Дәріс. Эксперименттік зерттеудің даму тарихы

Психологиялық зерттеу әдістеріне кіріспе ” ПӘНІ БОЙЫНША

ДӘРІСТІҢ ТЕЗИСТІК МАЗМҰНЫ

Модуль 1

Эксперименттік психологияға кіріспе

Дәріс. Ғылыми зерттеу әдіснамасы, әдістемесі және әдіс туралы түсінік

Қазіргі кезде психология ғылымы өте көп фактілі материалдар жинады, дамыған эксперименттік әдістемелік аппараттарын қалыптастырды. Бірақ та осы эксперименттік фактілердің көп болуы психологиялық зерттеуде дезорганизациялық қызмет атқарып, ғылымның ары қарайғы дамуын тежеуі мүмкін. Осы мақсатта зерттеудің теориялық, әдіснамалық негіздері қарастырылады. Қазіргі кезде теориялық, әдіснамалық зерттеулердің даму қажеттілігі айқын көрінеді. Олардың міндеті, алынған фактілік материалды белгілі-бір жүйеге негіздей отырып реттеу, мақсатқа бағыттала отырып жаңа материалды алу. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, яғни әдіснамалық негізді қалыптастыру үшін, зерттеудің категориялары, ұстанымдары анықталуы керек. Әдіснама –бұл шындықты ғылыми жолмен танудың және қайта өңдеудің әдістері, формалары, ұстанымдары туралы ілім. Теория- бұл қандай да болмасын жүйені түсініктер, заңдар, ұстанымдар арқылы жалпы түрде сипаттау. Ұстаным– бұл қандай да бір теорияның, тұжырымдаманың алғышарты, негізгі түсінігі. Ұстаным практикада, әдісте көрінеді. Ұстанымдар зерттеу әрекетінің неғұрлым тұрақты, өзгермейтін қағидалары. Ал, әдістер ғылыми бағытқа байланысты, теорияға байланысты өзгеріп отырады. Әдіс -біріншіден оқыту, зерттеу, үйрету жолы, тәсілі; екіншіден табиғат заңдылықтары мен құбылыстарын, қоғамды, жалпы танымды зерттеудегі ережелер жүйесі; үшіншіден, танымда және практикада белгілі нәтижелерге жетудің тәсілі. Әдіс-метод. Әдістеме -методика –бұл қандай да болмасын әдісті қолдануға мүмкіншілік беретін нақты тәсілдердің жиынтығы. Зерттеу процедурасы –бұл зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу тәсілі немесе зерттеу барысында талқыланатын барлық танымдық және ұйымдастырушы әрекеттердің реті. Жалпы ғылыми психологиялық зерттеулерде әдіснамалық ұстанымдардың 4 деңгейін бөліп көрсетуге болады:

  1. философиялық методологиялық принциптер деңгейі;
  2. жалпы ғылымдық деңгейдегі ұстанымдар;
  3. жалпы психологиялық деңгейдегі ұстанымдар;
  4. нақты эксперименталды психологиялық деңгейдегі ұстанымдар.

Психологиялық зерттеу жүргізудің кезеңдері.

1. Зерттеу бағдарламасын талдау:

2. Эмпирикалық объектілерді анықтау:

Психологиялық зерттеу бағдарламасының тараулары: 1. әдіснамалық тарау – ғылыми мәселені, зерттеу мақсатын, міндеттерін анықтау; негізгі түсініктерді интерпретациялау, теориялық талдау жасау; болжамдарды шығару. 2. әдістемелік-процедуралық тарау - зерттеудің жоспары жасалады; қолданылатын әдістемелер анықталады.

Таңдау тобы -эмпирикалық зерттеу жүргізілетін генералды жиынтықтың бір бөлігі. Таңдау тобында алынған мәліметтер тұтастай генералды жиынтыққа ауыстырылады. Ол үшін таңдау тобы репрезентатаивті болуы қажет, яғни генералды жиынтықтың сипаттары таңдау тобында көріну керек. Таңдау тобының негізінен екі түрі болады: кездейсоқ және мақсатталған.

Зерттеу объектісі - зерттеу мәселесіне сәйкес зерттелінетін құбылыс немесе процесс.

Пәні - объектінің нақты зерттелінетін аспектісі.

дәріс. Эксперименттік зерттеудің даму тарихы

Эксперименттік психология – психикалық құбылыстарды эксперименттік әдіс арқылы жүргізілетін зерттеулердің жалпы аталуы. Психологияның философиядан бөлек ғылым саласы ретінде қалыптасу үшін экспериментті қолдану маңызды роль атқарды. Эксперименталды психологияның қалыптасуына негізінен әсер текен көзқарастар: қайта өрлеу дәуірінен бастап, әр түрлі ғылым салаларында эксперименталды ойлар қалыптаса бастады. Эксперименталды психологияның дамуына шарттарды байланыстыру қажет болды:

1. Ғылыми ойлаудың дамуы. Яғни, жаңа мәселелерді тудыратын ғылыми ізденістердің қалыптасуы;

2. Зерттеу жүргізушілер арасында жаңа зерттеу тәсілдері мен техникалары енуі керек (психофизика, психофизиология);

3. Арнайы ғылымдық білімдердің және арнайы дайындығы бар адамдардың сол ғылым саласына келуі керек.

Эксперименттік психологияның қалыптасуына әсер еткен көзқарастар.Қайта өрлеу дәуірінен бастап эксперименттік ойлар қалыптаса бастады.

Ағылшын ғалымы Ф. Бэкон – империзмнің алғашқы өкілдерінің бірі. Ол ғылымның эффективті зерттеу әдісін қалыптастыруға басты назар аударып, империзмнің алғашқы жаршысы болды.

Геометрия мен жаңа механикаға бағытталған психологиялық теорияның сызбасын француз математигі, философы және жаратылыстану ғылымдарының зерттеушісі Рене Декарт (1596 - 1650) ұсынды.

Джон Локк(1632 - 1704) ассоционист, ағылшын философы. Ол Декарттың рационалисттік көзқарастарына қарсы шықты. Дж. Локк психологияның дамуына принциптер енгізді. Гартли Д.(1705 - 1757) ағылшын ойшылы. Ол ассоциацияны психикалық өмірдің негізгі принциптері деді. Д. Гартли Локтың ассоциациялар идеясын дамытты, бірақ ол материалистік бағытты ұстанды.

Гоббстыңайтуынша, инерция заңы бойынша түйсіктерден елестер туындайды, ал олардың бірігуі ойлауды қалыптастырады.

Джон Миль (1773 - 1838). Ол Гартли теориясын одан ары дамытты. Ол психикадағы элементтер бір-бірімен ойлау арқылы қосылады.

Ламетри(1709 - 1751) француз дәрігері. Ол Гартлимен сәйкес келетін көзқараста болды. Оның айтуынша, жан денеден бөлек емес, ал адам машина емес деп түсіндіргісі келді. Осы жерде ол Гартлимен келіспеді.

Фехнердің 1850ж. «Элементы психофизики» деп аталатын еңбегі эксперименттік психологиядағы бірінші жазылған кітап. Ол түйсіктердің ажырату табалдырықтарын және осы табалдырықтардың логарифмикалық заңға байланысты екендігін көрсеткен. Гельмгольц (физиолог, әрі хируруг) «Физиологиялық оптика» еңбегінде физиологиядан психологияға тікелей қадам жасаған. Ол көбіне эмоцияларды, сезімдерді қарастырады, және оларды зерттеу үшін өлшеу әдісін еңгізді. Сондай-ақ ол нерв импульстерінің жылдамдылығын өлшейтін прибор жасаған.

Герниккеңістікті қабылдауды, температураны сезінуді зерттеген.

Функционалды психологияның ең көрнекті өкілі Брэнтаноболды. Ол адамның белсенділігі идеясын ұсынып, оны элементтерге бөлшектеуге болмайтынын көрсетті. Ол бойынша әр белсенділік психикалық процесс мақсатқа байланысты қалыптасады. Брэнтано бойынша психология ғылымының пәні – акті ретінде көрініс беретін психикалық феномендер.

Вюрцбург мектебінің негізін салушы – О. Кюльпе.Ол мектепте негізінен ойлау мәселесі зерттелінді. Негізгі зерттеу әдісі – интросрекция. Бұл мектеп – ойлау мәселелерін эксперименттік түрде шешуге тырысты. Кюльпенің пікірі бойынша, ойлау елестердің ағымы емес. Ол мектеп психологияға эксперимент арқылы тапсырма түсінігін енгізді.

Модуль 2

Наши рекомендации