Пәнді оқытудың жоспары
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Quot;ТҰРАН - АСТАНА" университеті
Quot;ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ" ФАКУЛЬТЕТІ
Quot;Психология" кафедрасы
«Бекітемін»
ОӘК төрағасы
э.ғ.к., профессор ____________М.К. Шайжанов
Ж.
Quot;Психология" пәнінен
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
М010300 –Педагогика және психология мамандығының және барлық мамандық магистранттарына
Арналған
Кредит саны – 2
Семестр - 1
АСТАНА, 2014
Силлабус
1. Курс оқытушысы: Танирбергенова Анар Шынболатовна,педагогика ғылымдарының кандидаты, «Психология» кафедрасының доценті.
Байланыс телефоны: 8-701-867-52-39;
электр.пошта: [email protected].
2. Пәннің аты: «Психология» - 2 кредит.
3. Оқу тәртібінің жүргізілу уақыты мен орны:1 семестр; құрылған кестеге сәйкес.
Оқу пәндерінің деректемелері
4.1. Пререквизиттер:философия, жалпы психология, курс педагогика саласындағы пәндермен – жалпы педагогикамен, әлеуметтік педагогикамен, дидактикамен тығыз байланысты болып табылады.
4.2. Постреквизиттер:педагогикалық психология, психология тарихы, жас ерекшелік психологиясы, әлеуметтік психология және педагогикалық психология ғылымдарындағы теориялық-әдіснамалық мәселелер және психологиялық-педагогикалық технологиялар.
Оқу пәнінің сипаттамасы
5.1. Оқу пәнінің бағыты. «Психология» курсы магистратура бойынша базалық психологиялық білім беру құрылымының маңызды компоненті болып табылады. Нақты курс негізінде психологияның теориясы және практикасын біртіндеп меңгерудің әдіснамалық принципі жатыр. Аталмыш курс магистранттарға ғылыми-педагогикалық бағытта білім беруге қажетті қазіргі кездегі психологияның әдіснамалық жағдайларына; отандық және әлемдік психологияда негізделген теориялар мен эмпирикалық мәліметтерге; психология ғылымындағы жетістіктерге негізделеді. Осыған байланысты курсты оқытуда және оқуда жоғары мектеп психологиясының әдіснамалық және ғылыми-теориялық негіздері қарастырылады.
5.2. Пәнді оқытудың мақсаты: магистранттардың жоғары мектеп психологиясының әдіснамалық және теориялық негіздерін меңгеруі; олардың жоғары мектеп психологиясын оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде дамуы және жоғары мектеп оқытушысы әрі ғалым-зерттеуші ретіндегі кәсіби іс-әрекет үшін қажетті психологиялық сауатының артуы; психологиялық құзіретінің дамуы; психологиялық мәдениетті игеруі.
5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:
· жоғары мектептегі кәсіби іс-әрекетке негіз болатын психологиялық теорияларды талдау;
· студенттік жас кезеңінің психологиялық ерекшеліктерін ашу;
· жоғары оқу орнындағы оқыту мен дамытудың психологиясын қарастыру;
· студенттік топтың әлеуметтік психологиясын талдау;
· педагогикалық қарым-қатынас психологиясын қарастыру;
· жоғары оқу орнында психологиялық қызмет ұйымдастырып, жүзеге асыру технологиясын жүйелеу.
5.4. Оқу пәнінің мазмұны.Жоғары мектеп психологиясының пәні мен міндеттерін; жоғары оқу орнында оқытудың психологиялық теориялары мен педагогикалық тәжірибесін; студент жастардың психологиясын; жоғары мектептің оқу процесінде студенттің тұлғалық және интеллектік даму ерекшеліктерін; студенттердің оқу іс-әрекетінің мотивтерін; жоғары мектептегі оқытудың белсенді әдістері мен тәрбие жұмысының психологиялық негіздерін; студенттік ұжым психологиясын; педагогикалық қарым-қатынас психологиясын; студенттер мен оқытушылардың бірлескен іс-әрекет психологиясын; жоғары мектеп оқытушыларының педагогикалық іс-әрекетінің психологиясын; педагогтің кәсіби және тұлғалық даму ерекшеліктерін; ғылыми және педагогикалық шығармашылықтың динамикасын; ғылыми-педагогикалық ұжымның психологиялық ерекшеліктерін; студенттерді психологиялық дайындау және жоғары оқу орнындағы психологиялық қызметті меңгеруі және білуі керек. Осы орайда жоғары мектеп психологиясының қазіргі даму кезеңіндегі өзекті мәселелерін, оның теориялық-әдіснамалық негіздерін бекіту және кеңейту өзекті болады.
Пәнді оқытудың жоспары