Озғалыс: оның қасиеттері ж\е негізгі формалары.

Қозғалыс материяның ажырамас , мәнді қасиеті, атрибуты, өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар болмайды, жоғалып кетпейді. Қозғалыс дегеніміз –кез-келген өзара әсер,өзара байланыс, кез-келген өзгеріс. Материя өзін тек қозғалыс арқылы білдіріп , біздің санамызға , түйсік сезімдерімізге әсер ете алады.

Денелердің сапалық тұрақтылығы және олардың қасиеттерінің мызғымастығы денелерді құрайтын микрообъектілердің бір-біріне әсер етуі мен қозғалысының нәтижесі болып табылады. Осылайша Қозғалыс материяның қасиеттерін, құрылымдық-жиынтығын және оның өмір сүру сипатын айқындайды.

Қозғалыстың ішкі өзіне қарама – қарсы бір сәті - тыныштық.Тыныштық қозғалыстан бөлек те,бөгде де емес,ол бар болғаны қозғалыстың бір сәттік тұрақтылығы.Материя қозғалыстың бір түрінен екіншісіне ауысып отырады. Тыныштық бір жағдайда, бір қатынаста ғана тыныштық, басқа қатыныстың бәрінде ол да қозғалыс. Қозғалыстың формалары өзара тығыз әрі қүрделі байланыста болады. Физикалық қозғалыс өз құрамында механикалық қозғалысты, химиялық қозғалыс механикалық ж\е физикалық қозғалысты қамтиды.Ең жоғарғы әлеуметтік қозғалыстың құрамында алдыңғы формалардың бәрі өз бейнесін табады. Басқаша айтқанда , материяның тарихи дамуы төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге өткен сайын қозғалыстың түрлері де бір сападан екінші жоғары да күрделі сапаға ауысып отырады. Сондықтан да қозғалыстың неғұрлым жоғарғы түрлерін оның төменгі түрлерінен әсте де бөліп алып қарастыруға болмайды.

Жалпы алғанда қозғалыстың түрлерін ғылым салалары зерттейді.Энгельс материя қозғалысының бес түрін жіктеді:

Механикалық (кеңістікте қозғалып, орын ауыстыру)

Физикалық(электромагнетизм,гравитация,жылу)

Химиялық (атомдар мен молекулалардың затқа айналуы)

Биологиялық(тірі организмдердегі зат алмасуы)

Әлеуметтік , қоғамдық өмірдегі өзгерістер ж\е ақыл ой. Сонымен қатар, жоғары қозғалыс формасын төменгі арқылы түсінуге мүмкін емес – ол өз заңдылықтарының негізінде өмір сүреді. Бірақ, төменгі формалар оның ішінде бағынышты түрде сақталып қала береді. Оны көрсететін ең айқын мысалдардың бірі – адам өмірі. Ол өзінің алдына неше-түрлі мақсаттар қойып, оларға жетуге тырысады, ішкі табиғи дарындарын сыртқа шығарып, талантқа айналдырады. Сонымен қатар, ол – биологиялық пәнде, оның басқа тіршіліктер сияқты дене қажеттіктері бар. Оның бауырында өте күрделі химиялық үрдістер үне бойы жүріп жатады, адам басқа заттар мен құбылыстар сияқты кеңістікте орын ауыстырады, оның денесінен неше-түрлі физикалық өрістер өтуде т.с.с.

7. Идеалдық мәселесі.Ең алғаш «идея»термин ретінде ежелгі грек ойшылдары Анаксагор мен Демокритте қолданылды.Р.Декарт идея деп ойды,ұғымды түсінеді.Бірақ идея нақты көрнекті бейнесі жоқ ой.Ал, идеалды мәселелердің бірі,соның ішінде адамгершілік тәрбиесі өзекті мәселелердің бірі.Адамгершілік тәрбиесі-тәрбие бағыттарының ішіндегі ең күрделісінің бірі.Адамгершілік тәрбиесінде дінге сүйенбеу мүмкін емес.Адамгершілік заңы Аллахтың адам баласына түсірген кітаптарының негізінде жатыр.Адамгершілік-әдептілік ілім негізінде тұлға бойындағы рухани –адамгершілік қалыптыстырудың дұрыс жүрмеуінен және өзінің өзінен жасанды коммунистік идеясынан айырылып қалған адамгершілік мәселесі жағымсыз,нашар адамгершілік келбеттің пайда болуына душар етті. Басты мұрат-материалдық құндылық деп бой алдырушылықтан-қанағатсыздық,ысырапшылдық, атаққұмарлық,парақорлық т.б.қасиеттерді көреміз. Философия ғылымының докторы, профессор А.Сейдімбек: «Ұлттық идея» атты мақаласында : «Қазақстанда саяси-әлеуметтік өмірдегі көптеген жетістіктеріне қарамастан,қоғам үшін ұзақ мерзімді идея болатындай идеология қалыптаспай отыр.Идеология-әлемдік жалпы құбылыс.Мемлекеттік саясат бар жерде идеологияның болмай қалмайтындығы -әлемдік саяси өмірдің заңдылығы. Идеология –саясаттың мән-мағынасын халыққа жеткізуші құрал ретінде қызмет атқарады. Адамгершілік тәрбиенің методологиялық,теориялық ғылыми негіздері мемлекеттік бағдарламалықпен, әдістемелер кешенді қарастырылуы қажет.Сонда адамгершілік – тәрбиенің жемісті болатындығын көруге болады.

Наши рекомендации