Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның қоғамдық мәні
Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны айрықша және ол — адамтану ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттеріи ѳрістетуді мақсат етіп қояды.
Табиғаттағы ақыл-ой мен сана иесі — адамның ѳзіндік сипат-белгілері — оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материалдық игіліктерді ѳндіретіндігі, дыбысты анық сѳйлеу тілі арқылы қарым-қатынас жасап, әлеуметтік ортада тіршілік ететіндігі. Осындай белгілеріне байланысты адам хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп, эволюциялық дамудың ең жоғары сатысына кѳтеріледі. Ѳзін қоршаған ортаға белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын танып білу иесіне (субъектіге) айналады.
Адам бойындағы даралық қасиеттер оның ѳзгелерге қарым-қатынасынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де, ересек адам да, ақыл-есі ауысқан жынды да дара адам (индивид) болып саналады. Осындай ерекшеліктерімен қатар қалыпты дамыған, ѳмір тәжірибесі мен ѳзіндік қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады. Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Жеке адам қоғамдық ѳмірде тіршілік етіп, ѳзге адамдармен қарым- қатынас жасайды. Осындай іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір-қасиеттері қалыптасады.
Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің ѳрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл-әрекеті оның мінез-құлқынан, ниет-тілегі мен бағыт-бағдарынан айқын байқалады. Ниет-тілектердің мәні адамның тіршілігінен, іс-әрекет түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын кѳрінеді. Сѳйтіп, жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы, психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа білініп тұрады,
Сыртқы нәрселер мен тіршілік ететін орта әлеуметтік жағдаймен ыңғайласып, адамға жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады. Адамның тіршілік ортасы үнемі ѳзгеріп те, ѳзгертіліп те отырады. Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктері мен оның психологиялық дара ѳзгешелігін білдіретін қасиеттер — темпераменті мен мінезі, психикалық процестерді басынан кешіруі, сезім күйлері мен іс-қимылы және қабілеті бір-дей адамдар жоқ. Даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін қүрайды. Әрбір адамның мінез-құлық ерекшеліктері де әлеуметтік ортада дамып жетіледі. Сондықтан, біз жеке адамды қоғам мүшесі ретінде санап, оның әлеумет ѳміріне ықпал етіп отыратын белсенділік әрекетін де ескереміз. Мінез бітімі, темперамент ерекшеліктері, ақыл-ой сапасы, қызығуының басты бағыты әрбір дара адамның ѳзіндік психологиялық түрақты бейнесін жасайды. Әр түрлі құбылмалы жағдайларда адамның бір қалыпты бейнесін осындай тұлғалық қасиеттері кѳрсетеді. Сондай-ақ, мұндай тұрақты қасиеттер жеке адамның жан дүниесі құрылымындағы даралық тұлғаны да бейнелейді. Адам бойын-дағы тұлғалық қасиеттер қоғамдық тәрбие нәтижесінде ѳзгеріп те, жаңа сапаларға ие болып та отырады.
Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі ерекшелік бар. Оның бірі — әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар. Бұл — адамдардың типтік мақсаттарымен байланысты теориялық мәселе. Екіншісі — сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологияда айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеу-меттік факторларға негізделе отырып қарастырылады. Биологиялық фактор — адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер, ал әлеуметтік фактор — адамның дамып жетілуіне тіршілік ортасының, қоғамның, тәлім-тәрбие істерінің әсері. Осы екі фактор адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады.
Адамның ѳзіндік психологиялық сипатын зерттеуде ерекше орын алатын іс-әрекет түрі — оның белсенділігі. Белсенділік іс-әрекетпен, оның бағдар-мақсатымен, ѳмір- тіршілігімен тығыз байланысты іс-әрекеттің белсенді болуы жайында психологияда әр алуан кѳзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі — Австрия ғалымы З.Фрейдтің пікірі. Ол адамның белсенділігі инстинктті әрекеттеріне, соның ішінде жыныстық еліктеу мен ѳзін-ѳзі сақтау инстинктіне байланысты дейді. Адам мұндай инстинкттерге шек қойьш, оларды тежейді, ѳз бойындағы күш-қуатын сақтап, оны басқа мақсаттарға, мәдени қажеттіліктерін етеуге жұмсайды. Сѳйтіп, ол ѳзінің мінез-құлқын саналы түрде басқарады. Алайда, З.Фрейд пен оны жақтаушы зерттеушілер адамның белсенділігі сол жыныстық еліктеудің шеңберінен шыға алмайды деп, «Эдип комплексі» дейтін мәселе кетеріп, ерте замандағы грек жазушысы Софоклдың «Эдип патша» атты шығармасының сарынын уағыздайды.
Ғылыми зерттеулерінде кемшіліктер болғанымен де, З.Фрейдтің адам бойындағы белсенділік әрекеттің табиғи әрі биологиялық құбылыс екендігін дәлелдеп беруінің ѳзі айтарлықтай жаңалық. Дегенмен, оның белсенділік әрекеттің қозғаушы күші жыныстық қатынастарға сәйкес дамиды дейтін пікірін кѳптеген шетелдік психологтар орынсыз деп санады. Атап айтатын болсақ,
А. Кординер, Е. Фромм, К. Хорни т. б. Фрейд кѳзқарасының кемшілігін ашып кѳрсете алмаса да, өздерінше «жаңа фрейдизм» деген ағымды тудырды.
«Жаңа фрейдизм» ағымы адам тіршілік еткен ортасына тәуелді болып, сол ортаға бейімделгіш келеді деп санады. «Жаңа фрейдшілдердің» ойынша, тіршілік ортасына бейімделген адам әлеуметтен ѳзінің ғашығын іздейді, соған ұмтылады, билік үшін күресте беделге ие болады, адамдар тобының ырқына кѳніп, мақсатына жетуге талпынады.
К. Хорни адам қоғамнан аулақ болып, ғашығымен мұңдасып оңаша сырласқысы келеді дейді. Сѳйтіп, «жаңа фрейдшілдер» адамның белсенділігін асыра дәріптеп, оған мистикалық ѳң берді. Ал шын негізінде адамның белсенділік іс-әрекеттері ғылыми-материалистік тұрғыдан қарастырылуы тиіс болатын. Белсенділік әрекет адамның қажеттіліктерін қанағаттандырып, мұқтаждықтарын ѳтеу әрекеттерімен ұштасады.
«Қажеттілік» дегенді қалай түсінеміз? Қажеттілік — адам белсенділігінің негізгі себебі және іс-әрекетке итермелеуші күш. Қажеттілік қоғамдық тәлім-тәрбие ықпалымен қалыптасып, адамның материалдық, рухани, қоғамдық мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Мұндай қанағаттандыру қоғамдық-даралық сипатта болып, қажеттілік тектік белгісіне орай табиғи және рухани-мәдени, ал сол заттарды ұстап тұтыну сипатына қарай материалдық және рухани қажеттіліктер болып бѳлінеді. Материалдық-заттық қажеттіліктерге тамақ, киім-кешек, тұрғын үй, тұрмыс заттары жатады. Рухани қажеттілік адамның басқа адамдармен әңгімелесіп пікір алысу, білімін кѳтеріп, кітап, газет-журнал оқуы, ѳнер түрлерін үйренуі т.б. мұқтаждықтарын қанағаттандыру арқылы жүзеге асады. Қажеттіліктер тегі мен адам санасының тарихи дамуына орай және оларды тұтыну объектісіне сәйкес түрлі-түрлі болып бѳлінеді.
§2. Адамның қажеттілігі мен мұқтаждығы және іс-әреқет түрлері,
Адам қажеттіліктерінің бәріне жуығы еңбек арқылы қанағаттандырылады. Еңбек — адам тіршілігіндегі бірінші қажеттілік. Сондықтан, қоғамдағы тәлім-тәрбиенің ѳзекті мәселесі — адамды еңбек ету қажеттілігіне баулу. Жастарды еңбекке психологиялық тұрғыдан даярлау — жалпы гуманистік тәрбиенің түпкі мақсаты. Еңбек — адамның іс-әрекетінің негізгі түрі және барлық материалдық игіліктерді ѳндірудің қайнар кѳзі.
Іс-әрекеттің екінші түрі — оқу. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағлұматтар мен білім қорын меңгеріп, ѳзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады. Ойын — адамның негізгі әрекетінің бірі. Ол бала мен жасѳспірімнің денесін шынықтырып, әралуан қимыл-қозғалыстарын жетілдіреді. Мектеп жасына дейінгі балалардың басты іс-әрекеті — ойын. Ойынның түрлері мен мазмүны баланың ақыл-ойын дамытуға ықпал етіп, ѳзін қоршаған ортаның, заттар мен құбылыстардың мән-жайын түсіндіреді. Бір сѳзбен айтқанда., еңбек, оқу, ойын — адамның дамып жетілуіндегі және қажеттіліктерін ѳтеудегі негізгі іс-әрекет түрлері.
Балалар мен ересек адамдардың әр алуан іс-қимылы нәтижесінде олардың автоматталған әрекеті — дағдылары, іс-әрекет түрлерін орындауға бейімділігі мен ептілігі, тіршілікке қажетті әдеттері қалыптасып, адамның анатомиялық, физиологиялық және психикалық жағынан дамып жетілуіне әсер етеді.. Оның рухани ѳмірінің мазмұнын байытады.
Дағды мен ептілік. Дағды — адамның белгілі іс- әрекетті сан рет қайталап отыруы нәтижесінде қалыптасып, автоматты түрде орындалатын ісі. Мәселен, балада оқу дағдысының қалыптасуы, қызметкердің міндетті ісін орындауы. Дағдының қалыптасуында мақсат қою негізгі рѳл атқарады. Дағдының қалыптасуы қимыл-қозғалыстар мен әрекет жасауға орай бірнеше сатылардан тұрады. -
Адам әрекетіндегі ептілік (бейімділік) — белгілі бір істі атқаруға бейім тұру, ѳзінің игерген білімін, дағдысын түрлі жағдайда қолдана білу. Ептілікті жеке қарастырсақ, ол адамның дағдыдан өзгешелеу ұқыптылық қасиетін кѳрсетеді. Ептіліктің тағы бір ерекшелігі адамның ѳз білімін қажет болған кез-келген жағдайда қолдана білу әрекетінен анық байқалады.
Әдет — адамның іс-әрекетіндегі мінез-құлыққа байланысты тұрақты қасиеті. Психологиялық тұрғыдан алғанда әдет адамның белгілі іс-әрекет түрін бұрынғы ѳмір тәжірибесінде қалыптасқан дағдылары мен біліміне сүйене отырып жүзеге асырады. Адамның тарихи дамуында ол кѳпшіліктің игілігіне, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге айналып, халықтық сипат алуы мүмкін.Әдет — адамның қажеттілігін ѳтеуге сәйкес қайталанып отыратын әрекет. Ол адамның кез-келген іс-әрекетінің түрінде кездеседі. Еңбексүйгіштік, жақын адамдардың ісіне кѳмектесу, ұйықтау алдында серуендеп, жуынып-шайыну — әдеттің ұнамды әрі пайдалы түрлері. Ал ұстамсыздық, біреудің сѳзіне кесе-кѳлденең кірісіп, оны бѳлу — әдеттің ұнамсыз сипаттары. Жағымды әрекеттер адам мінезінің ұнамды жақтарын қалыптастыруға әсер етеді.
Ниет (мотив) — адамның белгілі қажеттіліктерді қанағаттандырудағы іс-әрекетіне байланысты психологиялық кѳңіл-күйі. Қажеттілік — адамның белсенді әрекетін тудыратын қозғаушы күш делінсе, ал ниет — сол қажеттіліктің нақты кѳрінісі. Ниет адамды түрлі әрекеттерге ұмтылдырады. Олар мазмұнына, нақты мақсатына қарай айқын ниет және кѳмескі ниет болып бѳлінеді. Ниеттердің бір-бірімен алмасуы адамның қоғамдық-тарихи жағдайына байланысты. Адамдардың ниеті бірнеше сатыдан құралады. Олар: әуестену, ықылас,ынта. Мүдде— адамның мақсатты тілекке жетуінің жоғары сатысы. Адам ѳз мүддесіне жету үшін еңбектенеді, оқып, білім алумен шүғылданады, спортпен айналысып, ѳнер үйренеді. Мұның бәрі мүдденің мазмұнын білдіріп, адамға ақыл кірудің белгісі болып саналады.
Қызығу — адамның танымдық қажеттіліктерді сезіп, олардың мән-жайын айқын түрде түсіндірудегі жан дүниесінің сілкінісі. Қызығу барысында адам ѳзінің әр нәрсені танып білу қажеттілігін қанағаттандыру үшін әркилы әрекеттерді белсенді түрде меңгеру керектігін түсінеді. Адамның танып білу әрекетінің қозғаушы күші ретінде қызығу мазмұнына, мақсатына, кеңдігі мен тұрақтылық қасиеттеріне орай қарастырылады.
Сенім — адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес кажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Ѳз қажеттілігін орындау жолында адам дүниетанымдық кѳзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары жѳніндегі ұғымдарына, ѳмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды.
Ұмтылу — адамның іс-әрекетті атқаруға талаптанып, белсенділігін қуаттайтын ниеті. Адам ѳз қажеттілігін өтеудің жағдайын нақты болжамдап, кѳз алдына елестете алмаса да, кѳздеген мақсатына жету үшін күш-қуатын жұмсап, талаптанады. Талаптанудың (ұмтылудың) нақты түрі — арман. Бұл — қалаған нәрсенің бейнесін қиял арқылы жасау әрекеті. Ұмтылуға құмарлық та жатады. Құмарлық — адамның ѳте зор күшін талап ететін қажеттілігін орындаудағы ниеті, таным әрекетінде ол— ұнамды қасиет. Алайда, оның пайдалы және пайдасыз (жағымсыз) түрлері де бар. Білім алуға, мамандықты игеруге деген құмарлық — пайдалы. Ал карта ойынында ақша тігіп ойнау, ішімдікке салыну, қыдыруға құмарлық — ұмтылу әрекетіндегі жағымсыз қылықтар.
Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы,, құмарлығы, әр түрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті — оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер. Ондай ерекшеліктер мән-мазмұны мен мақсат-мүддесіне қарай пайдалы және зиянды сипатта болулары мүмкін. Ѳйткені, адам — табиғаттағы ең жоғары сатыдағы ақыл иесі ретінде жан дүниесінің құрылымы мен психикасы аса күрделі субъект.
§ 3. Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы
Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады. Оның дыбысты анық тілі, еңбектену әрекеті қоғамдық жағдайда, бір-бірімен қарым-қатынаста қарастырылады. Жеке адам — дүние таным қабілеті бар, сыртқы ортаның неше түрлі әсерлерін бастан кешіріп, оларға тѳзімділік кѳрсететін, табиғатты ѳзгертуге ықпал ете алатын жан.
Жеке адамның психологиялық құрылымы мен ерекшеліктері тѳрт түрлі жағынан қарастырылады, яғни:
1)Жеке адамның әлеуметтік ѳміріне қатысты ерекшеліктері: қызығу, ұмтылу (ынтасы мен талаптануы), мұрат, дүниетанымдық кѳзқарас, сенім. Бұл —жеке адамның адамгершілік қасиеттерін білдіретін сипаттар.
2)Адамның білімдарлығы, дағдылары, бейімділігі. Мұндай сипаттар адамның даралық қасиетін, ѳзіндік даму деңгейін, тәлім-тәрбие негізінде қалыптасқан тәжірибесін кѳрсетеді. 3) Жеке адамның дара психикалық процестерінің тиянақтылығы мен ѳзіндік ерекшеліктері. Ондай қасиеттерге зейін мен ойлау, қабылдау мен ес, сезім күйлері мен ерік, адам психикасындағы басқа да құбылмалы ѳзгерістер жатады. 4) Жеке адамның биологиялық тума қасиеттері -нышан, жоғары жүйке қызметі. Бұлар адамның темпераменті мен жас ерекшеліктеріне, жыныстық белгісіне сәйкес кѳрініс береді. Мұндай қасиеттер машықтану мен жаттығу арқылы қалыптасып, жетіледі.
Ұстаздар мен тәлімгерлер, жетекшілер мен тәрбиешілер балалар мен жастардың жоғарыда топтастырылып кѳрсетілген тѳрт түрлі ерекшеліктерімен жете танысып, ондай қасиеттерді жетілдіре түсудің әдіс-тәсілдерін үнемі іздестіруді кѳздейді. Бұл ерекшеліктердің адамға тәуелсіз-ақ дамып отыратындығын да ескерген жѳн. Мәселен, адал әрі шыншыл немесе ѳтірікші болу темпераменті кез-келген оқушыда кездесе береді. Оқушылардың іс-әрекетіндегі әрқилы кемшіліктер осы тѳрт түрлі психикалық қасиеттердің біріне байланысты болуы мүмкін. Айталық, оқушының зейінсіздігі: а) білімі мен дағдысының болмауынан, белгілі істі орындауда ѳз зейінің сол нәрсеге аудара алмауынан; ә) зейінінің тұрақсыздығы тек оның ѳзінің кінәсінен; б) зейінін аударуға қи налуы жүйке қызметінің қозғалғыштық әсерінен; в) тәртіпсіздігі мен ұқыпсыздығынан болуы ықтимал. Бұлар — баланың адамгершілік тәрбиесіне қатысты сапалық кемшіліктер. Бұлардан басқа оқушының мінезі мен қабілетінің кемістіктерін кѳре білу үшін оның ѳзіндік ерекшеліктерін де аңғара білу керек.