Ресей мен Қазақстандағы психодиагностиканың жағдайы.
Психологиялық зерттеулердің Ресейде жəне Қазақстанда дамуы. Қазақстанда іргелі ғылыми зерттеулердің дені соңғы жетпіс жыл көлемінде өркен жайып, дами бастағаны белгілі. Бұл жағдай, əрине, психология ғылымына да ортақ. Əрине, ғылымның біртіндеп қанатының қатаюына бірсыпыра алғы шарттар сонау ерте заман- нан (Əл-Фараби, Абай, Шəкəрім психологиялық ілімдері) Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ, 20-жылдарда М. Жұ- мабаев, Ж. Аймауытов еңбектерінде біршама жасалынған болатын. 20 Мəселен, Бөкей Ордасында шыққан «Мұғалім» журналында, Н. Құлжанованың «Мектепке дейінгі тəрбие», «Ана мен бала» де- ген кітаптарында да адамның жан-дүниесі жөнінде біршама пікірлер қозғалған еді. 20-жылдары өлкедегі тəлім-тəрбие ғылымының ірге тасының қалануында орыс ғалымдары өз үлестерін қосты. Мəселен, сол кездері Орынбордағы Қазақ ағарту институтында ұстаздық етіп, сол оқу орнын біраз жыл басқарған, сөйтіп жаңа типті қазақ мұғалімдерінің қалыптасуына жəрдем еткен профессор В. Я. Стру - минский болатын. 1923 жылы диалектикалық материализм тұр- ғысынан баяндалған ғылыми психологияның негізгі мəселелерін қарастырған «Психология» еңбегі болды. Сонымен қатар ол мұғалімдерге арнап «Еңбек мектебінің қызметкерлері үшін кітап», «Орынбор 1-басқыш мектебі шəкірттерінің сөйлеу ерекшеліктері» дейтін еңбегі жарық көрген болатын. Қазақстанда отызыншы жыл- дары қызмет еткен, аты бүкіл əлемге əйгілі, Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушылардың бірі – А. П. Нечаев елужылдан астам психология саласында белсенді қызмет еткен əлемге белгілі ғалым болатын. Ғалым көп жылдар бойына адамның еске сақтау ерекшеліктерін эксперимент жүзінде тексеріп, оны мектеп практи- касына енгізуді көздеді, яғни психологияның қолданбалы салаларын (жас, педагогикалық, медициналық, т.б.) дамытуға зор еңбек сіңірді. Ол елуден астам ғылыми еңбектің, жүздеген ғылыми мақалалардың авторы. Олардың кейбірі: «Қазіргі эксперименттік психология жəне оның мектеп ісіне қатысы», «Кітапхана ісінің психологиялық мəселелері», «Дене тəрбиесінің психологиясы», «Шахматшы ойынының психологиясы», «Техникалық өнертапқыштардың пси- хологиясы», «Ес жəне оны тəрбиелеу» жəне т.б. Сонымен бірге қырық жылдық еңбегінің нəтижесі ретінде «Психофизиологиялық синдромдар жүйесі» атты ғылыми еңбегін атап көрсетуге болады. Бұл еңбекті көрнекті психологтар Д. Н. Узнадзе мен К. Н. Корни- лов өте жоғары бағалады. Осы еңбектің нəтижесінде педагоги- ка ғылымдарының докторы ғылыми дəрежесі берілген болатын. Қазақстанда психология ғылымдарының өркен жаюына ғалымның қосқан үлесі зор болды. Ресей психологиясы саласында қарастырылған өзекті проб- леманың бірі даралылық болды. Орыс психологы А. Ф. Лазурскийдің зерттеулері даралық айырмашылықтардың теориялық негізіне мінез жəне темпераментті адамның жалпы даралық сипаты ретінде зерттеуді ұсынды. А. Ф. Лазурский адам өмірі мен тəжірибесіне жо-21 спарлы түрде араласуға болатын табиғи экспериментті жақтады. Оның тəжірибесінде жекелеген психикалық процестер ғана емес, психикалық функциялар жəне тұлға толығымен зерттелді. А. Ф. Лазурский тұлға қасиеттерін түсіндіруде психоморфологиялық орнына нейродинамикалықты қойды. «Жалпы жəне экспериментал- ды психология» атты дəріс курсында психикалық шындықтың екі аймағы жайлы идеясын ұсынды, яғни, эндопсихика жəне экзопсихика. А. Ф. Лазурскийдің пікірінше, темперамент жəне мінез эндопсихика- ны, яғни тұлғаның тума қасиетін құрайды. Экзопсихикалық тұлғаның қоршаған өмірге қарым-қатынас жүйесін білдіреді. Осы негізде оның тұлғаны топтастыру жүйесі құрылды. С. Л. Рубинштейн даралылықты комплексті түрде, яғни психикалық қасиеттер мен процестердің өзара əрекеттесу барысында қарастыруды ұсынды. Л. С. Рубинштейн көзқарасы Б. Г. Ананьев еңбегінде қарастырылды. Ол даралықты ашық жəне жабық түрде қарастыруды ұсынды. «Егер тұлға – адам қасиеттері құрылымының «шыңы» болса, ал даралық – тұлға мен іс-əрекет субъектісінің «тұңғиығы» деп көрсетті». Б. Г. Ананьев 1968 жылы комплекстізерттеужолын ұсынды. Оның пікірінше, даралылық күрделі (ол көп баспалдақты, көп деңгейлі) құрылымға ие: І-ші деңгейдегі индивидтің ерекшеліктері: - жыныс, жас конституциясы, нейродинамикалық қасиеттер; -психофизиологиялық қасиеттер жəне органикалық қажеттіліктер; - нышан жəне темперамент ІІ-ші деңгей іс-əрекет субъектісі: - когнитивті сипаттар, коммуникативтік қасиеттер, еңбекке қабілеттілік; - қабілеттер. ІІ-ші деңгейдегі тұлғалық көрсеткіштер: - статус, əлеуметтік рөл, құндылықтар құрылымы; - жүріс-тұрыс мотивациясы; - мінез жəне бейімділік. А. Н. Леонтьевтің ойынша, индивид (организм) – бұл генотиптік пайда болу, филогенетикалық жəне онтогенетикалық дамудың өнімі, адамның биологиялық ұйымдасуы. А. Н. Леонтьев тұжырымы бойынша, тұлғаның даралық ерекшеліктері қоғамдық негізінде ту- ындайды. В. С. Мерлиннің пікірінше, даралық – бұл материяның барлық деңгейлерінің иерархиялы реттескен қасиеттер жүйесі, яғни физикалық, биохимиялық, физиологиялық, нейродинамикалық, психодинамикалық тұлғалық жəне т.б. қасиеттер.22 Қазіргі кезде Ресейде жəне шетелдерде даралықты зерттеудің бірнеше орталықтары бар. Пятигорск психологиялық мектебінде В. В. Белоустың басшылығымен даралықтың полиморфты мəселесі зерттеледі. Онда қазіргі кезеңде даралықтың интегралдылығыжайлы теориялар қарқынды дамуда. Пермь қаласындағы ғылыми орталық даралықты зерттеудің негізгі орны болып табылады. Орталықтың негізін салушы профессор В. С. Мерлин. Қазіргі кезде орталықтағы даралық мəселесімен айналысушы зерттеушілер Л. Я. Дорфман, Б. А. Вяткин, А. И. Щебетко. Даралықты құрылымдық зерттеуде Л. Я. Дорфман интегралды даралықтың ерекшеліктеріне, иерархиялы тəсіліне, көп деңгейлі ин- теграция мен дифференциация процестерінің бірлігіне, даражүйелер арасындағы көп жəне бірмəнділік байланыс икемділігіне талдау жа- сады. Ол метадаралық жəне интрадаралық иерархиялы деңгейлері мен олардың арасындағы байланысты да қарастырды. Даралықты зерттеу ғалым В. М. Русаловтың басшылығымен қарқынды жүргізілді. Зерттеудің өзіндік сипаты даралық-психологиялық айырмашылықтың негізгі детерминанты жоғары жүйке жүйесінің қасиеттерін жалпы психометриялық тəсілдермен өңдеуге баса назар аударды. В. М. Русалов адамдардың дифференциялдық- психофизиологиялық даралығын екі деңгейге бөліп қарастырды: - бірінші, төменгі деңгей – организмнің биологиялық қасиеттері; - екінші, жоғары деңгей – тұлғалық, индивидтік жəне басқа əлеуметтік-мəдени құрылымдар. Ресейде психофизиологиялық қабілеттер зертханасында ғалым Э. А. Голубеваның басшылығымен қабілеттердің табиғи алғы- шарттарын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Э. А. Голубева даралық құрылымдағы физикалық жəне тұлғалық деңгейлерді атап көрсетті. Л. С. Выготский, Б. Т. Ананьев, В. Крутецкий, Н. С. Лейтес, В. М. Теплов жəне т.б. психологиялық тұжырымдарында қабілеттің құрылымдық компоненттері мəселелері қарастырылды. Ал, дарындылық мəселелері шетел ғалымдары Ф. Гальтон, Э. Мейман, Э. Торндайк, В. Штерн жəне т.б. зерттеулерінде қарастырылды. Қабілеттілік жəне дарындылық мəселесін кеңес психология- сында 40-50 жылдары Б. М. Теплов ерекше зерттеді. Ол қандай да бір күрделі іс-əрекеттің орындалуы үшін, тек қана қабілеттілік емес, оның мүмкіндігі қажет екенін дəлелдеген. Іс-əрекеттің та- бысты орындалу мүмкіндігіне тəуелді болатын қабілеттіліктің са- палы байланысын, ғалым дарындылық деп атады. Б. М. Теплов23 «дарындылық» мəселесін зерттей отырып, табиғи нышан болмысы- на ерекше көңіл аударды. Л. А. Рудик «дарындылық» қабілеттіліктің дамуына алғышарт бо- лып табылатын туа біткен қабілеттілік, Н. Д. Левитов аналитикалық- физиологиялық нышанды бейнелейтін қабілеттіліктің табиғи қоры, Г. И. Иванов даму барысындағы қабілеттілікте байқалатын туа біткен ерекшеліктер мəселелерін қарастырды. В. А. Крутецкий өзініңматематикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеу еңбектерінде былай дейді: «Егер «қабілеттілік» деп белгілі психикалық қасиеттерді айтатын болсақ, дарындылық деп адам қабілетінің өзіндік байланысын, бірлігін айта аламыз». Ол сонымен қатар, бұл феноменді зерттеу кезінде іс-əрекеттегі қоғамдық – та- рихи өзгерістерді жəне олардың табыстылығын бағалауды ескеру керек деген. А. Т. Асмолов еңбектерінде дарындылық мəселелеріне жан-жақ- ты түсінік берілген. Ғалым бұл феноменнің табиғатын түсіндіруге баса назар аударған. А. Т. Асмоловтың ғылыми зерттеулері бұл мəселе төңірегінде үш жақты көзқарас бар екенін көрсетеді, яғни гендік, əлеуметтік, «тарихи – эволюциялық қатынас». Отызыншы жылдардағы психологиялық зерттеулер қазақ ғалымдары Ш. Əлжанов, М. Əуезов, С. Балаубаев, Ə. Сыдықов, Т. Тəжібаев, А. Темірбеков, Қ. Жарықбаев, С. Бабаев, А. Құдиярова, Х. Т. Шерьязданова еңбектерімен байланысты. ХІХ ғасырдың ІІ-ші жартысында психодиагностикада бақылау, сауалнама, құжаттарға талдау жасау сияқты зерттеу əдістері кеңінен қолданыла бастады. Бұл кезеңдерде əдістемелерді қолданудың сапалық мазмұнына көңіл аударылды. Вундтың басшылығының дүние жүзінде бірінші эксперименталдық- психологиялық құбылыстарды байқау мүмкіндіктері де ашылды. ХІХ ғасырдың аяғына дейін адамның түйсігін, сезім мүшелерін зерттеу практикалық психодиагностиканың зерттеу нысаны болып келді. Қазіргі психодиагностикалық əдістер жеке адам мəселелері жəне оның қасиеттері мəселелерін қарастырады. Жеке адамды зерттеудегі теориялық ізденістер мен қолданбалы зерттеулер, атап айтқанда, математикалық, статистикалық өңдеулер, басқа да ғылыми көрсеткіштерге сүйенеді. Психодиагностика теорияларына негізделе жасалған математикалық статистика нəтижелері биология, экономи- ка, медицина жəне т.б. ғылымдарда да қолданылады. 30-40-шы жылдары психологияға қатысты зерттеулерді қазақ24 ғалымдары Ш. Əлжанов, С. Балаубаев, С. Қожахметов, Ə. Сыдықов, Т. Т. Тəжібаев, А. Темірбеков жəне т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылып келді. Ұлы Отан соғысы жылдарынан отандық пси- хология қолданбалы аспектіде де елеулі қарқынмен дами баста- ды. Мəселен, 1946 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында тұңғыш рет психология кафедрасы, 1947 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінде логика жəне психология мұғалімін даярлайтын арнаулы бөлім ашылды. 1951-1953 жылда- ры осы бөлімді жүзден астам түлектер бітіріп шығып, олардың көпшілігі психология мамандығын иеленіп, еліміздің оқу орында- рында ғылыми мекемелерде қызмет етіп келеді. Осы жылдары Рес- публика үшін психологтар даярлауда профессор Т. Тəжібаев зор үлесін қосты. Бұл кезеңде психология ғылымынан бірнеше дис- стертациялар қорғалды. Соңғы 50 жыл ішінде көптеген ғылыми еңбектер, оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Солардың қатарына М. Мұқа- новтың «Ақыл ой өрісі», Қ. Жарықбаевтың «Қазақстанның психологиялық тарихы» Т. Жүкештің «Ұлттың психологияның си- паты», Р. Ильясованың «Медициналық психология», Ə. Алдамұ- ратовтың «Қызықты психология», Ғ. Досболовтың «Алдын ала тер-геу психологиясы», В. Яковлевтің «Діндар адамның жан дүниесі» еңбектері психодиагностика саласын дамытудың теориялық негізі деп есептелді. 1988 жылдан бастап елімізде практикалық психо- логия қызметін, оның ішінде, психодиагностика саласын дамытуда психологтар даярлау ісі қолға алынуы маңызды шараға айналды. Қазіргі кезде Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Семей, Шығыс Қазақстан университеттерінде психология- дан бакалавр мен магистранттар даярлауда, орта мектептерде «пси- холог» мамандығының штаты енгізу бағытында орасан жұмыстар атқарылды. Қазіргі кезде психологиялық зерттеулердің кешенді тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің маңызы артып отыр. Осы тұрғыдан келгенде, ауыл мектептерінің əлеуметтік психологиялық мəселелері мал шаруашылығына қажетті мамандардың сондай-ақ, жаңа типтегі лицей гимназия, колледж, медресе шəкірттерін оқытып, тəрбиелеудің психологиялық про- блемалары, талантты, дарынды оқушылардың өзіндік психология- сын, көптілділік пен көпөкілдіктің психологиялық астарын зерттеу, 25 нарық экономикасына көшуге байланысты туындайтын сан-алуан психологиялық жайттар - өз шешімін күтіп тұрған өміршең про- блемалар болып табылады. Елімізде психология пəнінің арнайы ғылым саласы ретінде оқытыла бастауы жиырмасыншы ғасырдың 20-шы жылдарынан басталады. Қазақстанда бұл пəн осы кезеңде педагогикалық жəне тəлім-тəрбие беретін жоғары жəне арнау- лы орта оқу орындарында оқытылды. Ал жалпы білім беретін орта мектептер жəне өзге типтегі оқу орындарында психология пəнінің кең өріс алып, жан-жақты қамтылуы Ұлы Отан соғысы біткеннен кейін 1946 жылы қараша айында қабылданған БКП(б) Орталық комитетінің орта мектептер мен жоғары оқу орындарында логи- ка жəне психология пəндерін міндетті түрде оқыту жайындағы қаулысына сəйкес іске асты. Республикада 1958 жылдан бастап пси- хологтар қоғамы, жастар мен мектеп оқушыларына кəсіби бағдар беретін Алматы қалалалық зерттеу орталығы (1987) Талдықорғанда «Əлеуметтік-психологиялық орталық» (1945), жұмыс істейді. 1992 жылы этностар психологиясын зерттейтін «Ұлттық тəлім-тəрбие ассоциациясы» құрылды. Психологиялық зерттеу жұмыстары жи- ырма педагогикалық институт пен бес университеттің кафедрасын- да жүргізілді. Ұлттық ғылым академиясы жанына педагогика жəне пси- хология бөлімшесін ашу көзделді. Этнопсихология ғылыми зерттеу орталығын ашу – ол маңызды істің бірі. Қазіргі кезде Қазақстандағы орта дəрежелі арнаулы білім беретін колледждер мен гимназияларда, лицейлер мен арнайы мектептерде психоло- гия пəнін оқытуға айрықша назар аударылады. Мұндай оқу орын- дарында психология пəнін оқып үйрену, біріншіден, өскелең буынның дүниетанымдық көзқарастарын дамытып белгілі жүйеде қалыптастыратын болса, екнішіден, табиғаттың иесі болып сана- латын адамның жан дүниесінің сырын терең біліп, оған тəлім- тəрбие берудің өзекті мəселелерін үйретеді. Олай болса, адам тек өзін-өзі бақылап, тексеріп қана қоймай, тіршілік бейнесін ақыл- ойы мен парасатына сүйене отырыпөз ырқына көндіре алады. Бұл қорытынды психодиагностика саласының адамтану жайындағы ғылымдар арасындағы жетекші ролін көрсетеді. Психодиагностика саласында жүргізіліп жатқан əртарапты зерт- теулер қазіргі қоғамдық дамудың, оның тыныс тіршілігінің жаңа сипаты, демократиялық бағыт бағдары, қазақ елінің егемендігі мен тəуелсіздігі жағдайында адам құқығы мен оның ізгілік мейірбандық, 26 имандылық секілді адамгершілік қасиеттерінің өріс алуынан туын- дайтыны белгілі. Белгілі ғалым Қ. Жарықбаев өз еңбегінде қазақ жерінде бұл ғылым саласының дамуы жөнінде төмендегідей баға береді: «Міне, осындай мəселелерде дұрыс, толық шешілген қазақ психологиясы түбінде əлемдік деңгейге көтеріліп, ұлтымыздың мерейін өсірсе, ал екінші жағынан, əрбір адамға, қоғамға, мемле- кетке алға қойылған ұлы мақстқа тез жетуіне зор ықпалын тигізеді» дейді. Бұл мəселелерді шешу үшін ғылымның қай саласы болма- сын өзінің өткен тарихын саралап, салмақтап, таразыға салуы керек. Өткен кезеңдерде жіберілген кемшіліктерді ескере оты- рып, ғылым жаңалықтарын есепке ала туындаған сұрақтардың шешімін тапса, оның қорытындысында үлкен маңыз болаты- нын ғалым атап көрсетеді. Бұл жерде Ж. Аймауытовтың «Жан жүйесі жəне өнер таңдау» атты еңбегінде ғылыми психологияда кең тараған анкета, байқау əдістері арқылы сол кездегі қоғамдық өмірдің ақиқатын ашуға мүмкіншілік беретін ұлт, əлеумет ерекшеліктерін ескере отырып, олардың мамандық таңдау жолындағы талпыныстарын анықтай түскендігін көрсеткен зерттеулерін психодиагностика саласындағы жетістік ретінде атап көрсетуге болады. Зерттеудің негізгі мақсаты – жаңа дүниенің есігін айқара ашқан жастарға мамандықты дұрыс таңдай білуге жəрдемдесу.
Билет