Дамудың негізгі формалары: филогенез және онтогенез.

Қоғамның моральдық нормалары мен талаптарына сәйкес келмейтін мінез-құлықты әдетте әлеуметтік жат деген терминмен белгілеу қабылданған. «Қиын» деген сөз қалыптасып дамуы мен әлеуметтену барысында ауытқулары бар балаларды осылайша атау дағдыға айналған. Осы жерде «мұндай балаларға қандай оқушыларды жатқызуға болады» деген сұрақ туындауы ғажап емес. Мектеп тәжірибесінде анықталғандай, мұндай оқушыларға мынандай жеке қасиеті бар балалар жатады: білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалім талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбылармен тіл табыса алмайтын, сынып мәселелері қызықтырмайтын, кей жағдайларда психикалық дамуы, сөйлеу қабілеті кейін қалған ашуланшақ балалар. Осы аталғандардың ішінде жүйке ауруына шалдыққан балалардың тәрбиесі өте күрделі деуге болады. Бүгінгі ғалымдардың пікірінше жүйке аурулары отбасындағы және басқа да жағдайлардың салдарынан болуы әбден мүмкін. Айталық отбасындағы әке мен шешенің жанжалдасуының өзі баланың жүйкесін жұқартып, тез ашуланғыш болуына үлкен септігін тигізеді. Осындай оқыс жағдайлардың алдын алу үшін ата-анамен ұстаздар қауымы оқушуны жіті бақылап, оның тәрбиесіне, іс-әрекетіне, мінез-құлқына ерекше мән беруі міндетті. Ал отбасында, мектепте тәрбиеден шет қалған қиын балалардың мінез-құлқындағы қиыншылықты жеңу де оңайға соқтырмасы анық.

Дағдарысадам дамуындағы бір кезеңнен екінші кезеңге өту кезіндегі қиыншылықтар жиынтығы, сапалық және сандық өзгерістер. Нәрестелік кезеңнің жаңа құрылымына-жармасу, жүру және алғашқы сөз, тілдің пайда болуы жатады. Жармасу – бес айда пайда болатын алғашқы ұйымдасқан әрекет. Ол ересек адамның баламен бірлескен әрекеті нәтижесінде пайда болады. Нәрестенің қолы жұдырық түрінде түйіліп тұрады. Сондықтан, бала алақанын аша алатын болса жармасу пайда болады. Бұл балада болашақта заттар иен манипуляция жасауға көмегін тигізеді. Жармасудың нәтижесінде балада кеңістікті қабылдау дамиды. Затқа тартылу және оны алу үшін ұмтылу балада отыру үрдісін туғызады. Тоғыз айда бала тік тұрып жүре бастайды. Д.Б.Эльконин тік жүру барысындағы негізгі ісі біріншіден баланың кеңістігің кеңеюі, екіншіден бала өзін ересек адамнан бөле бастайды. Енді анасы баласын жетелемейді, бала анасын жетелейді, яғни бұрынғы даму жағдаятының өзгеріске ұшырауы жүзеге асады. Тілдің пайда болуы-осы кезеңнің жаңа құрылымы болып табылады. Сөз жағдаятты автономды, эмоционалды реңмен көмкерілген тек өзінің жақындары ғана түсінетін сөздер тізбегінен тұрады.

Анотомиялық – физиологиялық дамудағы үш жасарлар дағдарысы. Үш жасарлар дағдарысының жеті белгісін атап көрсетуге болады:

1) негативизм – ересек адамның талап тілегіне қарсы әрекеттер жасау.

2) қыңырлық бала айтқанынан қайтпайды, себебі ол оның алғашқы шешеіміне байланысты жағдай.

3) ерікті әрекеттер – бәрін өзі жасауға тырысу.

4) қарсылық, бүлікшілік бала қоршаған ортамен соғыс, жанжал жағдайында болады.

5) құнсыздану белгісі бала ата-анасын мазақтап, ұрсысып дөрекілік көрсетеді.

6) деспотизм- бала ата-анасына өзінің қажеттіліктерін орындатқызады.

7) қырсықтық үш жасқа дейін қалыптасқан жалпы тәрбие нормасына, өмір сүру образына қарсылық.

Дағдарыс әлеуметтік қарым-қатынас ретінде ересек адамнан бөлектену және өзіндік сананың қалыптасуымен байланысты өтеді. Өзіндік «мен»-інің бекітуімен қажеттілігін өтеуге деген сезім туындайды. Баланың «алғым келеді», «орындағым келмейді», «мен» деген сөз тіркестері шынайы мазмұнға ие болады. «Мен өзім» деген сананың ерекше формасы қалыптасады. Үш жастағы балаға өзінің жеткен жетістігі және өзін мойындау мәнді бола бастайды. Бала ересек адамның қамқорлығынан бас тартып, іс-әрекеттерді өзі орындауға тырысады. Үш жаста балада тәртіп проблемасы болмаса онда есейген кезде балада еріксіздік, жігерсіздік байқалады.Балада ересек адамға деген жаңа көзқарас пайда болады, ересек адамның өміріне араласады.Үш жасар дағдарысын баланың әрекеттерді ойынға айналдыруға байланысты шешіледі.

Алты жасарлар дағдарысы. Бұл дағдарыс баланың мектепке дайын болмауымен байланысты. Баланың мектепке алғашқы кезеңде болуы оның жаңа жағдайға әлеуметтік- психологиялық бейімделу мезгілі болып табылады. Баланың барлығы өмірлік әрекеттің жаңа жағдайына табысты түрде бірдей бейімделмейді. Мысалы, бірінші сынып оқушысының мектепке деген қарым-қатынасының жағымды және жағымсыз қалыптасуы, сабақтарға қызығушылығы, бас кезіндегі жүйелі көмектер, сабаққа дайындалуы,үй тапсырмасын орындай алуы және орындацй алмауы. Баланы мектепке бейімдеуде әсер ететін жағымсыз факторлар- жанұя жағдайында тәрбие үрдісінің дұрыс жолда болмауы, үлкендермен қарым-қатынасы қанағаттанарлықсыз, ата-анасының білім деңгейінің төмен болуы, құрбы-құрдастарының арасында өзін теңдей сезінбеу, жартылай отбасынан шығуы, отбасында үнемі кикілжіңдердің орын алуы. Балалар берілген нұсқауды түсінбейді, қажет болған жағдайда өздерінің іс-әрекетін бағдарлай алмайды, көптеген балаларда бұл мидың бөліктерінің толығымен пісіп-жетілмеуінің нәтижесінде. Көптеген балаларда қолдарының әлсіз, ұсақ моторикасының жетілмеуі байқалады.

Жасөспірімдердің психикалық даму дағдарысын Л.С.Выготский пісіп жетілудің үш бағытына байланысты анықтауды ұсынады: органикалық, жыныстық және әлеуметтік. Жасөспірім дағдарысын былай қарастыруға болады:

1 кезең-сын алды фазасы. Бұл кезеңде балада жасөспірімдік есеюдің тәртіп формасы жоқ, есеюді идеалды (қиял) түрде елестетуден тұрады.

2 кезең-сын фазасы. Кикілжің баланың сыртқы әрекеттерге қарама-қайшылығы және қоршаған ортаға реакциясы. Рефлексия-жағдаятқа байланысты нақты әрекеттерге қатынастың тууы.

3 кезең-сыннан кейінгі фаза- дағдарыстың аяқталуы жаңа іс-әрекеттің пайда болуы.

Кемелдену дағдарысы. 30-жастағы дағдарыстың ең алғашқы зерттеушісі Д.Левинсон, толық даму және бейімделу «басталу периодына байланысты» деген. Бұл кез жастық шақтың дау-жанжалын шешу уақыты, ересектер дүниеде өз орынын табу, өз міндетін сезіну, тұрақтануды сезіну уақыты. Адам 30-жастағы дағдарыста, өзінің өткен 10 жылдық өмірін қарастырып, тұрақтануды жаңа қажеттіліктерді қарастырады, ойланады, «бірдеңе қабылдау » керек деген сезімдер болады.

40-жас дағдарысы- «өмір ортасының дағдарысы» Бұл кезеңді Б.Ливехуд өзінің еңбектерінде қарастырады. 30 жастың екінші жартысынан басталады. Көптеген адамдар үшін 30 жастың бірінші жартысында болған өмірге көзқарасымен өз-өзіне сенімділігі сол қалпы қалады, кейбір адамдар бұл жаста еш нәрсені, жаңаны күтпейді, зейнеткерлікті тосады. Көп уақыт балаларымен, оның достарымен болып, шулы жерлерде көп болғандықтан оған барлығы жақсы көрінеді.

Қарттық кезең дағдарысы.Бұл дағдарыс кемелдену мен қарттық кезеңдер арасында байқалады, яғни екінші кемелдену кезеңінен қарттық кезеңге көшумен байланысты. Қарттық кезеңде ішкі әрекет маңызды роль алады. Қарттық кезең-өмір сүруді аяқтау кезеңі болып табылады. Қарт адам өз өмірінің мәнін ойлайды. Қарттық кезеңдегі дағдарыс әлеуметтік өмірдегі белсенділіктен бас тарту дағдарысы болып табылады. Мұның бастысы жаңаны қабылдау емес, керісінше өз бойында ескіні сақтау болып саналады. Дағдарыс нақты объективті өзгерістермен байланысты: қарт адамдар жұмыс істемей- зейнеткерлікке шығады, басшы болудан, ұжым мүшесі болудан бас тартады, өз ата-аналарын жерлеп, өздері ата-ана болмайды, балалары өсіп өздері жеке жанұя құрайды, жыныстық өмірі, денсаулығы өзгереді, серуендеуді қойып, өлімнің жақындығына келісіп, тосады.

Дәріс

Наши рекомендации