Мазасыздану туралы психолог-ҒалымдардыҢ теориялары мен ой-пікірлері
Эмоция мен эмоционалды қалыптың негізгі теориялық аспектілерін қарастырғаннан кейін, біздер енді мазасыздану немесе мазасыздық сияқты эмоционалды қалыпқа байланысты қазіргі таңдағы психологиялық тұжырымдамалардың басты қағидаларын қарастыруға тырысамыз. Біздер талдауымызды мазасыздануды белгілі бір мінез-құлыктық реакция деп түсінген бихевиористік көзқарастан бастаймыз. Бұл бағыттың психологтары Д. Уатсон, Т. Тарндейк, К. Лешли және т.б мазасыздануды белгілі бір стимул арқылы туындаған жағымсыз процесс деп қарастырды. Олар балаларда мазасыздану мен қорқыныштық қалыптасу мүмкіндігін көрсетті [1] .
Бихевиористік бағытка реакция ретінде ХХ-шы ғасырдың 50-ші жылдардың аяғы, 60-шы жылдардың басында когнитивті психология мектебі пайда болды. Оның көрнекті өкілдері - С.Шехтер, Дж Келли, Л.Фестингерлер эмоционалды қдлып пен мазасыздануды төмендегідей қарастырды. Яғни, "эмоциналды калыптар субъект бір аспект жөнінде екі түрлі психологиялық білімде болғанда пайда болады. Ал мазасыздану – теріс эмоция, дискомфарт күйі және оны жағдайды дұрыс шешу жағына өзгерту жолы аркылы, әрі жаңа мәліметті алу жолы арқылы өзгертуге болады" [1].
Физиологиялық көзқарасты ұстанған психологгар Д.Гамбург пен Дж Адамстор мазасыздану қалпын соматикалық аурулар табиғатымен салыстырды. Олар мазасыздық деңгейін адам ағзасының вегетативті функциясын тіркеу әдісі арқылы өлшеуді ұсынды. К.Кеннан мазасыздану кезінде адам қанында адреналин деңгейі жоғарылайтындығын анықтады. Франкенштейн мен Кинг, канға мехолил кұйғанда яғни мазасыздану барысында қан қысымы тез арада және біршама уақытка төмендейтіндігін дәлелдеді.
Мазасыздануды талдау З.Фрейдтің тұжырымдамасын назардан тыс еш қалдырмайды. Осы проблеманы теоиялық тұрғыда зерттеуді бастаған осы З.Фрейд бодды. Ғалым бөлген мазасыздануды тудыратын жағдайлар мыналар:
а) қалаған объектіні жоғалту мыс, ата-анасынан немесе жақын
досынан айрылған бала т.б
б) махаббат сезімінің жоғалуы.
Э.Фромм, К.Хорни, Г.С.Салливандардың тұжырымдамаларына сөйкес, мазасыздану әлеуметтік құбылыс. Адамдар тумасынан мазасыз болмайды, оларды мазасыз болуға өмір жағдайлары себепші болады [2] .
Г. Салливан теориясы бойынша, мазасыздану екі түрлі болады: невротикалық және экзистенциалды.
Мазасыз (қорқак) адамдар: бастауыш мектеп немесе жалпы бала кезенде қорқыныш сезімі ақырға шегіне жетеді, яғни олар адамдардан, өзге балалардан, ит, найзағайдан т.б қорқады.
Ресей ғалымы А.М.Прихожан өзінің "Жас өспірімдер арасындағы тұлғааралық мазасыздануға психологиялық талдау" деген еңбегін жазды. Ал, ғалым Н.Имедадзе мектеп жасына дейінгі балалардың мазасыздануы жайлы тың мәселені көтерді. Оның пікірінше, мазасыздану "Жеке-дара, сараланған қалып-күй жеке бастың қасиеті. Әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін кауіп туғызатын ситуацияларға эмоционалды тұрғыда көзкарас, қатынасты білдіру".
Н.В. Имедадзенің берген анықтамасына көптеген кеңес дәуірінің психологтары В. Белаус, В. Бакеев, В. Кисловская, Т. Купцовалар келісіп, қолдады.
Сонымен, мазасыздану дегеніміз — қиындық жағдайындағы әлеуметтік қажеттіліктер фрустроциясын бастан кешіру.
Ал, бастан кешулер дегеніміз Л.И.Бажович айтқандай-ақ, ерекше эмоционалды формада қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесін бейнелейді.
Мазасыздану мен тынышсыздық таламусты тітіркендірген кезде байқалған (Делгадо).
З.Фрейд ұғымынша, мазасызданулар қорқыныштан бөлек аффектілер мен когнитивті процесстерді қосып алады. Қажетттіліктерді түйсінген адам ізденістік әрекетін әрі қарай жалғастырады. Дамып келе жатқан жеке адамның негізгі проблемасы мазасыздануды жою болады. Мазасыздану күтетін немесе алдын-ала болжалған шиеленістің күшеюі немесе қанағаттанбаудан туады., және кез-келген жағдайда (ол шындық, немесе қиялдағы болсын) қауіп төнгенде дамуы әбден мүмкін [3,4,5,6] .
З.Фрейдің психоаналитикалық теориясы XIX гасырда физика мен биология дамыткдн позитивизм климатында өсті. Индивид ең алдымен сыртқы әлеммен өзара әрекеттестік арқылы ұстап тұрған күрделі энергетикалық жүйе деп қарастырылды.
XIX ғасырдың аяғында социология мен антропология ғылымдары дербес пәндер ретінде дамып қалыптаса бастады. Осы жаңа ғылымдар түсінігінше, адам көп дәрежеде қоғам жемісі. Психоанализге мазасыздану проблемасы жайлы көптеген еңбектер жазған. Ғалымдар Э.Фромм, К.Хорни мен Г.С.Салливандар болды. Э.Фромм "Сүйе білу өнері", және "Бостандықтан көшу" деген ірі еңбектерінде мазасыздануды тек қорғаныстық механизмдер деп атады. [7,8]
К. Хорни Фрейдистік жүйені тереңдетуді жалғастыра түседі. Ол "негізгі мазасыздықгы" – оқшаулану сезімі немесе баланың зұлым әлемде көмектен тыс қалуы", - дейді [7].
Жалпы алғанда, баланың ата-аналарымен қарым-қатынасында қауіпсіздікті жоятынның барлығы мазасыздануды тудырады. Қауіпсіздікті сезбей тұрған, мазасыз бала бойында оқшаулану және дәрменсіздік сезімін игеруге арналған түрліше стратегиялар дамиды. Ол бала зұлым немесе, керісінше, өте ақылды, яғни өзі жоғалтқан махабабатты қайтаруға дайын болатындай қалыптасуы мүмкін. Балада шындықка сай емес, өзінің бейнесі калыптасуы да мүмкін [8].
Гарри Стек Салливан — "психиатрияның тұлғааралық теориясы деп аталатын жаңа тұжырымдаманы жасаушы ірі ғалым. Оның негізгі, маңызды қағидасы жеке адамды қайсыбір гипотетикалық мазмұн, мағына. Оның негізі – тұлғааралық қарым-қатынастар"- деп түсіндіреді. Яғни, жеке адамды нақты әлеуметтік ситуациядан тыс зерттеу мүмкін емес дейді.
Салливан да Хорни сияқты, мазасыздануды тұлғааралық қарым-қатынас жемісі деп санайды, және алғашқыда анасынан баласына беріледі дейді. Осы мазасыздықтан қашудың жолы: адамдар өз мінез-құлқын бақылау мен қорғаудың түрліше тәсілдерін қолданады. Нақ осы қорғаныс шаралары мен жүйені қалыптастырады. "Мен" адамды мазасызданудан қорғайды, әрі жоғары деңгейлі өзін-өзі сыйлау арқылы бекиді, өзін сыннан да қорғайды. Салливан да, өзге теоретиктер секілді жеке адамды когнитивті жүйе деп қарастырды. Ғалым дәлелдеуінше, мазасызданудың жоғары деңгейі индивидтің өз қажеттіліктерін қанағаттандыру тиімділігін төмендетеді, өзара тұлғааралық карым-қатынастарды бұзады, ойлау процесінің бұзылуына септігін тигізеді. Мазасыздану қарқыны қауіптің қаншалықты екендігіне және қорғану тәсілдерінің тиімділігі қаншалықты болуына байланысты болады.
Жалпы алғанда, Салливан "мазасыздану өмірде бірінші болып оқып-білім беруші әсер береді", - деп есептейді.
Э.Фромм, К.Хорни және Г.С.Салдиван тұжырымдамалары бойынша айтатын болсақ, олардағы жалпы болатын ұғым: мазасыздану әлеуметтік кұбылыс деп есептеледі.
Адамдар табиғатынан мазасыз бола қоймайды, оларды өмір жағдай - шарттары мазасыз етеді. Фрейд пікіріне қарама-қарсы адамдар табиғатынан деструктивті емес. Олар деструктивті бола алады, ол үшін өзін-өзі жүзеге асыру жолына түсулері тиіс.
Кейбір тұжырымдама авторлары мазасыздануды мінез акцентуациясы деп санайды да, мазасыз жеке тұлғалар деп типтерге бөледі. Мысалы, ол автордың бірі К.Леонгард ол былай дейді: "Бала өскен сайын мазасыздануы азаяды".
Гуманистік бағыттағы психолог-ғалым В.Франкл мазасызданудан құтылудың тәсілі ретігіде логотерапияны қолдануды ұсынады [10].
Психикалық күй – қалып проблемасы және оның ішінде эмоционалды күйлер проблемасын өте ертеде зерттеген. Ертедегі философтар еңбектері негізінде психикалық қалып ұғымы категориалды сипатқа ие болды. Мысалы, Аристотель бойынша, психикалық қалыптар — адам жанының ерекше күйі. Аристотель ой-пікірлері арқылы, психикалық феномендер бірлігі, жиынтығы аффективті сипаттағы және сана, әрі еріктік күй сияқты психикалық қалыптарға бөлінетіндігі анықталды. (Тален, Плотин, Августин).
Ал, Авицено пікірінше, эмоциялар "жануарлар күшінің" белгілі бір формасы. Ол медицинаны психологиямен біріктіру керек, яғни тығыз ғылымдар деп санаған ғалым. И. М.Сеченов эмоционалды күйлерді зерттеуде жаңа бір кезеңді ашты.
Психикалық күй-қалып, оның ішінде мазасыздану, қорқыныш т.б жайлы XX ғасырдың І-ші жартысында орыс зерттеушілері В.М. Бехтерев, Д.Н. Левитовтар терең зерттеді. Олардың айтуынша, психикалық күй-қалып — яғни адам психикасының байқалуында үнемі адам әрекетін бояп тұратын және оның танымдық іс-әрекетімен еріктік аумағы және тұтас жеке тұлғасына байланысты сыртқы сипаттармен қатар жүретін күй.
В.Н.Мясищев былай дейді: "психикалық қалыптар адамның психикалық әрекетінің жалпы функционалды деңгейі ретінде болады".