Оғам және жеке түлға арасындағы қатынастар теориялары (К.Юнг, А.Адлер) Альфред Адлердің тұлғаның индивидуалды теориясы

Альфред Адлер 1870 жылы 7 ақпанда Венада дүниеге келген. А.Адлердің ойынша, адам біртұтас ағза ретінде қарастырылады. А.Адлер психологиясының негізгі алғышарты - оның өз теориясына “индивидуалды психология” түсінігін енгізуі (лат. “іndіvіdum” - “бөлінбейтін”). Индивидиум дене мен ми арасындағы байланыстың қатынасында да, психикалық өмірлік қатынаста да бөлінбейтін біртұтастықты құрайды. Адлердің негізгі принципі индивидуалды өмір стилінің бірлігі, бүтіндігі, әлеуметтік қызығушылықтар, қоғамдық сезім, іс-әрекеттің мақсатқа жетудегі бағыныштылығы болып табылады. А.Адлер бойынша, адамдар әрқашан жетуге құштарланады, олар әрқашан алдыға жылжиды, мақсаттарды жүзеге асыруға тырысады. Оның ойынша, барлық адамдар шығармашылық күшке ие және осы шығармашылық күш адамның әрбір тәжірибесіне әсерін тигізеді. Ол әрбір адамды өзін-өзі анықтаушы индивидиум, өз өмірінің сәулетшісі қылады. “Индивидуалды психология” индивидиумды қоғамға қосылған қоғамның бір бөлігі ретінде қарастырады және зерттейді. А.Адлер теориясының басты мақсаты - адамның барлық жүріс-тұрысы әлеуметтік ортада болғандықтан, адам табиғатының мәнін түсіну тек қана әлеуметтік қатынастарды түсінгеннен кейін барып қалыптасатындығын дәлелдеу. З.Фрейдке қарағанда, А.Адлер тұлғаның әлеуметтік қызығушылығын қалыптастырды. Оларды жеті бөлікке бөледі:

1) толымсыз сезім және компенсация;

2) жетілуге құштарлық;

3) өмірлік стилі;

4) әлеуметтік қызығушылық;

5) “мен” шығармашылығы;

6) туылу тәртібі;

7) фикционды финализм.

З.Фрейдпен бірлесе жұмыс жасап жүрген жылдары А.Адлер “толымсыз” мүшені зерттегенде мынадай теорияны дамытты: неге бір адамды бір ауру көбірек мазасыздандырады, неге кейбір ауруды басқаларға қарағанда тез жұқтырады. Оның ойынша, әрбір индивидиумның қандай да бір мүшесі, басқасына қарағанда, әлсіз болады. Сонымен қатар әрбір адамның туылғаннан жетілмей қалған немесе дамымай қалған мүшесі ауруға шалдығады. А.Адлер бойынша, ағзасы әлсіз адамдар жиі жаттығу жасау арқылы конпенсациялауға тырысады, компенсация процесі психологияда орын алады.

Сонымен, А.Адлер “толымсыздық комплексі” терминін енгізіп, балалық шақтан өзінің бастауын алады. Оның ойынша, барлық балалар толымсыздық сезімін бастан кешіреді, яғни ол - физикалық жетіспеушілік және мүмкіншіліктері мен күш-қуаттың аздығы. Осы толымсыз сезімнің пайда болуы аса басымдыққа жетудегі ұзақ күрестің бастамасы болып табылады. А.Адлер тұжырымдамасы бойынша, аса басымдыққа құштарлану адам өміріндегі негізгі мотивтік күш болып табылады.

Адлер қайғы-қасіреттің үш түрін бөледі:

мүшенің толымсыздығы;

баланы асырау;

ата-ана жағынан балаға теріс қарау.

К.Г.Юнг (1875-1961) - швейцар психологы, психиаторы, мәдениеттанушысы, “терең” психологияның практигі, психологияның “аналитикалық психология” деп аталатын бағытының негізін қалаушы. Бұл пәндермен қатар К.Юнг философия, теология сұрақтарымен айналысқан. К.Юнг бастапқыда З.Фрейдпен бірге ұзақ жылдар бойы қызмет жасап, 1913 жылы Мюнхендегі психоаналитикалық конгрестен кейін екеуі мүлдем айрылысты. ұзақ мерзімді зерттеулер нәтижесінде К.Юнг аналитикалық психологияның теориясы мен сол теорияға сүйенген психотерапиялық практиканы қалыптастырды.

К.Юнгтың кәсіби әрекетінің басын психикалық санадан тыс өнімдер және оның субúект үшін мәні туралы сұрақтар қамтыды.

З.Фрейд көзқарастарымен сәйкессіздік мына сұрақтар бойынша туындайды.

Біріншіден, З.Фрейд бойынша, либидо термині индивидтің бүкіл психикалық энергиясы ретінде қарастырылады, ол психологиялық бұзылулар сексуалдық құмарлықты басу және эротикалық қызығуды сыртқы орта обúектілерінен ішкі әлемге аудару салдарынан болады деп есептесе, К.Юнг либидо ретінде сексуалды формаға тәуелсіз жалпы психикалық ауытқу сексуалдылықты ығыстырудан басқа да, сыртқы ортамен байланысты жоғалтуға әкелетін жайттармен анықталады деп көрсетеді.

Екіншіден, З.Фрейд бойынша, невроз ерте балалық шақта пайда болады, оның негізгі факторы эдипкомплекстер, фантазиялар мен қалаулар болатын болса, К.Юнг бойынша, невроз себебі бүгінгі күн жағдайларында, ал балалық фантазиялар - екінші жоспарда.

¶шіншіден, З.Фрейд бойынша, түс көру - жанама түрде көрініс беретін, шынайы жағдайларда орындалмаған қалаулар мен қызығулар. К.Юнг бойынша, түс көру - психикалықтың санадан тыс жағымен байланыстырушы канал, ол түсінуге өте қиын символдық тіл арқылы беріледі және оның орындалмаған қалаулармен байланысты болуы міндетті емес. Түс көру саналы күндізгі өмірдің толықтырмасы болуы да мүмкін.

К.Юнг бойынша тұлға психологиясы үш бөліктен тұрады:

1) саналы;

2) индивидуальды бейсаналылық;

3) ұжымдық бейсаналылық.

Тұлға құрылымында, оның дамуында негізгі рөл атқаратын - ұжымдық бейсаналылық бөлім. Бұл - бүкіл адамзаттың психологиялық мұрасының ізі. Бұған тарихи қалдықтар мен естеліктер енеді.

Санадан тыс сфераға эндопсихологиялық қызметтер арқылы жақындай аламыз. Бұл бейсаналы процестерді тікелей бақылау мүмкін емес. Бірақ оның санада көрінетін өнімдерін екі класқа бөліп қарастырамыз:

1) жеке адамға тән;

2) бүкіл адамзатқа тән.

Persona

· саналы бөлім

· көлеңке

· анима және анимус индивидуалды бейсаналылық

· ұжымдық бейсаналылық

Persona, Юнг бойынша, “Мен”-нің визит карто÷касы” болып табылады.

Persona - қоғамда өзін көрсетудің жолы, белгілі бір әлеуметтік мінез, әлеуметтік рөл жиынтығы.

Ego - сана орталығы, саналы өмірде негізгі рөл атқарады. Ego саналылықты сезінеді, тұлғаның ойлары мен әрекетінің ретін, сана мен санадан тыс әрекет байланысын қамтамасыз етеді. Мұндай үйлесім бұзылған жағдайда невроз пайда болады.

Көлеңке – бұл әлеуметтік стандарттармен сәйкес келмейтін сана асты армандар.

“Көлеңке” - индивидуалды бейсаналылық сферасының орталығы, мұнда әлеуметтік стандарттармен, идеалдармен сәйкес келмейтін, индивидті саналы түрде мойындамайтын қызығулар мен сезімдер, қалаулар мен тенденциялар енеді.

´мірде біз өзімізді персонамен теңдестіреміз, ал көлеңкеге мән бермеуге тырысамыз. Көлеңке неғұрлым саналы болса, тұлғаның қоршаған ортамен қарым-қатынасы соғұрлым үйлесімді болады. Көлеңке - эгоның кері бейнеленуі ғана емес, ол өмірлік энергияның,

40,Мәдениетаралық қарым-қатынастағы этикалық стереотиптер туралы түсінік Мәдениетаралық коммуникация саласында жұмыс істейтін социологтар осы ғылым үшін дәстүрлі әлдеқандай жолмен іріктеліп алынған респондеттер топтарында сауалнама жүргізу әдісін қолданады. Сауалнамалары адамдардың мінез құлқында қалыптасқан құнды ұстанымдар мен дағдыларды анықтауға бағытталған. Негізінен жұмыс орнындағы, іскерлік қатынастағы және бизнестегі мінез-құлық қарастырылады. Бұл социологиялық зерттеулердің іс жүзінде, бірінші кезекте қазіргі транснационалдық корпорацияларда қолданылады. Социологтардың белгілі бір мәдениет топтарына тән және олардың қадір тұтатын мінездері туралы мәліметтердің жиынтығының негізінде тиісті практикалық ұсыныстар жасалынып, арнайы мәдениетаралық тренингтер түрінде өткеріледі. Сауалнама жүргізудің келесі объективті аймақтары: ақпарат алмасу, әріптестермен қарым-қатынас, шешімдер қабылдау, шиеленісті жағдайлардағы мінез-құлық, басшыға көзқарас, жұмыс пен жеке өмірдің байланысы, инновацияға көзқарас. Зерттелген мәдени шартты мінез-құлық стереотиптерінің көп бөлігінің Хофстеде енгізген мәдениет параметрлеріне көтерілуінің мүмкін екендігі белгілі. Сондықтан мұндай жұмыстар көбінесе сол параметрлердің кейбір нақты ортада қалай болатынын тексеру сипатында жүргізіледі: сол уақыт кезеңіне, зерттелуші топтың, көбіне бірге жұмыс істейтін екі немесе одан көп мәдени топтың жасына қатысты өзгерістер зерттеледі. Ауқымды социологиялық проблемалар мигранттардың әлеуметтік бейімделуімен, шағын ұлттардың дәстүрлі мәдениетін сақтауымен немесе жоғалтуымен және тағы сол сияқтылармен байланысты. Мәдениетаралық коммуникация саласында психологтарды, бірінші кезекте, мәдениет айырмашылықтарының интерпретация мен категоризация үрдістеріне ықпалы, тиісті мінез-құлық стереотиптерінің табиғаты қызықтырады. 1970-жылдардан бастап үрей, белгісіздік, категориялардың ықтималды көлемі, топаралық категоризациялау ерекшеліктерінің және тағы басқаларының маңызды ұғымдары әлеуметтік психология әдісімен зерттелді. Әңгіме коммуникация, әсіресе мәдениетаралық коммуникация жайлы болғанда әлеуметтік психология саласында жүргізілген18 социологиялық және психологиялық зерттеулердің ара жігін ажырату қиын. Екеуі де коммуникация үрдісіне туындаған немесе сол арқылы берілетін күрделі категориялар – құндылықтармен, пайымдармен, ұстанымдармен, стереотиптермен және ырымдармен байланысып жатыр. Екеуінің де міндеті – қадаланатын феноменді (мүмкін басқалармен байланыстырып) белгілеу және мәдениетаралық қатынаста емес, топ ішіндегі жағдайларда ұқсас реакциялар мен ұстанымдардан айырықшылығын көрсету

41,Мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеуі . Сөйлеу әдебі : түрлері мен қазіргі сипаты Білім берудің барлық салаларында мұғалімдер мен тәрбиешінің кәсіби шеберліктеріне жаңаша көзқарастар туындап отыр. Ұрпақтың болашағы бүгінгі оқу мен тәрбиені жеке тұлғалық сипатта дамытуымызға байланысты. Осыған орай балалар бақшасынан бастап тіл сабақтарын дұрыс ұйымдастырып, баланың мемлекеттік тілге бүлдіршін шағынан дұрыс оқытудың қажеттілігі айқындалды. Мектепке дейінгі кезеңде қазақ тіліне үйрету республика балабақшаларының барлық түрлерінде – ұлты басқа тілді балаларды тәрбиелейтін балбақшаларда да, қазақ балабақшаларында да, әсіресе аралас балабақшаларда да – міндетті мемлекеттік іс болып отыр. Мемлекеттік тілге үйретудің басты мақсаты – баланың қазақ тілінде ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру. Бұл мақсатқа жеткізу 3-4 жастағы балаларға жеңіл сабақтар үстінде қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсетіндей сөз қоры мен қарапайым грамматикалық құрылымды тілдесімге жаттықтырудан басталып , 5-7 жас аралығындағы балаларға қазақша байланыстырып сөйлеуге үйрету жүйелі түрде ұйымдастырылатын қазақ тілі сабақтарында , арнайы оқыту әдістері арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік тілде сөйлеу республикамыздың әр азаматына міндетті болып тұрған кезеңде кәсіптік білім беретін колледждер мен жоғары оқу орындарында балабақшаға қазақ тілі мамандарын даярлайтын курстар мен бөлімдер әлі де ашылмай отыр. Сондықтан бұл балабақша мен мектептегі балаларды 6 жастан оқытуда бірден-бір қажетті құрал болмақ. Оқу құралының әдістемелік бөлімінде теориялық-әдістемелік нұсқаулар мынадай жүйеде беріліп отыр: - Балалардың қазақ тілінде сөздік қорын байыту; - Бала сөзінің дыбыстық жағын тәрбиелеу; - Қарапайым грамматика элементтеріне үйрету; - Балаларды қазақ тілінде байланыстырып сөйлеу дағдыларына баулу; - Көркем мәтіндермен таныстыру (тақпақ жаттау, мәтін бойынша әңгімелету), қазақ тілінде сөйлеу интонациясына жаттықтыру. Аталған теориялық мәселелерді оқып-біліп қарастырып алғаннан соң, балабақша тәрбиешісі мен қазақ тілі мұғалімі оқулықтың екінші бөлімінде жинақталған сабақ үлгілеріндегі жаттығуларды үйде де, топтарда, сыныпта да жұмыс дәптерлерінде орындатып, балаларды дағдыландырғандары жөн. Қазақ тілін алғаш рет үйреніп келе жатқан баланың логикалық және салыстыра- ұқсастыра талдау дағдыларын жаттықтыру арқылы ойлауы дамытылады. Сабақ барысындағы танымдық әрекеттер арқылы бала бұрын айта алмайтын сөз формалары мен айналасындағы заттардың атын, түрін-түсін, мәнін қазақ тілінде танып, атай бастайды. Балалар жеке тұрғандағы атауларды сөз тіркесінде, тілдік қатысымда қолданатын болады. Осылайша баланың қазақ тілінде байланыстырып сөйлеу қабілеттері қалыптасады. Фонематикалық қабылдаулары мен сөз, мәтін ішінен өздері білуге, дұрыс айтуға тиісті дыбыстарды, сөздерді дұрыс болжап, айтылуын жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі. Дұрыс қабылдап, дұрыс үйренуде міндетті дағдылардың бірі – баланың өзін-өзі бақылауы. Еске ұстайтын жайт: қазіргі орыс-қазақ тілді балабақшаның қай тобында да тілді мүлде білмейтін, аздап түсінетін және жақсы меңгеріп келе жатқан балалар қатарынан жүр. Тілді тиімді деңгейде оқытудың жолы балалардың тілдік деңгейлерін анықтағаннан кейін, олардың сұраныстары мен қызығушылықтарына қарай тапсырмаларды жұптап, топтап, жекелей-даралап лайықтап беру. «Күншуақ» бағдарламасы бойынша берілген тілдік материалдар орыстілді балаларға арналғанмен, олардың қабылдауларына қиындық туғызады. Балабақшада қазақ тілін аздап түсінетін және жақсы меңгеру қабілеттері бар балалар бөлек оқытылса, бұл оқу құралындағы сабақ үлгілері тиімді екені байқалады. Ал тілді мүлде білмейтін басқа ұлт балаларына 5 және үйде ана тілінде сөйлемейтін қазақ отбасы балаларына лайықтап, сөздік қорды қалыптастыруда тірек-сызбаларды практика жүзінде қолдану тиімді екені дәлелденді. 2010 жылы мемлекеттік тілді дамыту президенттік қоры жанында өткізілген «Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілін оқытудың таңдаулы әдістемесі» байқауының жүлдегері біздің облысымыздан танылып отырғаны– ізденіс нәтижесі. Тәжірибеде қолданылып келген бірнеше бағдарламалар мен көпшілік назарына іліккен сабақ жазбаларын салғастыра келе, Павлодар қаласының №116 балабақшасының қазақ тілі мұғалімі, президенттік қордың жеңімпазы Кәрімова Айгерімнің жинақтауымен қазақ тілі сабақтарының үлгілері осы әдістемелік оқу құралына енгізілді. Бұл сабақтар алғаш шыққан оқу құралындағы («Орыс тілінде жұмыс істейтін балабақшада қазақ тілін оқыту методикасы» авторлары: А.Б. Бақраденова, Б. Баймұратова) сабақ мазмұнын сақтай отырып, жаңа технологиялар талаптарына сәйкестендіріле құрастырылған. Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері:

§ Кәсіптік білім

§ Біліктілік

§ Дағды

§ Кәсіптік қабілет

§ Педагогикалық әдеп

§ Педагогикалық техника

43,Нәрестелік шақтағы баланың тілінің дамуы . Автономды сөйлеу Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды - қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында»: «Тілді дамыту - Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі» , сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек»2 делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» - деп тұжырымдайды.
Ал қазақ халқының тіл келешегі мектеп оқушыларында. Біз көптеген ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдап-зерттей келе, бүгінгі күнгі оқушылардың сөз саптауы көңіл аударарлық көпшілігінің тіл мәдениеті төменгі деңгейде деген қорытындыға келдік. Олар өз ойларын дұрыс, түсінікті етіп жеткізе алмайды, «жаңағы», «әлгі», «немене», «неғып», «мысалы» деген сияқты басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жібереді. Кейбірі орысша сөздерді қосып, араластыра сөйлесе, бірі жаргонмен диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Бұл мөселе туралы көптеп айтылып та, жазылып та жатыр. Мысалы педагогика ғылымының докторы И. Нұғыманов пен 3. Қашқынбаева: «Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелерінің бірі
болып табылады» - десе5, Ш.Беркімбаева өз мақаласында былайша тұжырымдайды: «Қазақ мектептерінің өзекті мәселелерінің бірі оқушылардың тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу...»
Біз осы мәселені зерттеу тақырыбы ретінде ала отырып, алдымен тіл мәдениеті дегеніміз не деген сұраққа жауап іздедік. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында бұл мәселені көптеген ғалымдар зерттеп-қарастырғаны белгілі болды. Солардың ішінен педагогикалық сөздікте берілген мынадай анықтама көңілімізден шықты: «Оқушылардың тіл мәдениеті – оқыту үрдісі мен адамдардың тілдік қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Оған тілдің мағыналылығы, ойлылығы, байлығы, көркемдігі мен жалпытілдік нормалардың сақталуы тән»3. Ал бұл мәселені жан-жакты зерттеген Л.И.Ожегов: «Тіл мәдениеті -бұл өзінің ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізе алу білігі. Дұрыс сөз дегеніміз әдеби тіл нормасы сақталған сөз. Тілдің нормасы – бұл коғамдық сөйлеу тілі тәжірибесінде қабылданған жалпы тілдік сөйлеу, грамматика, сөз қолдану ережесі. Ойын жеткізуде дәл әдіс таба білу ғана емес, сондай-ақ орынды сөйлеу» - деп тұжырымдайды .
Сонымен, тіл мәдениеті дегеніміз – оқыту үрдісінде, отбасында, жалпы адамдардың өзара қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Ойды дұрыс, түсінікті, анық, дәл, әсерлі әрі әдеби тіл нормасын сақтай, тіл тазалығын сақтай жеткізе білу шеберлігі.
Зерттеуіміздің келесі кезеңінде біз қазіргі оқушы жастардың тіл мәдениеті деңгейінің төмен болу себебін іздестірдік. Жазушы Ә. Әбішев бұл туралы былай дейді: «Жастар ізденбейді, ағаларын оқымайды, олар қазақ әдебиетін оқымайды... Жастар сөйлемді әтейі бұзып жазады, олар ерекшеліктің белгісі түсініксіз жазу деп ойлайды... Тіл мәдениетінің төмен болуына ғылыми-техникалық прогрестің де әсері бар", - десе5, И. Нұғыманов: «Оқушылардың тілінде болатын кемшіліктердің себептері:
1. Ортаның әсері; а) оқушының сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді, ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл), б) пән тілінің нормаларын жақсы меңгермеген мұғалімнің әсері;
2. Сөйлеу дағдыларының жоқтығы (мектептің тіл дамытуға немқұрайлы қарауы);
3. Жекелеген оқушы тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық, т.б.)» - деп көрсетеді5.
Сондай-ақ М. Балақаев, Т. Қоңыратбаев, С. Қирабаев, Ш. Беркімбаева, Н. Уәлиев тағы да басқа ғалымдардың зерттеулерін негізге ала отырып, оқушы жастардың тіл мәдениетінің төмен болуының себептері деп, біз төмендегілерді сараладық:
1. Көркем әдебиет оқуға деген оқушылардың қызығушылығының төмендігі. Тіл мәдениетіне жастарды тәрбиелеу көркем әдеби шығармаларын көптеп оқумен байланысты. Көркем әдебиетті аз оқитын адамның сөздік қоры аз болады, соған орай олардың сөйлеу мәдениеттілігі мен өз ойын логикалық баяндауы да төмен екендігі байқалады;
2. Мәдени орталықтарға бару, ол туралы пікірлесудің өте сирек кездесетіндігі;
3. Ата-аналардың балаларының тіл мәдениетіне жете мән бермеушілігі;
4. Тілдік ортаның әсері;
5. Тіл мәдениетін қалыптастыруды тек қазақ тілі сабағына міндеттеп, басқа пәндерді бұл мәселеден мүлдем бөліп тастаушылық;
6. Бастауыш сыныпта казақ алфавитін терең меңгермегендігін ескермей, орыс тілі, шетел тілі пәндерін қосып үйрету. Бірнеше тілді игеру ауыр тиетіндігіне көңіл бөлінбеу;
7. Кей мүғалімдердің өздерінің тіл мәдениетінің төмендігі. Мұғалімнің оқушы алдында сөйлейтін сөзін ешбір оқулықпен айырбастауға болмайды. Оқушы мұғалімді тыңдағанда одан білім алумен қатар сұлу, көркем, анық, түсінікті сөйлей білуге үйренеді;
8. Отбасы тәрбиесінде ұлттық педагогиканың, халық ауыз әдебиеті үлгілерінің тар шеңберде қолданылуы;
9. Мұғалімдердің көпшілігінің бұл мәселеге арнайы көңіл бөлмеуі т.б. «Тіл мәдениетіне жету жолы ұзақ әрі қиын» - дейді ғалым М. Балақаев.
Оның негізі отбасында, балабақшада қаланады.
Баланың тіл мәдениетін қалыптастыруда отбасының орны ерекше. Қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезов: «Ұлт болам десең - бесігіңді түзе деп бекер айтпаған. Осы жерде А. Байтұрсынұлының «Тәуелсіз, дербес өмірге өзінің ана тілінде сөйлейтін және төл әдебиеті бар халық қана таласа алады» деген сөзі ойға келеді. Ал балаға ана тілінің құдіретін ана сүтімен беретін отбасының балаға тигізер әсері, басқа ықпалдардан биігірек тұратыны белгілі. Отбасы жасөспірім үшін әрі тіршілік ету ортасы, әрі тәрбиелік орта болып табылады. Бала өмірінің алғашқы кезінен-ақ басқа әлеуметтік тәрбие әсерлерімен салыстырғанда ата-ананың орны ерекше болады. Баланың алғашқы былдырлаған тілінен жоғары мәдениетті тілін қальштастыруда ата-ананың ролі үлкен. Әр отбасы бала тіліне немқұрайлы қарамай, үлкен мән беріп, жауапкершілігін түсіне отырып әрекет етуі тиіс. Өкіншке орай қазірде балаларының сөз саптауына ата-аналардың көбі көңіл бөлмейді. Бұл туралы Т. Мейірманкұлова өз мақаласында былай дейді: «Ата-аналар балаларының ана тілінде жарық көрген көркем шығармаларды, баспасөз басылымдарын оқуларын қадағаламайды, талап етпейді. Отбасында жасөспірімнің телехабарды, фильмдерді бөгде тілде тамашалап, халық әндерін тыңдаудан бас тартып, өзге әуенге еліктегендігін байқаса да ескерту жасамайды. Егер отбасында осы мәселеге көңіл бөлініп отырса, мәнгүрттігіміздің көңілін оятып, көзін ашар едік» .Мектепке дейінгі баланың сөйлеуі.Бала тілі ересек адамдардың сөйлеуі әсерінен қалыптасады және үлкен дәрежеде бала өмірінің алғашқы күнінен бастап сөйлеу тәжірибесінің жеткілікті болуына, қоршағандардың қалыпты сөйлеуіне және тәрбиелеу мен оқытуға тәуелді.

Сөйлеу туа пайда болған қабілет болып табылмайды, ол онтогенез үрдісінде баланың физикалық және ақыл-ой дамуымен қатар дамиды және оның жалпы дамуының көрсеткіші қызметін атқарады. Баламен ана тілін меңгеруі қатал заңдылықтармен өтеді және барлық балаларға жалпы бірқатар белгілермен сипатталады. Сөйлеу тілі патологиясын түсіну үшін қалыпты балаларда сөйлеу тілі дамуының барлық реттік жолын нақты елестету керек, осы үрдістің заңдылықтарын және шарттарын білу қажет, осыдан оның жақсы дамуы тәуелді.

Бұдан басқа, осы үрдісте бұл немесе басқа ауытқушылықтарды уақытында байқау үшін бала тілі дамуының әр кезеңін нақты елестету керек. Мысалы, 1 жыл 4 айдағы бала әлі сөйлемейді. Бұл қалыпты жағдай ма, жоқ па екенін шешу үшін педагог қалыпты дамыған кезде бірінші сөздер қай уақытта пайда болу керек екенін білу қажет.Балалардың сөйлеу тілі дамуының заңдылықтарын білу сөйлеу тілі бұзылыстарын дұрыс тексеру үшін қажет. Осылайша, кейбір мамандар 3 жастағы балаларды дыбыстарды айту кезіндегі ауытқушылықтарды жою үшін логопедке жібереді. Ол дұрыс па? Жоқ. Өйткені сөйлеу тілінің қалыпты дамуында да осы жастағы балаларға кейбір дыбыстарды дұрыс емес айтуы тиісті болады. Физиологиялық тіл мүкістігі деп аталатын бұл көрініс толығымен заңға сыйымды және артикуляциялық аппараттың әлі толығымен қалыптаспауымен шартталады.Онтогенез үрдісінде балалардың сөйлеу тілі дамуының заңдарын білу сөйлеу патологиясын алдын-алу бойынша барлық түзете-тәрбиелеу жұмысты дұрыс құру үшін қажет. Мысалы, сөйлемейтін балаларды (алалиясы бар балалар) оқыту кезінде осыны білу жөн: ең алдымен әр бір балада сөйлеуді түсінуі дамиды, содан кейін ғана ол белсенді сөйлеуді меңгереді. Осыдан, егер мұндай жағдайда белсенді сөйлеуді дамыта бастасақ, онда бұл жұмыс күткен нәтижені бермейді.Зерттеушілер балалардың сөйлеу тілі даму кезеңдерінің әр түрлі санын бөледі, оларды әр қилы атайды, олардың әр алуан жас шекараларын көрсетеді. Мысалы, А.Н.Гвоздев баланың сөйлеу тілінде әр түрлі сөйлем мүшелерінің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің сан алуан түрлерінің пайда болу реттілігін бақылайды және осының негізінде бірқатар кезеңдерді бөледі.Г.Л.Розенгард-Пупко бала тілінің дамуында 2 кезең ғана бөлді: дайындық (2 жасқа дейін) және сөйлеу тілінің өзіндік даму кезеңі.

А.Н.Леонтьев бала тілінің дамуында 4 кезеңді белгіледі:

І кезең – дайындық – 1 жасқа дейін;

ІІ кезең – тілді бастапқы меңгеру мектепке дейінгінің алдыңғы кезеңі – 3 жасқа дейін;

ІІІ кезең – мектепке дейінгі кезең – 7 жасқа дейін;

Наши рекомендации