Пәні бойынша күндізгі бөлім студенттеріне арналған

Лттық құқық жоғары

Мектебінің директоры

З.ғ.д., профессор Шапақ У.Ш.

_______________

Ж.

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

Пән: «Қылмыстарды саралау негіздері»

Мамандық: 5В030300 – Құқық қорғау қызметі

Оқу нысаны: күндізгі

Кредит саны: 2

Курс: 3

Семестр: 5

Дәріс: 20 сағат Семинар: 10 сағат СОӨЖ: 10 сағат СӨЖ: 50 сағат

Емтихан: 5-семестр

Ағымдағы бақылау саны: 2

Жалпы сағат көлемі: 90 сағат

Астана – 2012 ж.

Пәннің оқу бағдарламасын Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес з.ғ.к, доцент А.Ә. Биебаева дайындады.

ҚазГЗУ қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасында талқыланды:

«____»___________ 2012 жыл Хаттама №____

Кафедра меңгерушісі: з.ғ.к. Серікбаев А.М.______________

Ұлттық құқық жоғары мектебінің әдістемелік кеңесімен мақұлданды:

«____»___________ 2011 жыл Хаттама №____

Төрағасы: з.ғ.д., профессор Шапақ У.Ш._________________

Курс оқытушысы туралы мәліметтер:

Биебаева Ардақ Әлімханқызы– заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі, 1999 жылы аталған университеттің күндізгі аспирантурасын тамамдаған.

Оқытушының ғылыми ізденістері:азаматтардың өмірі менденсаулығына қауіп төндіретін қылмыстар; жаза тағайындау және жазаға балама қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдану мәселелері.

Ғылыми еңбектерінің жалпы саны – 41, олардың 4 – оқу құралдары.

Тіл меңгеру деңгейі:казақ (ана тілі), орыс (еркін), неміс (сөздікпен), түрік (ауызекі тіл).

Кафедра туралы мәліметтер: «Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология» кафедрасы, 216 каб., тел.70-30-23

Пререквизиттер:Пәнді игеру үшін студенттердің «ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім)», «ҚР Қылмыстық құқығы (Ерекше бөлім)», «ҚР Қылмыстық істер жүргізу құқығы», «ҚР Әкімшілік құқығы» пәндерінен, сондай-ақ құқықтың жалпы теориясы мен тарихы пәндерінен алған білімдері қажет.

Постреквизиттер:Студенттердің «Қылмыстарды саралау негіздері» пәнін оқу нәтижесінде алған білімдері «Құқыққорғау қызметі» мамандығы бойынша оқытылатын өзге де қылмыстық-құқықтық пәндерді, олардың ішінде жекелеген қылмыс түрлерін саралау мәселелеріне арналған пәндерді меңгеру үшін қажет болады.

Пәннің сипаттамасы:«Қылмыстарды саралау негіздері» курсы қылмыстық-құқықтық пәндер циклына кіретін элективтік пән болып табылады. Қылмыстарды саралау жасалған қоғамдық қауіпті әрекет белгілері мен қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамы белгілерінің арасында толық сәйкестікті анықтауға және бекітуге бағытталған қызмет түрі болып табылады.

Қылмыстық құқық ғылымында қылмыстарды саралау екі қырынан қарастырылады. Біріншіден, қылмыстардың жекелеген түрлерін саралау мәселелері зерттеледі: жеке адамға қарсы, меншікке қарсы, қоғамдық қауіпсіздікке қарсы және т.б. Екіншіден, кез келген қылмысты әрекеттерді саралау барысында қолданылатын жалпы қағидалар мен амал-тәсілдерді зерделеуге арналған еңбектер кездеседі. Соңғы кезеңдерде қылмыстарды саралаудың жалпы және арнайы мәселелерін кешенді түрде зерттеу талпыныстары жасалып жүр.

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы дайындаған «Қылмыстарды саралаудың негіздері» элективті оқу пәнінің аясында саралаудың қылмыстардың кез келген түріне қатысты қолданылуы мүмкін, кез келген іс бойынша қылмыстық заң бабын таңдаудың негіздері мен тәртібін анықтайтын жалпы қағидалары мен ережелері оқытылады. Саралаудың қылмыстық құқық ғылымы ұсынған жалпылама ережелерін білу қылмыстық заңнаманың дұрыс және бірізді қолданылуына және заңдылық қағидасының бұлжытпай сақталуына септігін тигізеді.

Пәннің мақсаты:студенттерге нақты қылмыс жасау оқиғаларына қылмыстық заңды қолданудың құқықтық және теориялық негіздері, сондай-ақ логикалық әдіс-тәсілдері туралы тұрақты білімдер жүйесін беру, болашақ кәсіби қызметте ғылыми ұсыныстарды пайдаланудың, қылмыстарды саралаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:қылмыстарды саралаудың қылмыстық құқық ғылымында тұжырымдалған жалпы ережелері мен қағидалары туралы білімдер алу және оларды жүйелеу; қылмыстарды саралаудың қылмыстық заңнамада бекітілген ережелерін меңгеру, қылмыстық құқық нормаларын жүйелі талдау негізінде заңның шынайы мәнін ұғыну дағдыларын қалыптастыру; қылмыстық заңнаманы қолданудың қалыптасқан тәжірибесін талдау, қоғамдық қауіпті әрекеттерге қылмыстық-құқықтық баға бергенде ұшырасатын қателіктерді анықтау; қылмыстарды саралау мәселелері бойынша заманауи теориялық ізденістер мен танысу, зерттеуді қажет ететін немесе даулы мәселелерді қарастыру.

Пәннің мазмұнын айқындайтын білімдер мен дағдылар:«Қылмыстарды саралау негіздері» пәнінің аясындағы оқу материалдарын сәтті меңгерген жағдайда студенттер алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануды үйренеді және істің фактілік мән-жайларына баға беру, заңның мәнін түсіндіру, қолданылуы тиіс қылмыстық-құқықтық норманы таңдау, нормада бекітілген қылмыс құрамының белгілерін іс жүзінде жасалған әрекеттің белгілерімен салыстыру, қорытынды негізінде шешім қабылдау және оларды сәйкес процессуалдық құжаттарда бекіту дағдыларын қалыптастырады.

Студенттер теория мен тәжірибе талаптарына сай қылмыстық заңнаманы жетік білуге, заңдар мен ҚР Жоғарғы сотының нормативтік қаулыларын түсіндіре және қолдана алуға тиіс.

Курс саясаты

Студент дәріс, СОӨЖ сабақтарына қатысуға, сабақтан кешікпеуге міндетті және үй тапсырмалары мен өзіндік тапсырмаларды дер кезінде орындауы, оқу үрдісіне белсенді түрде қатысуы қажет. Сабақ уақытында, оқытушымен және басқа студенттермен қарым-қатынаста ішкі тәртіп пен мінез-құлық ережелерін сақтауы тиіс. Сабақ кезінде ұялы телефондарды қолдануға рұқсат етілмейді.

«Қылмыстарды саралау негіздері»

пәні бойынша күндізгі бөлім студенттеріне арналған

Наши рекомендации