенттеуші ережелеріне сәйкес республикалық бюджетке түсетін салық түсімдері түрлерінен ерекшеленеді.Жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер коммуналдық меншіктен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түскен түсімдерден; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алу өткізуден ақша түсімдерінен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдардан, өсімақылардан, санкциялардан, алымдардан түсетін кірістерді; облыстық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерді білдіредi

Қазақстан бойынша орта есеппен жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің жекелеген санаттарының арасындағы ара салмағы республикалық бюджеттен берілетін трансферттердің басымдығымен (55,8%) қалыптасып отыр; Жергілікті бюджеттердің шығыстары да республикалық бюджеггің шығыстары сияқты негізінен мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады: жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету; қорғаныс, коғамдық тәртіп және кауіпсіздік; білім беру, денсаулық сақтау; әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы; мәдениет спорт, туризм және ақпараттық кеңістік; ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау; өнеркәсіп және құрылыс; көлік және байланыс; экономикалық қызметті реттеу (кәсіпкерлік қызметті қолдау); басқа да бағыттар: аудандар (облыстық маңызы бар калалар) бюджеттеріне берілетін трансферттер, республикалық бюджетке берілетін трансферттер, жергілікті атқарушы орғандардың борышына қызмет көрсету

Жергілікті бюджеттердің шығыстарында әлеуметтік инфрақұрылымдарды - білім беруді, денсаулық сақтауды, халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру экономикалық салалардан - көлікке және отын-энергетика кешеніне жұмсалған шығыстар басым болып отыр.Трансферттерде - жоғарғы бюджетке (бұл жерде республикалық бюджетке) беру үшін жергілікті бюджеттерден қаражаттарды алуға жұмсалынған шығыстардың үлес салмағы айтарлықтай жоғары. Бюджеттік алынымдар дамудың анағұрлым жоғары экономикалық дәрежесіне байланысты немесе табиғи жағдайы бойынша орта есеппен елдегіден жоғары салық тазасы және тиісінше, салықтық түсімдердің жоғары деңгейі бар облыстард^болады. Субвенциялар да, сондай-ақ алынымдар да әкімшілік-аумақтық бөліністердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін теңестіру үшін пайдаланылады.

74. Эссе: «Қазақстандағы зейнетақы қорларының ағымдағы жағдайын талдау»

ҚР-ң Президентінің Қазақстан халқына жолдауында «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » 22-ші бағытында жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту саясатын айтып кеткен болатын. Мұнда Үкімет жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге тиіс.өзекті міндеттер: біріншіден, зейнетақылық жинақтаулардың сақталуы мен кәрілік жеткен кезде олардың жетерлік мөлшерде болуы жөнінде мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету, екіншіден, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен барынша қамту болып табылады.

Осы уақытқа дейін Чили үлгісі бойынша жасалған қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі «тамаша» жұмыс істеді. Барлық жалақылық төлемдерден 10 пайыздың міндетті түрде осы қордағы есепшоттарға аударылып отыруы бұл тартпайтын заңға айналды. Осы заңның нәтижесінде бұл күндері қорлардағы жинақталған қаражаттың жалпы сомасы 17 миллиард АҚШ долларын құраған.Мол қаражат жинақтаушылар зейнетақы қорларының үлкен пайда келтірди. Қазақстандағы қазіргі зейнетақы жүйесі 1997 жылдан бастау алады. Қазіргі таңда зейнетақы қызметі нарығында 11 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеуде. ЖЗҚ-лардың аймақтық желісі 79 филиал және 51 өкілдікпен сипатталады. 13 заңды тұлғаның қорлардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға лицензиясы бар. Есепті күнде 10 екінші деңгейдегі банк кастодиандық қызметті жүзеге асырды, оның ішінде 6 екінші деңгейлі банк ЖЗҚ-лардың кастодиан банктері болып табылады. Жинақтаушы жүйедегі зейнетақы салымшыларының, ЖЗҚ аймақтық желісінің, кастодиан банктер санының өсуі аталған жүйенің институционалды дамығанын көрсетеді.

Реформаның мақсаты төлемдері белгілі ынтымақты зейнетақы жүйесінен аударымдары нақты жинақтаушы жүйеге өтуден тұрады.

Дамудың оң үрдістеріне қарамастан, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінде шешімі табылмаған оның қаржылық тұрақтылығы, сенімділігі, шынайылығына және әлеуметтік тиімділігіне қатысты бірқатар жүйелі проблемалар бар. Қазіргі таңда Экономикалық даму және сауда министрлігімен, Ұлттық банкпен бірлесіп қолданыстағы зейнетақы жүйесінің жай-күйіне кешенді талдау жүргізу, сондай-ақ оны одан әрі жетілдіруге жағдай жасау үшін әдістемелерді айқындау жұмыстары басталды.

Келешекте, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін базалық зейнетақының мөлшері 2015 жылға ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің 60%-на жеткізіледі, ал ынтымақты зейнетақы төлемдері жыл сайын инфляция деңгейіне қарай міндетті түрде өсіріліп тұрады.

Қорытындылай келе, Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамытудың келешек перспективалары ұлттық экономиканың шикізат моделінен индустриялық-инновациялық моделіне өтуімен тығыз байланысты, оның басты құрамдас бөлігі қоғам мен мемлекеттің заманауи зейнетақы жүйесінің жалпы рентабель­дігіне тікелей әсер ететін тыныс-тіршілігінің барлық салаларын жаңарту болып табылады, ал мемлекеттік шығыстарды жоспарлаудың негізгі басымдығы халықтың тұрақты өсуі, өмір сүру деңгейінің артуы және олардың әл-ауқатын нығайту болған және бола да беретінін атап өтуге болады.

75.Эссе«Зейнетақы қорларының экономикалық дамудағы рөлі»

Қазіргі таңда зейнетақы қызметі нарығында 11 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеуде. ЖЗҚ-лардың аймақтық желісі 79 филиал және 51 өкілдікпен сипатталады. 13 заңды тұлғаның қорлардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға лицензиясы бар. Есепті күнде 10 екінші деңгейдегі банк кастодиандық қызметті жүзеге асырды, оның ішінде 6 екінші деңгейлі банк ЖЗҚ-лардың кастодиан банктері болып табылады. Жинақтаушы жүйедегі зейнетақы салымшыларының, ЖЗҚ аймақтық желісінің, кастодиан банктер санының өсуі аталған жүйенің институционалды дамығанын көрсетеді.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің даму кезеңінде зейнетақы жарналарының өсу қарқыны ЖЗЖ-ның алғашқы жылдары өте жылдам болды: 1999 жылы зейнетақы жарналарының келіп түсуі 114%-ды құраса, 2002 жылы – 50%, 2009 жылы – 25,7%, ал 2011 жылы салымшылардың зейнетақы жарналарын аудару қарқыны 7,4% көлемінде болды. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері 2 триллион 546 млрд. теңгеден астам сомаға инвестицияланды, бұл барлық зейнетақы жинақтары сомасының 96 %-ы.

Қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің қысқа мерзім аралығында көптеген тосқауылдарға тап болды. Қазіргі таңда зейнетақы жүйесінде шешуді талап етететін көптеген мәселелер орын алуда:

1.Инвестициялық саясаттың жетілмеуі. ҚР зейнетақы нарығын реттеуші құқықтық-нормативті заңнамалық базасы ЖЗҚ-лар активтерін инвестциялауда қаржылық инструменттерге шектеулер қойылған. Оның салдарын біріншіден, қарапайым халық көруде, себебі ЖЗҚ-лар рұқсат етілген қаржы құралдарынан орташа табыстылыққа ие болып, зейнетақы салымшылары ДЗШ-ға тек кішігірім бөлігін аударуда

2.Зейнетақы салымшыларының зейнетақы жүйесіне тікелей қатыспауы және қаржылық сауаттылығының төмендігі.

3.Қор нарығы даму деңгейінің төмендігі. Зейнетақы салымдарын тартудың басты мақсаты халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және инвестициялық табыс табу болып табылады. Еліміздегі зейнетақы жйесіне қатысты заңнама инвестициялаудың шектеулі қаржы құралдарын рұқсат етеді, оған қоса отандық Қор нарығы да қаржы құралдары мен қызмет ету механизмі жағынан әлсіз, ал шетелдік қор нарықтарға инвестициялауға, біріншіден шектеулер қойылған, екіншіден отандық қаражаттардың сыртқа ағымы қайта орын алады.

4.Халықтың қартаю үрдісі. Қазіргі таңда қаржылық дағдарыстан кейінгі әлемдік зейнетақы нарығындағы мәселесі – халықтың қартаюы. БҰҰ бойынша, 2025 жылы ҚР 8% 65 жас және одан үлкен азаматтар болады. Жалпы қазақстан «қартаюшы мемлекет» санатына жатқызылған. Зейнеткерлiк жасқа келу шектерi биологтармен, психологтармен, экономистермен, әлеуметтанушылармен әр түрлi бағаланатын шартты түрде кәрiлiктiң басталуы деп санауға болады.

Қорытындылай келе, Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамытудың перспективалары ұлттық экономиканың шикізат моделінен индустриялық-инновациялық моделіне өтуімен тығыз байланысты.

Наши рекомендации