Кердері Әбубәкір 1 страница
Бүрынғы жердің кеңінде
(Мал жаймаушы ек шиырға.
Кең жерде жүрген ел едік,
Ойыл менен Жиылға.
АлбанАсан
Сыр, Қуаңнанөткенде,
Арыс, Келесөткенде,
Талас, Шуғажеткенде
Түйеңнін комын шешкенсің...
Дулат
Есіл, Нұра- сазымыз,
Қаңкылдайды қазымыз.
Сыр, Куаңжерлерге
Енді кетіп барамыз.
Күдері қожа
Осы ретте Р.Сыздықова: «Символ - идеяның заттық /болмыстык/ нышаны, астарлы образы. Қазақ поэзиясы символды ежелден жақсы білген... Туған жердің, ел отанының символы ретінде Еділ, Жайық деген заттық нышандарды алу күні кешегі Махамбеттерге дейін келді. Оның: Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім. Жайықтың бойы көк шалғын, Күзерміз де жайлармыз - деген өлең жолдарында айтпақ идеясы - Еділ мен Жайық өзендерінің бойына ел қондыру, оны жаз жайлап, күз күзеу емес, нақгы осы өрекетте емес, басқа, яғни «туған жерде емін-еркін өмір сүру» идеясы. Олай болса, Еділ мен Жайық, - символдар» , - деп орынды жазады.
Ш.Уәлиханов «Еділ-Жайық» жұбы арқылы ноғайлы жұртының Алтын Орда мемлекетін меңзейді. «Сыр - Куаң», «Есіл - Нұра», «Талас - Шу», т.с.с. қосарлардың жәрдемімен қазақ акындары өздерінің өсіп-өнген өңірін, сондай-ақ түрлі себептермен еңку-еңку жер шалған уақыттарында қонақтап яки қиып өткен белгілі бір ел қоныстанған жағрафиялық өлкелердің аумағын жинақтай да, жалпыай да астарлаған. Адамдардың «кіші отанын» осылайша тұспалдау тәсілі талайдан бері бар екендігін эпостың поэтикасын зерттеген Ш.Ыбыраевтың: «Әрине, көшпелілер тарихының түрлі дәуірінде шекараның өзгеріп отырғандығы даусыз. Бұлардан басқа, қарға тамырлы казақтың бүтіндігін, біртұтастығын тиянақтайтын немесе тұспалдайтын және көбіне-көп алаштың ат жалы, түйе қомында жүрген көшпелі бөлігіне кәнігі бір поэтикалық атау бар. Ол - Сарыарқа.
Тіл білгірлерінің қай-қайсысы да Сарыарқа топонимінің әу бастағы мағынасы «ұшы-қиырсыз кең жазықтық», «көз жеткісіз ұшан дала», «ұланғайыр жайылым жер».
Доспамбет жыраудың (ХҮІ ғасыр): « Бетегелі Сарыарқаның бойында Соғысып өлген өкінбес» немесе Шалкиіздің: «Арқада мезгілсіз жылқы жусаса, О-дағы бір аш қасқырға жолығар!»- деген жолдарында жер орайына қатысты шарттылық басым. Сол секілді жорықшыл жырау Жиембеттің (ХҮІІ ғасыр) «тас қалаға жан сақтаған» Есім ханға базына ретінде: «Арқаға қарай көшермін Алашыма ұран десермін» - деп айбат шегуінде меңзеген жер бағдары да беймәлім. Бұл арада дөп басып, саусақ нұсқап көрсетерлік мекен жоқ; тек жалпылама көлемде қалаға даланы, яки отырықшылдыққа көшпелілікті қарсы қою сарыны байқалады. Базар жыраудың толғауында кездесетін «Арқаның сары белінде, Алғидың құба дөңінде...» деген қатарлар да нақтылықтан гөрі, жинақтаушылық мәнге ие. XIX ғасырдағы Кіші жүз ақындары Қалнияз Шопықұлының, Сүгір Мырзалыұлының, Аралбай Оңғарбекұлының тағдыр тәлкегімен туған жерден қоныс аударуға мәжбүр болғанда шығарған жырларына назар аударалық.
Аңсадым аға, жеңге, ағайынды,
Қаумалап құрал қылған маңайымды.
Жетіру, Әлім-Шөмен,
Кіші жүзде Байұлы, сегіз арыс Адайымды,
Ақ Жайық, Нарын менен Жылыойымды,
Жем, Сағыз, Елек, Қобда, Ойылымды,
Сарыарқасағымданып көрінгендей,
Созамын күнде солай мойынымды.
Қалнияз.
Қалай болғанда да, қазақ поэзиясында «Сарыарқа» сөзі әлденеше ғасырдың белесінде - әуелі жалпылама «кең дала» ұғымы түрінде, содан соң нақты жер атауы санатында қолданылып келді. Сонымен қатар көшпелі қазақтың кір жуып, кіндік кескен төл мекені деген мән-мағынаны иемденді.
Жыраулар поэзиясында ол - жерұйықка жетеқабыл, төрт құбыласы түгел қазақ қауымы мен қонысының символы. Дулат Бабатайұлының «Ата қоныс Арқадан», «О, Сарыарқа, Сарыарқа!», Мұрат Мөңкеұлының «Сарыарқа» толғауларында қазақтың кешегі тәуелсіз күнін көксеу, бодандық пен босқындыққа киліктірген бүгінгісінен баз кешу сарынынан туған өкініш пен өксік сезіледі.
Отаршылдық ойранының жалпы да, жалқы да қазақтың тағдырына тигізген зардап-зарарлары өнердің өзге түрлерінде де, атап айтқанда, Құрманғазының «Сарыарқа» күйінде, Иманжүсіп Құтпанұлының «Сарыарқа» әнінде бейнеленді.
1907 жылы Қазан қаласында Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Сарыарқаның кімдікі екендігі» атты құнды кітабы басылып шықты. Орны оқшау болған бұл кітапқа кеңестік кезеңде берілген бағаны қараңыз: «М.Көпеев шығармаларының реакциялық сарындары, оның халыққа жат зиянды пікірлері, ұлтшылдығы - ескі патриархалдық-феодалдық құрылысты, дінді, панисламизмді мадақтап жырлаған өлеңдерінен айқын көрінді. Ол «Сарыарқа кімдікі» деген шығармасында ескі патриархалдық-феодалдық құрылысты, монархиялық хандықты жер-көкке сыйғызбай мадақтайды; сол кез қазақ халқының бақытты шағы еді деп егіледі, қазақ халқын ұлы орыс халқына өшпенділікке үгіттеп, ұлтшылдық уытын жаяды».
1916 жылы Семей қаласында Алашорданың үні - «Сарыарқа» газеті жарық көре бастады. Осы басылымның бетінде С.Дөнентаевтың, Б.Майлиннің алашшыл шығармаларымен бірге, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Сарыарқаның жаңбыры» атты атақты өлеңі (1917, 10 қазан), Ілияс Жансүгіровтің «Сарыарқаға» (1917, 22 тамыз) арнау өлеңі жарияланды.
С.Сейфуллиннің шығармашылығындағы «Сарыарқа» сөзінің эволюциясы басқашарақ. Ол 1919 жылы «Шөлде» триптихына кіретін «Аққуға» атты өлеңінде; «Әй, аққу, әй, сәлем айт жолыққанда, Сарыарқа - сынсыз сұлу біздің мекен»- деп сағынышының солығын басса, 1923 жылы жазылған «Автомобиль» атты өлеңінде: Сарыарқа - сорлы сары бел, Үйрене ме өнерге? - деп бөгде бейнені алға тартты.
1940-1950 жылдардың шегінде «Сарыарқа» сөзін ауызға алғанның өзі ұлтшылдықтың есебінде бағалана бастады.
Тың игеру жылдарынан кейін поэзияға «қызыл», «алтын» эпитеті мықтап енді (алтын дән, алтын аймақ, алтын күн,т.с.с.). «Сары» мен «алтынның» арасында түр-түс алшақтығы болмағандықтан, бұдан былай «Сарыарқа» деп те, «Алтын Арқа», «Қызыл Арқа» деп те жыр жаза беруге мүмкіндік туғандай еді. Мысалы, Әбділда Тәжібаев Кеңестік Қазақстанның 60 жылдығының құрметіне:
Той басталды, ағайын,
Біздің Алтын Арқада.,.
... Келемін мен жетектеп
Алтын өзен тереңнен,
Сарыарқаны алтынға
Бөлеймін де берем мен , -
секілді жолдарды арнады.
«Сарыарқа» атты бұл шығармасына автордың өзі «той толғауы» деп жанрлық айдар тақты. Ақынның бұлай етуінің мәнісі бар секілді: себебі ол кезінде Қ.Аманжоловтың «Сарыарқа» өлеңін «аттаныс жорық жыры» деп атап, баспасөз бетінде мақтап-мадақтаған соң қатал сынға ұшыраған еді (Лениншіл жас, 1951, 9 желтоқсан).
Ал одан бергі ақындардың бұл тақырыпты жырлау үрдісін Ғ.Қайырбековтің «Сарыарқа» атты өлеңінің мына шумақтары шамамен айқындап бере алады:
Сарыарқа - жерге қойған елдің аты,
Бір сөзде ата қазақ махаббаты.
Болжаған болашағын сан ғасырға
Даланың данышпаны - дана қарты.
Сап-сары сары алтынмен туысқандай,
Малынып маржан дәнге тұрыс қандай!
Жетеді көкжиекке көзің талып,
Арада егіннен бос қуыс қалмай!
Отанның сары қазаны бұрқ-бұрқ қайнап,
Орнаған осы араға ошақ сайлап.
Бас қосқан барлық ұлттың өкілдері
Сыйласқан бірін-бірі «ағатайлап».
Бұл өлеңнің мазмұнында қамтылатын «ата қазақ махаббаты» (бағзы ұлттық ұғымның жаңғыруы), «дана қарт» (Ілиястық дәстүрлі бейне), «маржан дән» (тыңды тұспалдау), «барлық ұлттың өкілдері» (халықтар достығы) тіркестері Сарыарқаны өлеңге қосудағы кейінгі поэзиямызға тән ажырмас атрибуттарға, тіпті науқаншыл ортақол дүниелерде дайын клишелерге айналып кетті деуге де болады.
Қорыта келгенде, Сарыарқа топонимінің поэтикалық эволюциясы қазақ халқының тарихындағы, тағдыр-талайындағы және таным-түсінігіндегі кезеңдік өзгерістермен ұштасып жатқандығын әдеби дамуымыздың қай сатысы да мүлтіксіз мысалдармен растайтынын көрдік.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Әлем: Альманах. 1-басылым (Бас редакторы А.Сейдімбеков). - Алматы: Жазушы, 1991. - 496 б.
2. Турсунов Е. Единство эстетического опыта кочевых и некочевых народов//Кочевники. Эстетика: Познание мира традиционным казахским искусством. - Алматы: Ғылым, 1993.- С.94-12.
Дәріс № 11-12
Тақырыбы:Кеңес қазақ поэзиясындағы туған жер тақырыбы
Жоспар:
1.Кеңес қазақ поэзиясындағы туған жер тақырыбының идеялық-көркемдік эволюциясының кезеңдері
2.Тәуелсіздік кезеңінде қазақ поэзиясында туған жер тақырыбының жырлануы
Тірек сөздер:дала, ауыл, туған жер, Жер-Ана образы, архетип, поэтикалық сөз-символдар.
Тарих тағылымы талай рет дәлелдегендей, басқа бір жаулаушы жұрттың қол астына қараған кез келген өміршең этнос өзінің тамыры тереңде жатқан дәстүр-дағдыларынан, таным-түсініктерінен әп-сәтте оңайлықпен қол үзе қоймайды. Метрополия ұлттық болмысты жоюға бағышталған әрқилы айла мен амалды қолданып, неше алуан қанды қасап пен қырғын-қуғынды ұйымдастырғанымен, халықтың соққы көрген сана-сезімінің түкпірінде қарсыласқан төл қасиеттер жасырын жағдайда, астыртын ахуалда елеусіз күн кешіре береді.
Қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды және әдебиеттің ішкі даму заңдылықтарын ескере отырып, кеңес қазақ поэзиясындағы туған жер тақырыбының идеялық-көркемдік эволюциясын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады:
1-кезең - 1920-1930 жылдардың іші (І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Мұқанов, т.б. шығармашылығы);
2-кезең - 1940-1950 жылдардың шегі (Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин, Ә.Тәжібаев, Ә.Сәрсенбаев, т.б. туындылары);
3-кезең - 1960-1990 жылдардың аумағы (Қ.Мырзалиев, Т.Айбергенов, М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, С.Жиенбаев, Ж.Әбдірашев, т.б. өлеңдері).
Қай мезгілде де елдің тынысы мен тұрмысының ең ділгір, ең дертті, ең дәмді жайттарын қазақ ақындары туған жер тақырыбы арқылы тұспалдаған.
Осы орайда әдебиетші Т.Шапаевтың: «Дала - халықтық болмыс, ұлттық рухтың символы болса, ауыл - оның тіршілікке, мазмұнға толы және бір жанды, төл көрінісі. Дала - ауыл... Шынына келсек, поэзиямыз үшін тақырып жөнінен бөліп-жарып, жіктеп-жіліктеуге келе бермейтін тұтас ұғым: туған жер.Халық әуезіне құлағы түрік, көңілі сергек, кіндігі осынау алтын қазыққа байлаулы кім-кімнің де жүрек тереңінде сақтаған қазыналы алтын сандығы», - деген пікір-пайымы көкейге ұялайды. Расында да, қазақтың өлең өнеріндегі аталмыш тақырыптың ажарын ашуда ұлттық жаратылыстың мәйегін жинақтаған «дала» мен «ауыл» ұғымдарының алтын арқау болғандығы айқын.
Даланы жырлау дәстүрін жаңаша жаңғыртуда Ілияс Жансүгіровтің еңбегі ерекше екендігі туралы аз айтылып, жарытымсыз жазылды дей алмаймыз. Оның негізінен «Бүгінгі дала» өлеңі (1928) мен «Дала» поэмасында (1930) ұсынған идеялық және көркемдік қағидаттары әлденеше буын қазақ ақындарына бастау-бұлақ әрі өлшем-өнеге болып келгендігі бүкіл жұртқа белгілі. Тіпті ақынның есімі әдебиет көкжиегінен көрінбей кеткен жиырма жылдай уақыттың өзінде де ол қалдырған өрнек-өрімдер туған жер тақырыбының жыршыларына әлдебір тысқары да тылсым әсерін тигізіп тұрды.
Белгілі ғалым Р.Нұрғалиев «Дала» поэмасы туралы мынадай сындарлы тұжырым айтты: «Ақын шығармасын терең идеялық, символдық, ишарат мағына беретін өте салмақгы, философиялық тереңдігі бар сөзбен атаған. Алтай мен Атырау, Сібір мен Самарқан арасын ғасырлар бойы жайлаған қазақ халқы аспанмен тілдескен зеңгір таулардың сай-саласын, көк толқынды телегей-теңіз жағасын, шетсіз-шексіз құм қойнын тұрақ еткенмен, оның негізгі мекені, сүйген топырағы - Дала, Ұлы Дала болды. Сондықтан ақынның тебірене толқуында зор шындық жатыр».
1920-30 жылдар әдебиеттегі қым-қиғаш идеялық жауластық және жаңылыстармен бірге, жаңашылдықка құштар толассыз-тынымсыз көркемдік ізденістердің де дәуірі еді. Әр қаламгер өзінің талғамы мен танымына қарай бітімі басқашаланған туған өлкесіне балама бейне қарастырды немесе ондағы түбегейлі өзгерістерді поэтикалық тілде жеткізудің өзгеше өрнектерін барлады.
Сөйтіп, Ілияс шығармашылығының арқасында Дала сөзі шын мәнінде ұлттық символға айналып, әр алуан ассоциацияларға жетелейтін жағдайға жеткізілді. Бұл - бір. Екіншіден, автор территориялық тұтастықты, елдік бүтіндікті сөз етіп, Қазақстанның еркіндігін, еріктілігін таптық тұрғыдан (басқа жол жоқ та еді) әсірелей толғап-термеледі.
Үшіншіден, ақын Дала образы арқылы Қазіргі Қазақстанның шет-шекарасының негізгі нобайы 1924 жылы Орта Азия реслубликаларын ұлттық-территгориялық жағынан межелеу науқаны кезінде белгіленіп берілгені - тарихи шындық.
Төртіншіден, Ілиястың (сондай-ақ оның қатарластарының): «Бүгін, бүгін, бүгін дала! Мұндай ма еді бұрын дала?» - деп, Қазан төңкерісінің арғы және бергі жақтарында жатқан «екі» Даланы бір-біріне қарама-қарсы коя суреттеу сарыны колына қалам ұстаған талайлар үшін құдіретті қисындай қабылданып, күні кешеге дейін көбесі сөгілмей келді.
С.Сейфуллин поэзиясында елдік ұғым Кеңестер Одағын сипаттаған Советстан, Социалистстан символдарының ауқымына сыйғызылды.
Ұлт тіршілігінің ұйтқысы - ауыл көбіне-көп көркемдік фон есебінде алынды. Қоғам құбылыстарын, халықтық мінезді нақты бір далалық кейіпкердің бейнесі мен қимыл-қарекеті арқылы бедерлеу дәстүрі қалыптасып, ол Бейімбет Майлиннің Мырқымбайынан бастап Есенғали Раушановтың Мұратбергеніне дейінгі аралықта желісін үзбей жалғасты.
Бір қызығы, түрлі-түрлі трансформацияға ұшыраған кәдуілгі Жер-Ана архетипі қазақ ақындарының суреткерлік психологиясында да тұрақты нышан танытты. Әрине, баяғы мифтік-поэтикалық ойлау жүйесіне кәнігі «қоныс - құт - құдірет» формуласының құр қаңқасы қалса да, қасиетті қара жерді ана ретінде тұтынудың ізі тып-типыл жойылған жоқ.
Айталық, І.Жансүгіровтің «Дала» поэмасында бұл түсінік:
Көктен төгіп нұрын Күн,
Көк бұрқырап, жайқалып,
Деп Жер-Ана: «Тірілдім!»,
Иді емшегі балбырап , -
деген жанды кейіпте көрініп, тың тұрмысты толғата туып, жан-жүйесі балқып жатқан Даланы астарлады. Сәкен Сейфуллин оған:
Жер - ұлы ана, буы - демі,
Жадырайды көсіле,
Еңбекші жан уыз еміп,
Өрмелейді төсіне, -
деп жан бітірді.
Одан кейінгі кезең ақындарының ішінде туған өлке мен ана тақырыптарын жиі-жиі жырлаған Жұбан Молдағалиевтің шығармашылығында осы екі бейненің бара-бара өзара кірігіп кетуінде бір заңдылық барлығы зайыр. Және оның туындыларындағы «Жер-Ана» образының ілуде бір емес, ұдайы ұшырасып отыратындығы да - қаламгердің дүниетаным тұтастығының және саналы суреткерлік ұстанымының белгісі. Мысалы, ақын «Жер мен әйел» атты философиялық пайымға толы өлеңінде (1966): «Жер демекші, о да ару, ол да ана, Әйелге тең теңеу болса, сол ғана», - деп, сонау Адам Ата - Хауа Анадан бері қарайғы тіршіліктің құрсағы - Жердің сұлулық сипатын, жаратушылық күшін, жарылқағыш мінезін, тылсымдық құдіретін әйел затымен сегіз шумақ бойына салғастыра суреттейді. Өлеңнің: «Мен әйелге тәңірімдей табынам...» деген алғашқы тармағындағы тұжырымның астарын осындай қарым-қатынас арқылы ашады, яғни логикалық қисынға саятыны: әйел де-тәңірі, жер де - тәңірі. Бұл туындыда ақын жалпы жер туралы толғанады ма, жоқ оның бір мүйісін ғана меңзейді ме дейтін мәселе көмескі күйінде қалған. Әркім мұндай бейтараптықты өз қалауынша, өз қорытуынша пайымдап-парықтап алады.
Басқа бір өлеңінде («Жер деп Көкше жерін айт», 1974) ақын семантикалық егіздеудің сырын перзенттік сезіммен ашықтан-ашық жайып салады:
Мен үшін қазақ жерінің
Жаманы және жаты жоқ.
Мен үшін қазақ жерінің
Анадан өзге аты жоқ.
Сөз жоқ, бұл - қарапайым ғана айтылған, бірақ шынайылық пен шындыққа суарылған қуатты шумақ.
Ал енді Жұбан ақынның «Таңырқаймын шыңдарына таулардың» атты шығармасындағы (1974): «Дала! Дала! Дала! - емсіз ғашығым» /156, 203/, - деген жолдарын оқығанда, ақынның алдыңғы екі өлеңімен таныс адамның санасында «Дала-Ару», «Дала-Ана» ұғымдарының отша шарпысып өтетіні рас. Поэзия тарихынан ептеп хабардар жанның есіне Сәкен Сейфуллиннің «Ғашығым менің - бостандық» деген өлең тіркесі де лезде оралады. Біздіңше, Жұбанның да мұны білмеуі мүмкін емес.
Ендеше, патриот ақын Жерді бірде ғашық аруға, бірде ғазиз анаға теңестіру арқылы өзгеше көркемдік өрнек қана емес, сондай-ақ қазақтың оқырман қауымының туған топыраққа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеудің тартымды тәсілін де тапқан.
Бір буын өкілдері - Қ. Мырзалиев, М. Мақатаев, Ж. Нәжімеденов шығармашылықтарынан жолығысатын Жер-Ана бейнелері де басқа-басқа.
Қ. Мырзалиевтің «Маған болу керек еді...» деп басталатын өлеңіндегі ұлы Отанының «көк орманы», «қыр гүлі», «тау суы», «бұла таңы» болып жаратылмағанына өкінетін лирикалық қаһарман сөзінің соңында: «О бастан-ақ анам - Дала, әкем менің - Күн екен, Осы мені ата-анамнан бөліп алған кім екен?!» - деген риторикалық сауал тастайды. Ә дегеннен байқалатыны, ақынның «ана - Даласы» динамикалық қозғалысқа түсірілместен, статикалық қалыпта - бар болғаны «әке-Күннің» жұбайы ретінде ғана аталған; өйткені өлең логикасының өзі одан артықты тілеп тұрған жоқ.
М. Мақатаев табиғат лирикасына жататын өлеңінің атын «Ұқсастық» деп қойыпты. Образға орап айтпағы да сол: босанған Ана мен көктемде бусанған Даланың арасындағы ұқсастық. Ұл тапқан жас ана біресе тұла бойы тершіп, біресе алпыс екі тамыры иіп, біресе тәтті ұйқыда тыныстап, біресе шөлін шаймен қандырып жатса, ақын қиялында Дала да осының бәрін бастан кешіреді. Ананың адал жары қалжасын даярласа, даланың серігі диқан да қам-қарекет үстінде - «тәй-тәй саусағын жаяр» (тосын тіркес!) көк егінді күтулі. Автор өлеңін:
Жерді - Анама,
Анамды Жерге теңедім,
Екеуінен де егіз ұксастық көремін , -
деп кәдуілгі констатация түрінде аяқтаған.
Жарасқан Әбдірашевтің туған жерге арналған он алты жолдан тұратын өлеңі «кеудесіне талайлар жара салған Ана-Жер», «арқасынан талайлар таспа тілген Ата-Жер», «маңдайында жұлдызы жарқыраған Жігіт-Жер» деген үш образдан тұрады.. Әр образ бөлек-бөлек өлеңде орнын тауып тұрса, мұны ақынның тың ізденіске талпынған дара мәнер-машығының жемісіне ұйғаруға болар ма еді, бірақ бір шығарманың ішінде бұлардың өзара қисын жағынан қабыспай қалғандығы бірден көзге ұрады. Бұл, бір жағынан, ғасырлар бойы өзінің әдепкі мәнін жоғалтпай келе жатқан Жер-Ана архетипінің қандай контексте қолданылса да, түбірлі өзгерту мен өндеуге бағына бермейтіндігін де көрсетеді.
Қазақ ақындарының ішінде туған жер тақырыбына қалам тартпағаны жоқ; бірақ оны өз шығармашылығында саналы түрде бүтіндей бір идеялық-поэтикалық концепцияға айналдырғандары саусақпен санарлық.
Ғ.Қайырбеков туған жерге деген сүйіспеншілігін қазақ үшін төрт түлік малдың таңдаулысы саналатын жылқының мінезі арқылы былайша береді:
...Иә, мен - жершілмін,
Жеті түнде мекенін
Айнымай тапқан
Аттың жершілдігі секілді!
Ақын сондай-ақ, халық аңызының негізінде жазылған «Ақбозат» атты өлеңінде ұрылар айдап алып кеткен қасиетті жануардың өз аулына жер түбінен жол тауып қашып келгендігін аскақтата жырлайды да: «Туған жер қасиетін әсем айтқан Халықтың асыл сөзі бұл да мәңгі», - деп қорытындылайды.
Жалпы, 1960-80 жылдардың талантты ақындары бүтін Отанның бөлшегі - кіндік кескен ауылын өлең тілімен өрнектегенде азаматтық ойға тән ауқымдылықтан айныған жоқ; әр ақын өз шама-шарқынша жалқы арқылы жалпының да жайын жырлай білді.
Мысалы, бұл кезеңде:
Тау шыңы,
Теңіз айдыны...
Қырларың, әнші күстарың -
Бақытым менің барлығы,