Жоғары оқу орнында оқытудың тиімділігін арттырудың психологиялық жолдары.
Акмеология сипаттамасы
Акмеология - (Көне грек: akme — биік, шың, табыс, logos — ілім) адамның шығармашылық ғұмырына, кәсіптілік шыңга жетуіне ықпал ететін факторлар мен заңдылықтарды зерттейтін ғылым; жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық пәндер тоғысында пайда болған, белгілі бір іс-әрекет сферасында адамның жоғары дәрежеде акме дамуы жөнінде ғылым. Кемелденуді өздігінен білім алу, өзін-өзі түзету, өзін-өзі басқару құралдары арқылы өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілік деп қарастырады. Эмбриология, морфология, физиология, психология, педиатрия, педагогика, геронтология және т.б. ғылымдарды қамтиды.
Бақылау әдісінің артықшылығы
Пси-қ ерекшеліктің табиғи жағдайда тексерілуі; зерттеушінің өзін-өзі бағалау мүмкіндігінің болмауы; пси-қ, пед-қ, пед-қ ықпалдың салдарын анықтаудың ықтималдығы және т.б
Бақылау әдісінің кемшілігі
Зерттеу нәтижесін өлшеуде, түсіндіруде субьективизм элементтерінің орын алуы, кейбір психикалық ерекшеліктердің, мысалы, ішкі шиеленістің, мотивацияның, бағдардың, т.б сырттай байқауда аңғарыла қоймауы, және т.б. жатады.
Білім беру ЖМП-ң өзекті обьектісі ретінде
Білім беру – тұлғаның және қоғамның қажеттіліктеріне байл.мақсат-бағдарлы, үйлесімді түрде оқыту, тәрбиелеу және дамыту үдерістері. Білім беру ғылыми-зерттеу жүргізу барысында адам мәдени құндылықтарды игереді. Себебі, тұлғаның танымдық сипаттағы жетістіктері адамзат тәжірибесіндегі материалдық және рухани игіліктер жиынтықтығы б.таб. білім мазмұны мәдени және ғылыми мұралар, адам өмірі мен тәжірибесі негізінде құралып, үздіксіз толықтырылып тұрады. Оқу орынында білім берудің негізгі құраушылары: білім беру мақсаты, құралдары, тәсілдері, ұйымдастыру формалары, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, оқу орнында тұлға меңгерген білім деңгейі. Білім арқылы адамның пси-қ даму деңгейі артып, белгілі бір сапаларға ие болады. Білім деңгейлерінің арасында жоғары білім тұлғаның зияткерлік толысуы мен бәсекеге қабілетті маман ретінде дамып, жетілуін қамтамасыз ететін ықпалымен ерекшеленеді.
Жоғары оқу орнында белсенді оқыту әдістерін қолдану
Оқыту әдістері студенттердің өзіндік сана-сезіміне, жеке-дара ерекшеліктеріне, ішкі жан-дүниесіне ықпал етеді. Олар болашақ мамандардың білім меңгеруге деген қажеттіліктерінің артуына түрткі болады; дамудың кұндылығын және мотивациялык жақтарын айкындайды. Психологиялық ықпалына байланысты оқыту әдістері тұлғалық және инструменттік деп ажыратылады. Оқытудың белсенді әдістеріне түрлі іскерлік, рөлдік ойындар, байқаулар, олимпиадалар, жаттығулар, тренинг түрлері, жағдаяттарды кұрастыру, жинақтау, талдау, шешу жатады. Білім беру барысында қолданылатын негізгі тұлғалық әдістерге студенттердің өзін-өзі бақылау, өзіндік есеп беру, өзін-өзі реттеу, өзіндік даму, өзін-өзі өзектендіру әдістері жатады. . Өзін-озі бақылау әдісі студенттердің тек өз білім деңгейін аңғаруына ғана емес, сондай-ақ, олардың өз ішкі жан-дүниесіне «үңіліп», зерттеуін мүмкін етеді. Өзін-өзі бақылау әдісі өзіндік есеп берумен тығыз байланысты. Ол оқу пәндері бойынша практикалык сабақтарда, болашақ мамандардың практикадан өту барысында немесе тренингтер кезінде ауызша да, жазбаша түрде де жүзеге асырылады. Өзін-өзі реттеу әдісінің мақсаты - оңтайлы психикалық жай күйді, жағымды қасиеттерді, танымдық процестердің дамуын тұрақты ету. Осыған орай өзін-өзі реттеу әдісі студенттердің іс-әрекетті, қарым-қатынасты дұрыс ұйымдастыруына, мінез-кұлық пен жүріс-тұрысты әдеп тұрғысынан жөндеуіне кол жеткізеді.
Жоғары оқу орнында оқытудың тиімділігін арттырудың психологиялық жолдары.
Жоғары мектептегі оқыту кезінде «брейншторминг», эвристикалық сұхбат, коллизия әдісі, топтық пікірталас, ғылымдағы әр түрлі бағыттарды салыстыру, эпизодтарды жазу әдісі, кейстер әдісі, синектика әдісі, дауыстап ойлау әдісі, психологиялық есептердің шешімін табу, нақты психологиялық жағдаяттарды талдау, рөлдік ойын әдісі, жобалау әдісі сияқты инструментальді әдіс түрлері аса тиімді болады. «Брейншторминг'BB кезінде студенттердің бірі такырыпқа сәйкес мәселе бойынша әр түрлі болжам-жорамалдар жасайды, ал басқалары айтылған идеялардың мәнділігін бағалайды. Эвристикалың сұхбат барысында студенттер тақырыпқа қатысты теорияға тіректеле отырып, мәселені шешу процесінің жеке қадамдарын тауып, анықтайды. Мұнда да қойылатын сұрақтар студенттерді мәселенің шешімін табуға бағыттамайды. Топтың пікірталас әдісінің бағытталған және еркін дейтін екі түрі бар. Бұл топтық пікірталастың бірінші түрі оқытушының ұйымдастыруымен, бағыттауымен өтеді. сабақтарда, дәрісханадан тыс жұмыстарда, өзіндік жұмыстарда, мәселелік жағдаяттарды талдау кезінде әр түрлі тұрғыларды салыстыру әдісі қолданылады. Бейтанысты таныс, үйреншіктіні жат етіп, орнығып қалган көз-карасты өзгерту синектика әдісінің басты қағидалары болып табылады. Қиял белсенділігін арттырып, мәселе мазмұнынан тым алшақ бейнелерді шығару студенттердің үйреншікті мағыналық байланыстарын түзуіне, өздеріндегі тұракталған таптаурындар мен бағдарлардыңтеріс жақтарын саналы аңғаруына көмектеседі. Эмоциялық деңгейде студенттердің іс-әрекеттің, қарым-қатынастын субъектісі болу жай-күйін сезінуге қабілеттерін дамыту шаралары жасалады.