Салауатты өмір сүрудің салтын бүзатын факторлар
Салауатты өмір сүрудің салтын бүзатын факторлар
Салауатты өмір сүру салтын бұзатын факторлардың бірі — дұрыс және жүйелі түрде өз мезгілінде тамақтанбау. Сондықтан да адамның массасы өсіп, шектен тыс семіріп кетеді.
Ол неге әкеп соғады, адамды неше түрлі ауруларға шалдықтырады. Кейіннен өмір мен қоштасуға себепші болады. Мезгілсіз өліп қалады. Әркім өз бақытсыздығына өзі кінәлі. Біреуден көрудің қажеті жоқ.
Ал қазіргі нарықтық экономика көпшілікке оң эмоциялық жағдай туғызып отыр деп айта алмаймыз. Көптеген адамдар салауатты өмір сүріп отырған жоқ.
Қорыта айтқанда, салауатты өмір сүрудің салты тек табиғат қана емес, ол адамзат баласын асыраушы ана. Табиғаттың келешегі зор, берері мол. Оған бірді берсең онды, онды берсең жүзді, жүзді берсең мыңды, мыңды берсең миллионды аласың, міне табиғат заңы осындай.
Дегенмен, салауатты өмір сүру салтын көптеген адамдар сақтамайды. Бір кезде мен бір қарт адамға неге темекі шегесіз дегенімде, ол маған бір Алла-Тағаланың жазуы бар ғой, көп жасаймын ба, жоқ па, аз жасаймын ба, әйтеуір бір жазу бар ғой деді. Жоқ олай емес дедім мен. Темекі шегу өмірді қысқартады. Салауатты өмір сүру салтын әрқашанда бірінші орынға қою керек. Әсіресе, жас жеткіншектерге салауатты өмір сүру керек демекпіз! Сондықтан да қазақ елі өздерінің ұрпақтарына салауатты өмір сүру салтын үнемі қалыптастырып отырған. Егде адамдар, мал бағып, күн-түн демей таза ауада жүрген. Сондықтан да олар, ұзақ уақыт өмір сүрген. Ішімдік дегеннің не екенін олар білмеген, темекі тартпаған. Наркотикалық заттар туралы қазақ елінде ешқандай түсінік болмаған. Ал токсикалық қосылыстар қазақ халқының үш ұйықтаса да түсіне кірмеген. Қазақ елі әрқашанда табиғатпен санасып отырған. Салауатты өмір сүру салтын жоғары сынып оқушылары қатаң түрде ұстауы тиіс. Жоғары сынып оқушылары салауатты өмір сүрудің салты тек көп қимыл жасап, нерв жүйелерін сақтау, дене шынықтырумен айналысу, ішімділік ішпеу, темекі шекпеу ғана деп түсінеді. Шын мәнінде олай емес. Салауатты өмір сүру салтын сақтау үшін; ерік болу керек. Күшті ерік әркімдс бола бермейді. Сондықтан да кейбіреулер салауатты өмір сүру салтын сақтамай көп азап шегеді. Оны күнделікті өмірден үнемі көріп жүрміз.
Валеология мектеп жағдайында білім және тәрбие беру пән ретінде жүргізілуі керек. Валеологиялық білімді ата-аналарда білуі керек. Валеология — кеңінен насихатталынуы тиіс. Валеология кәсіптік білім ретінде өткізілуі керек. Валеологиялық білім жөне тәрбие біртұтас, ол қатарымен жүргізіліп отыруы тиіс.
Валеологиялық білімде физикалық, эмоционалдық, интеллектуалдылық, әлеуметтік және тұлғалық аспектілер болады.
Физикалық аспект дегеніміз — ағзаларда өтетін физиологиялық үрдістер, интеллектуалдылық-денсаулық жайындағы ақпараттарды қабылдау; эмоционалдық аспект — түсінік және оларды қорыту, екінші біреуге өз мағынасында жеткізу; тұлғалық аспект дегеніміз — тұлғаның өзіндік биологиялық ерекшелігі.
Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау орындарының анықтауы бойынша, денсаулық дегеніміз – физикалық, психикалық, (рухани) және әлеуметтік жағдайдардан туындайтын биологаялық категория.
Балалардың және оқушылардың денсаулығын сақтау проблемалары мына төмеңцегі екі жағдай орындалған кезде өз шешімін табары сөзсіз.
1) Сыртқы және ішкі жағдайлар мектепте және үйде қолайлы түрде жасалған болса, оқушыларды еңбек ету мен демалысы жүйелі түрде ұйымдасқан жағдайда, (денсаулықты сақтау педагогикасы немесе мектеп гигиенасы сақталынған болса), оқушылардың денсаулығы арта түседі.
2) Оқушылар арасында, олардың денсаулықтарының сақталуына бағытталған тәлім-төрбие жұмыстары ойдағыдай жүргізілінсе, оқушылар салауатты өмір сүру салтын сақтай алады. Сонымен бірге мектепте жұмыс істейтін қазіргі заманның валеологтарының қабілеттілігі ерекше болуы керек.
Оқушылардың денсаулықтарына кері әсер ететін айналаны қоршаған орта факторларын анықтай білетіндігі осыған байланысты. Не істеу керек, нені істемеу керек. Толық кепілдеме беру керек. Ақыл-ойын және физикалық жұмыс істеу қабілеттілігін арттыру үшін қосымша әдістсрді айтып беруді білу керек.
— оқушылардың физикалық дайындығын (денсаулық деңгейін) біліп, осыған байланысты қимыл жасау режимін ұсыну қажет;
— оқушылардың өздері-өздерінің денсаулықтарына қалай бақылау жасайтынына ғылыми тұрғыдан кепілдемелерді дәл беру керек;
— денсаулықтарын қалай басқарудың жолдарын атап көрсетіп беріп отыру жөн.
Қоғамдағы денсаулық мәдениеттілікке байланысты. Неғұрлым мәдениет төмен болса, соғұрлым қоғамдағы денсаулық төмен болады. Осыдан шығатын қорытынды: Баланы жас кезінен бастап өзінің денсаулығын сақтай білуге үйрету. Осыған орай денсаулықты сақтау екі бағытта жүргізілуі керек.
1) Әрбір адамға валеологиялық білім беру ең жас кезінен бастап берілуі тиіс;
2) тұлғаның өзін-өзі төрбиелеуі — креативті валеология (сгеаytіо — жасап шығару) өзің жасап шығар.