Ауырған науқастар реабилитациясы (қалпына келтіру шаралары).
МИ ауырған адамдар реабилитациясының физикалық, психологиялық және кәсіби аспектілері болады.
Реабилитацияның стационарлық, санаторийлық және поликлиникалық сатыларын (этаптарын) ажыратады.
Стационардағы физикалық реабилитацияның басты міндеттері науқас адамның өзіне - өзі қызмет ете алатын қабілетін қалпына келтіру, гиподинамияға байланысты жүрек – тамыр жүйесінің және басқа органдар мен жүйелердің күйінің төмендеуінің алдын алу, науқас адамды кардиологиялық санаторийде түсетін кеңейтілген жүктемеге физикалық және психологиялық тұрғыдан әзірлеу болып табылады.
Физикалық реабилитацияны миокард инфарктісінің ауырлық класына қарап іске асырады. Соңғы кезде МИ ауырлығының Киллин ұсынған 4 класын ажыратады:
І класс – қан айналысы жетіспеушілігінің белгілері жоқ (өкпеде сырылдар естілмейді, «шоқырақ ырғағы» жоқ), 40-50% науқаста кездеседі, өлім 10% жағдайда кездеседі;
ІІ класс – қан айналысы жетіспеушілік белгілері орташа дәрежеде кездеседі (өкпе алаңының 50% ауданына жетпейтін көлемінде сырыл естіледі, «шоқырақ ырғағы» болады), науқастың 30-40% кездеседі, өлім 10-20% жағдайда байқалады;
ІІІ класс – жедел сол қарыншалық жүрек әлсіздігі (өкпе шемені - өкпе алаңының 50% көбінің үстінде сырыл естілуі, «шоқырақ ырғағы») науқас адамдардың 10-15% кездеседі, өлім 30-40% құрайды;
IVкласс – кардиогендік шок, өлім 50-90% жетеді. Стационарлық емнен кейін, қарсы көрсетпелер болмаса, еңбекке қабілетті жастағы МИ ауырған науқастар санаторийдің мамандандырылған бөлімшелерінде реабилитация өтулері керек.
Санаторийлық ем.МИ ауырған науқас сауығу сатысы кезінде, аурудың жедел сатысы кезінде қандай асқыну болмасын санаторийлық емге көшірілуі керек. Бұл адамдардың ЭКГ-сы тұрақтаған қалыпта болуы керек немесе ЭКГ-дағы динамикалық өзгерістер инфаркттан кейінгі тыртық қалыптасуын бейнелеуі керек.
МИ ауырған адамдардың реабилитациясының поликлиникалық сатысы түсетін күш (тұрмыстық, еңбектік, жаттығу) деңгейіне қарап 4 кезеңге бөлінеді. Олардың біртіндеп өсуі реабилитация бағдарламасының негізін құрайды.
Бірінші кезең (ауыспалы немесе әзірлік кезең) стационарлық немесе санаторийлық реабилитацияның аяқталу және науқастың еңбек белсенділігінің қалпына келу мерзімімен шектеледі (яғни уақытша еңбекке қабілетсіздік мерзімінің аяқталуы).
Екінші кезең (еңбекке араласу кезеңі), бұрынғы кәсіби жұмысқа оралу жағдайында, 2-4 аптаға созылады.
Үшінші кезең (еңбекте түсетін күшті жартылай шектеу керек) – кәсіби еңбекке оралғаннан кейін 5-6 айға созылады.
Төртінші кезең (еңбекке толық қабілеттілік кезеңі), еңбекке оралғандардың көпшілігінде 5-6 айдан кейін болады.
Көрсетілген әр кезең кезінде құрамына дене жаттығулары, психологиялық реабилитация әдістері, дәрімен және дәрісіз емдеу әдістері кіретін шаралар комплексі іске асырылады.
Психологиялық реабилитация уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімін қысқартуға, өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. МИ ауырған адамдардың психологиялық реабилитация әдістерінің ішінде маңызды орынды «кіші» психотерапия (науқаспен сенімді әңгіме, отбасы мен қызметте жағымды микроклимат, қажет болған жағдайда – жұмысқа тиімді орналастыру, зейнеткерлік сұрақтарды шешу) әдісі, аутогендік шынығу және психотерапиялық шаралар алады.
Еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы. Трансмуральдық емес, айқын асқынулары жоқ МИ-де еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі 60-80 күн құрайды, асқынулар қосылса, немесе МИ гипертония ауруымен қоса кездессе, онда уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі 90-100 күн құрайды.
Асқынусыз трансмуральды МИ-інде уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі шамамен 105-160 күн құрайды, инфарктың осы варианты асқынған болса, немесе ол гипертония ауруымен қоса кездессе, онда еңбекке жарамсыздық мерзімі 120-150 күнге дейін көбейеді.
Төменгі жағдайларда МӘСК жолдама беріледі.
1) МИ ауырған, 3-4-ші реабилитациялық класқа жататын ауру адамдар. Оларға 2-3-ші топ мүгедектігі анықталады.
2) МИ-нан кейін кем дегенде 4 ай ем алу керек және одан кейін бұрынғы жұмыс орнына қайтарылатындар.
3) Еңбекке тиімді орналасуды қажет қылатындар.
Бұл адамдар мамандығын жоғалтқан болса және әлеуметтік реабилитацияны қажет қылатын болса, олар 6-12 ай бойына 2-ші топ мүгедегі болып табылады. Егер пациент өз мамандығы бойынша жұмыс жасай алатын, бірақ жұмыс күнін қысқартуға мәжбүр болса, ол 3-ші топ мүгедегі болып танылады. Егер науқас адам еңбекке қабілетсіз және тұрақты көмек көрсетуді қажет қылса, онда оны І топ мүгедегі деп тану жөнінде сұрақ қойылады.
Диспансерлеу. Инфарктіден кейінгі кардиосклероз диагнозы қойылған адам диспансерлік есепке алынады. 1-ші жарты жылда дәрігер оны айына 2 рет қарайды, келесі жарты жылда оны ай сайын қарап тұрады. 2-ші жылы ауру адамды кварталға 1 рет қарайтын болады. Комплексті реабилитацияны бөлімше терапеві, кардиолог және психотерапевт бірігіп отырып іске асырады. Кейін науқас адам ЖИА және бар синдромға сәйкес өмір бойы бақылауда болады. Емді жетекші синдромға қарап іске асырады.
Санаторийлы-курортты ем МИ-мен ауырғаннан 1 жыл өткен соң мүмкін. Қарсы көрсетпелер жоғарыда көрсетілді.
Прогноз әр уақытта қауіпті және ол ауырлық класына тәуелді болып келеді. Ауру болжамы некроздың тереңдігі мен ауданына, МИ даму ерекшеліктеріне (қайталамалы, қайталаған инфаркт т.б.), асқынудың түріне, науқас адамның жасына, қосымша ауруларға, мезгілінде және тиісті жасалған ем мен реабилитацияға тәуелді болады.
http://www.studfiles.ru/preview/6189214/page:48/
Миокард инфарктісін алдын алу
1.Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту қажет;
2.Тиімді тамақтану ережелерін сақтау;
3.Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту- тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану;
5.Көкеніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану;
6.Алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерде ғана пайдалану;
7.Дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану;
8.Қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап отыру;
Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/1842
Науқасты ауруханаға жатқызып, қажетті көмек көрсетіп, қиын кезеңнен алып шыққан соң, емдік жаттығулар тағайындайды. Егер микроинфаркт болса, 2-3 тәуліктен соң, орташа түрінде 4-5, ал кеңінен жайылған түрінде 6-7 тәуліктен соң дене шынықтыру басталады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аурудың қайта қалпына келу (реабилитация) үдерісін үш кезеңге бөледі: емдеу мекемесіндегі (аурулардың шиеленіскен кезі), сауыға бастаған кез (конвалесценция), көтермелеу (постконвалесценция) кезеңі. Екінші, үшінші кезең науқасты ауруханадан шығарған соң, емханада реабилитациялық орталықта, шипажайда, диспансерлерде өтеді.
Ауруханада жаттығулар инфарктің түрін, кезеңін, аурудың жасын, жынысын еске ала отырып, жасалады. Ол 3 жұмадан 6-8 жұмаға дейін созылады. Қимыл-қозғалыс төрт режимнен тұрады. Төсек тартып жатқан, жартылай жатқан, яғни отыратын, палаталық және бос режимдер. Бір режимнен екіншіге өткізуді тек емдейтін дәрігер ғана шешеді. Әр науқастың тамыр соғуын, қан қысымын, тыныс алу жиілігін есептей, салыстыра отырып, емдік жаттығуларды қолданады. Жаттығуларды жасағаннан кейін тамырдың соғу жиілігі 10-ға, тыныс алу 1 минутта 3-4 рет, қан қысымының жоғарғы саны 10-15 мм сынап бағанасына көтерілуі керек. Мысалы, қалыпты жағдайда қантамырдың соғуы – 60-72, тыныс алу – 16-18, қан қысымы – сынап бағанасымен 120/60 мм болса, емдік жаттығудан соң тамырдың жиілігі минутына 70-82, тыныс алу – 19-22, қан қысымы – 135/60 мм сынап бағанасы болуы тиіс. Ал аталған мөлшерден асып кетсе, емдік жаттығу жүрек ауруына лайықты болмай, дұрыс қолданылмаған болып есептеледі.
Науқас төсек тартып жатқанда берілетін жаттығулар жиынтығы аяқ-қолдың тек саусақтарын ақырын асықпай қимылдатудан, бұлшықетті ширықтырып босаңсытудан тұрады. Емдік жаттығуды пайдаланғанда дәрігер адамның мінез-құлкын, жүйке жүйесін ескере отырып, ең алдымен жаттығулардың қарапайым оңай түрлерін белгілейді. Жаттығулар бірқалыпты ырғақпен, байыппен буындардың бірінен соң бірін қозғалта отырып, орындалуы қажет. Жаттығуларды онша қатты күш жұмсамай, сүйсіне, ем болатынына сеніп, ықыласпен орындаған дұрыс. Дәрігер науқас адамның дұрыс тыныс алуын қадағалап отырады. Өйткені дұрыс алған демнің өзі қан айналымын жақсартады.
Бірнеше күннен соң тізе, мықын, шынтақ буындарын қосады. Тізені бүгіп-жазып, табанды жылжытып, аяқты көтермейді. Жүрек тұсында шаншу болмаса, табанды тіреп, жамбасты жоғары көтеріп, қозғайды, сол сияқты екі жаққа аунап жатуға болады. Осындай жаттығулар алғашқы кезде 6-8 минутқа созылады.
Дене тәрбиесінің бұл режимдегі негізгі мақсаты жүректен алыс, шеткергі орналасқан қан тамырларын шыңдап, қан айналымын жақсарту және науқас адамды отыруға дайындау.
Екінші режимге көшкенде адамның вестибуляр аппаратына (тепе-теңдік жағдайын сақтайтын) арнайы жаттығулар беріледі. Өйткені ұзақ төсек тартып жатқан адамның басы айналып, көзі бұлдырап, тепе-теңдік жағдайы бұзылады. Сондықтан динамикалық тыныс алу жаттығулары, дененің бұлшықеттерін ширатулар кеңінен қолданылады. Бірнеше рет отырып, қайта жатып, аяқтарды алма-кезек көтереді. Алдымен әдіскердің көмегімен, кейін өзінше жасайды. Сабақтың ұзақтығы – 14-17 минут, 7-10 күнге созылады.
Палата режимінде (науқастар жататын бөлме) науқас адамды біртіндеп тұрғызуға дайындайды. Жүрек тамырларын, басқа мүшелерді, барлық организмді тік тұруға дағдылап, жүруге бейімдейді. Отырған қалпында жүру нышанын жасайды. Сонан кейін біреудің көмегімен түрегеліп, аяңдап басып жүреді. Жүрудің де мәні бар: бір-екі аттап, кейін екпінді, ара қашықтықты алыстата түседі. Бұл кезең 7-10 күнге созылады, ал жаттығулар 15-20 минутта жасалады.
Бос режимдегі негізгі мақсат – біртіндеп көбейтілетін күшке жүрек-қантамырларын дайындау. Бұл кезде ауруды баспалдақпен жүргізеді, далаға серуенге шығарады. Сөйтіп, үй жағдайына, тұрмыс-тіршілікке қатыстырады. Жаттығулар барлық бұлшықеттерге, тұрып, отырып, жатып орындалады. Жаттығуларды далада немесе арнаулы бөлмелерде өткізеді. Ұзақтығы 25-30 минутқа созылады, бұл кезең 7-10 күн.
Ауруханадан шыққан соң науқас әбден айыққанша 3-5 ай емханада немесе реабилитациялық орталықтарда, шипажайларда емдік жаттығуларды әрі қарай жалғастырады. Мұндағы мақсат – адамның психологиялық жағдайын қалпына келтіріп, жаттығуларға бойын толық үйрету; жүрек бұлшықетін жетілдіріп, оның жиырылу күшін арттырып, қан айналысын жақсарту, тұрмысқа, еңбекке қабілетін арттыру.
Бұл үшін ертеңгілік гигиеналық жаттығу, емдік гимнастика, өз бетінше орындалатын жаттығулар, спорт ойынының түрлері, жүзу, шаңғы тебу, серуендеу кеңінен колданылады. Сол сияқты адам өзін еңбекке баулып, дене шынықтыру әдістеріне көңіл бөледі.
Жүрек ауруына шалдыққан адам өзіне-өзі өте ұқыптылықпен карап, диспансерлік тізімде тұрады. Бұл кезде емдік гимнастиканың түрлерін одан әрі өрбітіп, күнделікті тіршіліктің тірегі ретінде қарау керек. Тұрмыс, еңбек, кәсіптік дәрежесін көтеру ұдайы – қимыл-қозғалыста болған дұрыс. Емдік жаттығуды тыңғылықты түрде орындау, ол жүрек инфарктіне қайта ұшыратпаудың алдын алу.
Адам жазылып, еңбекке косылған күннің өзінде емдік жаттығудың еш зияны жоқ. Ол үшін жұмасына 2-3 рет арнайы ұйымдарға, стадион алаңдарында өз бетінше әртүрлі әдістермен айналысу керек. Тек сонда ғана дене сергіп, бойды билеген індеттен толығымен жазылады.
Емдік жаттығулар
Кіріспе жаттығулар
1.Шалқадан жатып, асықпай байыппен тыныс алу (3-4 рет). Дем алуға көк ет пен кеудені дұрыс қосу керек.
2.Қол саусақтарын бүгіп-жазу (4-5 рет).
3.Тыныс алу (4-5 рет)
4.Екі аяқтың ұшын алға-артқа қозғау (3-4 рет). Баяу ырғақпен.
5.Қолдың басын оңға-солға айналдыру (4-5 рет). Екі қолмен алма-кезек.
6.Демалыс (2-3 минут).
7.Аяқтың ұшын оңға-солға қисайту (3-4 рет). Асықпай.
8.Қолды екі қапталда ұстаған бойда алға иіп, саусақтарды созу және бүгу (3-4 рет). Созғанда демді ішке алып, бүккенде сыртқа шығару.
9.Аяқ және қолдың басын бір мезгілде алға-артқа қимылдату (4-5 рет). Баяу ырғақпен.
10. Тынысалу (1-2 рет).
Барлығы: 5-6 минут.
Негізгі жаттығулар
1.Шалқадан екі колды қапталда ұстап жату; асықпай тыныс алу (3-4 рет). Жайлап қана.
2.Қолды шынтақтан бүгіп, басын айналдыру. (3-4 рет). Екі қолмен кезек.
3.Аяқтың ұшын екі жаққа бір мезгілде қимылдату (4-5 рет). Екі аяқтың қимылын қадағалау.
4.Қолдың ұшын иыққа кою. Құлашты жайып, терең дем алып, алғашкы қалыпта демді шығару (3-4 рет). Орташа ырғақпен.
5.Аяқ-қолдың ұшын шыр айналдыру (3-5 рет). Оңға-солға асықпай, ырғақты түрде.
6.Асықпай терең дем алу (4-5 рет).
7. Иықты қозғау. Жоғары көтергенде демді ішке тарту, түсіргенде сыртка шығару керек (3-4 рет). Баяу ырғақпен.
8. Аударылып оң жак қапталға, одан соң сол жақ қапталға (3-4 рет). Әр қапталға аударғанда дем ачу.
9. Демалыс (2-3 минут). Денені босаңсытып ұстау.
10. Аяқты тізеден бүгіп, екі жаққа алшақтатып, қайта қосу (4-5 рет). Бұлшықетті бос ұстау керек.
11. Қолдың ұшын иыққа, екі жаққа, төмен түсіру (3-4 рет). Еркін дем алады.
12. Аяқты тізеден бүгіп, өкшені алма-кезек көтеріп жүрген сияқты қимыл жасау (4-5 рет). Бірқалыпты, асықпай.
13. Терең дем алу (3-5 рет).
14. Аяқтың басын бүгіп-жазу (3-5 рет).
Барлығы: 18-20 минут.
Қорытынды жаттығулар
1. Отырып, асықпай дем алу (3-4 рет)
2. Иықты бір мезгілде айналдыру (4-5 рет). Денені сәл түзу ұстау керек.
3. Өкшені еденге өкшеден тіреп, оңға-солға айналдыру (4-5 рет). Екі аяқпен алма-кезек.
4. Орындықтың шетіне отырып, қолды иыққа қояды. Қолды, санды екі жаққа жазып, терең дем алады. Қосқан кезде демді сыртқа шығарады (4-5 рет). Дем алуды қадағалайды.
5. Қолды мықынға тіреп, тыныс алады (3-4 рет).
6. Аяқты тізеден бүгіп, қолды санға қойып, денені алға иіп, қайтадан қалпына келу (3-4 рет). Иілгенде демді шығарып, түзегенде тыныс алу.
7. Аяқты алма-кезек бүгіп-жазу (4-5 рет). Асықпай, байыппен.
8. Қолды иыққа тіреп, шынтақты артқа-алға қозғау (3-4 рет). Демді еркін алу.
9. Аяқтың ұшын тіреп, алма-кезек өкшені көтеру (6-8 рет). Орташа ырғақпен.
10. Қолды шынтақтан бүгіп-жазу. Бүккенде қолдың басын қысып, жазғанда алақанды ашу (4-5 рет). Бұлшықетті қатайта қысады.
11. Қолды мықынға қойып, қалыпты тыныс алу (3-5 рет). Баяу жасалады.
http://bilim-all.kz/article/4341-Miokard-infarkti-zhane-emdik-zhattygular
Мейірбикелік күтім
Дәрігеге дейінгі көмек
1.Науқаситы тыныштандыру,функциональды жағдайын бағалау /АҚҚ өлшеу,пульсті өлшеу/
2.Пациентті жартылай отырғызу немесе жатқызуға көмектесу,толық физикалық және психикалық тыныштық орнату
3. Нитроглицерин таблеткасы 0,5-1мг тіл астына немесе спрей түрінде 0,4-0,8 мг. немесе 1-2 доза ауырсынуды басу үшін. Қажет болған жағдайда және артериалдық қысымның деңгейін бақылай отырып, әрбір 5-10 мин сайын қайталау.
4.Жүрек тұсына немесе кеудеге қыша қағаздарын қойып,науқасты ыңғайлы жатқызу.
5.Ішке корвалол ерітіндісін 30-35 тамшы қабалдау
6.Дәрігер келгенше науқас жағдайын қадағалап отыру.
Ауырсыну қоймаған жағдайда нитроглицирин препаратын тіл астына қайтадан береміз.Бұл 3 таблеткадан аспауы керек.
Ентігу кезінде мейірбикелік күтім:
1.тынысалуына кедергі болатын киімдерден босату.
2.Емделушіге бас жағы жоғары қалып беру.
3.Палатаны күніне 3 рет желдетуді қамтамасыз ету.
4.Дәрігердің белгіленуіне сәйкес ылғалдандырылған оттегі ингаляциясын жүргізуді қамтамасыз ету.
5.Әр 2 сағат сайын емделушінің тыныс алу жағдайын (жилігі,ырғағы,тереңдігі),тері жамылғыларының түсін бағалау.
6.Дәрігерлік препараттарды дәрігер тағайындауына сәйкес қабылдау.
7.Емделушіні тыныс алуды жеңілдететін тәсілдеріне үйрету.
8.Пациентке тірек,жәңілдік беретін тәртібі,оның физикалық белсенділігі туралы туған туысқандарымен кеңес жүргізу.