Жеке адам және еріктік қасиеттері.
Жеке адам туралы әңгіме болғанда, адамзат тегінің жеке бір өкілін түсіну қажет. Жеке адам- көптің бірі, ол әлі тұлға емес. Осы мағынада алғанда «жеке адам” және «тұлға” ұғымдары көлем жағынан да, мазмұны жағынан да бір-біріне қарама-қарсы болып табылады. Жеке адам ұғымында адамның ешбір жекеше ерекше әлеуметтік белгі, сапасы бейнеленбейді, сондықтан оның мазмұны аса кедей болады, бірақ көлемі кең, өйткені әрбір адам- индивид. Егер біз жеке адам десек, онда ақыл-ойлы адамның жеке бір түрін ғана, адам тегінің бір өкілін ғана алып отырмыз. Ал егер оның қайсы бір ерекше белгісін, сапасын атап көрсетсек, онда ол ұғымның көлемін кішірейтіп, бір әлеуметтік тобын бөліп аламыз. Бірдеде формальдық логиканың ұғымының мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас заңын көреміз. Мысалы бай адам немесе кедей адам десек біз адамдардың белгілі бір тобын басқаларынан бөліп көрсетеміз, сөйтіп ұғымның көлемін азайтып, нақтылаған сайвн оның айырмаылық белгілері көбейіп, мазмұны баии түседі. Сөйтіп адам көлемінің мазмұнын азайтып, жекелеген сайын бір ғана жеке адамды білдіретін ұғымға жетеміз. Осылайша шегіне жеткізе жекеклендірген адам тұлға деп аталады.
Темперамент типтерінің өзгеруі және адамның жеке басының мінез-құлқының көрінісі
Темперамент ерекшеліктерінің, үнамды қасиетгерін баланың бойына сіңіру үшін оларды жастайынан тәрбиелеп, мінез құлықтарының жағымды жақтарын қалыптастырып отыру ата - аналардың, үстаздармен тәрбиешілердің борышы және қоғам алдындағы жауапты міндеті. Тәлім - тәрбие істерінде бала бойындағы темперамент типтерінен хабардар болып, олардың даралық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысын жүргізудің маңызы зор. Баланың типтік сипатын жақсы білу үшін флегматикті жұмыстың, сабақ үстінде басында қадағалаған жөн. Сангвиникті ісін бастаған кезінен бақылауға алу керек. Олай етпеген жағдайда ол ауытқып кетуі мүмкін. Меланхоликке мұндайда үстаздың суық қабақпен бір қарағаны да жеткілікті. Холерикке байсалды үнмен қатаң ескерту жасау, қажет болғанда оны қайталау да керек. Тәлім тәрбие ісінің басты мақсаты шәкірттердің темперамент типтерімен толық танысып, олардың үнамды қасиеттері мен сапалы ерекшеліктерін дамытып отыру.
Темперамент типтерін тәрбиелеуде баланың ерік-жігерін, мінез бітімін, сезім-эмоцияларын дамыту мен ұштастыра жүргізген тиімді болмақ. Тәрбиешілер холериктерді ұстамсыздықтан аулақтатып, тыныш, ұзақ жұмыс істеуге үйретіп, сангвиниктерді жұмысты сабырмен асықпай істеуге, флегматиктерді өздеріне сенуге, батылдыққа тәрбиелеулері тиіс. Мұғалім үй тапсырмаларын сұрау жаңа сабақты пысықтау кездерінде де әр баламен жеке жұмыс жүргізіп отырмаса болмайды.
Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді.
Күрделі эмоциялар
Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады. Эмоциялар адамның түрлі органикалық қажеттеріне байланысты туып отыратын шағын, жағдаятты көңіл күйлері, адам қуанғаннан, қамыққаннан көзіне жас алса, бір нәрсеге мәз болып, ішек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгілі.